Тәрбие мақсаттары мен міндеттері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: ТӘРБИЕ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

Ерекшеліктері. Формалары.

1. Тәрбиенің құрамды бөліктері. (бағыттары) .

2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.

Педагогикалық ғылымдардың дамуы барысында тәрбие беру жұмысы методикасы да өзіндік бет- бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Оның міндеті - тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсету, педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруге көмектесу. Тәрбиені комплексті түрде жүргізу идеялық- тәрбие жұмысының бәрін жоғары өнімді еңбекке және белсенді қоғамдық- саяси қызметке қабілетті жан- жақты дамыған жеке адамды қалыптастыруға бағдар тұтуды білдіреді. Жеке адамды жан- жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі - өндірістік, қоғамдық- саяси, рухани, адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады. Біздің еліміздегі мектеп оқушыларының шамамен жартысы оқитын селолық мектептерде мұғалімнің міндеті, ең алдымен ауыл шаруашылығы еңбегіне деген ынта мен сүйіспендікті тәрбиелеуден, ауыл шаруашылық кәсіптері әлеміне ендіруден, ауыл шаруашылығын техникалық жағынан қайта жарақтандыру перспективаларын ашып көрсетуден, техниқалық творчество мен тәжірибе жасауға деген талғамды бойға сіңіруден тұрады. Тәрбие диалектикасы дегеніміз - жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу. Тәрбиенің құрамды бөліктері: - Адамгершілік тәрбиесі - Патриоттық тәрбиесі - ақыл -ой тәрбиесі - құқық тәрбиесі - еңбек тәрбиесі - экологиялық тәрбие -Эстетикалық тәрбиесі -экономикалық тәрбиесі -дене тәрбиесі Адамгершілік тәрбие берудың негізгі мазмұнын патриотизм және интернационализм, коллективизм және гуманизм, еңбекке және қоғамдық меншікке деген көзқарас, тәртіптілік және ұйымшылдық, принципиалдылық және өзіне сын көзімен қараушылық, шыншылдық және әділеттілік жоғары жауапкершілдік және қоғамдық парызды сезінушілік сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру құрайды. Оларды қалыптастырудың алдында қарапайым мінез- құлық дағдылары мен әдеттерін меңгеру, өзін көпшілік ішінде ұстай білуді бойға сіңіру, қоғамдық тәртіп пен тәлімді сақтау тұрады. Саналы тәртіпті тәрбиелеу тілалғыштық пен ұйымшылдық, дәлдік пен инициативалылық, ұстамдылық пен белсенді творчестволық іс- әрекет сияқты моральдық қасиеттер мен мінез сипаттарын қарастырады. Мектеп оқушыларына еңбек сүйгіштік пен әділеттілік, қарапайымдық пен сыпайлық үлкенді сыйлаушылық пен кішкентайларға қамқоршылық сияқты адамгершіліктің өте қарапайым нормаларын сіңіру қажет. Адамгершілік тәрбиесін беру мазмұнында жігіттер мен қыздар арасында дұрыс өзара қарым - қатынас орнату, оларды жеке өмірге даярлау едәуір орын алады. Адамгершілік тәрбиесі- белсенді процесс. Ол жағымды қасиеттерді қалыптастыруды ғана емес, жағымсыз қасиеттерді жеңуді. Маскүнемдікке, бұзақтылыққа, бейпіл ауыздылыққа, тоғышарлық көңіл күйге, тұтынымпаздық психологияға тайсалмай қарсы шығуының маңызы үлкен. Патриоттық тәрбиенің негізгі міндеттері- Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық мақтаныш сезімін жетілдіруге, бейбітшілік пен демократия ісіне берілгендікке, кез келген сәтте Отанды қорғауға дайын болуға, тәрбиелеу.

