Физиологияның даму тарихы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Физиологияның даму тарихы

Физиология (грекше φυσις, physis , "табиғат, тек-тамыр"; және λόγος, logos, "ғылым") тірі организмнің механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі.

Әдетте физиология өсімдік физиологиясы және адам мен жануар физиологиясы деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын организм қарастырылу үстінде болса да, физиологияның принциптері жалпыға ортақ. Мысалы, ашытқы жасушасын зерттегенде алынған физиология мәліметтері адам жасушасына да қатысты болуы мүмкін.

Физиология пәні және оның мәселелері.

Физиология - тірі организм мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым. Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі адам организмінің жұмысын түсіну, оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай организмнің жалпы жұмысы атқарылады. Физиология анатомия, циталогия және гистологиямен байланысты. Физика мен химияның жетістіктері физиология үшін өте маңызды, кибернетика мен компьютерді айтпағанда.

Физиологиялық зерттеу әдістері

  1. бақылау;
  2. эксперимент. (тәжірибе) ;

Бақылау құбылыстың мәнін аша алмайды, сондықтан негізгі әдіс - эксперимент. Ол жіті және созылмалы болады. Вивисексия - тәнтілу. Жетіспеушілігі - көп қан жоғалады, наркоз, жарақат қалыпты қызметті бұрмалай жібереді. Созылмалы эксперимент - қалыпты жағдайда ұзақ уақыт организм қызметін зерттеуге мәжбүр береді. (фистула әдісі) . Н. П. Павлов-физиология мен медицина біртұтас деп айтты. Паталогия мәнін білу үшін тіршілік үрдісінің ағымын білу керек (phatos-детрт, ауру) .

Физиология дамуының қысқа тарихы.

Организм қызметтері туралы өз пікірлерін айтқандар - Гиппократ (медицина атасы), Аристотель (бірінші оқытушы) - Ежелгі Рим, Клавдий Гален - эксперименталдық медицинаның негізін қалады. Физиологияның дамуында анатомиядағы табыстар көп әсер етті. А. Везалийдің «Адам денесінің құрылысы туралы» деген кітабы физиологияда көп жаңалықтарды ашуға себеп болды. XVIIғ. ғылыми физиология дамыды. Вильям Гарвей-үлкен қанағу шеңберін ашты, вивисексияны енгізді. М. Мальпиги артерия мен веналардың капиллярлар арқылы байланысатынын көрсетті. Физиологияның дамуына Рене Декарттың рефлексты ашуы өте маңызды болып табылады. XVIII-XIXғғ. Ломоносов масса мен қуат сақталу заңын ашты. Горянинов, Шванн, және Шлейден-организмнің жасушалардан тұратынын ашты. 1859ж. Дарвин эфолюциялық ілімді дүниеге келтірді. XIX және XXғ. физиология аса гүлденуге жетті. Клод Бернар(фр) - қан тамырлары тонусының реттелуінде көміртектік алмасуда жүйке жүйесінің рөлін зерттеді. Организмнің ішкі ортасы туралы түсінік берді. Германияда Дюбуа-Реймон-электрофизологияның негізін қалады. Шерингтон - жұлын физиологиясын зерттеді. Кеннон-вегетативтік жүйке жүйесін зерттеді. Сегенов, Павлов, Боткин, Бехтерев нервизмді дамытты. XIXғ. рефлекторлық доға бөліктерінің рөлі анықталды, жүйке әрекетінің рефлекторлық теориясия, мидың үлкен шарты -шарлар маңызы ашылды. И. М. Сегенов «орыс физиологиясының атасы». Ол қан газдарды тасымалдайтынын ашты. «Ми рефлексі» деген кітап жазды. Идеяларын ары қарай И. П. Павлов дамытты. Ухтомский-доминанта туралы ілімді жасады. И. П. Павлов XV Халықаралық конгрессте (1935) -дүниежүзілік физиологтар атасы деп аталды. Павлов мына бағыттарды зерттеді:

  1. қан айналу;
  2. ас қорту;
  3. жоғарғы жүйке іс әрекеті.
  4. Павловқа дейін физиологияда аналитикалық тәсіл басымды болса ол синтетикалық бағытты жасады. Мұсылман елінен шыққан ғалымдарӘбу Насыр Әл Фараби (екінші оқытушы) «дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысының қарай атқаратын қызметін білуге тиіс» - деп жазды. Дәрігерлерге жеті міндет жүктеді. «Адам физиологиясы» оқулығының 13-бетін оқы. Авторы Х. К. Сатбаева, 2005ж. ) . Абу Али ибн Сина(Авицина) «Медицина қағидалары» атты кітап жазған. Қазақстан физиологиясының іргетасын қалаған А. П. Полосухин. Ол КазМи-да физиология кафедрасын 25жыл меңгерді физиология ғылыми - зерттеу институтын ашып 20ж. директоры болды. Ғылыми бағыты лимфология болды. Н. У. Базанова- ғалым-физиолог, тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор, академик. Еңбектері ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясын аса дамытты. Х. К. Сатпаева -көп жылдар бойы АММИ- да физиология кафедрасының меңгерушісі болды. «Адам физиологиясы» оқулық кітабының авторы.
Павлов физиологиясының негізгі принциптері.
  1. Тірі организм - біртұтас. Онда жасушалар, тіндер, ағзалар, жүйелер әрекеттері байланысты және келісімді де болады. Организм өзін- өзі реттейтін қасиеті бар. Ол өзіне қажетті нәрселерді алып оған зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп тұрады. Организм тек қоршаған ортамен тұрақты қатынаста ғана белсенді түрде тіршілік ете алады. Нервизм принципы - жүйке жүйесінің әсерін организмнің көптеген әрекеттеріне қаратуға тырысатын физиологиялық бағыт.
  2. Адаптация- органзмнің қоршаған орта әсерлеріне бейімделуі. Ол жеке- жеке физиологиялық жүйелердің қызметтерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, ұзақ уақыт ас рационынында нәруыздар қорытатын ферменттер көбейеді. Организмнің өзін - өзі реттеуі оның (тірі организмнен) ерекшелігі болып табылады да қоршаған ортаның әсерлеріне организмнің тұрақты орнын (тіршілік жағдайына бейімделуін) қамтамасыз етеді.
Негізгі физиологиялық түсініктер. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патологиялық физиологияның даму тарихы
Физиологияның даму кезеңдері
Физиология ғылымы
Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама
Патологиялық физиология пәні және патологиялық физиологияға үлес қосқан ғалымдар.Ауру туралы жалпы түсінік
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым
Физалогия ғылымы және оның даму тарихы
Анатомия мен физиология ғылымдарының қысқаша даму тарихы
Физиология пәні және оның мәселелері
Физиология дамуының қысқа тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz