Гастеромицеттер – Gasteromycetidae қатарлар тобы



1 Гастеромицеттер
2 Гастеромицеттердің эволюциясы
3 Жаңбыршылық
4 Тулостомалықтар
Гастеромицеттердің гименомицеттерден басты ерекшелігі жеміс денесі тұйық ангиокарпты, жер астында түзіледі, ұлғая келе жер бетіне шығады. Мицелийі жақсы жетілген көпшілік жағдайда жуан тығыз талшық немесе желі түрінде төсеміктің ішінде кейде сыртында пленка құрайды. Жемісті дененің пішіні мен мөлшері мейлінше әр түрлі, түйе жаңғағы көлемінен бастап, доптың үлкендігіндей кейде одан да үлкен. Жемсі денесі ашылмай тұрғанда көбінесе шар, домалақ, алмұрт, жұмыртқа пішінді болып келеді. Алғашқы уақытта көп бұрышты қалақты, жұлдыз пішінді, тор, кәрзеңке, қоңырау, табақша, қысқа цилиндр, қалпақты түбірлі және тағы басқа пішінді болып келеді. Жеміс денесінің сыртын перидий деп аталатын бір, екі, үш, көп қабатты қабық қаптап жатады. Сыртқы қабатын экзоперидий, ішкісін эндоперидий деп атайды. Экзоперидий қабаты күрделі бірнеше қабаттан тұрады, оның сырты тегіс, кейде бүршікті, түйнекті келеді. Жемісті дененің ішін борпылдақ глеба деп аталатын тін толтырып тұрады. Жемісті дене есейе келе онда қуыстар пайда болады, оны глебаның бір бөлшегі трама бөліп жатады. Онда базидийлер дамитын гимений қабаты түзіледі. Базидий пісіп жетілген уақытта трама бытырап бұзылады да, көптеген базидиоспоралар түзіледі де, онда тарамдалған талшықты гифалар – кпиллицийлер ғана қалады. Олар перидий қабатының ішінде бос жатады. Жемісті денелірінің глебалары жас кезінде ақ түсті, не сұр.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Гастеромицеттер – Gasteromycetidae қатарлар тобы

Гастеромицеттер – Gasteromycetidae қатарлар тобы

Гастеромицеттердің гименомицеттерден басты ерекшелігі жеміс денесі тұйық ангиокарпты, жер астында түзіледі, ұлғая келе жер бетіне шығады. Мицелийі жақсы жетілген көпшілік жағдайда жуан тығыз талшық немесе желі түрінде төсеміктің ішінде кейде сыртында пленка құрайды. Жемісті дененің пішіні мен мөлшері мейлінше әр түрлі, түйе жаңғағы көлемінен бастап, доптың үлкендігіндей кейде одан да үлкен. Жемсі денесі ашылмай тұрғанда көбінесе шар, домалақ, алмұрт, жұмыртқа пішінді болып келеді. Алғашқы уақытта көп бұрышты қалақты, жұлдыз пішінді, тор, кәрзеңке, қоңырау, табақша, қысқа цилиндр, қалпақты түбірлі және тағы басқа пішінді болып келеді. Жеміс денесінің сыртын перидий деп аталатын бір, екі, үш, көп қабатты қабық қаптап жатады. Сыртқы қабатын экзоперидий, ішкісін эндоперидий деп атайды. Экзоперидий қабаты күрделі бірнеше қабаттан тұрады, оның сырты тегіс, кейде бүршікті, түйнекті келеді. Жемісті дененің ішін борпылдақ глеба деп аталатын тін толтырып тұрады. Жемісті дене есейе келе онда қуыстар пайда болады, оны глебаның бір бөлшегі трама бөліп жатады. Онда базидийлер дамитын гимений қабаты түзіледі. Базидий пісіп жетілген уақытта трама бытырап бұзылады да, көптеген базидиоспоралар түзіледі де, онда тарамдалған талшықты гифалар – кпиллицийлер ғана қалады. Олар перидий қабатының ішінде бос жатады. Жемісті денелірінің глебалары жас кезінде ақ түсті, не сұр. кейін базидиоспораның пісуіне байланысты қоңыр, не қоңырқара түске өзгереді. Ангиокарпты жемісті денеде базидий тұйық жағдайда дамыса, гимнокарпты жемісті денеде ашық түрде дамиды.

Гастеромицеттердің ядро фазаларының алмасуы жағынан гименомицеттерге ұқсас. Кейбіреулерінің гаплоидты фазасы қысқа базидиоспор ядросының екіге бөлінуі арқылы дикарион түзіледі. Диплоидты фазасы гименомицеттердікі сияқты қысқа, ал диплоидты жағдайы базидий түрінде ғана болады.

Глебаның дамуы әр тұқымдастарда тіпті туыстарда әртүрлі типті. Онда спора құрау қабатының орналасуы да әркелкі, олардың бірнеше түрі болады:

1) базидий глебаның өнебойында біркелкі орналасады, матасқан

 гифалар ретсіз пайда болады, дұрыс гимений қабаты құралмайды (Tulostoma);

2)    лакунарды типті түрде алғашқы тіндерге жіктелмеген, тұйық

көптеген қуыстар пайда болады, оның қабырғалары ретсіз орналасқан базидиялармен толы (Nidulariaceae, Melanogasteraceae). Гастеромицеттердің мұндай типтерінің жемісті денесі топырақ ішінде эндогенді орналасады. Споралары піскен кезде топырақтан көтеріліп спораларын активті түрде шашады;

3)    коралл тәрізді типтіде глеба шет жағынанорталық өзектік

 қабатқа қарай дамиды. Өзектік бөлімнен шетке қарайтрама тармақталып пластинка тәрізді, қатпарлана жатып камералар құрады. Гимений қабаты дұрыс орналасады, онда базидийлер мен базидиоспоралар жетіледі (Lycoperdon, Geastrum);

4) көп қалпақты глебада спора құраушы мүше жемісті денеде бір-біріне байланыссыз бірнеше жерде түзіледі (Clathrus, Phallogaster ж.б.);

5)    бір қалпақты глебада, жемісті дененің ортаңғы бөлімінде

 цилиндр формалы келген сағағы болады. Оның жоғарғы жағында пластинкалы трама өседі де, тармақталып анастомозға ұшырап глебада қуыстар түзіледі. Ол қуыстар гимениймен қапталған. Мұндай типті глеба гастеромицеттер де жер астындағы жемісті денесінде түзіледі.

         Гастеромицеттердің эволюциясы спораларын шашу бағытына қарай жүрген. Бұл қатарлар тобында гимений қабаты тек трамадан түзіледі, ал одан базидийлер ғана дамиды.

Гастеромицеттер қатарлар тобына 82-ден астам түрлер жатса,көпшілігі құмды,  дүние жүзінде 643-тей түр кездеседі. Қазақстанда кездесетін гастеромицеттердің 23 түрі тек бізде кездесетін эндемиктер. Гастеромицеттерді жемісті денесінің құрылысына, формасына, споралардың пішіні мен құрылыстарына қарай 10 қатарға 17 тұқымдасқа бөледі.

Фаллюсалықтар – Phallales қатарына 6 (83) түр жатады. Олардың жемісті денесі жас кезінде шар, цилиндр пішінді, қалың ашық түске боялған перидий қабаты қаптап жатады. Піскен уақытта әртүрлі формалы рецептакула (қуыс) пайда болады, оның жоғарғы жағынан спора құраушы глебасы өседі. Жас кезінде глебасы жұмсақ шытырман бөліктерден тұрады. Есейген кездері қуыстары еріп кілегейленіп кетеді. Фаллюса (Phallus) жемісті денесі жас кезінде сопақ жұмыртқа пішінді болып екі түсті келеді. Піскен кезде перидий қабығы жыртылып жасылдау кілегеймен қапталған ұзын түбірі бар конус пішінді қалпағы тез ұзарып өседі, оның сыртқы ұя тәрізді бетінде базидиоспоралар піседі. Бұл саңырауқұлақ жағымсыз өлексе иісін шығарып, насекомдарды өздеріне тартады, оған қонған насекомдар денесіне жабысқан жасыл кілегейдегі спораларды бір жерден екінші жерге таратады. Бұлар көбінесе тропиктік аудандарда көп тараған. Гастеромицеттердің, тіпті жалпы саңырауқұлақтардың ішінде, бұл сияқты спораларын энтомохоралы жолмен таралатын туыстары, эволюциялық дамуы жағынан басқа туыстардан жоғары тұрады.

Мезоперидий қабаты қалың сарғыштау келеді. Глебасы етті сарғыш лабриентті қуыстардан тұрады. Оның ішкі гимениальды қабаттарынан 4, 6, 8 стеригмада базидиоспоралар түзіледі. Бұлардың басым көпшілігі құмды, құмдақты, топырақты жерлерде кездеседі. Өкілі Anthurus archeri әртүрлі формалы болып кездеседі.

Гименогастералықтар – Hymenogasterales қатарына 2 (82) түр жатады, жеміс денесі шар, алмұрт, сопақ, ұзын түйнек пішіндес топыраққа ризоморфалары арқылы бекініп жатады. Перидий бір, екі, үш қабатты. Глебасы трама тінінен құралып көптеген қуыстар құрады. Басты ерекшелігі лакунарлы, коралла тәрізді және бір қалпақты глебаларының  үш түрлі дамуы болады. Споралары піскен уақытта глебасы порошокты ұнтаққа ыдырамайды. Трама қабаты талшықты гифадан, не жалған паренхимадан тұрады, ол етті не шеміршекті келеді. Өкілі – Hymenogaster verrucosus, сирек кездесетін саңырауқұлақ. ішкі қабырғалық қуыстарын гимений жауып жатады. Онда бұршақ басты 1-8-ге дейін базидий өседі, формасы әр түрлі, кейде базидийлердің арасында цисталары да болады. Топырақ ішінде не жер бетінде тіршілік етеді.

Гастероспоралықтар – Gasterosporales қатары Gasterosporium simplex түрінен ғана тұрады. Жеміс денесі шар, алмұрт, эллипсоид пішінді. Ақ түсті. Төменгі жағында ұзын мицелийальды тәжі болады. Перидий екі қабатты, глебасы губка тәрізді жұмсақ, құрғақ, кейіннен тозаңды порошоққа ыдырайды. Базидий ұршық пішінді 8 стеригмасында базидиоспора орналасады. Құрғақ далалы аудандарда топырақта кездеседі.

Подаксалықтар – Podaxales қатарына 20-дан (54) астам түр жатады. Басым көпшілігі құмдақ жерде, топырақта құрғақ аудандарда таралған. Жас жеміс денесі шар не жұмыртқа пішінді сопақ, отырыңқы, піскен уақытта түбірі пайда болады. Перидий бір қабатты не көп қабатты созылғыш жұмсақ, құрғақ. Піскен уақытта перидий қабатының ортаңғы бөлімінен жыртылып жоғарғы жағы қалпақша сияқты көтеріледі. Кейбір тұрлерінде перидий жыртылмайды, төменгі жағына тығыз бекініп тұрады. Піске жемісті дене одан алшақтайды. Глебасы бір қалпақты. Алғашқы уақытта глеба бөлмелі қуыстардан тұрады, ол анастомозаға ұшырап, кейін пластинка құралады. Пластинка перидий қабатының іш жағында түзіледі. Онда 1-4 споралар пісіп жетіледі де, тез жойылып кетеді. Кейбіреулернде цистидалары, капиллициялары болады, кейде болмайды.

Montagena arenaria жас жемісті денесі ашр, не жұмыртқа пішінді есейген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Базидиомицеттердің жіктелуі
Ағаш-бұта өсімдіктерінде кездесетін саңырауқұлақтардың жіктелуі - Холобазидиомицеттер – Holobasidiomycetidae класс тармағы
Микологиялық және фитопатологиялық анықтамалық сөздік
Төменгі сатыдағы өсімдіктер пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану жолдары
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер
Уақытқа тәуелді қатарлар
Оң таңбалы қатарлар
Жаңа бағана енгізу
Оң таңбалы қатардың жинақтылық белгілері
Пәндер