Жерге жеке меншік құқығы және оны пайдалану
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Жерге жеке меншік құқығы және оны жүзеге асыру механизмі
1.1Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері..5
1.2Жерге меншік құқығының обьектілері мен субъектілері ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3Жерге меншік құқығы субьектілерінің құқықтары мен міндеттері ... ... ... 20
2 Жерге жеке меншік құқығымен және жерді пайдалану құқығы
2.1 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау ... ... ... .23
2.2 Жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерінің өтпелі ережелері
2.3Жер учаскелеріне жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығының мазмұны ... ... ... ... ... ... 31
2.4 Жер учаскесіне жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығының өзгеру және тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... 36
2.5 Жерге жеке меншік қатынастарын мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері ... ... ... ... ..46
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ...67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... .69

Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы жер құқығындағы өзекті тақырыптардың бірі - Қазақстан Республикасындағы жерге жеке меншік құқығы қатынастарын құқықтық реттеу мәселесіне арналған. Жер - адамзаттың басты тіршілік көзі, бүкіл материалдық базистің негізі, аса маңызды геосаяси және экономикалық фактор.
Сондықтан жердің ресурстық мүмкіндіктерін бағалай білу, оны тиімді пайдалану және қорғау, келешек ұрпаққа сақтау мемлекет деңгейіндегі негізгі мақсат және міндет болуы керек. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда жер қатынастары саласында көптеген нормативтік актілер қабылданып, бұл бағытта мемлекеттік саясат орнығып, белгіленген болатын. Бұл нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы өзгерістер бұл саладағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіріп отыруды, жаңартуды талап етеді.Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде жер ресурстарымызды ел байлығына айналдыру жолында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Жер қатынастарының социалистік жүйеден нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа жер қатынастарына көшуі үшін, жерге мемлекеттік меншік монополиясын жою, жердің кейбір санаттарына жеке меншікті енгізу, жерді ақылы пайдалану жүйесін қалыптастыру, онымен бірге мемлекеттік емес ауылшаруашылық ұжымдарының түрлерін қалыптастыру шараларын іске асыру қажет болды.
Нарық жолына түскен ТМД елдерінде, әлемнің дамыған және жақсы дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде жер қатынастары осы модель бойынша жүргізіліп келе жатыр.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясат пен осы саясатты жүзеге асырудың құралы ретінде әрекет ететін Жер Кодексінің мақсаты жерді жеке меншікке беру ғана емес. Негізгі мақсаты жер байлығымызды халықтың игілігі жолында барынша тиімді пайдалана білу, оның күтімі мен қорғалуына қатысты мәселелерді шешу. Ұлттық негізгі байлығымыз ретіндегі құндылығын арттыра отырып, елдің әлеуметтік және экономикалық серпінді дамуына тигізер ықпалын күшейту болып табылады. Ал, жеке меншікке берудің өзі осы мақсатқа қол жеткізудің дүниежүзілік тәжірибеде мойындалған тиімді амалдарының бірі.

1 Энгельс Ф. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы
Алматы, 1967-21 б.
2 Иконецкая И.А. Основы земельного права Российской Федерации.
Москва, 1997-11 б.
3 «Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 19978-63 б.
4 Бектүрғанов.Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы, Жеті жарғы, 1978-240 б.
5 Дембо Л.И. Земельные правоотношения в классово-антоганистическом
обществе. Л., 1945-560 б.
6 Покровский И.А. История римского права. М.,1915.- 110 б.
7 Еренов.А.Е.Очерки по истории феодальных земельных отношений у
казахов.Алма-Ата, 1960,-260 б..
8 Городеков.Н.И. Киргизы и кара-киргизы Сыр-Дарьинской области.Т.1,ТашкентД 889,-450 б.
9 Бренштам А. Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрков VI-VIII веков. М. -Л., 1946. -540 б.
10 Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХв. Алма-
Ата: изд-во Академии наук Казахской ССР, 1989.-294 б.
11 Владимирцев Б.Я. Общественный строй монголов. Л., 1934.-430 б.
12 Казанцев.Н.Д.Земельноеправо.М., 1971,-620 б.
13 Иконицкая И.А. Тенденции развития земельного законодательства
Российской Федерации//Государство и право, 1992.-№10.-Б.54-92 б.
14 Преображенная степь. Алма-Ата: айнар, 1967.-130 б.
15 СтамқұловӘ.С. Стамқұлова Г.Ә. Жер құқығы. Алматы,2004ж-35-65 б.
16 Матеи У., Суханов Е.А. Основные положения права собственности. М.:
Юристъ, 1999.-3 84 6.
17 Маркс К. Предисловие к критике политической экономии. Т.29,
М. :Политиздат, 1965.-3 60 б.
18 Маркс К. Формы предшествующие капиталистическому производству
М.Тоскомиздат, 1940.-540 б.
19 Генкин Д.М. Право собственности в СССР. М., 1961.-460 б.
20 Қазақстан Репсубликасының Конституциясы. 1995ж 30 тамыз.
21 Қазақстан Репсубликасының Жер кодексі 2003ж 20 маусым.
22 Культелеев.С.Земля-первоначальный источник всякого богатства.
/Заңгер.-2006,-№4.-15-18 б.
23 Петрова.В.В.Земельное право России. Москва,-1997,-300 б.
24 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,1999ж 1шілде. Ерекше
бөлім.
25 Ерофеев Б.В. Земельное право России. Общая часть. М.: Юриздат, 1994,-
105 б.
26 Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. Алматы: Борки,
1997. -295 б.
27Краснов Н.И. Право землепользования в СССР и его виды. М. :Юриздат, 1964,320 б.
28 Крассов О.И. Право частной собственности на землю. Москва,
Юристъ,2000,-379 б.
29 Пономаренко.А. Земельное законодательство-в активном
применении/Заңгер,№4,-22-23 б.
30 Оспанов.Б. Жерсе тек қана жылжымайтын мүлік ретінде қарауға бол
майды. // Заң газеті, 5қыркүйек 2006жыл. Системы земли книги и кадастра
ФРГ.- герман. Союз оберо ведения Бюллетень, 7/1993
31 Қазақстан Республикасы. «Жеке тұрғын үй қүрылысы үшін жер
учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» Үкімет қаулысы.2006ж
1тамызда қабылданған.
32 Гегель Г.В.Философия права. Москва, Мысль, 1990, -524 б.
33 МанукянА.А.Ограничения права собственности нормами
публичного и частного права// Право и экономика.- 1997, №17.
34 Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских
прав. Москва,1972- 284 б.
35 Иконицкая И.А. Земельное право Российской Федерации: теория и
тенденция развития. М.: Институт государства и права РАН, 1999,- 127 б.
36 Скловский.К. О возможности ограничения права собственности
договором./Хозяйство и право. -1999, №5, 109-113 б.
37 «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мэселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 2007ж 16
шілдеде қабылданған.
38 «Соттардың жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою
жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы.
39 Крылатых.Э.Н. Экономический механизм регулирования земельных
отношений. Москва,-1993.-160-161 б.
40 Безбах.В.В. Право собственности в странах Латинской Америки.
41 Ағыбаев.А.Н. Асығыстыққа жол бермейік, ағайын./Заң газеті 2002ж.
42 Дусипов.Е.Ш. Жерге жеке меншік құқығының негіздері.2003ж.-89-91 б
43 Комментарий гражданскому кодексу РФ(часть первая). Москва,1995ж.
44 Ресей Федерациясының Конституциясы.1993ж 12желтоқсан.
45 Ресей Федерациясының Жер кодексі. 2001ж 25қазан.
46 Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі
агенттіктің \WЕВ сайты.www.auzr.kz 1

Пән: Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Жерге жеке меншік құқығы және оны жүзеге асыру механизмі
1.1Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Жерге меншік құқығының обьектілері мен субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.3Жерге меншік құқығы субьектілерінің құқықтары мен міндеттері ... ... ... 20
2 Жерге жеке меншік құқығымен және жерді пайдалану құқығы
2.1 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау ... ... ... .23
2.2 Жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығындағы
жер учаскелерінің өтпелі ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.3Жер учаскелеріне жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.4 Жер учаскесіне жеке меншік құқығы және жер пайдалану құқығының өзгеру және тоқтатылу негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.5 Жерге жеке меншік қатынастарын мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбыньщ өзектілігі.Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы жер құқығындағы өзекті тақырыптардың бірі - Қазақстан Республикасындағы жерге жеке меншік құқығы қатынастарын құқықтық реттеу мәселесіне арналған. Жер - адамзаттың басты тіршілік көзі, бүкіл материалдық базистің негізі, аса маңызды геосаяси және экономикалық фактор.
Сондықтан жердің ресурстық мүмкіндіктерін бағалай білу, оны тиімді пайдалану және қорғау, келешек ұрпаққа сақтау мемлекет деңгейіндегі негізгі мақсат және міндет болуы керек. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда жер қатынастары саласында көптеген нормативтік актілер қабылданып, бұл бағытта мемлекеттік саясат орнығып, белгіленген болатын. Бұл нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы өзгерістер бұл саладағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіріп отыруды, жаңартуды талап етеді.Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде жер ресурстарымызды ел байлығына айналдыру жолында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Жер қатынастарының социалистік жүйеден нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа жер қатынастарына көшуі үшін, жерге мемлекеттік меншік монополиясын жою, жердің кейбір санаттарына жеке меншікті енгізу, жерді ақылы пайдалану жүйесін қалыптастыру, онымен бірге мемлекеттік емес ауылшаруашылық ұжымдарының түрлерін қалыптастыру шараларын іске асыру қажет болды.
Нарық жолына түскен ТМД елдерінде, әлемнің дамыған және жақсы дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде жер қатынастары осы модель бойынша жүргізіліп келе жатыр.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясат пен осы саясатты жүзеге асырудың құралы ретінде әрекет ететін Жер Кодексінің мақсаты жерді жеке меншікке беру ғана емес. Негізгі мақсаты жер байлығымызды халықтың игілігі жолында барынша тиімді пайдалана білу, оның күтімі мен қорғалуына қатысты мәселелерді шешу. Ұлттық негізгі байлығымыз ретіндегі құндылығын арттыра отырып, елдің әлеуметтік және экономикалық серпінді дамуына тигізер ықпалын күшейту болып табылады. Ал, жеке меншікке берудің өзі осы мақсатқа қол жеткізудің дүниежүзілік тәжірибеде мойындалған тиімді амалдарының бірі.
Ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар шаруашылық жүргізудің еркіндігі мен меншік түрлерінің дамуын, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, жерге жеке меншік құқығын ғылыми түрде зерттеудің маңызы зор.
Қазіргі таңда жер заңнамаларының кейбір нормаларында өзге мемлекеттердің жер заңнамаларымен салыстырғанда талас тудыратын мәселе көбеюде. Мысалы, жердің жеке меншік иесі ҚР азаматтығынан шықкан жағдайда құқықтарын қайта рәсімдеу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеңілдікті бағамен сату, субьектілер құқықтарын байланысты басқа да шектеулер, т.б.
Нарықтық қатынастар жағдайында мұндай мәселелер нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу арқылы шешімін табуы тиіс.
Мақсаты мен міндеттері. Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы жерге жеке меншік құқығының реттелу тәжірибесін талдап, қорыту, заңдардағы кемшіліктерді, қайшылықтарды, жетіспеушілікті анықтау, теориялық қорытынды негіздеу және шетел мемлекеттерінің жер заңнамаларымен салыстыра отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау. Аталған мақсаттар төмендегі мәселелерді қарастыруды талап етеді:
-жерге жеке меншік қатынастарын реттеуге байланысты негізгі теориялық мәселелерді қарастыру;
-қазіргі кездегі жер заңнамаларының жағдайын, жерге жеке меншік құқығының іске асырылуының құқықтық реттелуін, нарық пен мемлекет талаптарына сәйкестігін бағалау;
-жерге жеке меншік қатынастарын реттейтін заңдардағы кемшіліктер, жетіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтарды анықтап, өзгерту жолдарын қарастыру;
-жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша халықтың жер қатынастары саласындағы сауаттылығын арттыру мен ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар әзірлеу.
Пәні. Жерге меншік және жеке меншік құқығы туралы ұғым, жерге жеке меншік құдығының обьектілері, жерге жеке меншік құқығының субьектілері, олардың жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру нысандары, құкықтары мен міндеттері, жер қатынастары саласындағы халықаралық байланыс.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі. Республикамыздағы нарықтық экономиканың орнығуы, жекешелендіру саясатының жүзеге асырылуы мен құқықтық реформалар жүргізілуі жағдайында жердің құқықтық реттелуі, жерге жеке меншік құқығы мен онымен байланысты азаматтық қатынастар.
Нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының Конститиуциясы, ҚР Жер Кодексі, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Жоғарғы Сотының қаулылары, шетел мемлекеттерінің жер заңнамалары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі
беттен тұрады.
1 ЖЕРГЕ ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ
1.2 Жерге меншік құқығының түсінігі және түрлері.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңінде жерге жеке меншік құқығын кешенді зерттеу, оның ғылыми жетістігін жаңадан қабылданып жатқан заңдарда қолдану- құқық жүйесіндегі аса маңызды мәселелердің бірі. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауда осы айтылған ғылыми жетістіктерге сүйенеді жэне оны алдыңғы катардағы мәселе деп есептейді.
Ғылыми зерттеулер жерге жеке меншік құқығын реттейтін нормалар құқықтық актілердің өрісін жетілдірумен қатар, еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына ықпал етуі тиіс.
Жер- барлық тірі жан иелерінің мекені, өмір азығының негізі. Ал эволюциялық дамудың барысында азық-түлік өнімдерін өндіру ісіне шексіз дерлік үстем болуға барлық жан иелерінің ішінен адамның ғана қолы жетті [1].
Жер сияқты сол территорияда тұратын халықтың өмірі мен іс-әрекет, қызметінің негізі болатын басқа табиғи ресурстардың жойылуы және қалпына келтірілуі мүмкін. Жер қойнауларының энергетикалық қорлары қайта қалпына келмейді, бірақ күн, жел, атом энергиясы сияқты альтернативалары бар. Су ресурстарының қорлары бар іс жүзінде сарқылмайды, керек жағдайда ащы суларды тұщыландыруға болады. Бірақ жердің , ең алдымен адамның тіршілік ету орны ретінде орны толмайды. Сондықтан да адамзат тіршілігі үшін жердің алатын орны ерекше [2].
Жерге меншік катынастарын кұқықтық реттеу проблемасы әруақытта да маңызды болды және маңызды бола бермек. Казакстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан-2030" деп аталатын Жолдауында: "Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады" деп атап көрсетті[3].
Жерге меншіктік қатынастарды құқықтық реттеу экономикалық, саяси, құқықтық сипаттағы өзгерістер жағдайында іске асырылуда.
Қоғамның экономикалық жүйесіндегі өзгерістер бәрінен бұрын көп қырлы экономиканың дамуымен, жерді жекешелендіру процестерімен және қазіргі бар жерге меншік нысандарының негізінде жер нарығын түзеу процестерімен тығыз байланысты.
"Ғылыми зерттеулер – деп жазады профессор Ә.Е.Бектұрғанов жер қатынастарын реттейтін нормалардың өрісін жетілдірумен шектелмей, ол нормалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін де анықтап беруге тиіс"[4].
Лев Исаакович Дембоның пікірі бойынша, дәл осы жағдайда мәселе жерге иелік ету жайында болып отыр, ал біздің пікірімізше жерді пайдалану құқығы ғана көрініс тапқан. Олай дейтініміз жерге билік, иелік жүргізу мәселесі көрініс таппаған, тек қана жердің пайдалы қасиетін пайдалану және одан кіріс кіргізу мәселесі ғана көрініс тапқан. Жерге меншік құқығының субъектісі вавилон патшасы, өйткені жерге қатысты барлық реттеу жүйесі, иелік ету құқығы соның қолында болды. Жер рентасы, соған сәйкес үстеме еңбектің пайдасына иелік етіп, оны жұмсау мүмкіншілігін де вавилон патшасы шешетін[5].
Жерге жеке меншік нысаны рим құқығында қандай болды және оның ерекшелігі неде деген занды сұраққа жауап берместен бұрын,осы мемлекеттің тарихына шолу жасайық. Көне Римдегі жер құрылымының ерекшелігін, "классикалық-антикалық" форма ретінде көрсету үшін, алдымен рим қауымдастығы мен оның өзіндік ерекшелігін танып, білу қажет. Мемлекет- қала құру жағдайындағы, рим қауымдастығының өзіндік ерекшелігін, атап айтар болсақ, ол — рим қауымдастығы ерекше саяси ұйым ретінде көрінді, яғни, қауымдастық жері, рим жері ретінде екі түрлі формада көрініс тапты: мемлекеттік жер ретінде, сондай-ак, жеке меншік жер ретінде. Өйткені, рим азаматы — ақсүйек, мемлекет-қала қауымдастығының мүшесі ретінде, рим азаматы ретінде жеке меншік иесі боп танылды[6].
Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның тарих ғылымында көшпелі казақтардың феодализм негізін малға жеке меншік құрады, ал жер ешкімдікі болған емес деген пікір кеңінін орын алады. Бұл салада өткір қадамды отандық ғалым, ҚР ҰҒА-ның академигі А.Е.Еренов жасады. Ғалымның дәлелдеуі бойынша, көшпелі малшылардың өндірістік қатынастар жүйесінде анықтаушы орынды жерге жеке меншік қатынастары анықтайды[7].
Қоғамдық меншіктен жеке меншікке айналған жердің бірнеше обьектісі, кең мағынада алсақ сол жерде өскен төрт түлік мал болды. Малы көп, бай отбасының пайда болуы, малға жеке меншік иелік етудің бастауы болып, соның негізін қалады. Ғалымдардың көбі малға жеке меншік иелік құкығының белгісі ретінде, халық арасында тараған түрлі аңыздарға сүйеніп, малға соғылатын түрлі таңбаның пайда болуымен байланыстырды[8].
Қауымдық жер қатынастарының ыдырауына объектінің жеке меншікке айналуы ыкпал етті. Бұл бағдарда, "ең бастысы қысқы жайылымға ие болу" дейді, көшпенді түркілердің көне тарихын зерттеуші-ғалым[9].
Кейбір кеңес дәуірі ғалымдарының пікірі бойынша, Қазақстанда көшпелі аудан жағдайында XX ғасырға дейін жерге феодалдық меншіктің қалыптасуы мүмкін емес деп таниды. Бұл көзқараспен, академик С.З. Зиманов келіспейтінін айтады. Оның пікірінше, бұл көзқарас тарихи шындыққа қайшы келеді [10].
Б.Я.Владимирцев моңғолдардың феодалдық карым катынасының негізін көптеген құқық нормасы мен жазу түрінде қалған қолжазбалар арқылы ашқан[11].
Социалистік жер қатынастары Ресейде 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін орнықты. Болшевиктердің помещиктер жерін конфискациалау және барлық жерді мемлекет мүлкіне айналдыру туралы бағдарламалық талаптары 1917 жылдың 26 қарашасында (8 қазанда) кабылданған жер туралы Декретінде нақтылы жүзеге асты[12].
Тағы бір көрнекті ғалым, экономист-аграрник А.В.Чаянов жерді мемлекет мүлкіне айналдырудың негізгі қағидаларын айқындап берді. Жерді мемлекет мүлкіне айналдыру барысында жер меншік ретінде жалғыз меншік иесі -мемлекетке қарайды. Жалпы мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында мемлекет барлық мемлекет жерін басқарып, билік ету құқына ие. Мемлекет өз қүқығына сүйене отырып, барлық жерді еңбек адамдарына, жалға беру түрінде жақын нысанда пайдалануға береді. Сонымен қатар, мемлекет шаруашылықтың ішкі мәселесіне араласпайды. Жерге жоғарғы иелік ету мемлекеттік өкіметтің қолында, ал жергілікті жерді бөлу жүмысымен жергілікті жер ұйымдары айналысады. Олар өзін-өзі баскару принципімен құрылған[13].
Жер құрылымын реттеудегі одан кейінгі реформалар колхоздарды таратып, оларды біріктіріп мемлекеттік шаруашылық-совхоздарға айналдыру) процесі арқылы жүзеге асырылды. Бұл процесс әсіресе Қазақстанда ерекше қарқынмен жүрді, оған дәйекті дәлел ретінде 1990 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сүйенсек, мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарына бекітіліп берілген жер көлемі 205 млн. гектар болды. Бұл басқаша айтқанда республиканың барлық жерінің 92,2% проценті еді. Социалистік дәуірдегі жер қатынастарын реттеудегі мемлекеттік - түрде толық, жан-жақты жазылып бекітілген. Оның өзі одақтас республикалардың әркайсысында жер туралы кодексті дайындау үшін базалық (негізгі) қызмет атқарды. Осы жер туралы занда ірі мемлекеттік ауыл шаруашылығында жерді пайдалануға басым мүмкіншілік беріп, соны негізгі бағыт деп таныды. Жер қатынастарына сырттағы біреудің араласуы мүмкін болмады. Барлық жер мемлекеттің қолына өткендіктен, жеке адамдарға берілген учаскенің көлемі күлкілі көлемде аз болды[14].
Қазақстан Республикасының жер заңдарын одан әрі жетілдіру 2003жылғы 20-маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Жер кодексін қабылдауға дейін жалғасты. Бұл кодекс 5 бөлім, 21 тараудан, 170 баптан тұрады. 2003 жылдың 19-мамырында Қазақстан Республикасының Парламентімен Қабылданған Жер кодексі 2003 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесімен қаралып, заңды деп танылды[15].
Кез-келген қоғамның меншікке деген көзқарасы сол қоғамдағы экономикалық қатынастардың негізін құрайды, өйткені дүние жүзінің тарихи дамудағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту дегеніміз, ең бірінші меншікке деген көзқарастың өзгеруі болып табылады. Қазақстан қазір осындай кезеңді бастан өткеруде, яғни жеке меншіктің қалыптасуы мен дамуы, кәсіпкерлерліктің дамуы үшін тиімді жағдайдың жасалуы т.с.с. Бұл" процестің жақсы дамуы, меншік қатынастарын құқықтық реттеу жүйесін барлық бағытта келісіммен және тиімді жүргізбесе мүмкін емес.
Меншік ерекше маңызды ұғым, сондықтан ондаған жылдар адамзат баласының ең үздік өкілдері оған өз назарын аударып, зерттеген. Алайда, жұмыс теориялық дискуссия арқылы ғана бітпейді. Әлемді дір еткізіп, өзіне назар аударатын әлеуметтік сілкіністер, ең маңызды факторы сол кезеңде қалыптасқан меншікке деген қатынастан туындап, соны өзгертуге деген ұмтылысқа жалғасып жатады [16].
Негізінен меншік термині көбіне-көп түрлі мағынада қолданылып жатады. Бір жағдайда бұл терминді "мүлік" немесе "зат" ұғымының синонимі ретінде қарастырады. Мысалы, "меншікті беру", немесе "меншікке ие болу" деген жағдайларында. Екінші бір жағдайда, бұл ұғым тек экономикалық
қатынастарды көрсетеді, ал кейде, бұл мүлдем қарама-қарсы ұғым, яғни заң категориясы -меншік құқығымен теңестіріліп, сол мағынада қолданылады.
Кеңес мемлекеті тұсында экономистер, философтар мен заңгерлер меншікті және меншік құқықтарын зерттегенде, К.Маркстің "Саяси экономиканы сынауға кіріспе" [17] және "Капиталистік өндірістің алдындағы формалары" [18] деген еңбектерінде берілген меншік туралы ережелерге сүйенеді. Негізінен меншік ұғымының төңірегінде топтастырылған ережелердің алдына қойған мақсаты біреу ғана. Ол меншік ұғымының қоғамда қалыптасқан өндіріске және оның нәтижесінде пайда болатын өнімге ара қатынасын анықтау. Осы жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, зертеушілер меншік құкығы дегеніміз не, меншік құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастардың құрамы қалай, меншік құкығының өзіне тән қандай белгілері бар және оларды сабақтас қоғам қатынастарынан қалай ажыратуға болады деген сұрақтарды шешуге тырысты. Меншіктің экономикалық қатынастары қоғамдағы мемлекеттік құқықтық қондырмамен бекітілген. Бұл аталған қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесінде және меншік құқығын құрайтын институттарында көрініс тапқан. Сонымен қатар, бұл мүліктің иесі екенін білдіріп, белгілі бір тұлғаның мүлікке заңды билігі бар екенін анықтап , оны белгілі шаралардың негізінде қорғалуын да қамтамасыз етеді.
Бірінші жағдайда, әрине, объективті түрде меншіктік құқық туралы сөз қозғалса, екіншіден, субъективті мағынада, немесе субъективтік меншік құқығы туралы әңгіме болып отыр. Меншіктік құқықтың мазмұны (субъективті мағынада) меншік иесіне мүлікке иелік етуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы екенін көрсетеді. Көрсетілген құқықтық мүмкіндік, жалпы алғанда, меншіктің субъективтік құқығы ретінде меншік иесінің занды түрде іс-қимыл жасау мүмкіндігін айқындайды және ол заң бойынша меншік иесі болғандықтан мүлік оның меншігінде кала береді. Меншік құкығының мазмұнын ашу үшін, меншік иесіне тиесілі құқықтық мүмкіншіліктің әр қайсысына жеке-жеке тоқталуымыз қажет.
Иелену құқығы-меншік иесінің затқа шарушылық билігін қамтамасыз ету мүмкіндігі. Мәселе, бұл жерде мүлікке шаруашылық билік жүргізу дегенде, меншік иесі оның жанында болуы қажет деген ұғым тудырмайды.
Пайдалану құқығы- мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Жалпы пайдалану құқығы иелену құқығымен өте тығыз байланысты, бірақ кейбір жағдайда затқа иелік етпей-ақ оны пайдалануға болады.
Билік ету құқығы - мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Алайда, мына бір нәрсені атап айту керек, кеңес цивилистерінің көбі көрсетілген құқықтық мүмкіндіктер меншік құқығының бүкіл ерекшелігін толық ашып бере алмайды деп есептейді. Бұл жөнінде, А.В.Венедиктов "Ең алдымен, меншік құқығы жоғарыда аталған меншіктің үш
құқығымен бітпейді... Меншік иесі аталған үш бірдей құқықтық иеліктен айырылуы мүмкін және сөйте тұра меншік құқығын сақтап қалуы мүмкін. Шындығында да, сот арқылы мүлікті тәркілеп оны иелігінен алып, меншік иесіне оны пайдалануға тыйым салып және тәркіленген мүлікті билеуге тыйым салынады. Солай бола тұрғанмен меншік иесінің "аз да болса" сол мүлікке меншік құқығының күші қалады. Егер де, талап етушінің талабы жоққа шығарылса, меншік құқығы толық көлемде меншік иесіне қалпына келеді.
Былайша айтқанда, "серпінділік" немесе "икемділік" құқықтық меншік". А.В.Венедиковтың субъективтік меншік құқығы концепциясымен келісуге болмайды. Меншік иесі белгілі бір жағдайларға байланысты өзіне берілген құқықтық иеліктен айырылғаны мен, меншік иесі болып қалады деу дәлелсіз. Бұл жағдайда меншік иесі құқықтық иеліктен айырмайды, тек қана уақытша оны іске асыру мүмкіндігінен айырылады. Субъективтік құқық соған сәйкес әрекет мүмкіншілігінен көрініс табады, ал егер түрлі жағдайлар немесе басқа құқықтық нормаларға байланысты бұл мүкіндік уақытша шектеледі. Бірақ, бұл субъективтік құқық жойылады деген мағына бермейді. Бұл туралы Д.М.Генкин: "Кез-келген субъективті құкық шексіз емес, ол, объективті құқық белгіленген белгілі бір шекте ғана пайда болады. Ал, сол шектің заңда көрсетілген өзі түрлі себептерге байланысты өзгеруі мүмкін",-дейді.
Д.М.Генкин, өз позициясының дұрыстығын дәлелдейді және оны қорғай отырып, мынадай пікірлер айтады. Меншік иесінің иелік құқығын қалпына келтіру және оны іске асыру мүмкіншілігі меншік құқығының дербес элементі бола алмайды және иелену, пайдалану және билеу құқығын одан жоғары қоя алмаймыз. Біріншіден, ол құқықты іске асыру мүмкіншілігін сол құқықтың мазмұнына жатқызуға болмайды.
Екіншіден, субъективтік құқықтың схоластикалық екі қабаты пайда болады: субъективтік құқықтың өзі және субъективтік құқықты іске асыратын субъективтік құқық. Үшіншіден, егер де бұндай құқықтық мүмкіншілік субъективтік құқықтың дербес элементін құрайтынын ескерсек, арнайы меншік құқығы емес, онда бұндай жағдайды кез-келген субъективтік құқықты көрсетеді [19].
Алайда мына мәселені атап айту керек, Д.М.Генкиннің меншік құқығының мәні субъективтік құқықтық сияқты жоғарыда аталған үш құқықтық мүмкіншілік арқылы іске асады деген пікір негізді емес, ондай жағдайда меншіктің субъективтік құқығының анықтамасы толық болмайды. Бұлай болатын себебі, иелік ететін зат тек қана меншік иесіне тиесілі болмай, басқа да тұлғаның, тіпті, шаруашылық жүргізу құқығына негізделген тұлғаның да осындай мүмкіншіліктері болуы мүмкін. Ю.К. Толстой, аталған құқықтық мүмкіншіліктердің өзіне тән ерекше белгісі ретінде меншік иесінің құқықтық мүмкіншілігін атап көрсетеді. Оның мәнісі мынада, меншік иесі өзінің құқықтық мүмкіншілігін өз қалауынша шешеді.
Аталған мәселелерден қорытынды шығара отырып, жоғарыда келтірілген анықтаманың ғылыми негізді екенін, дегенмен солай бола түрса да оған біраз өзгертулер енгізуге талпыныс жасамадық. "Оның шаруашылық үстемдігі саласына барлық үшінші жақтағы тұлғалардың араласу мүмкіншілігін жою" деп
автордың көрсеткен ережесі белгілі иелік құқығымен қатар меншіктің субъективтік құқығының мәнінен көрінді деуінің қажеттілігі жоқ. Біздің пікірімізше, бұл құқықтық мүмкіншілік заңды түрде корғалып отырғандықтан, аталған мәселе соның ішінде қамтылады, сондықтан "үшінші тұлғалардың араласу мүмкіншілігін" жеке қарастырудың және қорғау жөнінде мемлекетке көз салудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, иелену, пайдалану, билеу құқығын аталған ережесіз іске асыру мүмкін емес. Яғни, тұлға ешқандай құқықтық мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алмайды, егер оны қажет кезінде қорғай алмаса. Сондықтан да меншік иесінің құқықтық мүмкіншіліктері ғана бірінші орынға шығады және олар өзіне тиісті қажеттіліктерін қамтиды.
Өркениетті нарықтық мемлекет құру объективті түрде қоғамдағы жер құрылымын түпкілікті түрде өзгертуді талап етті, яғни жерге жеке меншіктікті мойындау. Сондықтан да 1995 жылғы Конституцияға сәйкес біздің мемлекетіміздің тарихында тұңғыш рет жерге мемлекеттік және жеке меншік тең дәрежеде мойындалады және қорғалады.
1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы жерге жеке меншік құқығын бекітті.
Жер және оның қойнауындағы байлық, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи байлықтар мемлекеттік меншік иелігінде. Жер, сондай-ақ белгілі бір негіздер мен жағдайға байланысты жеке меншік иелігінде болуы мүмкіндігі заңмен белгіленген[20].
Жерге меншік қатынастарын қазіргі мемлекеттік реттеу шет елдерде ұзақ даму жолынан өтті. Қазақстан қазіргі кезенде жеке меншік пен жалпы қоғам мүддесін тиімді баланста ұстау қажеттілігі жағынан белгілі мөлшерде тарихи артықшылық жағдайда отыр деуге болады. Өйткені, жерге жеке меншік құқығы Қазақстанда жақын арада қалыптаса бастады, сондықтан оған қалыптасқан меншік дәстүрінің жолынан түгел өту қажеттілігі жоқ.Қазіргі ғылыми доктринада жерге меншіктік қатынасын реттеу барысында мемлекеттің көздеген немесе көздеуге міндетті мақсаттары айқындалады. Солардың ішінен төмендегілерді жеке бөліп қарастыруға болады: аса ірі жер латифундияларды құруды болдырмау, жер учаскесіне меншік иесі мен ауыл шаруашылық тауар өндірушіні бір тұлғаға біріктіру, жерді шаруашылыққа пайдалану барысында экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, жер учаскелерін, олардың сапалық ерекшелігіне байланысты мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету, негативті әлеуметтік-экономикалық салдарды болдырмау мақсатында жер нарығын реттеу.
Біз жоғарыда атап өткендей, меншік құқығы иелену, пайдалану және билеу құқығы арқылы көрініс табады. Сондықтан да, ендігі қарастыратын мәселе, жерге меншік иесінің әрбір жоғарыдағы аталған жерге тиісті құқықтары қалай жүзеге асырылады соны қарастыру.
Иелену құқығы, біз жоғарыда атап өткендей, бұл меншік иесінің затқа, мүлікке шаруашылық үстемдік етуін заңды қамтамасыз ету мүмкіншілігі. Жерді иелену құқығы - заңға негізделе отырып жер учаскесіне шын мәнінде иелік ету мүмкіншілігі. Бұл дегеніңіз, жер учаскесіне иелену құқығы занды
түрде қажетті құжат арқылы бекітіліп беруі қажет және жер учаскесі шекаралық сызықтар мен белгілер арқылы белгіленіп, сәйкес қоршалуы қажет (аралық столбылар, дуалдар, табиғи белгілер т.б.).
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес, жер Республикада мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін. Жер қорының құрамына барлық жер,санаттары,соның ішінде,ауыл шаруашылык мақсатындағы жерлер, елді мекен жерлері, орман қоры жерлері және босалқы жерлер кіреді. Олардың құрамынан жер учаскелері жеке меншікке заңда көзделген тәртіп бойынша беріледі. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға берілетін жерге жеке меншік құқығы жерге мемлекеттік меншік құқығынан туындайды деп санауға болады. Бұған дәлел ретінде мемлекеттің жер қорын басқару кезінде барлық жерлерді қорғау мен ұтымды пайдалануды бақылауды және нысаналы мақсатында пайдалануды тексеруін атауға болады.
Жеке меншікке берілетін жер учаскесінің көлемін анықтау да мемлекеттің функциясына жатады. Бұл функция да барлық жерлерді тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
Берілетін жер учаскесінің көлемін нормалау меншік пен жер пайдаланудың нысанына емес, жер учаскесінің құқықтық режимі мен оның нысаналы мақсатына тәуелді.
Қазіргі таңда жерге меншік қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасында бірқатар нормативтік құқықтық актілер бар. Қазақстан Республикасының жер кодексінің 5-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері: жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында. заңдылықты нығайту болып табылады.
Жер кодексінің 4-бабында жер заңдарының қағидалары көрсетілген.Қазақстан Республикасының жер заңдары: Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі, жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау, жерді қорғау және ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жерді нысаналы пайдалану, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басымдығы, жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі ,іс-шараларды мемлекеттік қолдау, жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардаптарын жою, жерді ақылы пайдалану принциптеріне негізделеді.
Жер кодексінің 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер, елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер,орман қорының жері,су қорының жері,босалкы жер[21].
Жер - кез келген адам өмірінде саяси, экономикалық- экологиялық маңызға ие. Ал, мемлекет өмірінде оның пайда болуы мен қызмет етуінің негізгі факторы болып табылады.
Жер - барлық байлықтың бастауы, қайнар көзі. Жерге меншік құқығы -меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ретінде жерді тиімді қолдану мен қорғауға бағытталған азаматтық, экологиялық және жер құқығы нормаларының жиынтығынан құралатын институт болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік бірдей танылады және қорғалады. Республика аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субьектісі ретінде Қазақстан Республикасы танылады[22].
Жер кодексінің 22-бабына сәйкес, жер учаскесіне меншік құқығы: меншік құқығын табыстау, меншік құқығын беру, меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.
Меншік құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.Қазақстан Республикасында жер учаскесіне меншік құқығы:
мемлекеттік органдар актілерінің;
азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде
туындайды.
Жер кодексіне сәйкес жеке меншікте болмайтын жер учаскелерін қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа немесе фермер қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, орман өсіру үшін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның
ішінде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерін салу үшін берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін
Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншік құқығымен берілуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа немесе ферме қожалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін беріледі.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік заттай гранттар ретінде жеке меншікке беруге жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің меншік иесі болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылуға тиіс не жер учаскесіне құқық 10 жылға дейін жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына бір жыл ішінде қайта ресімделуге тиіс. Жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған кезде, жер учаскесінің сатып алу бағасы меншік иесіне осы учаскені мемлекеттен сатып алған баға бойынша, жер учаскелерін сатудан түсетін қаражат есебінен төленеді.
Жергілікті атқарушы орган жер учаскесін сатып алудан бас тартқан жағдайда, ол учаске оның рұқсатымен Қазақстан Республикасының азаматына сатылуы мүмкін.
Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасасуға құқылы.Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасалған кездегі барлық ауыртпалықтарымен беріледі. Мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген, қорғаныс қажеттеріне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер оның ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жер мемлекеттік меншікте болады.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін жер заңдарында белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы. Жерді иелену, пайдалану, билік ету құқықтарының мазмұнын біз жоғарыда ашып көрсеткен болатынбыз.
Жерге меншік құқығымен бірге пайдалану құқығы да қолданылады. Жер пайдаланушылар: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік
жеке және заңды тұлғалар,тұрақты жэне уақытша, бастапқы және кей болып бөлінеді.
Жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекет жер пайдаланушыларға:
1) кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттар; үй-жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибе және мақсаттарына;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге
жағдайларда беріледі.
Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі болмайды.
Жер учаскесі азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беруі мүмкін. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзіге табысталады, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.
Жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен: шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үиі тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін, мемлекеттік пайдаланушыларға, бақша өсіру үшін, қызметтік жер телімі түрінде, пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік , мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы кезеңіне, тозған және бұлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде, концессия шартының қолданылу мерзім Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен үйлерді жайларды) және ғимараттарды уақытша өтеусіз пайдалануға берген кезде,ғибадат объектілері үшін, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге жағдайларда берілуі мүмкін.
Өтеусіз жер пайдалану мерзімі жер учаскелерін қызметтік жер телімдері түрінде және тозған әрі бұлінген жерді қалпына келтіру үшін берілген жағдайларды қоспағанда уақытша, сондай-ақ концессиялық жобаларды асыру үшін жер учаскелерін беру жағдайларында бес жылдан аспауға тиіс.
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін иеліктен шығаруға, соның ішінде оларды кейінгі жер пайдалануға беруге берілмейді.
Жер учаскесіне уақытша өтеулі (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкін.
Бастапқы жер пайдаланушы өзінің жер пайдалану құқығын иелігін шығармай, ал өзіне тиесілі учаскені (немесе оның бір бөлігін) жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беретін жағдайларда, кейінгі жер пайдалану туралы шарттың негізінде кейінгі жер пайдалану туындайды.
Кейінгі жер пайдаланушы әрдайым уақытша жер пайдаланушы болып табылады, өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беруге құқығы болмайды.
Жер учаскесін кейінгі жер пайдалануға берген кезде бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар жер пайдаланушының мемлекет алдындағы міндеттерін толық көлемінде атқарады[21].
Ауылшаруашылық жерін жеке меншікке беру арқылы мемлекет меншік иесіне заңдармен белгіленген барлық құзіреттерді бірге береді.Жер жылжымайтын мүлік ретінде жеке меншікке өтеді, меншік иесі азаматтық құқық нормаларымен белгіленген өз құқықтарын толық жүзеге асыруға заң негізінде мүмкіндік алады. Осыған байланысты ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізбес бұрын көптеген даулы мәселелер туындады[22].
Егер мемлекет ауылшаруашылығы жерін жеке меншікке бермей, тек пайдалануға берсе, онда жерге билік ету құқығы өзінде қалады да мемлекет меншігі болып қалады. Осыған байланысты шетелдер тәжірибесі де басшылыққа алынды, сөйтіп жаңа Жер кодексінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы енгізілді.
1.2 Жерге меншік құқығының обьектілері мен субьектілері
Мемлекетіміздегі жүргізіліп жатқан жер реформасы өзінің бастауын жерге жеке меншік құқығын енгізуден емес, жер пайдалану құқығын азаматтық-құқыктық мәмілелердің объектісі, яғни заттық құқықтың объектісі болған күннен алады. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде меншік құқығына тәуелді заттық құқықтың рөлі арта түседі. Меншік құқығы мен заттық құқықтың байланысы мен ара қатынасы бір-бірімен тығыз болып келеді. Шектеулі заттық құқықты заңдастырмай жерге меншік құқығын іс жүзіне -толық асыру мүмкін емес. Кеңес дәуірінде жер құқығы ғылымы заттық құқық институтынан алшақ болғандықтан жерге меншік құқығы дұрыс дамымады.
Жер – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.
Жердің құқықтық қатынас объектісі ретінде, басқа барлық объектілерден өзгешелігі, әрине, жердің өзіне тиселі (су, орман, қазба байлық) қасиеттерімен жылжымайтын объект категориясына жатады. Алайда, ол мына мәселені ескертіп өтеді, яғни жер туралы оны жылжымайтын объект ретінде қарастырғанда, біз жердің басқа да меншік құқығы объектілерімен салыстыра қарастырып, соның салдарынан құқық нормаларында осыған байланысты көрініс тапқанын айтамыз. "Бірақта, біз жерді, - дейді, ол, төңкеріске дейінгі буржуазиялық Ресейде қалыптасқан жылжымайтын мүлік категориясы ұғымында қарастырмаймыз, қазіргі капиталистік мемлекеттердегі істегі буржуазиялық құқық тұрғысынан қарастырамыз"[23].
Жер қатынастарының объектісі – Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда орналасқанына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында жеке меншікке берілген жер учаскелерінен басқа барлық жерлер мемлекет меншігінде болып табылады.
Мемлекет жерге меншік құқығының субъектісі және территориялық үстемдік құқығының иесі. Территориялық үстемдік құқығы мемлекетіміздің барлық территориясында жүргізіледі. Яғни, республиканың территориялық кеңістігінде жүргізілетін мемлекеттік саяси билігінің таратылуы жердің меншік нысандарына тәуелсіз. Ал жердің меншік құқығының объектілері меншік нысандарына тәуелді болады.
Сонымен, Азаматтық Кодекстің 117-бабына сәйкес жер азаматтық құқықтың объектісі ретінде танылып, нақтылап айтсақ, зат ретінде қабылданады. Азаматтық құқықтың объектісі материалдық және рухани игіліктер болып табылады және солар үшін азаматтық құқықтың субъектілері өзара құқықтық қатынасқа түседі. Бұл игіліктер (объектілер) саласы өте көп және санқырлы. Азаматтық Кодекстің 115-бабына сәйкес азаматтық құқықтың объектісіне мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар (заттар, ақшалар, ерекше құқықтар, т.б.) [24].
Алайда, барлық игілік (материалдық және рухани) меншік құқығының объектісі бола алмайды. Меншіктік қатынастың экономикалық табиғатына байланысты меншік құқығының объектісі ретінде тауар сияқты алынатын, нарықтық қатынастың пәні бола алатынның бәрін айтуға болар еді.
Бірақ та бұл өте жалпылама көзқарас болар еді, өйткені, нақ осы жағдайда адам қызметінің орбитасына кіретіннің бәрі (соның ішінде объектісінің ішінде ерекше орын алатын заттарға мыналар жатады, біріншіден, ең кең таралымға ие болғандар, екіншіден, меншіктік құқықтың қатынастағы затқа байланысты пайда болғандар. Жерге мемлекеттік меншік құқығының обьектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы танылады. Бұл ҚР Жер кодексінің 26-бабында кеңінен көзделген. Оған сәйкес, мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген, қорғаныс қажеттеріне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсатттағы, орман және су қорларының, елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ, жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдармен басқа да жерлер меншікте болады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі жеке және мемлекеттік меншік обьектілерін нақты ажыратады. ҚР Жер кодексінің 26-бабында жеке меншікте болуға тыйым салынатын жер учаскелері аталған. Олар:
1)қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне; ҚР Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері;
2)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3)орман қорының жерлері;
4)су қорының жерлері;
5)магистральдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;
6)жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді-мекендегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері.
Азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігіне төмендегі жер учаскелері берілмейді: тұрғын халықтың қажетіне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар, ортақ пайдаланудағы жолдар, оның ішінде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ, ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне өтуге арналған жолдар, жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелеріне жер пайдаланушылар бірлесіп пайдаланатын суландыру құрылыстары орналасқан жер учаскелері.
Мемлекет – Қазақстан Республикасы меншік құқығының субьектісі ретінде белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыру құқығына ие. Заң бұл әрекеттерді жерге меншік иесінің құқықтары шегінде анықтайды. ҚР Жер кодексінің 21-бабын сәйкес, меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге,пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар [21].
Жер – жылжымайтын мүлік ретінде азаматтық айналымға түскенімен жерге жеке меншік құқығының өзіндік ерекшелігі бар. Жалпы жеке меншік құқығын үш құқық: иелену, пайдалану, билік ету құрайды десек, жерге қатысты бұл құқықтардың қолданылу ерекшелігі бар.
Иелену – жердің шын мәнінде бір адамның иелігінде болуына құқығы, ал пайдалану құқығы- жерден түскен пайданы, өнімді алу, пайдалы қасиетін алу билік ету құқығы- жердің заңи тағдырын шешуге құқық болып табылады.
Әдетте, субьектілер жеке меншігіндегі затты жойып жіберуге немесе өзге тұлғаға беруге, т.б құқылы, ал меншігімміздегі жерді жоюға, бұлдіруге, құртуға еш құқығымыз жоқ. Біз жерді иеленген кезде үнемі мемлекет қадағалауында. бақылауында боламыз. Мұның өзі бір жағынан, азаматтық құқықтың жеке меншікке қол сұқпау қағидасына қайшы келеді. Осы айтылғандардан жерге жеке меншік құқығының қандай да болмасын затқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz