Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқықтары



І Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар
1.1. Жерге меншік құқығы
1.2. Жерге меншік құқығының субъектілері мен объектілері
1.3. Жер пайдалану құқығы
1.4. Жер пайдалану құқығының субъектілері мен объектілері
1.5. Сервитут . жерге заттық құқық ретінде
Жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының көп салалы құқықтық орталық институтының негізі.
Осыған байланысты нарықтық қарым-қатынастарда жерді азаматтық айналымға қатыстырумен бірге жерге жеке меншік құқығын қалыптастыру арқылы жер құқығының институтының маңызы өсті.
Жердің құқықтық құрылымының өзгеруіне байланысты көп сұрақтар мен мәселелер туындап, жердің құқықтық реттелуінің ғылыми зерттеулеріндегі тұжырымдар біржақты шешімдер деп айтуға болмайды.
Қысқа уақыт мерзімінде (1991-2004 ж.ж.) Қазақстан Республикасында меншіктік қатынастарды реттейтін бірнеше заңдар қабылданып, олар нарықтық экономиканы нығайтуға заңдылық тұрғысынан мүмкіндіктер туғызып отыр.
Қазақстан халқы республикалық референдумда Конституцияны қабылдау барысында жерге байланысты меншік туралы өз көзқарастарын білдірді, яғни Қазақстан тарихында бірінші рет жер мемлекеттік меншігімен қатар, заңдарда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болатыны Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабымен белгіленді. {1}
Қазақстан Республикасында жерге меншіктің екі түрі, яғни мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Мемлекет тарапынан жеке меншік құқығымен берілген жер учаскелерінің басқа барлық жерлер мемлекет меншігіндегі жерлер болып танылады.
1. Абдраимов Б.Ж. Вопросы правового механизма обеспечения в земельном процессе. - Алматы, 1995.
2. Абдраимов Б.Ж. Актуальные вопросы правоприменения при разрешении земельных споров. - Алматы, 1998.
3. Абдраимов Б.Ж. Проблемы совершенствования процессуальных форм реализации норм земельного права. - Алматы, 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар
1.1. Жерге меншік құқығы
1.2. Жерге меншік құқығының субъектілері мен объектілері
1.3. Жер пайдалану құқығы
1.4. Жер пайдалану құқығының субъектілері мен объектілері
1.5. Сервитут – жерге заттық құқық ретінде

Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар

1. Жерге меншік құқығы
Жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының көп салалы құқықтық орталық институтының негізі.
Осыған байланысты нарықтық қарым-қатынастарда жерді азаматтық айналымға қатыстырумен бірге жерге жеке меншік құқығын қалыптастыру арқылы жер құқығының институтының маңызы өсті.
Жердің құқықтық құрылымының өзгеруіне байланысты көп сұрақтар мен мәселелер туындап, жердің құқықтық реттелуінің ғылыми зерттеулеріндегі тұжырымдар біржақты шешімдер деп айтуға болмайды.
Қысқа уақыт мерзімінде (1991-2004 ж.ж.) Қазақстан Республикасында меншіктік қатынастарды реттейтін бірнеше заңдар қабылданып, олар нарықтық экономиканы нығайтуға заңдылық тұрғысынан мүмкіндіктер туғызып отыр.
Қазақстан халқы республикалық референдумда Конституцияны қабылдау барысында жерге байланысты меншік туралы өз көзқарастарын білдірді, яғни Қазақстан тарихында бірінші рет жер мемлекеттік меншігімен қатар, заңдарда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болатыны Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабымен белгіленді. {1}
Қазақстан Республикасында жерге меншіктің екі түрі, яғни мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Мемлекет тарапынан жеке меншік құқығымен берілген жер учаскелерінің басқа барлық жерлер мемлекет меншігіндегі жерлер болып танылады.
Меншік құқығына түсінік, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында анықталған, яғни мүлікті иелену, пайдалану және оларға өкімдік жүргізу, заң актілері бойынша олардың субъективтік құқығының бар екені мойындалады да және қорғалады.
Жоғарыда аталған конституциялық норма бойынша, және меншік туралы азаматтық заңдарда белгіленген негізгі ұғымдарға сәйкес, жер заңдарында да жерге байланысты меншік ұғымы айқындалып отыр.
Жер кодексінің 12-бабының 32) - тармақшасына сәйкес, жер учаскесіне жеке меншік құқығы – азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін жер заңдарында белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік жүргізу құқығы деп белгіленген.
Аталған ұғым бойынша меншік құқығы, меншік объектісіне иелену, пайдалану және билік ету сияқты үш тармақты құқықтарды қамтиды.
Аталған тармақтар бойынша қолданымдағы заңдарда мынадай түсініктемелер беріледі:
жерді иелену құқығы – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі, яғни жер учаскесінің шын иесі екендігіне мүмкіндік беретін заңдылық негізі.
жерді пайдалану құқығы – жер учаскелерінен өзіне тән пайдасын алу, шаруашылық істерді жүргізу және қолданғанда пайда табылатын заңды мүмкіндіктер. Бұл дегеніміз – жер учаскесін нысаналы пайдаланып, ұтымды талап қойып және жерді тиімді қолданып заңға шек қою арқылы жер учаскесінің қолдану құқығын анықтау.
жерге билік ету құқығы – осы объектінің заңды тағдырын анықтаудағы заңдылық мүмкіндіктер. Бұл дегеніміз билік (басқару) құқығы шексіз емес, ол заңға бағына отырып, белгіленген заңды құқық нормаларының шегінде іске асырылуы керек.
Жер заңдары бойынша жер учаскесіне меншік құқығы:
-меншік құқығын атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері негізінде табыстау;
-жеке меншік құқығындағы жер учаскесі иесінің азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасу барысындағы ресімделген құжаттар негізінде жер учаскесін басқаға беру;
-меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысу арқылы туындайды.
Осымен қатар, жер учаскесіне меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.
Жердің меншік иесі ретінде мемлекеттің құқықтарын атқарушы органдар жүзеге асырады және мемлекет меншігіндегі жерлер құрамынан жер учаскелерін, өз құзыреттері шегінде, жеке және заңды тұлғаларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен табыстайды.
Мемлекеттік меншіктегі жер құрамынан жер учаскелері:
1) жеке меншікке сатылуы немесе өтеусіз берілуі;
2) тұрақты жер пайдалануға немесе өтеулі немесе өтеусіз негізде уақытша жер пайдалануға беру;
3) жер заңында, өзге де заң актілерінде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда іске асырылуы мүмкін. {3}

2. Жерге меншік құқығының субъектілері мен объектілері
Республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып Қазақстан Республикасы танылады.
Жер заңымен белгіленген негіздерде, жағдайлар мен шектерде жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі – азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар болып табылады.
Бұл ретте, егер Жер кодексінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай –ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады{3}
Мемлекет меншігі объектісі болып жеке меншікке берілмеген жерлер жатады. Бұл жерлердің құрамына мемлекет тарапынан жер пайдалану құқығымен азаматтарға және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері де кіреді.

Жер заңдарымен келесі мақсаттар үшін:
-қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік қажеттеріне; мемлекеттік шекараны қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар орналасқан; кеден қажеттері үшін пайдаланатын жерлер;
-ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
-орман, жасанды орман өсіру үшін берілген жерлерді қоспағанда, қорының жерлері;
-су, ауданаралық (облыстық), шаруашылықаралық су, ирригациялық құрылыстар астындағы жер учаскелерін қоспағанда, қоры жерлері;
-магистральдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары жерлері;
-елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы жерлер тек мемлекет меншігінде болуы тиіс.
Жер заңдарының негізгі бір ерекшелігі ол, жеке меншік объектілері болып табылатын жер учаскесінің толық түрде оның нормативтік актілер негізінде анықталатын нысаналы (мақсатты) пайдалануына бағыныштылығы.
Бұл дегеніміз, жеке меншік құқығының объектісі ретінде, республика аумағындағы жерлер құрамынан жеке меншік құқығымен заңмен белгіленген нысаналы (мақсатты) пайдалануы анықталған жер учаскелері ғана танылады.
Осы себепті, жер заңдарымен мынадай мақсаттарға пайдаланылатын жер учаскелері жеке меншік объектілері болып табылады:
шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді, ғимараттарды олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілген (берілетін) жер учаскелері;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін және орман өсіру үшін берілген (берілетін) жер учаскелері;
-үйлерді, ғимараттарды олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер мен олардың кешендерін салуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік мемлекеттік емес заңды тұлғаларға берілген (берілетін) жер учаскелері;

3. Жер пайдалану құқығы
Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекет меншігіндегі жерлер құрамынан жер учаскесін өтеулі және өтеусіз негізде мерзімі белгіленіп немесе мерзімсіз (жерді тұрақты пайдалану немесе белгілі бір мерзім ішінде, жерді уақытша пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.
Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады.
Жер заңына немесе заттық құқықтың табиғатына қайшы келмейтіндіктен, жер пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады.
Жер пайдалану құқығы мерзімдік түріне қарай - тұрақты немесе уақытша, биліктік тұрғысында - иеліктен алынатын немесе алынбайтын, берілу шартына орай - ақы төлеп немесе өтеусіз алынатын болып бөлінеді.

4. Жер пайдалану құқығының субъектілері мен объектілері
Жер пайдалану құқығының субъектілеріне азаматтар мен заңды тұлғалар жатады. Осымен қатар халықаралық шарттар бойынша жер учаскелері жал тәртібінде уақытша пайдалану құқығымен берілетін шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар да жер пайдалану құқығының субъектілері болып табылады.
Аталған субъектілер, әр түрлі қасиеттеріне, яғни субъектілік бағыныштылығы мен құқықтық режимдеріне орай, мынадай түрлерге бөлінеді:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес;
- ұлттық және шетелдік;
- жеке және заңды тұлғалар;
- тұрақты және үақытша;
- бастапқы және кейінгі пайдаланушылар.
Жер пайдаланудың құқықтық объектісі – жеке немесе заңды тұлғаға мемлекет меншігіндегі жерлер құрамынан жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге меншік құқығы
Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Азаматтардың жер учаскелеріне құқықтарын қорғау
Жермен байланысты мәмілелерді құқықтық реттеу
Жер құқықтық қатынастары
Заң немесе басқа құқықтық акт азаматтық - құқықтық салдардың басталуын байланыстыратын оқиғаның салдарынан
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Жерге жеке меншік құқығы және оны пайдалану
Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Пәндер