«Химиялық талшықтардың технологиясы» пәнінен студенттердің практикалық сабақтары



1. Практикалық сабақтардың міндеті мен мақсаты
2. Практикалық сабақтар тізімі
3. Коллоквиумдар сұрақтары
4. Есептерді шығару мысалдары

Әдебиеттер
«Химиялық талшықтардың технологиясы» пәнінен студенттердің практикалық сабақтары курсты анағұрлым жетік меңгеру, терең түсіну, студенттерге творчестволық біліктіліктерді қалыптастыру, оқу әдебиеттерімен өзіндік жұмыстар жасау, ғылыми – техникалық патенттермен, әдістемелік әдебиеттермен және лекция конспектілерімен өздігінше жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Химиялық талшықтар технологиясының алуан түрлілігіне қарамастан бірп типтес физикалық процестерді өткізуге байланыстырылған.
Теориялық бөлімінде химиялық талшықтардың физика-химиялық қасиеттері туралы мағлұматтар келтірілген, талшықтар сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері мен зауыттарда қоолданылатын оларды анықтау әдістері келтірілген.
Химиялық талшықтар немесе жіптің сапасын келесі негізгі көрсеткіштер сипаттайды: түзулігі мен тегістігі; ылғалдылығы; нөмірмен сипатталатын қалыңдығы (майдалығы); құрғақ және ылғал күйіндегі беріктігі мен ұзаруы; жіптің иірілу шамасы; ұзындығына қарай штапелді талшықтардың біртектілігі; гигроскопиялығы; тығыздығы (меншікті салмағы); серпімділік және созылымдылық дәрежесі; көп ретті деформацияларға, мүжілуге, қыртысталуға тұрақтылығы; жоғары және төмен температураларға төзімділігі; сыртқы түрі.
1. Ряузов А.Н. и др. Технология производства химических волокон. -М.: Химия, 1990 г.
2. Зазулина З.А., Дружинина Т.В., Конкин А.А. Основы технологии химических волокон. М.: Химия, 1986
3. Роговин З.А. Основы химии и технологии химических волокон. 5-е издание, -М.: Химия, 1984
4. Стрепихеев А.А., Деревицкая В.А. Основы химии высокомолекулярных соединений. -М.: Химия, 1986
5. Папков С.П. Физико-химические основы производства искусственных и синтетических волокон. -М.: Химия, 1982
6. Перепелкин К.Е. Физико-химические основы процессов формования химических волокон. -М.: Химия, 1988
7. Прошков А.Ф. Машины для производства химических волокон. -М.: Машиностроение, 1974 – 470 с

8. Исмаилов Ф.А. и др. Химические волокна. -М.: Химия, 1978
9. Папикян М., Ложкин В.Е. Химические волокна. -М.: Химия, 1978
10. Михайлов Н.В., Смирнова В.Н., Нессонова Г.Д. Химические волокна. -М.: Химия, 1971
11. Перепечкин Л.П., Лысякова Н.С. Химические волокна. -М.: Химия, 1979

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
УДК 678.4 (075.5)
ББК 35.72 я 73

Құрастырғандар: Бейсенбаев О.Қ., Қыдыралиева А.Ш. Есназарова Л.А.,
МамытоваГ.Ж. 050726 - Жеңіл және тоқу өнеркәсібі тауарлары мен
бұйымдарының технологиясы мамандығының студенттеріне арналған Химиялық
талшықтардың технологиясы пәні бойынша практикалық сабақтарды жүргізуге
арналған әдістемелік нұсқаулар. –Шымкент.: М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ,
2006. -28б.

Әдістемелік нұсқау оқу жоспары және Химиялық талшықтардың
технологиясы пәнінің бағдарламаларының талаптарына сәйкес құрастырылған
және пәннің күрделі бөлімдерін мұқият әрі терең меңгеруге мүмкіндік беретін
студенттердің практикалық сабақтарын ұйымдастырып жүргізуді қамтиды, сондай-
ақ студенттерге өз бетінше шығармашылық жұмыстар жүргізе білуді үйретеді.
Әдістемелік нұсқау 050726 - Жеңіл және тоқу өнеркәсібі тауарлары мен
бұйымдарының технологиясы мамандығының студенттеріне арналған.

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Сакибаева С.А. – т.ғ.к., доцент, Мұнай, газ және полимерлер технологиясы

кафедрасының меңгерушісі
Сырманова К.К. - т.ғ.к., проф, Химияны оқыту әдістері
кафедрасының меңгерушісі

МГжПТ кафедрасының мәжілісінде (№17 хаттама 03.07.2007ж) және МжГИ
әдістемелік кеңесінде (№14 хаттама 05.07.2007ж) қарастырылып баспаға
ұсынылды.

М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми-әдістемелік кеңесімен баспаға
ұсынылды (хаттама №_6___ , _30____07_________ 2007__ ж.)

© М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті, 2007

Шығаруға жауапты ___Бейсенбаев О.К.___________

Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері

Химиялық талшықтардың технологиясы пәнінен студенттердің
практикалық сабақтары курсты анағұрлым жетік меңгеру, терең түсіну,
студенттерге творчестволық біліктіліктерді қалыптастыру, оқу әдебиеттерімен
өзіндік жұмыстар жасау, ғылыми – техникалық патенттермен, әдістемелік
әдебиеттермен және лекция конспектілерімен өздігінше жұмыс істеуге
дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Химиялық талшықтар технологиясының алуан түрлілігіне қарамастан бірп
типтес физикалық процестерді өткізуге байланыстырылған.
Теориялық бөлімінде химиялық талшықтардың физика-химиялық қасиеттері
туралы мағлұматтар келтірілген, талшықтар сапасын сипаттайтын негізгі
көрсеткіштері мен зауыттарда қоолданылатын оларды анықтау әдістері
келтірілген.
Химиялық талшықтар немесе жіптің сапасын келесі негізгі көрсеткіштер
сипаттайды: түзулігі мен тегістігі; ылғалдылығы; нөмірмен сипатталатын
қалыңдығы (майдалығы); құрғақ және ылғал күйіндегі беріктігі мен ұзаруы;
жіптің иірілу шамасы; ұзындығына қарай штапелді талшықтардың біртектілігі;
гигроскопиялығы; тығыздығы (меншікті салмағы); серпімділік және
созылымдылық дәрежесі; көп ретті деформацияларға, мүжілуге, қыртысталуға
тұрақтылығы; жоғары және төмен температураларға төзімділігі; сыртқы түрі.
Практикалық сабақтардың міндеті химиялық талшықтардың физика-химиялық
негіздерін зерттеу, сондай-ақ жоғарыда келтірілген талшықтар қасиеттерін
анықтауға арналған приборлардың жұмыс істеу принциптері мен есептеу
әдістерін үйренуден тұрады.
Жоғарыда аталған талшықтар қасиеттерін инженерлік есептеу әдістерімен
танысу инженер-технологтарды дайындаудың негізгі құраушы бөлігі болып
табылады.
Пән бойынша сабақтар базасы болып лекциялық, практикалық және
зертханалық сабақтар болып табылады.
Коллоквиумдар курстың негізгі бөлімдері бойынша жүргізіледі.

Практикалық сабақтар тізімі

1. Химиялық талшықтың ылғалдылығын анықтау.
2. Ұзаруы мен беріктігін анықтау.
3. Жіптердің бұралу шамасын анықтау.
4. Серпімділік және созылымдылық дәрежесін анықтау

5. Нөмірмен сипатталатын қалыңдығы.
6. Полимер ерітітінділерінен химиялық талшық қалыптау машинасы
7. Полимер балқымаларынан химиялық талшық қалыптау машинасы

Коллоквиум сұрақтары
Коллоквиум №1:

1. Химиялық талшықтар өндірісінің даму болашағы.
2. Химиялық талшықтардың классификациясы.
3. Бастапқы мономерлерге қойылатын жалпы талаптар.
4. Иіру ерітінділерін дайындау.
5. Полимерлер ерітінділерін алу және талшықтарды қалыптауға дайындау.
6. Полимерлерді алу әдістері.
7. Полимерлердің химиялық түрленулері.
8. Полимерлердің құрылымы және қасиеттері.
9. Химиялық талшықтарды алудың технологиялық процесінің схемасы.
10. Тоқу ерітіндісін дайындау.
11. Химиялық талшықтарды қалыптау.

Коллоквиум №2:

12. Өңдеу әдістері
13. Кептіру
14. Бұралу
15. Қайта орау
16. Сұрыптау
17. Үзгендегі беріктігі
18. Ұзаруы
19. Бастапқы модулі
20. Гигроскопиялығы
21. Босаңсымаушылығы
22. Талшық нөмірі
23. Тығыздығы
24. Жылтырлығы
25. Бояудың бірқалыптылығы
26. Жоғары және төменгі температуралар әсеріне төзімділігі
27. Атмосфералық әсерлерге төзімділігі
28. Ядролық сәулелер әсеріне төзімділігі

Коллоквиум №3:

29. Периодты әрекеттегі реакционды аппараттар
30. Үздіксіз әрекеттегі реакционды аппараттар
31. Целлюлозаның сапасын анықтау әдістері.
32. Вискозды талшықтар өндірісі.
33. Ацетатты талшықтар өндірісі.

Коллоквиум №4:

34. Химиялық талшықтардың сапасы.
35. Химиялық талшықтардың химиялық қасиеттері.
36. Химиялық талшықтарды модификациялау принциптері.
37. Ерекше қасиеттерге ие талшықтарды алу.
38. Полиэфирлі талшықтар өндірісі.
39. Полиамидті талшықтар өндірісі.
40. Полиакрилонитрильді талшықтар өндірісі.

Есептерді шығару мысалдары

Химиялық талшықтардың физика-механикалық қасиеттері
және сынау әдістері

Химиялық талшықтардың физика – механикалық қасиеттері сапаны
сипаттаушы негізгі көрсеткіштер туралы түсініктер береді, және зауыттарда
қолданылатын көрсеткіштерді анықтаудың әдістеріне суреттемелер келтіреді.
Химиялық талшық немесе жіптердің сапасын келесі негізгі көрсеткіштер
сипаттайды:
1) тегістігі және бірқалыптылығы;
2) ылғалдылығы;
3) нөмірмен сипатталатын қалыңдығы;
4) құрғақ және ылғал күйдегі ұзаруы және беріктігі;
5) жіптердің бұралу шамасы;
6) ұзындығы бойынша штапельді талшықтардың біртегістілігі;
7) гироскопиялығы;
8) тығыздығы (меншікті салмағы);
9) серпімділік және созылымдылық дәрежесі;
10) көп ретті деформацияларға, үгітілуге, шөгушілікке төзімділік
шамасы;
11) жоғары және төменгі температуралар әсеріне төзімділігі;
12) сыртқы түрі.
Талшықтың сапасы және оның тұтынушылық құндылығы бірқатар көрсеткіштер
жиынтығымен анықталады. Олардың біреуінің жақсаруы немесе нашарлауы тұтас
талшық сапасының төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Ең маңызды болып химиялық талшықтарға қойылатын талаптардың бірі ол
талшықтың ұзындығы бойынша физика–механикалық қасиеттердің және химиялық
қасиеттерінің біртегіс таралуы және бәрінен бұрын беріктігі және ұзаруының
біртегістігі, ал тоқыма жіптер үшін аталғандарға қоса бояудың біртегіс
таралуы болып табылады.
1. Жіптердің тегістігі және бірқалыптылығы.
Жіптердің бірқалыптылығы және тегістігі – тоқыма бұйымына өңделу үшін
жіберілетін кез келген жіпке тоқымашылардың қоятын негізгі талабы болып
табылады. Жасанды немесе химиялық талшықтардан жасалған жіп бүкіл ұзындығы
бойынша бір қалыпты, бірдей жуандықта болуы қажет, және түйіндер мен
орамдарға ие болмауы қажет. Жіптер құралатын талшықтардың ұзындығының
жоғары болуынан оларға тармақталудың жоқ болуына өте қатаң талап қойылады,
себебі механикалық операциялар кезінде (орау, тоқымашылық, байлау және
т.б.) тармақталуды түзетін жеке талшықтар көршілес жіптермен ілініседі
немесе машина бөлшектеріне ілініп үзіледі, және нәтижесінде ақау түзіледі.
Жіптердегі тармақтардың болуына әсересе жоғары кластағы, инелері
тармақтарға тез ілінетін, және соның салдарынан ақау пайда болатыфн
трикотажды машиналар өте сезімтел келеді.
Жіптердің тегістігі әруақта, егер жіптің фактілі нөмірі тек үлкен
ұзындықтарда (100 м) ғана номиналды мәнге жақын болғанда ғана емес, сонымен
бірге қысқа кесінділерде де (0,1-0,5 м) сақталған жағдайда біртегістік
сақталады.
Талшықтардың ылғалдылығы
Талшықтардың физика–механикалық көрсеткіштерінің көпшілігі ылғал
мөлшерінің болуына байланысты болады. Сондықтан сыналатын үлгілер белгілі
бір ылғалдылыққа ие болуы қажет. Ол үшін олар кондиционирлеуге тартылады,
басқаша айтқанда сынаудан алдын 18 сағат көлемінде ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 65 пайыз болатын және температура 20+-20с құрайтын бөлмеде
сақталады. Талшықтардың әрбір партиясынан 10 үлгіден алынады, олар
кондиционирлеуден соң төменде суреттелген сынауға тартылады.
Талшықтардың ылғалдылығын электрлі қыздырылатын және температурасы
автоматты реттелетін темостатта анықтайды. Әрбір үлгі (0,05 г дәлдікке
дейін ) аппаратқа салынбастан бұрын өлшенеді, 30 минут өткен соң, яғни
температура 1000С жеткеннен кейін, ал одан соң 15 минуттан соң температура
шам асы 105-1100С шамасында ұстьалып тұрады. Кептіру егер екі ретті
өлшеуден кейін айырма 0,05 г шамадан аспайтын болған кезде аяқталған деп
саналады.
Ылғалдылық үлгіні талшықтың абсолютті құрғақ салмағына кептіруге
дейінгі және кептіруден кейінгі өлшеулер айрмасы қатынастары ретінде
анықталады және проценттік түрде өрнектеледі:

W=G-G1 G1 * 100%
мұндағы: G – сынаманың алғашқы салмағы, г;
G1 – кептіруден кейінгі сынаманың салмағы, г.
Талшықтың ылғалдылығын анықтай отырып химиялық талшықтың кондициялық
салмағы деп аталатын салмағыны анықтауға болады, басқаша айтқанда
ылғалдылығы орнатылған өнімге есептелгендегі (қалыпты) салмақты білуге
болады. Ол үшін келесі формула пайдаланылады.
Gк=Gф(100+Wн)100+Wф;
Мұндағы: Сф – сынау үшін сынаманы алу мезетіндегі партияның фактілі
салмағы, кг;
Wн – талшық ылғалдылығының нормасы, %;
Wф – сынаманың ылғалдылығы, %.
Мысал. Химиялық талшықтың партиясының фактілі салмағы 2600 кг құрайды,
ылғалдылықтың орнатылған нормасы - 6%, фактілі ылғалдылығы 8%. Партияның
кондициялық салмағын анықтаңыз:
Gк = 2600(100+6) 100+8 = 2600*106 108 = 2552 кг.
Осы мысалдан көрініп тұрғандай, талшықтың осы партиясында 2600 – 2552
= кг болатынын айтуға болады.

Талшық жіптері қалыңдығы (жуандығы).
Химиялық талшықтар салыстырмалы үлкен емес жуандыққа ие (10 30 мк), ол
көлденең өлшемдерді анықтауды қиындатады. Сондықтан көбінесе талшықтардың
жуандығы шартты бірліктермен сипатталады (нөмірі, денье, грекс, текс).
ТМД елдерінде талшықтардың жуандығы нөмірмен сипатталады, олар талшық
ұзындығының салмағына қатынасын білдіреді:

N=Lg;
мұндағы: L – талшықтың ұзындығы, м;
g – талшықтың салмағы, г.
Басқа сөздермен айтқанда талшық нөмірі жіп ұзындығы немесе жіп
1 г салмақтағы ұзындығын білдіреді. Талшық немесе жіп неғұрлым үлкен болса,
нөмірі сол ғұрлым аз болады.
Мысал есеп: Ұзындығы 750 м болатын жіп кесіндісінің салмағы 0,25 г,
жіп нөмірін анықтаңыз:
N=Lg = 750 0,25 = 300;
Нөмірі 2250 дейінгі талшықтардан тұратын жіптер ірі толқындылар деп
аталады, ал нөмірі 2250 ден 4499 дейінгі жіптер – ортатолқындылар деп және
4500 жоғары болатын нөмірдегі талшықтардан тұратын жіптер – ұсақ
толқындылар деп аталады.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп нөмірі 9000 – 12000 дейінгі өте жұқа нөмірлі
жіптер шығара алатын жағдайға жетті. Бұл салмағы 1 г болатын бірлік талшық
орасан зор мөлшерге жете алады дегенді білдіреді, атап айтатын болсақ одан
ұзындығы 9 – 12 км жіп жасауға болады.
Шет елдерде химиялық талшықтардың қалыңдығын (жуандығын) сипаттау үшін
келесі көрсеткіштер қолданылады: денье, грекс және текс.
Денье (Д) 9000 м ұзындықтағы талшықтың (жіптің) салмағын (грамда)
көрсетеді, грекс (G) – 10 000 м талшықтың немесе жіптің саломағын
білдіреді, ал текс (Т) 1000 м талшық немесе жіптің салмағын білдіреді.
Талшық нөмірін (жіп) денье, грекс немесе текс өткізу үшін және одан кері
ауыстыру үшін келесі қатынастарды пайдаланады:
N=9000D; N=10000G; N=1000T; D=9000N; G=10000N; T=1000N
Мысал: 225 м ұзындыққа және 5 г салмаққа ие жіп нөмірін және денье
шамасын анықтаңыз.

N = 2255=45; D=9000·5225=200;

Яғни, салмағы 1 г жіп 45 м тең ұзындыққа ие немесе 9000 м болатын
осындай жіп 200 г салмаққа ие.
Мысал 2. Егер денье шамасы белгілі болса 250, онда жіп нөмірін
анықтаңыз.
N=9000250=36;
Жіп неғұрлым жұқа болса, солғұрлым денье шамасы аз болады, және
керісінше.
Жіп нөмірін біле отырып жеке талшықтардың нөмірін оңай анықтауға
болады. Ол үшін жіптер нөмірін талшықтар санына көбейтсе болды.
Мысал. Штапельді талшықты иіру машинасында жуан ұзын жгут түрінде
алады, ол талшықтардың үлкен санынан тұрады, алынған жгут одан ары үлкен
емес кесінділерге бөлінеді (штапелькаларға). 10 м ұзындықтағы жгут
кесіндісі 50 г салмаққа ие және 15 000 талшықтан тұрады. Талшық нөмірін
анықтаңыз:
Бірінші жгут нөмірін анықтаймыз
Nж = 10 50 = 0,2
Ал одан соң алынған шаманы талшықтар санына көбейтеміз (п) не болмаса
бір мезгілде бірге орындаймы:
Nв = Nж * п = 1050 * 15 000 = 3000
Жіп нөмірін анықтау. Әрбір алынған 10 үлгіден, кондиционирлеуден өткен
соң, екі орамаға (барлығы 20 орама) 100 м мөлшерден мотовилаға (сурет 2)
ораймыз. Ажыратуды 80-120 ммин жылдамдықпен орындаймыз. Жіп екі бағыттаушы
іргек арқылы өтуі қажет.

2 – сурет. Орағыш (мотовило)
Әрбір ораманы квадрант таразысында өлшеп (сурет 3) және 20 ораманың орташа
арифметикалық мәнін табамыз. Осыдан соң партиядағы жіптердің орташа нөмірін
анықтаймыз, басқаша айтқанда бүкіл орамада анықталған мәнді 100-ге бөлеміз.
Сыналып отырған талшықтың кондициялық ылғалдылығынан ылғалдық шамасы
ауытқыған жағдайда сәйкес түзетулер жүргіземіз. Жіп нөмірінің номиналды
шамадан ауытқуын келесі формула бойынша табамыз.
N0 = (Nс Nн)·100 Nн
Мұндағы: Nс – сынау кезінде табылған орташа нөмір;
Nн – ярлыкта жазылған номиналды нөмір.

3-сурет. Квадрант таразысы.

Қысқа бөліктердегі жіптердің нөмірін анықтауды (бірнеше диаметрден 1 м
дейінгі ұзындықтағы жіптер) серіппелік немесе торсионды таразыларда
орындаймыз (сурет 4).

4-сурет. Торсионды таразылар. 1—корпус; 2—шкала; 3—бағдарша; 4—футляр;
5—табақша; 6—ілгіш.

Торсионды таразылардың механизмі металдық корпусқа 1 қондырылған, оның
алдыңғы қабырғасында шкала 2 және бағдарша 3 орналасқан, ол дененің
салмағын көрсетеді. Футлярды 4 ашып чашкаға 5 немесе ілгекке сыналушы
үлгіні орнатып және оның салмағын анықтаймыз.
Қысқа бөліктердегі нөмірдің біртегіс еместігін бірнеше бөлімшелердің
орташа арифметикалық мәні ретінде табамыз (мысалы 10 бөлік үшін). Кейде бұл
көрсеткіш дайын бұйымдардағы ақау себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірнеше жіптерден бұралған жіп нөмірін анықтау. Егер жіп бірдей
нөмірге ие бірнеше жіптерден тұратын болса, онда бұралып кетуден сақтану
үшін жіп нөмірін бастапқы нөмірді Nн жіптер санына n бөлу арқылы анықтайды.
Nт = N1 n;

Мысал. 100 нөміріне ие екі жіп бірге бұралған болсын. Алынған жіп
нөмірін анықтаңыз (бұрауды ескерместен).
Nт = 100 2 = 50;
Әртүрлі нөмірден тұратын бірнеше жіпті бірге бұрау кезінде (N1, N2,
N3..., N4) алынған жіптің нөмірін келесідей анықтайды:
1Nт = 1N1 + 1N2 + 1N3 + ... 1Nп;

Мысал. Үш жіптен тұратын жіптің нөмірін анықтау қажет. N1 – 100, N2 –
90, N3 – 60.
1Nт = 1100 + 1 90 + 1 60 = 9 + 10 + 15 900 = 34 900;
осыдан
Nт = 900 34 = 26,5;

Талшықтардың (жіптердің) беріктігі және ұзаруы.
Талшықтардың ұзындығын екі көрсеткішпен сипаттайды, олар үзілу
километрлерінде өрнектеледі (ркм) және кгсмм2.
Бірінші жағдайда беріктік талшықтың өз меншікті ауырлығымен үзілетін
шартты көрсеткішпен – талшық ұзындығымен (км) сипатталады. Жіп беріктігі 12
ркм деп айтқан кезде, ол ұзындығы 12 км болатын жіп бір ұшымен ілінген
кезде үзіледі дегенді білдіреді. Егер осы көрсеткіш неғұрлым үлкен болса,
солғұрлым жіп беріктігі жоғары болады. Қазіргі уақытта, мысалы, жоғары
сапалы кордты жіптер беріктігі 35 ркм шамасынан асып түседі және тіпті 50
ркм шамасына дейін және одан жоғары шамаға жетуі мүмкін.
Екінші жағдайда жіпті үзу машинасында (динамометрде) сынайды және жіп
қимасының аудан бірлігіне (1мм2) келетін күшті анықтайды (кгс немесе гс).
Мұнда біз оның созу кезіндегі беріктік шегін анықтаймыз, басқаша айтқанда
үзілу жағдайдағы беріктік шегі анықталады.
Практикада көбінесе бірінші көрсеткіш қолданылады, яғни талшықтардың
беріктігін ркм көрсеткішімен сипаттайды. Аталып отырған көрсеткішті анықтау
жеткілікті қарапайым және экспериментальды болып саналады. Ол үшін, әрине
жіптің бір ұшын көтеріліп бара жатқан аэростатқа ілі және өзінің қай кезде
меншікті салмағы әсерінен үзілетінен білу қажет емес. Бұл дәлдігі жоғары
әдіс болғанына қарамастан, бірақ мұны жүзеге асыру мүмкін емес. Зертханалық
тәжірибеде өте қарапайым әдіс қолданылады, ол келесідей жүзе асырылады.
Сыналатын жіптің үлкен емес кесіндісі қиып алынып және динамометрде үзілу
үшін қажетті күш анықталады. Айталық, ол 900 гс болды деп есептелік. Енді
жіп нөмірін біле отырып, жіп өз салмағымен үзілу үшін қандай ұзындықта болу
керектігін анықтаймыз, яғни біз оның 900 г екенін білеміз. 50 нөмірлі
осындай жіптің 1 грамын 50 м тең ұзқындыққа ие екенін көрсетеді. Соған сай,
салмағы 900 г болатын жіп ұзындығы 900 * 50 = 4500 м немесе 45 км.
Олай болса, біздің жібіміз өз меншікті салмағымен үзілу үшін, оның
ұзындығы шамамен 45 км болуы, басқаша айтқанда мұндай жіптің беріктігі 45
ркм болуы қажет.
Жалпы түрде біздің қорытындымызды келесідей сөздермен келтіруге
болады: жіптің ркм шартты көрсеткішінде беріктігін (R) анықтау үшін,
динамометрде анықталған үзу күші (Р) қажет болады, соны жіп нөміріне
көбейтіп 1000 санына бөлуіміз қажет.
R = PN 1000;
Мысал. Егер үзу күші, динамометрде анықталғаны 150 г тең болатын
болса, онда нөмірі 90 болатын жіптің ркм шартт ы көрсеткішінде беріктігін
анықтаңыз.
R = PN 1000 150 * 900 1000 = 13,5 ркм;
Жоғарыда аталып өткендей, талшық беріктігі (жіп) үзілу кезінде үзу
күшінің Р ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың органикалық заттары
Зығыр талшығының құрылымы және қасиеті
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Техналогия пәні сабағында заманауи костюмдердің моделін ұлттық стильде дайындауды кәсіби лицей оқушыларына үйрету
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Оқытудың дидактикалық принциптері, олардың жіктелуі
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Пәндер