Салдану. Күдік пен үміт


Салдану. Күдік пен үміт
Салдану - аты айтып тұрғандай, дененің бір немесе бірнеше бөлігіндегі қозғалыстың бұзылып, жансыздануы. Бұл көп жағдайда ми қантамырларының жарылып, миға қан кету арқылы пайда болады. Сондықтан салдану жүйке жүйесі ауруларына тікелей қатысты. Ал, қозғалыстың жартылай жоғалуын шала салдану (парез) деп атайды.
Салданудың пайда болу себептері:
Салдану бір ғана себептен пайда болмайды. Өйткені, жүйке жүйесінің кез келген ақауы қозғалыс функциясының бұзылуына әкеліп соғады. Салданудың органикалық себебіне жарақаттар, склероз, инфекциялар, улану, дұрыс тамақтанбау, тамыр бұзылыстары, қатерлі ісіктер, туа біткен және тұқым қуалайтын факторлар жатады. Және бұл ауру көбінесе сифилис, туберкулез, полиемелит, энцефалит, менингит сияқты жұқпалы аурулар кезінде де пайда болады. Сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің туа біткен, тұқым қуалайтын және дегенеративті аурулары да көбінесе қозғалыстың бұзылуына алып келеді. Ал, балалар церебральді салдануына көбіне туыт кезіндегі жарақаттар ықпал ететін көрінеді. Себебі белгісіз бірқатар аурулар қозғалыс бұзылысының әртүрлі сатысына бөлінеді. Сонымен қатар, әртүрлі жарақаттар кезіндегі қозғалыс мүшелерін зақымдайтын сынықтар да салдануға алып келуі мүмкін. Көп жағдайларда салдану адамның психикасына әсер етіп, оларға дәрігердің көмегі қажет болады.
Дәрігерлер салдануды екіге бөліп қарастырады. Орталық жүйке жүйесінің (бас пен жұлын) және перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануынан пайда болған салданулар. Біріншісі церебральді және жұлын салдануы деп екіге бөлінеді. Церебральді салданудың шығу тегі қыртыстық, қыртысастылық, қаптамалық және бульбарное болуы мүмкін. Жұлынды типті салданудың себептеріне орталық және перифериялық қозғалыс нейрондарын зақымдайтын аурулар жатады. Перифериялық салдану жүйке түбіршектері, өрімдер, жүйке және бұлшық еттер зақымдалғанда пайда болады.
Аурудың негізгі белгілері:
Орталық жүйке жүйелері зақымдалғанда толық салдану, ал перифериялық жүйке жүйелері зақымдалғанда - әлсіз салдану пайда болады. Психикалық салдану кезінде екеуі де болуы мүмкін. Салдану кезінде сезімталдық мүлде жоғалады. Орталық салдануда жеке буындары ғана емес, ағзаның қозғалыс жүйесінің қызметі түгелдей бұзылады. Салданған бұлшық еттер тартылып қалады, бірақ семіп қалуға әкелмейді. Яғни емдеуге болады деген сөз. Мұндайда адам ағзасының бір жағы тұтастай салданып, жансызданып қалады.
Аяқ-қолы әрекетке келмейді. Аяқ-қолдарының серпінділік қызметі де нашарлайды. Сондай-ақ отырып-жүру, тамақ ішу, киім кию секілді тұрмыстық әрекеттерінен де айырылады. Кейбір аурулардың көзі, аузы бір жаққа қарай қисайып, тілі күрмеліп, сөзі ұғылмай, жұтынуы қиындайды. Түкірігін де жұта алмай, аузынан сілекейі ағады. Үлкен-кіші дәреттерін байқамай қалатын жағдайға жетеді. Әсіресе, салданған дене бөліктеріндегі нервтердің сезінуі жоғалады.
Ем түрлері:
Бұрынғы кезде салданғандардың тұрып кететіндігіне күмән келтірушілер көп болған. Алайда, қазір ми қантамырларының жарылуынан пайда болған ауруды емдеу жап-жақсы нәтиже беріп жатыр. Аурудың пайда болу себебі, ми қантамырларының ауруларымен байланысты. «Жас-ай» медициналық орталығында салдану дертін шығыс-тибет медицинасы негізінде емдеу тәсілі қолға алынған. Мұнда дене мүшелері салданып, жансызданып қалған науқастарға ине терапиясы жүргізіледі. Яғни, адамның жансыз нүктелеріне алтын ине қою арқылы ем-дом жасалынады. Қол-аяғы қимылсыз қалған науқастардан ең алдымен ауруының себебі сұралады. Содан кейін барып, ине қойып тітіркендіріп, жабылып қалған жан жүйелеріне әсер етуге болады. Сонымен қатар, ине терапиясына қосымша Тибеттің шөп дәрілері беріледі. Ине қойылатын негізгі нүктелер мыналар:
Е-36. Цзу- сань- ли. Асқазан меридианында.
Р-6. Сань- инь- цзяо. Көк бауыр ұйқы безі меридианында.
F-13. Чжан- мэнь. Бауыр меридианында.
GI-11. Цюй- чи. Тоқ ішек меридианында.
Т-20. Бай-хуэй. Артқы ортаңғы меридианында.
С-7. Шэнь- мэнь. Жүрек меридианында.
МС-6. Нэй- гуань. Жүрек қабы меридианында.
МС-7. Да- лин. Жүрек қабы меридианында.
V-15. Синь- шу. Қуық меридианында.
V-25. Да- ган- шу. Қуық меридианында.
VВ-20. Фэн- ги. Өт қабы меридианында.
VВ. Цзянь- цзин. Өт қабы меридианында.
J-14. Цзюй- цюе. Алдыңғы ортаңғы меридианында.
J-17. Тань- чжун. Алдыңғы ортаңғы меридианында.
Т-14. Да- чжуй. Артқы ортаңғы меридианында.
Т-24. Шэнь- тинь. Артқы ортаңғы меридианында.
РС-57 . Цзюй- цзюе- шу. Меридианнан тыс нүктелер.
РN-62. Ло- лин- у. Жаңа нүктелер.
GI-9. Шань-лянь. Тоқ ішек меридианында.
GI-10. Шоу- сань-ли. Тоқ ішек меридианында.
GI-19. Хэ-ляо. Тоқ ішек меридианында.
Е-3. Цзюй-ляо. Асқазан меридианында.
Е-31. Би-гуань. Асқазан меридианында.
Е-38. Тяо-хоу. Асқазан меридианында.
RР-11. Цзи-нэнь. Көкбауыр-ұйқы безі меридианында.
С-3. Шао-хай. Жүрек меридианында.
С-5. Тун-ли. Жүрек меридианында.
IG-11. Тянь-цзун. Ащы ішек меридианында.
V-4. Цюй-га. Қуық меридианында.
V-30. Бай-хуань-шу. Қуық меридианында.
V-60. Кунь-лунь. Қуық меридианында.
СОҚЫРІШЕКТІ ҚАНДАЙ БЕЛГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАЙДЫ?
Соқырішек - бұл аппендикстің, іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса жалғаса біткен ұзындығы саусақтай қалташаның қабынуынан пайда болатын ауру. Қабынған аппендикс жарылып, көк еттің тоқ ішек - талаурауына соқтыруы мүмкін. Іш құрылысының (көк еттің) талаурауы - ішек қуысына қауіпті инфекция түсіретін қатты асқынған ауру. Ол аппендикстің немесе ішектің басқа бөлігінің жарылуынан пайда болады.
Соқырішек ауруының белгілері
- Басты белгісі - іштің үздіксіз ауруы;
- Ауру көбінесе кіндік түбінен басталып, содан соң іле оң жақ төменгі бөлікке ауысады;
- Адамның асқа тәбеті жойылып, жүрегі айниды, құсады, үлкен дәреті жүрмейді, аздап қызуы көтеріледі.
Ауруды қалай анықтауға болады?
Сырқат адамды жөтелдіртіңіз де, жөтелдің ішті қатты ауыртып, не ауыртпайтынын бақылаңыз. Немесе баяу, бірақ іштің шаптан солға таман және сәл жоғарырақ бөлігін ауырғанша қаттырақ батырып басыңыз. Содан соң қолыңызды тез тартып алыңыз.
Егер де қолды жіберіп қалған кезде іштің оқыс қатты ауырғаны сезілсе, онда мұның соқырішек немесе талаурау болуы әбден ықтимал. Егер де осы қимылдан оқыс қатты ауырғандық белгісі сезілмесе, онда осы тәсілді оң жақ шаптың аумағына да қолданып көріңіз. Өршіп үдеп ауырған талаурауда сырқаттың іші тақтайдай қатты болады да, ол ішіне таман қолды сәл жанастырғанның өзінде қатты ауырсынады. Оның өміріне енді қатер төніп тұрғаны айдан анық.
Егер аурудың соқырішек немесе талаурау екендігіне көз жеткізгендей болсаңыз онда:
- Дәрігерлік көмек көрсетудің шұғыл шараларын қарастырыңыз;
- Сырқат адамды оған операция жасауға мүмкіндігі бар жерге жеткізуге қолдан келгенше тырысыңыз;
- Оған ауыздан ештеңе ішкізбеңіз және клизма да жасамаңыз. Шөлдеу, сусау белгілері байқалғанда да ғана жұтымдатып су немесе судың орнын алмастыратын сусыннан басқа ештеңе бермеңіз.
- Сырқат адам толық тыныштықта жартылай отырған қалыпта жайғасуы керек.
Интернет материалдары негізінде әзірлеген Айжан…
Жаһандық дерт ауыздықталса игі
Спид дерті дендегендердің 78 пайызы - жастар!
Елімізде СПИД дерті кең тарап келеді. Әсіресе, жаһанды жайлаған жаман ауру жастарды төңіректеуде! Қауіпті дертке шалдыққандардың басым бөлігі 20 мен 39 жас аралығындағылар. Осы көрсеткіш бойынша алдыңғы орында - Алматы қаласы тұр. Бұл туралы халықаралық СПИД-пен күрес күні қарсаңында Иммунды тапшылық дертімен күрес орталығының мамандары мәлімдеді. Сондай-ақ ақ халаттылар аяғы ауыр әйелдер арасында да жаман дерттің үш пайызға артқанын айтып, дабыл қағып отыр…
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz