Жатыр аурулары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе . . . 3-4

ІІ. Әдебиетке шолу . . . 5-25 ІІІ. Өзіндік зерттеулер

3. 1. Зерттеу мақсаты мен міндеттері . . . 26

3. 2. Шаруашылықа қысқаша сипаттама . . . 27

3. 3 Айғыз ауылдық округінің табиғаты және ауа райының ерекшелігі . . . 28

3. 4. Азаматтық қорғаныс және жануарларды жаппай қорғау . . . 29

3. 5. Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі . . . 30

3. 6 Табиғатты қорғау . . . 31

3. 7 Шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайы . . . 32

3. 8 Құралдар және зерттеу әдістері . . . 33-37

3. 9 Зерттеу нәтижелері . . . 38-39

а) Эндометрит пен цервицит ауруларының негізгі белгілері

б) Диагноз және дифференциалды диагноз

в) Жүргізген емдік шаралардың нәтижелері

3. 10 Атқарған жұмыстардың экономикалық тиімділігі . . . 40-42

ІҮ. Қортынды және ұсыныстар . . . 43

Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 44-46

К І Р І С П Е

Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде, әлеуметтік-экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы зор.

Ветеринарияның міндеті - малшаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау.

Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты тапсырма - халықты өндірістік және ауылшаруашылық шикізатпен, оның әлеуметтік жағдайының деңгейін ары қарай жоғарлатуды қамтамасыз ететін өндірістің дамуы мен мал шаруашылығының барлық салаларының жан-жақты динамикалық дамуына қол жеткізу болып табылады. [ 1, 2 ] .

Әр малдың басынан өндірілетін өнімнің шығу көрсеткішін ұлғайту және табынның өзіндік өніп-өсу дәрежесін жоғарылату, малдың басын сақтап қалуға нақтылы кірісу нәтижесінде ауыл шаруашылығының деңгейін көтеру қажет.

Сонымен қатар мал шаруашылығына қажетті дәрілік заттар мен дәрумендерді қажетті жерге тез арада жеткізуді кеңейту және малдәрігерлік кызмет көрсетуді жақсарту керек.

Халық шаруашылығының экономикасында ірі қара шаруашылығы маңызды орын алады, себебі болашақта малдың тұқымдық қүрамын және өсіп-өндіру технологиясын жақсартудың өзіндік үлесі зор. Жекелеген шаруашылықтарда малдың жалпы басының өсуіне және ірі қара шаруашылықтарының ары қарай дамуына сиыр малында кездесетін жатыр аурулары кедергі келтіріп келеді.

Бұл аурулардан келетін экономикалық шығын, мал шаруашылығында кездесетін көптеген жұқпалы емес аурулардан кем түспейді.

Осыған орай, жатыр ауруларын емдеудің жаңа тиімді әдістерін және алдын алу шараларын жетілдіру қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

ІІ. Әдебиетке шолу

Туудан кейінгі жіті эндометрит ірі қара малының патологиясында негізгі орын алады, ол созылмалы дамығанда сиырлардың симптоматикалық бедеулігіне әкеледі. Аналық жыныс безінің дисфункциясымен сипатталатын түрлі жатырдың қабынулары (персистентті сары дене, аналық жыныс безінің гипофункциясы және т. б) көбінесе, вестибуло-вагинитпен және сальпингитпен асқынады.

Мал шаруашылығын белсенді дамытуда жоғары жетістіктерге жету - сиырлар мен жас құнажындарды дұрыс күту, толыққанды азықтандыру, дені сау төлдерді өсіру, қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру, сиырлардың күйлеуін уақытында анықтауға байланысты болады. Бұл шараларды дұрыс жүргізбеу бедеулік пен қысырлыққа әкеледі.

Бедеулік - аталық пен аналықтың әртүрлі жағдайлардан (азықтандыру, пайдалану, дұрыс ұрықтандырмау) жыныс аппараты мен басқа да мүшелерінің ауруына байланысты төлдеу процессінің бұзылуы.

Қысырлық - жыл басында шаруашылықтағы мал басынан жоспарлаған мөлшерде жыл соңында төл ала алмау.

Бедеулік, яғни жатырда ұрықтың болмауы, бұл биологиялық құбылыс, ал қысырлық, яғни аналық топтан негізгі төл басын алмау, бұл экономикалық құбылыс.

Туғаннан кейінгі жіті эндометрит бұзаулағаннан кейінгі сиырларда орта есеппен 37. 7% кездеседі. Жыл бойы кездесетіндері: кыс-көктем айларында 28. 3-54. 8% болса, ал күз айында 23. 9-26. 4% болады. Сиырдың патологиялық бұзаулауындағы ауыру деңгейі 75. 8%-82. 2%, ал асқынуларсыз болған бұзаулаудағы деңгейі 23. 7% құрайды. (Н. И. Полянцев, А. Г. Магамедов, (2, 4, 6, 11 вет журнал )

Көптеген зерттеулер бойынша этиологиялық факторлардың көбінде шартты патогендік микролфлора мен организмнің табиғи резистенттілігінің төмендеуі жатырдың контамигациясына байланысты да, 89. 8% ауырған сиырлардың жатырынан микроорганизмдер бөліненеді.

Ішек таяқшалары мен протея (39. 0%), стафилококктар (30. 5%), стрепто- и энтерококктар (10. 3%), аэробты споралы бациллалар (8. 5%), саңырауқұлақтар (7. 7%), және көк таяқшалар 53. 3% ішіндегісі (4. 0%) монокультураларда кздеседі.

Жатырға енген аз патогенді микробтар әсерінен де қабыну үрдісі туындайды. Кей жағдайларда жатырдағы микрофлораның (аутоинфекция) белсенділігінен өршуі мүмкін.

Ең бастысы ұлпаларды бұзу механизмі болып табылады. Ол инфекциядан ба, иондаушы радиациядан, механикалық соққылардан болсын немесе жасушаның у және токсиндермен улануларында болуы мүмкін.

Қабыну кезіндегі клеткалардың зақымдануынан, тотығу-тотықсыздану ферменттерін таратушы - субклеткалық құрылымдарға жайылатын митохондриялар. Осының салдарынан тотығу үрдісі қабынған ұлпаларды жылдам таралады.

Басқа субклеткалық құрылымның бірі - лизосом гидролитикалық фермент протеазаны көптеп бөліп шығарады. Лизосомадан бөлінген ферменттер қан тамырларының өткізгіштігін зақымдап, тамыр қабаты мен эндотелийге әсерін тигізеді. ( Л. В. Королева, А. А. Свешников 1969) .

Тамыр өткізгіштігін жоғарлатып қабыну үрдісін дамыту көрсеткіші аутолизде байқалады. (И. А. Ойвин және т. б., 1973) .

Бедеулікті тудыратын себептер әртүрлі. Осы себептерді толығырақ зерттеп, А. П. Студенцов бедеуліктің барлық түрлерін қамтитын мынадай жіктелуді ұсынды: (3)

Туа пайда болған:

1. Инфантилизм

2. Фримартинизм

3. Гермофодитизм

Қартая пайда болатын:

1. Аналықтың жыныс аппаратындағы атрофиялық процесстер

Симтоматикалық :

1. Аналықтың жыныс және басқа мүшелерінің аурулары

Алиментарлық:

1. Арықтау салдарынан

2. Майлану салдарынан

3. Өсіп келе жатқан малдарды жеткіліксіз азықтандыру нәтижесінде пайда болған инфантилизм

Эксплуатационды:

  1. Аналықтың пайдалануға байланысты арықтауы

Климаттық:

Инсоляцияның жеткіліксіздігі немесе шамадан тыс болуы, қолайсыз микроклимат пен басқа да аналықтар мен аталықтарды күтіп-бағуда жіберілетін кемшіліктер салдары ретінде.

