Шарль де голль француз республикасының президенті
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тектiлiк тұқым қуады
2. Әскери мансап
3. Жаңа тарихты жасаған тұлға
4. Шарль де голль француз республикасының президенті.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кәрі тарихта Францияның өркендеген және құлдыраған кездері де болды. Император Наполеон Бонапарттың кезінде елдің дамығаны соншалық, әскери күш-қуаты артып, күллі Еуропаны жаулап, қол астына қаратты. Ресейден ғана тауы шағылып, шегінген еді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияның әлеуеті мүлдем төмен түсіп кетті де, есесіне шығыстағы көршісі Германия ерекше қарқынмен дами бастады. 1933 жылы үкіметке Адольф Гитлер бастаған фашизм келіп, ел экономикасының көп бөлігін жаппай қаруландыруға жұмсады. Фашизм 1940 жылға дейін Англиядан басқа Еуропа елдерінің көп бөлігін жаулап алды. Сол елдердің бірі Франция да соғыс қару-жарағының әлсіздігінен Германияға тізе бүкті. Енді Францияға фашизмнен құтқаратын ерік-жігері күшті, батыл шешімдер қабылдайтын жан керек болды. Ондай жан Шарль де Голль еді. Франция халқы күні бүгінге дейін оны Отанды жаудан қорғап қалған «генерал де Голль» деп атайды. Кейіндеу Францияның президенті қызметіне сайланып, отар елі Алжирдің тәуелсіздігі жөніндегі күрделі мәселелерді басын қауіпке тіге отырып оң шешкен. Елдің ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде ұтымды қадамдар жасап, экономикасын көтерді.
1. Тегеран-Ялта-Потсдам. (Сб док- в) Изд-во:”Международные отношения”. 1967
2. Тегеран-Ялта-Потсдам. Сб док- в. //Сост. Ш.П.Санакоев, Б.П.Цыбулевский А. Дәуір
3. Крымская конференция руководителей трех союзных держав. СССР, США и Великобритании. Сб док-в. М, 1978
4. Ялтинская конференция 1945: Уроки истории. / Материалы симпоз Ялта 6-7 февр. Редколл.А.Н.Яковлев и др. Наука. 1985.
5. На конференции Большой троики и в кулуарах. М. 1968.
6. Севостьянов П.П.,Кынин Г.П. Крымская /Ялтинская/ конференция:История и современность//
7. Бережков В. М.Ялтинские решения и их противники//США: экономика, политика, идеология. – 1985. — №2.-С. 48-61.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тектiлiк тұқым қуады
2. Әскери мансап
3. Жаңа тарихты жасаған тұлға
4. Шарль де голль француз республикасының президенті.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәрі тарихта Францияның өркендеген және құлдыраған кездері де болды.
Император Наполеон Бонапарттың кезінде елдің дамығаны соншалық, әскери күш-
қуаты артып, күллі Еуропаны жаулап, қол астына қаратты. Ресейден ғана тауы
шағылып, шегінген еді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияның
әлеуеті мүлдем төмен түсіп кетті де, есесіне шығыстағы көршісі Германия
ерекше қарқынмен дами бастады. 1933 жылы үкіметке Адольф Гитлер бастаған
фашизм келіп, ел экономикасының көп бөлігін жаппай қаруландыруға жұмсады.
Фашизм 1940 жылға дейін Англиядан басқа Еуропа елдерінің көп бөлігін жаулап
алды. Сол елдердің бірі Франция да соғыс қару-жарағының әлсіздігінен
Германияға тізе бүкті. Енді Францияға фашизмнен құтқаратын ерік-жігері
күшті, батыл шешімдер қабылдайтын жан керек болды. Ондай жан Шарль де Голль
еді. Франция халқы күні бүгінге дейін оны Отанды жаудан қорғап қалған
генерал де Голль деп атайды. Кейіндеу Францияның президенті қызметіне
сайланып, отар елі Алжирдің тәуелсіздігі жөніндегі күрделі мәселелерді
басын қауіпке тіге отырып оң шешкен. Елдің ішкі және сыртқы саясатын
жүргізуде ұтымды қадамдар жасап, экономикасын көтерді.
ШАРЛЬ ДЕ ГОЛЛЬ
Оның өмiрбаянын бес саусағындай бiлетiндердiң айтуынша, де Голль бала
кезiнде шамшыл, жылауық болған көрiнедi. Сонда жылаған сайын әкесi жанына
келiп: “Айтшы өзiң, генерал жылай ма?!” деп, жұбатады екен. Әлгi сөздердi
естiгенде бала Шарль кәдiмгiдей тыншып, жылауын тия қойыпты...
ТЕКТIЛIК ТҰҚЫМ ҚУАДЫ...
Француз ұлтының атақты ұлы, осы елдiң өткен ғасырдағы ең әйгiлi саяси
және қоғам қайраткерi Шарль де Голль 1890 жылы 22 қарашада көршi Бельгияның
шекарасына жақын орналасқан Лилль қаласында дүниеге келген екен. Оның әкесi
Анри орта дәулеттi ақсүйектер тұқымынан шыққан. Жалпы француз тiлiнде
тектегi “де” қосымшасы ақсүйектерге ғана қолданылатыны белгiлi. Демек,
Шарль ақсүйек және ол осы атағын өмiр бойы қастерлеп өткен адам.
Голльдердiң отбасында бес бала болыпты. Солардың iшiнен суырылып
шығып, әлемге танылған — жалғыз ғана Шарль. Қашанда әр ұлттың рухани
қазынасы саналатын ақсүйектер отбасынан болғандықтан, оның бала кезiнен
Отаншылдық пен салт-дәстүрге, дiл мен дiнге адалдыққа тәрбиеленуi тегiннен
тегiн емес. Осы орайда католиктiк дiни колледжде пәлсафадан дәрiс берген
әкесiнiң алар орны ерекше. Бұл ғұмырда 80 жыл өмiр сүрген Ш.Голль өле-
өлгенше әкесiнiң жарқын бейнесiн ұмытпастан, есiне алып өттi.Оған қарыздар
екенiн айтуды ұмытқан жоқ...
Әкесi тiлi шығар-шықпастан баласының құлағына ата тегiнiң ақсүйек
болумен қатар, Францияның тәуелсiз мемлекет ретiнде қалыптасуына көп еңбек
сiңiрген,қашанда ел билеушiлерi мен католик дiнiне жан-тәнiмен берiлген
жандар екенiн сiңiре берiптi. Сондықтан ұлының да атамекен үшiн кез келген
сынға даяр тұрып, тауқыметтi төзiмдiлiкпен жеңе бiлуге мiндеттi екенiн баса
көрсеткен. Әке өсиетi мен сенiмiне адалдығынан ол еш айныған жоқ.
Мықты да қайсар болу үшiн не керек? Әрине, темiрдей ерiк-жiгер қажет.
Қаршадайынан өзiне қатаң талап тұрғысынан қараған Шарль қол еңбегiмен де,
спортпен де ерiнбей айналысты. Сөйлегенде нақты да анық, батыл сөйлеуге
жаттықты. Ерте тұрып, кеш жатты. Сол күнгi сабағын түгел оқып болмай, ол ас
бөлмеге мүлдем жақындамайтын да.
Жан-тәнiмен католик және монархист ата-анасы өзгелерден бiтiмi бөлек
ұлының дiндар болғанын қаласа керек. Бiрақ баланың зейiнi математик болуды
қалап тұрды. Бельгиядағы арнаулы математика сыныбында ол ерекше дарынымен
жұрттың бәрiн қайран қалдырыпты. Әке-шешесi ендi “ол танымал математик
болады” деп жүргенде, жас Шарль кенеттен Сен-Сирдегi әскери училищеге оқуға
түскен. Оны аяқтап, көп ұзамай Париждегi Жоғары әскери мектептi де
тәмамдады. Болашақ математиктiң ойда жоқта әскери адамға айналуы, өмiрдегi
осындай күрт бұрылыстың болуы нелiктен? Егер ол математикке айналса, қазiр
сол елдiң тарихына есiмi алтын әрiппен жазылған генерал Шарль де Голль
болар ма едi, болмас па едi?!
ӘСКЕРИ МАНСАП
Атақты француз бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа да қатысқан. 1916 жылы
наурызда ауыр жараланған оны қаруластары өлдiге санап, майдан даласына
қалдырып кетiптi. Сол жердi мұқият сүзiп жүрген ұқыпты немiстер әлi де
тыныстап жатқан жас сардарды тұтқынға алады. Тұтқыннан бес рет қашып
шығады, амал не, елiне жете алмай, қайта-қайта қолға түскен. Тiптi
болмағасын, оны жау Пруссиядағы ешкiм қаша алмайтын Кронах түрмесiне
қамайды. Мұнда ол келешек орыс маршалы Тухачевскиймен бiрге отырған.
Тұтқында болу оның сағын сындырмайды. Керiсiнше ол немiс тiлiн меңгерiп,
кейiн сол елдiң баспасөзi материалдарының негiзiнде “Жау жағындағы
алауыздық” деген бiрiншi кiтабын 1924 жылы бастырып шығады. “Қылыштың
ұшында” атты екiншi кiтабы 1932 жылы жарық көрген.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғысты капитан шенiнде аяқтаған Шарль екiншi
соғысты генерал шенiнде қарсы алды. Соғысқа дейiн танк корпусына жетекшiлiк
еткен ол қатаң талапшылдығымен көзге түсiптi. Алдағы соғыстың позициялық
емес, маневрлық болатынын көре бiлген санаулы қолбасшылардың бiрi — осы
генерал едi. Немiс нацизмiнiң “бөрiкпен ұрып алатын” қарсылас емес, аса
қауiптi жау екенiн талай ескерткен оның орынды болжамдарын сол кезде ешкiм
құлағына да iлген жоқ...
Тағы да қайсар қолбасшының айтқаны тұп-тура келдi. Жедел қимылдаған
жау екi айдың iшiнде Бельгия мен Францияны тiзе бүктiрiп, Парижге таяп
қалды. Ш.Голль басқарған француз әскерлерiнiң Сомма өзенi бойындағы
жанкештi қарсыласуы жағдайды өзгерте алмады. Одақтас ағылшындар масқара
болып жеңiлiп, Дюнкеркте өз елiне үдере қашты. Күшi де мол, қару-жарағы да
жеткiлiктi бола тұра, рухы түскен ел басшылары, генералитет, парламент отан
қорғауды емес, дұшпанға бас июдi жақтап шықты. Генерал Шарль отандастарының
сатқындығы мен намыссыздығына жаны күйiп, 1940 жылдың 16 маусым күнi
Англияға кеттi. Осыдан екi күн бұрын “Ашық қала” деп жарияланған Парижге
немiс әскерлерi емiн-еркiн енген болатын...
Француздардың дәстүрлi одақтасы ағылшындардың астанасы — Лондонға
келген елу жастағы генерал тыным таппады. Ол 18 маусым күнi ағылшын
радиосынан сөз сөйлеп, кеудесiнде “отаншылдық оты бар, сүйiктi Франция үшiн
жанын қиюға даяр жандарды” өзiнiң төңiрегiне топтасуға шақырды. Iзiнше жау
басып алған отаны мен осы елдiң отарлары — Алжир, Вьетнам, Гвиана...
басқаларынан келген жүздеген мың қандастары ортақ ту астына жинала бастады.
Осында елдестерiнен Шарль “Азат Франция” ұйымын құрып, жаңа әскер
жасақтады. Ал ағылшын-американ одақтастары оларды мұздай қаруландырды. Өз
елiнде оның бұрынғы ұстазы маршал Петен басқарған қуыршақ үкiмет Ш.де
Голльдi сыртынан өлiм жазасына кескен-дi... 1944 жылдың аяғында туған елi
түгелге жуық азат етiлгеннен кейiн оның әскери мансабы доғарылып, саяси
өмiрi басталған болатын.
ЖАҢА ТАРИХТЫ ЖАСАҒАН ТҰЛҒА
Негiзгi осы тарихи тұлға жөнiнде бiрыңғай қалыптасқан пiкiр жоқ. Бiр
зерттеушiлер оны “әй-шәйға қарамайтын қатал билеушi” десе, екiншiлерi кез
келген жағдайға бейiмделе кеткiш, нәтижесiнде өз елiнiң мүддесiн құнттап
шығатын саясатшыға балайды. Сiрә, екiншi тұжырым ақиқатқа сәйкестеу шығар.
Дұрысында, Ш.Голль барлық ұлы адамдар секiлдi қарама-қайшылығы мол тұлға.
Онысы заңды да. Талай жерде ол тiзе батыратын әрекеттерге дейiн барды және
жеке басының емес, елiнiң мүддесi үшiн осылай еттi. Мәселен, елуiншi
жылдардың аяғында Францияда қаржы дағдарысы туғанда ол банкирлердi шақырып
алып: “Егерде кiмде кiм елден сыртқа ақшаны астыртын әкетсе, маған
өкпелемесiн, бәрiңдi түрмеге отырғызамын”, дептi. Банкирлер қорыққанынан
тыпыр ете алмаған. Ол кезде Ш.де Голль президент болатын.
Сонымен ол билiкке екi рет келiп, екi рет кеттi. 1946 жылдың
қаңтарында үкiмет басшысы лауазымымен өз еркiмен қоштасты. Өйткенi, ол өмiр
бойы парламентке қарсы болды және күштi президенттiк республика құруды
аңсаған-ды. Парламенттiк демократия елiн нацизмнiң алдына жығып бергеннен
кейiн, ол қайғылы сабақтан тәлiм алу қажеттiгiн ешқашан да ұмытқан емес. Ол
осыған дейiн-ақ өз елiнiң әлемдегi беделiн күрт көтерген қадамдар жасап
кеттi: аталған мемлекет екiншi дүниежүзiлiк соғыстағы жеңiмпаз
державалардың қатарына, БҰҰ-ның және осы халықаралық ұйымының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz