Жер құқығының нормаларын қорғау



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жер құқығының нормаларын қорғау.
2. Жер дауларын шешу негіздері.
3. Жер құқығын бұзушылықтың түсінігі және құрамы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жер реформасы әрине, жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлылығын арттыру, табиғи ортаны сақтау мен жаңарту, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту, жылжымайтын мүлік пен жер нарығын жасау, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың болуын көздейді.Бұл орайда Жер туралы заңдардың орындалуы, орындалмауы, бұзылуы, жауаптылықтың пайда болуы сияқты жер құқық қатынастарына тікелей қатысы бар мәселелерге талдау жасау - Жер заңдарының қағидаттарынан туындайды.
Ол қағидаттар мен Конституциялық нормалар жер құқығының нормаларын қорғаудың негізгі құқықтық бастамалары болып саналады. Сонымен жер құқығын бұзу, құқықтық талапты орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау - жер пайдалану мен жерді қорғауға кері әсерін тигізіп, әрі жер реформасының даму тенденцияларын тежеп отырады. Сол үшін де бұрынғы және осы күнгі қолданылып жүрген жер заңдары мен жаңадан қабылданған Жер кодексі осы заңдардың нормаларын бұзғаны және жер ресурстарына зиян келтіргені не нақтылы зиян келтіру қатерін туғызғаны үшін лауазымды тұлғалар мен азаматтардың заңдарда белгіленген тәртіптік, мүліктік, әкімшілік, немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және кінәлі тұлғалар осы заң бұзушылық салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетінен босатылмайтынын негізге алады.
1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 858 Жарлығы "Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 28 тамыз, №281-283 (25680); "Казахстанская правда" от 27.08.2009 г., N 205 (25949). (11 бет).
2. “Азаматтық құқық” (Жалпы бөлім). Ғ.Тілеуғалиев. “Жеті жарғы” 2002 ж (147-бет).
3. Назарбаев Н.Ә. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. №29-30. 2011 жыл 29 қаңтар.
4. Абдраимов Б.И. Практика разрешения земельных споров в современных условиях // Актуальные вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан и практика его применения: Материалы семинаров. – Алматы, 2002. – Т.2. - С. 228-234.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жер құқығының нормаларын қорғау.
2. Жер дауларын шешу негіздері.
3. Жер құқығын бұзушылықтың түсінігі және құрамы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жер құқығының нормаларын қорғау
Жер реформасы әрине, жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлылығын арттыру, табиғи ортаны сақтау мен жаңарту, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту, жылжымайтын мүлік пен жер нарығын жасау, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың болуын көздейді.Бұл орайда Жер туралы заңдардың орындалуы, орындалмауы, бұзылуы, жауаптылықтың пайда болуы сияқты жер құқық қатынастарына тікелей қатысы бар мәселелерге талдау жасау - Жер заңдарының қағидаттарынан туындайды.
Ол қағидаттар мен Конституциялық нормалар жер құқығының нормаларын қорғаудың негізгі құқықтық бастамалары болып саналады. Сонымен жер құқығын бұзу, құқықтық талапты орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау - жер пайдалану мен жерді қорғауға кері әсерін тигізіп, әрі жер реформасының даму тенденцияларын тежеп отырады. Сол үшін де бұрынғы және осы күнгі қолданылып жүрген жер заңдары мен жаңадан қабылданған Жер кодексі осы заңдардың нормаларын бұзғаны және жер ресурстарына зиян келтіргені не нақтылы зиян келтіру қатерін туғызғаны үшін лауазымды тұлғалар мен азаматтардың заңдарда белгіленген тәртіптік, мүліктік, әкімшілік, немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және кінәлі тұлғалар осы заң бұзушылық салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетінен босатылмайтынын негізге алады. Қазіргі нарық жағдайында жер заңдарының басты міндеті жерді ұтымды пайдалана отырып, экологиялық тұрғыда жерді құқықтық қорғау және заңсыз жер пайдаланудан туындайтын зардапты қайта қалпына келтіру болып отыр. Бұл нормативті талапты орындау - бүгінгі күні құқықтық мемлекет құрып жатқан республиканың әрбір азаматының құқықтық борышы болып саналады.
Заң тыйым салған әрекетті жасау немесе заң жүктеген міндетті толықтай орындамау қандайда бір құқық бұзушылықты тудырады. Құқық бұзушылықтың нақты түрі қоғамға, белгілі бір тұлғаға немесе мемлекетке зиянды қауіптің болуымен және кінәлі тұлғаның арнайы құқық талаптарына қарсы келушілік әрекет немесе әрекетсіздігінің көрініс табуымен сипатталып отыр. Олай болса, жер заңдары нормаларының арнайы құқықтық шектерінің сақталмауы жер құқығы ережелерін бұзуға негіз болады.
Жер құқығын бұзушылықты мемлекеттің бекіткен жер заңдары мен қолданыстағы жердің құқықтық тәртібін бұзатын қоғамдық-қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің болуы деп, осы құқық бұзушылықтың жалпы мағынасын ұғынуға болады.
Құқықтық қатынастарда жер заңдарын бұзбаудың және бұзуға жол бермеудің алдын ала шараларын белгілеу және оларды жүзеге асырып отыру мәселелері елімізде "Қоршаған ортаны қорғау туралы" және жер заңдары нормаларынан туындайды. Оның айналадағы табиғи ортаны қорғаудың қағидаттары қатарында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қалпына келтіру тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу бар. Одан басқа бұл заңда қоршаған табиғи ортаны қорғауға халықтың мүдделілік таныту құқығы туралы да нормалар кездеседі.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінде жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды мемлекеттік қолдау мен жерге келтірілетін залалдың алдын алу немесе оның зардаптарын жою қағидаттары басты назарға алынған. Бұл екі заңдағы қағидаттар мамзмұны осылайша бір-бірімен ұштасып жатыр.
Жер - табиғи ресурстардың ең негізгі объектісі болғандықтан, оны сақтау мен жер құқығының нормаларын қорғаудың басқа табиғи объектілерді қорғауға арналған нормаларға қарағанда маңызы зор екендігі жалпы табиғи ресурстарды қорғау заңнама теориясында дәлелденген. Бірақ, өкінішке орай, Жер кодексінде жерге жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерді сақтау және қорғау шараларын үнемі жүргізгені үшін жердің құнарлылығын арттырғаны, құнарсыз жерлерді ауыл және орман шаруашылықтарында пайдалануға қосқаны үшін оларға қолданылатын көтермелеу шаралары жоқ десек те болады.
Егер осы саладағы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңның талаптарын еске алатын болсақ, халықты және жеке адамдарды жерді сақтауға және қорғауға қатыстыруды, олардың экологиялық қоғамдық ұйымдары арқылы жер заңдарын бұзудан сақтандыру шараларын қолдауға баспасөз, радио, теледидар арқылы жерді сақтау және қорғау жөнінде хабарлар тарату және табиғатты қорғау заңдарына қайшы келмейтін басқа да шараларды жүзеге асырып отыруға мүмкіншіліктері бар екенін және ол аталған заң талаптарынан туындайтынын байқаймыз.
Жер туралы заңдарда ең алдымен мынандай көтермелеу шаралары орын алуы керек сияқты. Және бұл іс шаралар өз кезегінде жер заңдары талаптарын бұзбауға және бұзуға жол бермеудің негіздері ретінде оның өзіндік тенденциялар жүйесін танытпақ.
1. Құнарлығы төмен жерлерді жеке меншігіне немесе пайдалануына алған адамдарды, оларды үш жыл ішінде құнарлығын арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіргендерді жер салығын төлеуден босату.
2. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құнарлылығын агротехникалык, экологиялық шараларды тікелей қолдану арқасында арттырып отырғандарға жер салығының үштен бір бөлігіне жеңілдік беру.
3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылмайтын жерді суармалы жерлерге айналдырып, жерді ұтымды пайдаланғаны үшін жер алымдарының белгіленген мөлшеріне жеңілдік беру құқығын жер қатынастары және жерге орналастыру және жергілікті аудандық әкімге беру.
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыруда және басқа да экологиялық шаралар қолдану нәтижесінде су және жел эрозиясынан жерді сақтағаны, жасыл белдеулер мен желектердің аумағын молайтқаны және басқалар ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты өндіруге қолы жеткен шаруашылықтарға мемлекеттік материалдық және моральдық қолдауларды жүзеге асырып отыру.
Жерді өздігінен басып алуды тоқтатудың негізгі жолы жергілікті органдардың жерді жеке меншік құқығын немесе жерді тұрақты, яки уақытша пайдалану құқығын сату туралы мәліметтерді жариялап отырса, адамдардың қалаған жер учаскесін заңды бұзбай-ақ пайдалануына алуға мүмкіндік туар еді.
Жер заңдарын бұзған әрбір оқиғаны жергілікті хабар беретін органдар арқылы, күнделікті басылымдар мен радио арқылы жариялап, соның ішінде заң орындары тарапынан қолданатын және қолданылып жатқан шаралар әрдайым жарияланып отырса, жерді өз бетімен басып алу, улы заттарды кір және улы суларды, қалдықтар мен қоқыстарды жерге төгу, тастау, орналастыру фактілері азайып, бірте-бірте жойылар еді деген ойға келеміз. Сонымен жер құқығының нормаларын қорғамай, жер заңдарын бұзуға жол беріп қою дегеніміз - жер заңдары нормаларының қағидаларына негізделген жерге жеке меншік құқығына, жер пайдалану құқығына және олардың заңды иелерінің осы құқықтарына байланысты басқа да мүдделеріне зиян келген немесе .зиян келуі мүмкін заң бұзушылық әрекеттер мен әрекетсіздіктердің туындауы.
Жер құқығының нормалары республика тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін елеулі түбегейлілікпен күн тәртібіне қойылғанымен, күні бүгінге дейін оған немқұрайлы, ат үсті қарауымыздан жерді заңсыз пайдалану мен жерді заңсыз пайдалануға беру арқылы жер заңдарын бұзуда мемлекетімізге келген зардап мөлшері көбеймесе, азайып отырған жоқ. Жерді заңсыз пайдалану қылмысын тек қана жерді пайдалану құқығының пайда болу негіздерінсіз жерге иелік ету деп түсінумен шектелмеуіміз қажет.
Жер пайдаланудағы заң талаптары бұзылуының теріс қылық пен қылмыс деп табылуы ең алдымен қоғамға қауіпті жасалатын әрекет пен әрекетсіздік категорияларының ауырлығына қарай, кінәлі тұлғаның әрекеті мен әрекетсіздігі құқық бұзушылықтың жалпы әкімшілік, азаматтық және тәртіптік теріс қылығын тудырып, ал қылмыс қоғам мен табиғатқа тек қауіпті әрекет арқылы жасалатындығымен ажыратылуы керек. Әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жер пайдаланушы тұлғамен өзге де тұлғаға немесе мемлекетке, әрі табиғатқа зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмауы қажет. Жер құқығында жер заңдарын бұзу әрекеттерінің әрбір түрлері ерекше арнайы белгілермен анықталған. Оны біз анықталған құбылыстың сыртқы белгісіне тәуелді типтік нышан деп атауымызға болады. Бұл құқық бұзушылықтың арнайы түрлері жерді пайдалануда табиғатты қорғау режимінің талаптарын бұзумен де тығыз байланысты. Бұған сондай-ақ, жерді иемденудегі жерді қорғау талаптарынан басқа Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау туралы заңында бекітілген жалпы экологиялық нормалар да қолданылуы тиіс.
Құқық бұзушылықтың типтік нышанының көрінуі - оның болмауы немесе жасырынды болуын көрсетпейді, ол ашық күйінде жүреді. Оған табиғатты қорғау заңдарының бұзылу ерекшелігін жатқызудың маңызы ерекше. Өйткені, бұл процесс көз алдымызда айқын көріністе өтіп жатады және табиғатқа өз әсерін тигізеді. Жерді пайдалану барысында сол жерлерді бүлдіру, яғни радиоактивті және химиялық заттармен, өндіріс қалдықтарымен және қалдық сулармен ластау фактілерінің орын алуы жер құқығын бұзушылықтың ауыр түрі ретінде саналатын экологиялық қылмысты туғызады.
Оның құқықтық белгі сипаты 1997 жылғы шілденің 16-сында қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 285-бабында нақты қылмыс ретінде айқындалып отыр. Яғни, баптың диспозициясында жерді улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін ынталандырғыштарды және өзге де қауіпті химиялық, радиоактивті немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезінде оларды ұстау ережелерін бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге қызметтің зиянды өнімдерімен бүлдіру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауына әкеп соққан әрекет жерді бүлдіру қылмысының мінез-құлық ережесін құрайды.
Жер пайдалану құқығын жүзеге асыруда оған қатысты экологиялық қылмыстардың пайда болуы жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауы мен қоршаған ортаға зиян келуінің тұтастай алынған жүйесін білдіреді. Бұдан жер құқығы механизмінің іске асырылу көрінісін бұзатын тікелей заң бұзушылық әсерлі компоненттер қатынасы келіп шығады. Себебі, жердің экологиялық қорғау талаптарының бұзылуы нәтижесінде сол жердің мақсатқа сай пайдалану мүмкіншілігі жойылады. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Одан табиғи экологиялық байланыстардың құрылымдық-функционалдық бұзылуы экономикалық және биологиялық аспектілер деңгейінде, жердің пайдалы қасиетін алу мүмкіншілігі жоқтығын көрсетеді.

2.Жер дауларын шешу негіздері
Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар әкімшілік тәртібімен және сот тәртібімен қаралуға жатады. Ал онда анықталған құқық бұзушылыққа қаралатын мемлекеттік ықпал ету мен күштеу шаралары қайда деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның тағайындалу механизмдерін Жер кодексінің нормаларында аталған еңбек, әкімшілік, қылмыстық, азаматтық заң нормаларынан тікелей кездестіруге болады. Оны жауаптылықтың процедурасындағы санкциясы деп те атаймыз. Санкция - мемлекеттік күштеудегі жазалау шарасы болып танылмақ. Әрі ол жер дауына негіз болатын құқық бұзушылықтың темпераментті көрінісіндегі жер құқық қатынастарында қаралатын заңды жауаптылық процедурасының негізгі элементі болып отыр. Бұл ең алдымен жер құқығын бұзушылық көрінісінде жер заңдары ұйғарымдарына, шектеулер мен тыйым салу талаптарына қайшы келетін кінәлі тұлғаның тікелей немесе жанама орындалатын әрекеттерінің туындауымен орын алады. Жер дауының орын алуындағы жер құқығын бұзушылықты анық мағынасында - кінәліліктің, құқыққа қайшы әрекеттің, жер заңдары бұзылуының және қоршаған орта мен адам өміріне немесе жер ресурсына тікелей залал келуінің объективті жиынтығы болуымен түсіндіреміз.
Мұндай түсінік жер дауындағы жер құқығын бұзушылықтың түрлерін дәл анықтап бермесе де, олардың арнайы өзіндік белгілерімен ерекшеленуін танып білуге көмектеседі. Бұл жағдайдағы жер құқығын бұзудың әрбір түрі өзіне тән ерекшеліктерімен және белгілерімен оқшауланып, мынадай жер даулары туындауының негізгі түрлерін жіктеп көрсетеді:
- жердің меншік құқығын бұзудағы жер дауы;
- жер пайдалану құқығының бұзылуындағы жер дауы;
- жердің экологиялық жағдайының бұзылуындағы жер дауы;
- жерді басқару саласындағы жер заңдарының бұзылуында пайда болатын жер дауы.
Осындай негізде пайда болатын жер дауының белгі нышандары арқылы жер құқығының бұзылу ерекшелігін жеке-дара сұрыптай аламыз.
Жер дауын анықтап зерттеу барысында заң бұзушыны кінәлі деп тапсақ, оның әрекет пен әрекетсіздігі арнайы заң нормасын бұзды деп шынайы есептеуіміз керек. Жер пайдалану қатынасында бұл критерий тек жер пайдаланушыларға ғана қатысты емес, ол барлық жер құқық қатынастары субъектілеріне тәуелді болуы мүмкін. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
Жер құқық қатынастары
Жер құқығы пәнінен дәрістер
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Жер құқығының түсінігі
ЖЕР ІС ЖҮРГІЗУ НОРМАЛАРЫ – ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЙНАР КӨЗІ
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Нарықтың дамуы жағдайында жерге орналастырумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Пәндер