Жасанды:

1. Жасанды пайда болған

1. Табиғи және қолдан ұрықтандырудың уақытында және дұрыс жүргізілмеуі

2. Сперманы алу, сақтау, тасымалдаудың дұрыс іске асырылмауы;

3. Шартсыз жыныстық рефлекстерге шартты рефлекстердің қабаттасуы.

2. Жасанды бағытталған

1. Өсіп келе жатқан аналықтарды жыныстық жетілуден денесінің жетілуіне дейін бөлек ұстау;

2. Лактациялық кезеңді ұзарту үшін жоспарлы түрде жыныстық айналымды ұрықтандырмай өткізіп отыру;

3. Оперативті немесе қансыз әдіспен пішу, жұмыртқа өткізуші каналды байлау және т. б. стерилдеуші операциялар.

Аналықтардың бедеулігінің алдын алу мен оларды жою шараларын дұрыс жүргізу үшін оны тудырып тұрған себептерді анықтау қажет.

Н. И. Полянцев (1978, (3 ) сиырлардың бедеулігінің себебін анықтау ең алдымен барлық малдардың гинекологиялық диспансеризациясын дұрыс ұйымдастырумен байланысты деп көрсетеді. Ол шаруашылықтағы жағдай мен диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін қамтиды. Бедеуліктің түрін анықтауда аналықтың гениталийін систематикалық зерттеу керек.

Гинекологиялық зерттеу анамнездік және объективті клиникалық зерттеулердің мәліметтерінен тұрады.

В. С. Шипилов (1977), В. Я. Никитин (2005) (4) бойынша, буаздық пен бедеулікті анықтаудың көп жылдық тәжірибе көрсеткеніндей ең сенімді тәсілі тік ішек арқылы тексеру. Ол жылдың кез келген мезгілінде нақты әрі тез тек қана буаздықты емес, сонымен қатар оның мерзімін, ал бедеулік кезінде жыныс мүшелерінің жағдайын анықтауға мүмкіншілік береді.

Туа пайда болған бедеулік: аналықтарды гинекологиялық тексеру кезінде олардың жатыры мен оның мүйіздерінің көлемінің кіші болуы, аналық бездері бұршақ көлеміндей немесе олардың мөлшері қалыпты болуы да мүмкін, жатыр мойны мен жатырдың түрлі кемтарлықтары. Кейде ішкі жыныс мүшелерінің қалыпты дамуы кезінде қынап пен жыныс ернінің дамымауы байқалады.

Қартая пайда болған бедеулікті анамнездік және тік ішек арқылы зерттеу мәліметтері бойынша анықтайды. Кәрі, көп төлдеген сиырлардың жатыры жамбас қуысынан құрсақ қуысына түсіп кетеді.

Симптоматикалық бедеулікті тудыратын себептерді анықтау үшін ең алдымен жыныс мүшелеріндегі қабыну процесстерін жою керек.

Қынап және тік ішек арқылы тексерулер қабыну процесстерін, жыныс органдарының функционалдық бұзылулары мен басқа өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Н. И. Полянцев (5) қынап арқылы тексеруде жатыр мойны каналының ашылу деңгейін, бөлінулердің бар-жоғын, оның мөлшерін, түсін, иісін; қынап пен жатыр мойнының қынап жақ бөлігінің кілегей қабатының жағдайын (түсі, шырыш не жалқыаяқтың бар-жоғы, қанталаулар) анықтайды дейді. Тік ішек арқылы тексергенде жатырдың орналасуына, конфигурациясына, көлеміне, консистенциясына, пальпация мен уқалауға реакция беруіне көңіл аударады.

Қынап және тік ішек арқылы тексеру жатырдың көптеген патологиялық жағдайларын анықтауға мүмкіндік бермейді, әсіресе, субклиникалық (жасырын) эндометрит.

Н. И. Полянцев (6) субклиникалық (жасырын) эндометритті анықтаудың жылдам әдісін ұсынған. Оның негізінде жатыр мойнынан алынған шырыштың түсінің 4%-ті күйдіргі натрдың ерітіндісімен әсер еткенде өзгеруі жатыр.

Алиментарлы бедеуліктің себептері мен түрлерін анықтау үшін азықтандырылу түрі мен энергетикалық бағалығын анықтайды: рационның сапалық құрамын (потеинмен, қантпен, кальциймен, фосформен, каротинмен қамтамасыз етілуін) .

Мәліметтерді нақтылау үшін қанды жалпы белок, каротин, қант, кальций, фосфор, қордағы қышқылдық пен кетон денелеріне зертханалық зерттейді.

Тік ішек арқылы зерттегенде аналық бездің көлемінің ұлғаюы не кішіреюін, тығыздығын, сары денешік пен күлдіреуіктердің бар-жоғын анықтайды. Кейде жатырдың атрофиясы да анықталады.

Эксплуатационды бедеулікті анықтағанда малдарды көп жұмысқа пайдалану кезінде жыныстық айналымның дамуына және патологиялық өзгерістердің жоқтығына көңіл аударады.

Климаттық бедеуліктің себебін анықтау үшін метеорологиялық факторларға ( жылу, жарық шектен тыс болуы немесе қатты суық) немесе ұстау орнының жағдайына көңіл аударады.

Малдарда жыныс аппаратының қалыпты жағдайында анафродизия анықталады.

Жасанды-пайда болған бедеулікті анықтау анамнез бен шаруашылықта қолданылған ұрықтандыруды тексеру мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Клиникалық тексеру жүргізгендегі мәліметтер бедеуліктің түрін анықтауға және оның алдын алу мен емдегенде негізгі шараларды дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.

Н. И. Полянцев бойынша, бедеуліктің қай түрі болмасын организмнің қорғаныш күшін демеуге бағытталған кешенді ем жүргізу керек .

Н. М. Рязанцева (1963) (7) аналық бездердің функциясын демеу үшін қан препараттарын (СЖК, КЖК) қолданған дұрыс деген тұжырым айтады, ол қосымша аналық жыныс жасушаның жетілуін тудырады.

А. М. Кузнецов (1970) (8), сынақшы-бұқалар сиырлардың күйінің келгенін анықтаумен қатар, жыныстық функциялардың табиғи стимулы болып табылады дейді. Сынақшыларды қатар ұстағанда күйлеу ертерек болып, бедеу күндердің саны қысқарады.

Систематикалық бедеулікте, патологиялық процесстің сипатына және оның орналасуына байланысты емдеудің тиімді әдісі таңдалады.

Н. И. Полянцев (1978) (9), систематикалық терапияға миотропты заттар қолданады дейді: окситоцин, гифотоцин және т. б. Патогенетикалық заттардан (патологиялық процесстің даму механизміне әсер етуші) қарапайым әрі тиімдісі: плевраүстілік новокаин блокадасы, жамбас нервтерінің блокадасы. Гениталийдің қабыну процесстерінде қатты дәрілік заттардан көпіршік түзгіш негізінде жасалған дәрілер мен таяқшалар қолданады, мысалы, экзутер.

Р. С. Акимочкина (1977) (10), 1%-тік новокаин ерітіндісін құрсақ аортасына енгізу арқылы емдеудің нәтижесін сипаттайды.

А. Л. Буланкина (1975) (11), А. Н. Турченко (2001) тәжірибелері көрсеткендей, эндометриттерді емдеуде ең тиімдісі йодвисмутсульфамид ерітіндісі мен экзутер.

Алиментарлы бедеулікті емдеуде ең алдымен азықтандырудағы кемшіліктерді жояды. Жақсы шөптен, дәруменді шөп ұнынан және т. б. диеталық рацион құру қажет.

А. П. Калашников (1978) (12) , азықтандыру мал организміне, оның дамып-өсуіне, денсаулығына, зат алмасуы мен өнімділігіне үлкен әсер етеді.

Каротин жетіспеген жағдайда малды А, Д, Е дәрумендерінен тұратын витаминизация жүргізеді; фосфор жетіспеген жағдайда рационға ет-сүйек ұнын қосады.

Ірі қараның өнімділігі жоғары дені сау тобын құру үшін жоспарлы ұйымдастырылған диспансеризацияны жүргізу - малдың денсаулығын сақтаудағы шаралар жүйесі.

И. Г. Шарабрин, В. В. Полянкин (1970) (13) диспансеризация ерте жасырын кезеңдерін және организмде зат алмасудың бұзылудың клиникалық белгілерін уақытында анықтауға, қажетті алдын алу мен ауырған малды емдеу шараларын жүргізуге көмектеседі.

Диспансеризация жоспарына шаруашылық бойынша жұқпалы емес аурулардың алдын алу шаралары енгізіледі.

Н. А. Флегматов, В. С. Шипилов және т. б. (1977) (14), аналық басты белсенді пайдалануға әсер етуші негізгі шаралар:

1. сау төлдерді өсіру

2. толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру

3. сиыр мен құнажындарды дұрыс ұстап-бағу

4. қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру, сиырларда күйлеуді уақытында анықтау және оларды ұрықтандыру;

5. малдардың жыныс мүшелерінің ауруларын емдеу;

6. сиырларда жыныстық қызметті демеу;

7. бедеуліктің алдын алу мен жою шараларын жоспарлау;

Бедеуліктің алдын алуда толыққанды азықтандырудың маңызы үлкен.

Н. И. Полянцев (15), сиырларды толыққанды азықтандыру жылдың кез келген мезгілінде - қысырлық пен бедеуліктің алдын алу және тіршілікке қабілетті төл алудың шешуші шарты болып табылады, дейді.

С. Семенов, Г. Пятков және т. б. (1976) (16) байлап ұстау жағдайында зат алмасуға байланысты аурулардың алдын алудың негізгі бағыттарын ұсынады:

1. мал қораларының гигиенасы;

2. сиырларды олардың физиологиялық ерекшеліктеріне және өнімділігіне байланысты нормалап азықтандыру;

3. асыл тұқымдық малдарды генетикалық таңдау;

4. ауырған малдарды ерте анықтау және емдеу.

Сондай-ақ, сиырлардың таза ауада қозғалуы, организм жасушалары мен ұлпаларына оттегінің жеткілікті мөлшерде келуін қамтамасыз етеді, ол тотығу процесстерін жақсартады және зиянды заттардың толық жанып, организмнен шығуына көмектеседі.

А. И. Сергиенко, Д. Г. Вольфсон (1970) (17) бойынша, жақсы жабдықталған туу бөлімдерінің маңызы зор. Туу бөлімдеріне сиырларды тууға екі апта қалғанда ауыстырады, жануарларға уақытылы және мамандандырылған көмек көрсетіледі. Осының барлығы гинекологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Жасанды бедеулікті жойған кезде негізінен ұрықтандыру уақытына көңіл аударады.

С. П. Петров бойынша(1967) (18), сиырлар төлдегеннен кейін бір айдың ішінде жыныстық айналымның қозу кезеңі пайда болса, алғашқы күйлеу кезінде ұрықтандырған дұрыс.

А. М. Силаев, А. Г. Нежданов (19), шаруашылық жағдайында тәжірибеде ешқандай әдіс ұрықтандырудың нақты оптимальді мерзімін көрсете алмайды, ал оны тек сынақшы-бұқа арқылы ғана анықтауға болатынын айтады.

Туғаннан кейінгі аурулар қабынған және қабынбаған түрде өтеді.

Жыныс мүшелерінің қабынуы туғаннан кейінгі уақытта көбінесе инфекциядан, жатырда қалдық заттар қалу себебінен интоксикация пайда болады. Малдың күйіне байланысты жыныс мүшелерінің қабыну процесі әр түрлі болады. Оларды қабынуға байланысты бөледі. Оларға вульвит, туғаннан кейінгі вистибулит, вагинит, жатыр мойынының қабынуы, эндометрит және тағы басқалар жатады . (6)

Мысалы, вульвит туу кезіндегі жаралардан және ұлпаларға іріңді және басқа микробтар енуінен пайда болады. Жатыр мойынының қабынуы, жатыр мойынына инфекция түскенде, вагинит және эндометрит кезінде жатыр мойынына қабыну таралған кезде және шудың тоқтап қалуы кезінде.

Туғаннан кейінгі қабынусыз өтетін аурулар, оларға жатырдың субинвалюциясы, туғаннан кейінгі сапремия, туғаннан кейінгі парез, туғаннан кейінгі невроз және тағы басқалар жатады.

Туғаннан кейінгі қабынусыз өтетін аурулардың этиологиясы. Жатыр субинволюциясы мал буаз кезінде жатыр созылып кеткенде, моционның болмауында, азықтандыру дұрыс болмағанда пайда болады. Ал туғаннан кейінгі парезге келсек, ол қоңдылығы жақсы, өнімді жақсы беретін 5-8 жастағы сиыр ауырады. Аурудың пайда болуы буаз малдарды шамадан тыс азықтандырған кезде және оларды бір орында ұстағанда пайда болады.

Өлі етті вагинит (колпит ) . Қынаптың терең жатқан қабатының қабынуы осылай аталады.

Оның себебі , төлдеп жатқан малға жәрдемдескен кезде, оның шуын аларда қынаптың кілегей қабығына зақым тигізуден, қынапқа микроб енуден болады.

Клиникалық белгілеріне келсек, мал мең-зең болады, қызуы көтеріледі, оның сарпайынан қан аралас қоңыр қойыртпақ зат шығады. Қынап пен қынап кіреберісінің ішкі беті өлі еттенеді онда ойық жаралар болады.

Емі. Мақтамен абайлап сүртіп, қынапты жалқаяқтан тазартады. Қынап пен оның кіреберісіне мол етіп 30-35 градусқа дейін қыздырылған пенициллин, стрептомицин, биомицин, стрептоцид сүртпе майлары немесе Вишневский эмульсиясы жағылады. Осы мақсатпен ихтиол, ксероформ, иодоформ сүртпе майларын микроб өлтіретін майларды пайдалануға болады. Ауру асқынса күре тамырға глюкоза, хлорлы кальций енгізіледі, сипатына қарай емдейді, бұлшықетке антибиотиктер жіберіп, малға сульфаниламид препараттарын ішкізеді.

Сулы және іріңді вестибулит және вагинит . Жыныс еріндерінің суланып және іріңдеп қабынуы көбіне қатар өтеді.

Себебі. Бұл екі аурудың жұқпайтын түрі - жарақаттанудан, қынап кіреберісіне микроб енуден, сондай- ақ шуды алып тастау үшін қынапты қол сұғып зерттеген кезде оқыс қимыл жасудан болады.

Белгілері. Аурудың жіті түрінде сарпай ісіп кетеді, қынап пен қынап кіреберісінің ішкі беті қызарады, басқанда ауырады, домбығып іседі, сарпайдан кілегей тәрізді лайсаң жалқаяқ ағады. Олар асқынса, сарпайдан ірің аралас қойыртпақ зат шығады.

Болжау. Дер кезінде емдесе мал аурудан айығады. Ал ауру созылып кетсе, қынап кіреберісі тартылып малдың бедеу болып қалуы мүмкін.

Емі Қынап пен қынап кіреберісін қос көмір қышқылды сода ерітіндісімен, фурацилинмен (1:5000), риванолмен (1:1000), ихтиолдың 2-3 проценттік ерітіндісімен жуып шаяды. Мұнан соң олардың ішіне пенициллин, стрептомицин, Вишневский эмульсияларын стрептоцид құяды, немесе стрептоцид, норсульфазол, ксероформ немесе трициллин ұнтағын себеді.

Жатыр мойнының әртүрлі зақымданулары бедеулікке немесе ұрық өтетін каналды бітеп тастауына немесе келіп түскен ұрықтардың өліп шіруінен мойынның эксудат пен токсиндердің әсерінен қабыну процесіне әкеліп соғуы мүмкін.

Персистентті немесе тоқтап қалған сары дене - деп буаз малдың аналық дыныс безінде жоғалмай, физиологиялық уақытынан көп жұмыс жасайды.

Персистентті сары дене сиырда көп кездеседі. Тоқтап қалған сары дене анофродезияға әкеледі одан бедеулік пайда болады. Сары дене буаз немесе жыныстық айналым кезінде тоқтап қалуы мүмкін.

Буаздық немесе жыныстық айналым кезіндегі сары дене ректальді әдіспен 25-30 тәуліктен кейін анықталады.

Этиологиясы. Персистентті сары дененің пайда болуының негізі болып жыныс безімен гипофиздің алдыңғы бөлігінің нейрогуморальді тепе-теңдіктің бұзылуынан пайда болады деп есептейді. Ғалымдар сары дененің тоқтап қалуы азықты жеткіліксіз беру кезінде, витаминдер, микро және макро элементтер жетіспегенде пайда болады деп атайды.

Моцион болмаған кезде, малды жұмысқа салғанда, аналықтарды микроклиматы бұзылған бөлмеде ұстағанда персистентті сары дене пайда болады.

Көптеген ғалымдар жатырдың патологиялық жағдайы - эндомитрит, миомитрит, пиометра және тағы басқалардың асқынуынан сары дененің тоқтап қалуы байқалады.

Клиникалық белгілері. Персистентті сары дене кезінде бірнеше ай ішінде жыныстық айналым болмауы мүмкін. Ректальді әдіспен тексергенде жатырдың жиырылуының әлсіреуі байқалады.

Аналық жыныс безінде көп жағдайда оң жағында сары дене тауып алуға болады, оның негізгі салмағы жыныс безінің паринхимасында, қалғаны оның сыртына шығып саңырауқұлақ тәрізді болады.

Диагноз. Персистентті сары дене клиникалық белгіледен, ректальді әдістен кейін анықталады. Эндометриялық биопсия тәсілін қолданады. Ректальді әдіспен сары дене 2 рет жыныс безінің бір жері анықталғаннан кейін диагноз қоямыз.

Емі. Персистентті сары денені емдеу кезінде барлық күшті жыныс бездер прогестерон гормронын бөлуді тоқтатуға салады. Ол үшін сары дене қай себептен тоқтады деген сұраққа жауап іздеу қажет. СЖК және КЖК препараттары қолданады. 21-22 күннен кейін қайталауға болады. Препараттардың әсері жақсы болуы үшін оны жыныс безіне массажбен бірге қолданады. Карбохолин 0, 1 пайызды прозерин 0, 5 пайызды, 2 мл 48 сағ. кейін. Биостимульгин бұлшықетке күнара 30-50мл.

Жатыр мойнының қабынуы (цервицит) (Cervicitis) .

Зақымдану деңгейіне байланысты:

  1. эндоцервицит - жатыр мойнының кілегей қабының қабынуы.
  2. миоцервицит - жатыр мойыннының бұлшықеттерінің қабынуы.
  3. перицервицит - жатыр мойнының серозды қабының зақымдануы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жатырдан тыс жүктілік
Ренит,гаймарит,ларингит,фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Физиотерапия
Әйел жыныс мүшелерініңісіктәрізді аурулары мен нағыз ісіктері
Қынаптың және жатыр мойнының қынап бөлігінің шырышты қабаты құрғақ және ыстық
Жатыр мойны аурулары
Қытай және Тайланд елдеріндегі емдік-сауықтыру туризмнің негізгі бағыттары және қазіргі даму жағдайы
Әйел жыныс мүшелерінің қабынуы
«босанудан кейін туындайтын септикалық аурулар»
Фармакология бойынша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz