Көпқылтандылар класы



1. Құрылысы мен физиологиясы.
2. Ас қорыту жүйесі
3. Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
4. Тыныс алу жүйесі.
5. Қан айналу жүйесі
6. Нерв жүйесі
7. Жыныс жүйесі
Полихеттердің 5000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде тіршілік етеді, тек Manayukia baicalensis тұщы суларда кездеседі. Денелерінің ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейін (Eunice gigantea). Басым көпшілігі жүзіп, ал кейбіреулер бекініп немесе топырақты қазып тіршілік етеді, «үйшіктер», түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі.
Құрылысы мен физиологиясы. Полихеттердің денесі құрттәрізді, созылыңқы, аздап арқа құрсақ бағытында сопайған немесе цилиндр пішінді. Бас, тұлға, аналь (пигидий) бөлімі бар. Тұлға бөлімі біркелкі бөлшектелген гомономды сегменттерден тұрады, сегменттерінің саны 5-тен 800-ге дейін болады. Сегменттерінің саны аз болса бұларды аз сегментті немесе олигомерлі полихеттер деп атайды, ал көп болса — көп сегментті немесе полимерлі полихеттер.
Бас бөлімі екі сегменттен құралған: ауыз алды немесе — простомиум және ауыз сегменті — перистомиум. Простомиумда көру мүшелері, қармалағыштары /антенна/ және пальпалары орналасқан, ал перистомиумда — ауыз тесігі және бірнеше мұртшалары -цирралары.
Тұлға бөлімі біркелкі гомономды сегменттерден тұрады, олардың әрқайсысының бүйірінде метамерлі және жұптасқан өсінділер немесе параподия деп аталатын жалғанаяқтары орналасады. Параподия екі мүшеленбеген бұтақшадан түрады: арқа /нотоподия/ және қүрсақ /нейроподия/. Параподидің арқа және құрсақ бөліктерінде мұртшалары /цирралары/ және қылтандары шоғырланған.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Көпқылтандылар класы

Полихеттердің 5000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде тіршілік етеді, тек Manayukia baicalensis тұщы суларда кездеседі. Денелерінің ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейін (Eunice gigantea). Басым көпшілігі жүзіп, ал кейбіреулер бекініп немесе топырақты қазып тіршілік етеді, үйшіктер, түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі.

Құрылысы мен физиологиясы. Полихеттердің денесі құрттәрізді, созылыңқы, аздап арқа құрсақ бағытында сопайған немесе цилиндр пішінді. Бас, тұлға, аналь (пигидий) бөлімі бар. Тұлға бөлімі біркелкі бөлшектелген гомономды сегменттерден тұрады, сегменттерінің саны 5-тен 800-ге дейін болады. Сегменттерінің саны аз болса бұларды аз сегментті немесе олигомерлі полихеттер деп атайды, ал көп болса — көп сегментті немесе полимерлі полихеттер.

Бас бөлімі екі сегменттен құралған: ауыз алды немесе — простомиум және ауыз сегменті — перистомиум. Простомиумда көру мүшелері, қармалағыштары антенна және пальпалары орналасқан, ал перистомиумда — ауыз тесігі және бірнеше мұртшалары -цирралары.

Тұлға бөлімі біркелкі гомономды сегменттерден тұрады, олардың әрқайсысының бүйірінде метамерлі және жұптасқан өсінділер немесе параподия деп аталатын жалғанаяқтары орналасады. Параподия екі мүшеленбеген бұтақшадан түрады: арқа нотоподия және қүрсақ нейроподия. Параподидің арқа және құрсақ бөліктерінде мұртшалары цирралары және қылтандары шоғырланған. Мұртшалары сезу қызметін, ал қылтандары жылжу қызметін атқарады. Қылтандар — жіңішке, хитинге жақын органикалық заттан құралған. Осылардың арасында ацикула деп аталатын қатты, мықты ішкі сүйеніш қылтандары да болады. Қылтандарының көп болатындығынан класс көпқылтанды құрттар деп аталады (грек тілінде роly — көп, сһаеtа — қылтан).

Параподиялардың және қылтандарының көлемі, формасы, саны әр түрлі. Кейбір қозғальш өмір сүретін полихеттерде параподияларының үстінде тарамдалған өсінділері бар, олар — желбезектер Eunice түсында. Бекініп тіршілік ететін түрлерінде параподиялар денесінің алдыңғы жағында ғана дамыған, ал денесінің артқы жағында олар жойылып, тек қылтандары ғана сақталған, солар арқылы құмды қазады. Ал Dinophilus- туысының өкілдерінде параподиялары мен қылтандары жоқ.

Құйрық бөлімінің немесе пигидияның сегменттері 5-6 ғана, олар тұлға сегменттерінен өзгеше, өте жіңішке, целом қуысы және параподиялары жоқ.

Көпқылтандылардың денесі бір қабатты эпителимен қапталынған. Эпителий өзінің сыртқы жағына жұқа кутикула бөліп шығарады. Эпителиінде без клеткалары көп. Бекініп тіршілік ететін полихеттерде без клеткаларының сыртқа шығарған, қатқан сілекейінен хитин тәрізді түтікше пайда болады, ал Telepus туысының өкілдері шығарған сілекейіне құмның ұнтағын жабыстырып, мықты түтікше немесе үйшік жасап алады.

Эпителидің астында тері-бұлшықет қапшығы орналасқан. Ол сыртқы сақина тәрізді және ішкі ұзына бойы бұлшықеттерден құралған.

Целом. Полихеттердің ішкі мүшелері дененің қуысында жатады, сол қуысты екінші немесе целом қуысы деп атайды. Целомның бірінші қуыстан ерекшелігі — арнайы қабаты болуыңда. Тері-бұлшықет қапшығын астарлайтын қабаты соматоплевра (париеталь), ал ішек пен қан тамырларын астарлайтын — спланхноплевра (висцеральдық) деп аталады және арқа, құрсақ мезентериялық перделері болады. Осы арқа құрсақ перделері арқылы целом (оң жақ және сол жақ) екі бөлікке бөлінген (целом қапшығына). Дененің іш қуысы көлденең перделер немесе диссепименттер септалар арқьшы жеке камераларға бөлініп тұрады, мұндай камералар сыртқы сегментацияға сәйкес. Целом қуысы сұйық затқа толы.

Целомның негізгі қызметі — тірек, зәр шығару, тасымалдаушы және сол қуыста ұрық клеткалар пісіп жетіледі.

Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен құралған. Ауыз тесігі перистомиум сегментінде орналасқан, ал аналь тесігі құйрық бөлімінде. Алдыңғы ішек бірнеше бөлімнен: ауыз қуысы, жұтқыншақ және оның жіңішкерген жері — өңештен тұрады. Ортаңғы ішегі ұзын, ал артқы ішегі қысқа. Еркін жүзетін көпқылтандылардың жұтқыншағының ішкі қабырғасында хитинді өткір тісшелері немесе жақ тақталары болады.

Полихеттердің басым көпшілігі — жыртқыштар, ұсақ жануарлармен қоректенеді, тіпті ұсақ балықтарды да ұстайды, ал тіркеліп тіршілік ететін полихеттер лайлы құмдағы тұрлі жәндіктермен және  детриттермен өсімдіктер, жануарлар қалдықтарымен қоректенеді.

Зәр шығару жүйесі метанефридиялы. Денесінің әрбір сегментінде оң және сол жақтарында зәр шығару түтіктері орналасқан, олардың алдыңғы ұшы воронка түрінде кеңейіп целом қуысына ашылады. Бұл нефростом (грек тілінде нефрос — бүйрек, стома — ауыз), оның қабырғасы кірпікшелі клеткалардан құралған. Нефростома жіңішке түтікке жалғасады, ол диссепиментті тесіп өтіп, келесі сегменттің бүйір жағынан сыртқа қарай зәр шығару тесігімен — нефропорамен аяқталады. Сонымен, метанефридияның бір үшы целом қуысымен жалғасады да, екінші ұшы сыртқа ашылады, осындай жүйені сегменттелген жүйе деп те атайды. Полихеттердің төменгі сатыдағы түрлерінде зәр шығару жүйесі протонефридиялы құрылысты.

Тыныс алу жүйесі. Полихеттердің басым көпшілігі бүкіл денесімен, кейбір түрлері параподияларында орналасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буылтық құрттар, олардың тіршіліктік бейімделуі және сан алуандылығы
Ересек құрттың дене ұзындығы
Тұщы су
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Тізімдерді, бейнелеулерді, жиындарды құру кластары
Желілік технология енгізу пані бойынша электронды оқулық
Кластар иерархиясы
Дәнді дақылдардың тамыршірігі және дақ ауруы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Пәндер