Мағжан Жұмабаев өз халқының патриоты ретінде оны халқының, ұрпағының болашағы үнемі толғандырып, тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойында ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру оларды халықтың рухани мәдениеті мен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен кеңінен қарулардыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, бұрын қолданып келе жатқан тақтық жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ үлгі тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп, ата-анаға отбасында балаға ұлттық тәрбие беру қажеттігін ерекше айтып отеді. Еңбекке тәрбиелеудің мазмұнында еңбекке әзірлікті бойға сіңіру, ойдағыдай еңбек ету үшін қажетті моральдық- еріктік қасиеттерді қалыптастыру үлкен орын алады. Еңбекке тәрбиелеу процесінде үнемшілдік сезімі дамиды, мектеп оқушылары халық игілігін сақтау және молайту жөнінде қамқорлық жасауға үйренеді, мектеп бұйымдарын, оқулықтарды күтіп ұстайды. Соңғы жылдарда мектеп оқушыларының табиғаты қорғау жұмысына араласуы едәуір қанат жайды. Бұл туған табиғатты білуді оны қорғау жөніндегі творчестволық және мақсаты еңбекпен үйлестіруге, оқушыларды табиғат байлықтарына ысырапсыз, шаруақор көзқараспен қарауға жәрлемдеседі. Сондықтан экологиялық тәрбие беру, табиғи ресурстарды қорғауға және орынды пайдалануға дағдыландыру. Праволық тәрбие беру мазмұнына праволық білім, праволық сенім және праволық мінез- құлық сияқты құрылымдық элементтер кіреді. Мектептегі жастарға праволық тәрбие беру -право бұзушылықты алдын алу шараларының бірі. Заңдарды білмеу оларды бұзушыларды кіналарын жеңілдетпейтіні белгілі. Ол право бұзушылықтарды ақтай алмайды. Қоғамның ғылыми - техникалық прогресс жағдайында экономикалық білім мен тәрбие үлкен мәнге ие болады. Бұл, ең алдымен, оқушыларды экономикалық білім негіздері мен қаруландыру, экономикаға деген ынтаны ояту және жетілдіру, иегерлік сезімді тәрбиелеу. Экономикалық білім мен тәрбие берудің аса маңызды міндеті- экономикалық, еңбек қарым -қатынастары саласына енуге даярлау. Эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан тҥрлі творчестволық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады. Эстетикалық тәрбие процесінде табиғат пен өнердегі әсемдікті ғана емес, адамдардың әрекет - қылықтарындвағы, өзара, қарым- қатынастарындағы әсемдікті ұғына білудің маңызы үлкен. Адамгершілік ұғымдары мен тығыз байланысып жатады адамдар қарым- қатысы, тәртіп, еңбек пен тұрмыс әсемдігі ерекше үлкен мәнге ие болады. Өмірдегі, өнердегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақта пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онды болмысқа деген эстетикалық көзқарастың негіздері қаланады. Мектеп оқушылары табиғаттағы, өнердегі, адам қарым- қатыстарындағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыланады. Олар әсемдік заңы бойынша өмір сүреді үйренеді. Мектептегі кездің өзінде жігіттер мен қыздарды өздерінің эстетикалық талғамдары мен творчестволық қабілеттерін дамытуға үйретудің маңызы бар. Дене тәрбиесі дененің қалыпты жетілуін, денсаулықтың нығаюын қамтамасыз етуде, жастарды еңбекке, социалистік Отанды қорғауға даярлауды көздейді. Дене тәрбиесі еркі мықты, тәртіпті, батыл және инициативалы, еңбекке және өз Отанын қорғауға дайын адамдар әзірлеуге көмектеседі. Балаларға және жасөспірімдерге ұйымдастырылған тәрбиелік әсерді кеңейтуге мектептен тыс мекемелердің де ролі зор. Олар әр түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізеді, оқушылардың демалуын ұйымдастыруға көмектеседі, олардың жан- жақты дамуына үлес қосады. Бұқаралық информация құралдары. Баспасөз, радио, телевизия, кино- идиологиялық ықпалетудің қуатты құралдары. Оладамның өз бетімен білім көтеруіне және өзін- өзі тәрбиелеуіне аса бай материал береді. Біздің елімізде газеттердің, журналдардың және басқа мерзімдік басылымдардың тиражы жыл сайын өсіп келеді.

Тәрбие - жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Тәрбие процесін тәрбиешілер мен тәрбиенушілердің мақсатты бағыттағы және өзара байланысты қызмет процесінде жеке адам мен коллективтің қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым- қатынастары ретінде анықтауға болады. Тәрбие беру процесінің көп факторлы процесс екенін есте сақтау керек. Ол тек мек-тептер емес, семьяда да, мектептен тыс мекемелерде де жүзеге асырылады. Тәрбие процесінің екінші ерекшелігі - оның ұзақ процесс екендігінде. Ол балалар мектепке түсерден көп бұрын басталады да мектеп бітіргеннен кейін де жалғасады. Тәрбие процесінің ұзақтығын оның нәтижесі бірден байқала қалмайтындығы да дәлелдейді. Мектеп оқушысы қысқа мерзім ішінде арифметика ережелерін жаттап, тарихи фактілерді, оқиғаларды, даталарды еске сақтай алады. Бірақ оны тез арада коллектившіл, жақсы жолдас, сергек және қарапайым адам болуға үйретіп шығару қиын. Бұл ұзақ уақытты қажет етеді. Тәрбие процесінің үшінші ерекшелігі - оның сатылы сипатта болатындығы. Оны шар-тты түрде бірқатар кезеңге бөлуге болады. Бірінші сатысында балалар семьядағы, мектептегі тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Оларда қарапайым сезімдер ояна бастай-ды және мінез- құлықтың аса қарапайым дағдылары бойға сіңеді. Екінші сатысында оқушыларда тәртіп туралы бастапқы ұғымдардың негізінде этикалық түсініктер қалыптасады, белгілі бір жағдайда дұрыс қылық көрсете білу, қоғамда қабылданған тәртіп ережелерін сақтау дағдысы бойларына сіңеді. Сонымен бірге жағымды сезімдердің одан әрі дамуы және жағымсыз сезімдерді жеңу процесін жүріп жатады. Үшінші саты көзқарастардың қалыптасуымен, мінез- құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға сіңуімен және сезімдердің одан әрі дамып, баюымен сипатталады. Осы сатыда мектеп оқушыларының идеялық, адамгершілік принциптерімен анықталған іс- әрекет мотивтері әлдеқайда айқын көрініс береді. Бұл сатылардың арасында үзілді- кесілді шек болмайды, олар тығыз байланы-сты болады. Тәрбие процесінің келесі, төртінші ерекшелігі - тәрбие жұмысы мазмұнындағы концентризм. Бұл тәрбие процесінде жеке адамның бір қасиетінің өзіне бірнеше оралып соғуға тура келетінін білдіреді. Бірақ бұл тектен - тек қайталау емес, ал жас шамалық ерекшеліктерге және тәрбие деңгейіне сәйкес одан әрі кеңейту және тереңдету бағытындағы қайталау. Тәрбие беру процесінің бесінші ерекшелігінің мәні - оның екі - жақты және белсенді процесс екендігі. Оны тәрбиелеушілерге педагогикалық ықпал жасаумен ғана шекте-уге болмайды. Тәрбиешілердің ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі бесенділігін оятудың ын-та- жігерін жұмылдырудың, олардың ішкі белсенділігін оятудың, олардың дербестігін дамытудың маңызы үлкен. Тәрбие процесінің алтыншы ерекшелігі - онда балалар коллективі мен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізудің үлкен орын алатындығы А. С. Макаренко тәрбие беру жұмысы, ең алдымен, ұйымдастырушының жұмысы деп кездейсоқ айтпаған. Тәрбие процесінің ұйымдастырушылары ролін мектеп басшылары, кластан тыс жәнемектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар, класс жетекшілері, мұғалімдер атқарады. Олар оқушылар коллективтерінің, пионер және комсомол ұйымдарының іс - әрекеттеріне бағыт береді, бала тәрбиесіне ата- аналар мен жұртшылықты тартады. Тәрбие процесінің тиімділігі көбне мұғалімдердің тәрбиенушілік күш - жігерін үйлестіруге, оқушылар коллективінде дұрыс қарым - қатынастар тудыруға, оқушылардың үлкендермен және өз құрбыластарымен арала-су сипатына да тәуелді. Мұның бәрі педагогтық үлкен шеберлікті, тәрбиелеу өнерін меңгеруді талап етеді. Тәрбие нәтижелері көбіне тәрбиешінің жеке басына, оның тәрбиеленушілермен қарым- қатынастарының сипатына тәуелді екені белгілі. Тәрбие процесінің жетінші ерекшелігі- оның нәтижелерін сырттай қарағанда бірден аңғарыла қоймайтындығы. Олар оқу жұмысындағыдай өзін көзге тез тҥсірмейді. Тәрбие берудің аяқталғанын аңғару және анықтау қиын. Жеке адамның кез- келген қасиеті шексіз дамып, жетіле белуі мүмкін.

Ақырында, тәрбие процесінің сегізінші ерекшелігі - оның болашаққа ұмтылған іс- әрекет болатындығында. Тәрбие міндеттері мен мазмұнын ашып көрсету кезінде қоғамдық даму перспективаларының өз беттерімен өмір сүруге аяқ басатындықтарын, қоғамдық қарым-қатынастарда қазіргіден белгілі бір айырмашылығы болуы мүмкін екенін кскеру керек. Сондықтан тәрбие процесін бүгінгі ғана емес, ертеңі күн міндеттері мен қажеттіліктерін негізге ала отырып құру керек. Әрине, мектеп алдында тұрған ағымдағы міндеттері ұмытпауы керек. Әрине, мектеп алдында тұрған ағымға болмайды. Дегенімен, қазіргі кез талаптарын ескере отырып, сонымен бірге перспективалық міндеттерді есте ұстау, қоғамның дамуының негізгі тенденцияларын көре білу керек. К. Д. Ушинский қарастырып, күнделігіне жазып қойған мінез- құлық ережелері ерекше на-зар аударуға тұрарлық. Оған мынадай пунктер енген; 1. Өте байсалдылық, тым болмаса сырттай байсалдылық. 2. Сөз бен қылықтағы туралық. 3. Ойланып әрекет жасау. 4 Батылдық. 5. Қажетсіз жерде өзің жайлы бірде- бір сөз айтпау. 6. Уақытты саналы өткізу; кез- келген іс емес, көңілің ауған істі істеу. 7. Құмарлықпен емес, қажетті нмесе ұнамды нәрсеге шығындау. 8. Әр күннің соңында саналы түрде өз қылықтарың жайлы есеп беру. 9. Ешқашанда болып өткен, болып жатқан, келешекте болатын нәрсені мақтап етпеу. 10. Осы журналды ешкімге көрсетпеу Ережелерде нені тәрбиелеу керек екендігі ғана емес, қалай тәрбиелеу керек екені де жиі көрсетіліп отырады. Олар мінез- құлықтар әрекеттер кейпін анықтайды, шынайы мінез- құлықты осындай болса екен дейтіндкй мінез- құлықпен салыстыруға мүмкіндік береді. Моральдық сезімдерді жетілдіру, әдет қылықтарын бойға сіңіру: - Адамгершілік тәрбиесі Қоғамдық пайдалы еңбекке, кәсіпті саналы түрде таңдауға даярлау: - Еңбек, кәсіптік бағдар беру Тәрбиелеу: - Қоғамдық тәжірибені игеру барысында қалыптасатын тұлғаның белсенді іс -әрекетін ынталандыру және ұйымдастыру бағытталған және саналы түрде жүргізілетін педагогикалық процесс. Тәрбие мақсаттарын қоюға әсер ететін жалпы факторлар: - Қоғамның қажеттіліктері. Өскелең ұрпақтарды өмірге дайындау барысында алдын-ала болжанатын нәтежиелер: - Тәрбие мақсаты. 2-дәріс.

ТАҚЫРЫБЫ:Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі.

Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны. Дәрістің жоспары: 1. Сынып жетекшісінің міндеттері; 2. СЫНЫІІ жетекшісі жұмысының мазмұны.

Мектеп өмірінде мұғалім басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймай, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педогогикалық әрекет ретінде қарастырады. Дегенмен сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға

бейімделуі олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл - күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса сыныпта оқушылардың оқу тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп жан - жақтаы жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы. Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болады. Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады:оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т. с. с. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы біріңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады. 1. Оқушыға тікелей ықпал жасау: -оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу; -тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау; -жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру; -тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу. 2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру: -оқушылар ұжымын қалыптастыру; -онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру; -оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру; -қушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту. 3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әртүрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау: Отбасы және жұртшылыкпен жұмыс: . оқушылардың ата-аналарымен байланыс ор-нату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын т. с. с. шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету сияқты жұмыстар белгіленеді. Жеке оқушымен жұмыс:бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.

3-дәріс.

ТАҚЫРЫБЫ:Мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау.

жоспары:

1. Оқушылармен жеке және топтық тәрбие жұмыстарын өтқізу әдістемесі. 2. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының маңызы

Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат - оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан - жақты қалыптасуын және күш жігерінің артуын қамтамассыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстын мәні - оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін - өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әр түрлі формалары немесе әдістерін тыңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстыруымен жемісті болмақ. 1. Бала жанын жақсы түсіну. Яғни, оның сезімін көңіл-күйін, ықыласын, тілегін, қажеттілігін. Себебі бала үшін барлық мәселе маңызды. Ол жас ерекшілігіне қарай қызба, тәжірибесі аз, ерік-жігері баяу және ақылға қарағанда сезімге берілуі, әсерленуі басым болып келеді. 2. Баланың таңдау ерекшелігін қолдау. Сынып жетекшісі белгілі бір әрекеттің нәтижесіне қол жеткізуде "тек өзімнің айтқаным ғана болады" деген көзқараста емес, керісінше баланың көзқарасымен санасып, оның таңдау еркін қолдап отыруы тиіс. 3. Оқушының тұлғысын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Адам баласы ақиқат өмірдің заңдылықтары негізінде қалыптасып дамиды. Ендеше, сынып жетекшісінің бұл бағыттығы атқаратын қызметі - баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу. 4. Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл бағыты баланың өте күрделі, қиын - қыстау жағдайында тұрақты қолдау көрсетуді қажет етеді:көп балалы және табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, босқын немесе оралман отбасыларына. т. с. с. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оқушыларды қатыстыруға міндетті болады. Тәрбие жоспары жарты жылға немесе тоқсанға арналып жасалады. Тәрбие жұмысын орындамас бұрын мақсаты, бағыты айқын болу міндеттер қойылады.

4-дәріс. ТАҚЫРЫБЫ: Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Дәрістің жоспары: 1. Тәрбие жұмысының түрінің классификациясы. 2. Әртүрлі формадағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру Тәрбиені ұйымдастыру формасы-тәрбие элементтерінің ішкі байланысын бейнелейтін және тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын сипаттайтын тәрбие процесін ұйымдастыру әдісі. Кейде педагогикалық әдебиетте және мектеп практикасында "тәрбиенің ұйымдастыру формалары" ұғымы қолданылады. Бұл да тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістерін меңзейді. Педагогикалық әдебиетте оқушылардын қалайша ұйымдастырылғанына байланысты тәрбие формаларының жіктелуі беріледі. Тәрбие қызметін ұйымдастыру формаларын тәрбиелік ықпал жасау методикасына байланысты жіктеуге талпынушылық та бар. Мұндай жіктеуде тәрбие формалары мынадай топтарға бөлінеді: 1) сөздік (саяси-хабарлар, жиналыстар, жиындар, ленейкалар, лекциялар, баяндамалар, оқырмандар, диспуттар, кездесулер, ауызша газеттер, радио, журналдар т. с. с. ) ; 2) практикалық (жорықтар, экскурсиялар, спартакидалар, олимпиадалар мен конкурстар. ) ; 3) көрнекілік( мектеп музейлері, лениндік мүйістер, бөлмелер мен залдар, соғыс және еңбек ерлерінің галереялары, кіші третьяков галереялары, көркем творчество көрмелері, тақырыптық стенділер. ) ; Тәрбиелік ықпал жасау сипатына қарай жіктеудің шартты сипатта болатынын да есте ұстау қажет. Тәрбие практикасында сөздік, практикалық және көрнекілік тығыз астасып жатады. Мысалыға, саяси хабарларды откізу практикалык істермен байланысты т. с. с. Тәрбие қызметін сөздік тұрде ұйымдастыру формасына жатады - Саяси-хабар, жиналыстар, баяндамалар, диспуттар, лекциялар; Тәрбие қызметін практикалық тұрде ұйымдастыру - Конкурстар, олмпиадалар, сеңбіліктер, спартакиадалар; Тәрбие қызметін көрнекілік тұрде ұйымдастыру - Музейлер, көрмелер, кітап жаймалары; Тәрбиеленушілердің іс-әрікеті сипаты негізіне - қарай тәрбие әдістері сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық үрдістегі тәрбие мақсаттарының әртүрлілігі
Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің теориялық және әдістемелік практикасының негізі
Артпедагогика
Түзету функциясы
Тәрбие құралдарына түсінік беру
Отбасы тәрбиесінің формалары
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Қоғамдағы тәрбие
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz