Фактілер және олардың қайнар көздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Фактілер және олардың қайнар көздері туралы мәлі-меттерді жинау, тексеру және бағалау нәтижесінде қылмыстық істің мән-жайлары туралы білім-нің нақты бір деңгейіне жетеді. Диалектикалық материализмның тану теориясы (гносеология) қор-шаған ортаның нақтылығынан және оны тану мүмкіндігінен шығады, ал соңғысының соның негізіне адам санасының шынайы объектив-тілікті қамтуы жатады.

Адамзат санасы осы шы-найылықтың құбылысын тани алады. Қоғамдық тәжірибе адам-зат санасы объективтік шы-найылылықты дұрыс танитын-дығын және қажетті тану нәтиже-леріне жете алуға қабілетті екен-дігіне сендіре дәлелдейді.

Осы жағдайда қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде жүзеге асырылатын қылмыстық іс жүргі-зушілік дәлелдеу сырттан тыс қалмайды. Қылмыстық іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анық-тау үшін гносеологиялық тосқа-уыл жоқ, сонымен қатар олар кез келген объективтік шынайылылық сияқты жан-жақты және толық танылуы мүмкін.

Сондықтан көптеген қыл-мыстық іс жүргізу ғалымдарының қылмыстық іс жүргізушілік дәлел-деудің міндеттері қылмыстық іс жүргізу міндеттерінің маңызды бөлігі болып табылады және олар зерттелінетін мән-жайлар туралы ақиқатты білімге жеткен жағдайда орындалады деп саналады деген дұрыс тұжырымдары кездей соқтық емес.

Философияда ақиқат - бұл субъектінің объектіні дәлме-дәл тануы, затты санадан тыс және тәуелсіз тануды жаңғыртуы. Ақи-қат деп белгілі бір затты, нақты бір объективтілік нақтылықтың құбы-лысын дұрыс қамти алған және оған сәйкес келетін, онымен үйлесетін ойды айтады.

Қылмыстық іс жүргізуде жасалған қылмыстың мән-жайлары туралы қол жеткізген ақиқатты «объективтік ақиқат» деген терминімен белгіленеді. М. С. Строговичтің ойынша «қылмыстық іс жүргізудегі «объективтік» ақиқаттың атауы өте маңызды ережені құрайды, себебі қылмыстық іс бойынша қол жеткізген ақиқат - формальді емес, шартты емес, бірақ оған жету үшін нақты бір формальді талаптар мен заңдық жағдайлар белгіленген. Сол үшін ақиқат мәні бойынша объективті шынайылылығы бар» [1, 47] .

Объективті ақиқаттың мазмұны - бұл қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу нәтижесінде алынған қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілер және мән-жайлар туралы білімдер.

Осы арада тергеуші мен сот болған оқиғаның фактілі мәнін анықтай отырып, оған қылмыстық құқықтың сол не басқада бір нормасын қолдануды қолға ала бастайды, сөйтіп осы норманың немесе бірнеше нормалардың ішінен қайсысы жасалған әрекет үшін қандай жауапкершілік көзделетіндігін анықтайды.

Тиісінше, объективтік ақиқаттың мазмұнына фактілер мен мән-жайлар туралы білімдерден басқа танылатын фактілер мен мән-жайларды қылмыс ретінде квалификациялауға заңдық баға беруі де кіруі қажет.

Фактілер мен мән-жайларды анықтау кезінде ақиқатқа жету өзіндік орын алады, егер олар шынайылықта жүзеге асырылып және соған сәйкес дәл танылса ғана.

Әрекетті дұрыс саралау ол анықталынған фактілер мен мән-жайларды қылмыс құқығы нормаларына сәйкес екендігін білдіреді. «Егер фактілі мән-жайларды тіркейтін ақиқат, жалпы мазмұнды сипатты құраса, онда анықталынған фактілерді құқықтық бағалауды өзіне ала білген ақиқат формальды болып келеді және мазмұнды білімнің қандай да бір элементтерінен толығымен айырылған» [2] .

Объективті ақиқат өзінің сипаты бойынша салыстырмалы және абсолюттік болып келеді. Салыстырмалы ақиқат - бұл объективтік шынайылылықты дәлме-дәл, дұрыс бейнелейтін білім, бірақ ол барлық қасиеттер мен қатынастарда толық көрсетпейді.

Абсолюттік ақиқат - бұл бір немесе басқада заттарды, объективті шынайылылықтың құбылыстарын түпкілікті, толық, жан-жақты тануы, яғни ол аталған заттар мен құбылыстардың барлық қасиеттері мен қатынастарын қамтитын тану.

Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу нәтижесінде қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар туралы білімді алу кезінде объективтік нақтылықтан алынатын мазмұндармен тұрақты толықтырылып отырылады. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізудегі объективті ақиқат салыстырмалылық пен абсолюттік органикалық біртұтастықты құрайды.

Сонымен қатар, кейбір қылмыстық іс жүргізуші ғалымдардың объективті ақиқатты іс жүргізушілік ақиқатқа алмастыруға талпынған көзқарастары сәтті деп атауға болмайды, себебі іс жүргізушілік ақиқат сот процесінің нәтижелері іс жүргізушілік құқықтың талаптарына сәйкес келуін білдереді. Мәселен, В. В. Никитаев жазғандай «объективті (материалдық) ақиқат Қылмыстық кодексіні үкімді тағайындау үшін қолдануға әсер ететін фикция, былайша айтқанда заңи фикция: сондықтан оны қылмыстық іс жүргізудің құралы ретінде сақтауы іс жүргізушілік ақиқат бірінше орынға қойылатындығын жорамалдайды» [3, 76] .

Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің мақсаты болып тек объективті шынайылылықты не басқаша сөзбен айтқанда объективті ақиқатты анықтауы ретінде орнықтырылады.

Сонымен қатар, ҚР ҚІЖК қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінде де, іс жүргізудің жекелеген сатыларында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді реттеу кезінде де және іс жүргізудің ерекше нысандары барысында да «ақиқат» деген терминді тікелей қолданбайды.

Бірақ, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын мұқият талдауы көрсететіндей, қылмыстық іс жүргізуде «ақиқат» терминін пайдаланудан бас тартқан жағдайда да қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде барлық мән-жайлар туралы объективті білімді алуға құқықтық негізге орын қалып отырады.

Шынайылылыққа сәйкес қылмыстық істің мән-жайларын анықтаудың кепілдіктерінің негізіне келесі құқықтық ұйғарымдар құрайды.

Алдымен, ҚР ҚІЖК 8 бабында белгіленген қылмыстық сот ісін жүргізудің мәнінің объективті сипаты. Мысалы, қылмыстық ізге түсу және кінәлі тұлғаға әділ жаза тағайындау бір жағынан қылмыстық сот ісін жүргізудің мәніне жауап берсе, екінші жағынан кінәлі емес тұлғаларға қатысты қылмыстық ізге түсуден бас тарту, оларды жазадан босату, қылмыстық ізге түсуге негізсіз тартылған тұлғалардың әрбірін ақтауда қылмыстық сот ісін жүргізудің мәніне жауап береді.

Жасалған қылмыстың объективті көрінісін анықтауды қамтамасыз ету қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген қылмыстық сот ісін жүргізудің принциптер жүйесіне негізделеді, олардың ішінде басыңқы болып мына принциптер орын алады, кінәсіздік презумпциясы (ҚР ҚІЖК 19 бабы), сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру (ҚР ҚІЖК 23 бабы), дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау (ҚР ҚІЖК 25 бабы) .

В. Н. Григорьев мен А. В. Победкинің белгілеуі бойынша «нақты бір тұлғаның кінәлігіне қатысты күдіктерді жоюдың іс жүргізушіліктің барлық мүмкіндіктері таусылған жағдайда кінәсіздік презумпциясы принципін басшылыққа алу қажет, соңғысына сәйкес дәлелденбеген кінәлілік кінәсіздікті дәлелдеумен пара-пар келеді, яғни ақтау үкімі бұл жағдайда ақиқат анықталмағандықтан шығарылмайды, керісінше заң шығарушы оны анықталған деп санауды міндеттейді, себебі тұлғаның кінәсіздігі дәлелденген болатын» [4, 28] .

Қылмыстық іс бойынша объективті ақиқатты анықтауға қылмыстық сот ісін жүргізетін органдардың қызметтерінің іс жүргізушілік жағдайлары, іс жүргізуге қатысатын барлық қатысушылардың іс жүргізушілік құқықтары бағытталады.

Шынайылылыққа сәйкес қылмыстық іс бойынша мән-жайларды анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізуде дәлелдемелер мен дәлелдеуді реттейтін ҚР ҚІЖК нормалары маңызды рөл атқарады.

Мәселен, ҚР ҚІЖК 115 бабы, сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтауды талап етеді.

Қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың тізіміне, аталған мән-жайлармен бірге, қылмыс оқиғасы мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының белгілері (қылмыстың жасалу уақыты, болған жері, әдісі және басқа да мән-жайлары), қылмыстың заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы, адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себеп-дәлелдері, заңдық және іс жүзіндегі қателіктер, айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар, жасалған қылмыстың зардаптары, қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері, әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жатады (ҚР ҚІЖК 117 бабы) .

Бұның барлығы ҚР ҚІЖК қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудегі басты мақсаты әлі де болса істің мән-жайларын зерттеу туралы ақиқатты білімге жету, яғни шын мәнінде болған істің фактілі мән-жайлары қылмыстық сот ісін жүргізу органдарының тұжырымдарына сәйкес болуын білдіреді.

Біз 200 тәжірибелік қызметкерлер арасында жүргізген сауалнама нәтижесінде «Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің мақсаты ақиқат болып табылады ма?» деген сұраққа басым көпшілігі оңды жауап берді. Қойылған сұраққа «ия» деп 161-і жауап берсе (80, 5%), «жоқ» деп 38-і жауап берді, ал сұралғандардың біреуі ғана (0, 5%) «білмеймін» деп жауап берді.

Сонымен бірге, қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеу үшін «дұрыстық» пен «ықтималдық» түсініктерінің ара қатынасы әлі де болса мәселе болып отыр, себебі дұрыстықта және ықтималдықта негізделген білімнің деңгейі болып табылады. Бірақ, тек дұрыс білім ғана шынайылылық болып саналады. Тек қылмыстық істің мән-жайлары туралы дұрыс білім ғана түпкілікті нәтижеде қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеуге әсер етеді.

«Ықтималдық» философиялық категориясы «дұрыстық» категориясымен пара-пар келеді. Ғылыми тұрғыдан «ықтималдық» пен «дұрыстық» категориялары субъект жеткен танудың, білімнің алуан түрлі деңгейлерін, негізделудің алуан түрлі дәрежелерін, білімнің дәлелденгенін сипаттайды. Ықтималды білім дұрыс білімге қарағанда алынған білімдерге қатысты күдіктер келтіреді. Ал, дұрыс білім күдіктер келтірмейді, онда тек сенімділік пен нанымдылық болады.

Ықтималдық әрқашанда оң және теріс сипаттағы соңғы тұжырымдарсыз қалыптаспаған категорияны білдіреді. «Егер бізде толық емес, керісінше оны ақиқатты деп танудың бірқатар негіздері болғанда ғана білім ықтимал болады, сол себеппен ол одан әрі негізденуге (дәлелденуге) жатады және сондықтан ол бізге нақты сенімділік туғызады, бірақ ол сенімділік бізді ақтамағандықтан біз оған дайын емеспіз» [5, 92] .

Бірақ, ескерту қажет, қылмыстық іс жүргізу заңы гносеологиялық заңдылықтарға қарамастан ықтиалды білімге жету кезінде және мәндес тұжырымдармен дәлелдеудің аяқталуын белгілейді.

Бұл ҚР ҚІЖК 37 бабында айтылған негіздер бойынша қылмыстық ізге түсуді қысқарту туралы іс жүргізушілік шешімдерді қабылдау (әрекетте қылмыс құрамының болмауы), сондай-ақ ҚР ҚІЖК 376 бабының 2 тармағының 2 тармақшасы бойынша ақтау үкімін шығару (сотталушының әрекетінде қылмыс құрамының болмауы) сәттері болып табылады.

Аталған жағдайлар айыпталушының кінәлі еместігінің «шынайылылығы» туралы білімнің анықтығына қол жеткізуіне болады не болмайды, себебі «қылмыс құрамының болмауы» қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында қылмыстарды жасауда тұлғаның кінәлігін анықтау үшін жеткілікті емес дәлелдемелердің жиналу жағдайын және жиналған және тексерілген дәлелдемелер жасалған қылмысқа тұлғаның кінәлі еместігін көрсететін жағдайларды да өзіне сіңіріп алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәлелдемелердің қайнар көздерінің ұғымы
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер туралы
АЙҒАҚТАР МЕН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Азаматтық iс жүргiзудегi дәлелдеменiң түсiнiгi мен топтастырылуы
Қылмыстық іс жүргізу
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Дәлелдемелер түсінігі және түрлері
Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесі және оның сатылары
Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесіндегі рөлі, конституциялық құқық ғылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz