Несеп- жыныс ағзасы



Жоспар


1 Несеп. жыныс ағзасыны: оның дамуы
.
2 Жыныс жүйесі: оның дамуы

3 Несеп.жыныс жүйесінің қызметі мен ерекшелігі
Несеп мүшелері екі бүйректен, екі зәрағар түтіктен, қуықтан және зәр шығаратын үрпі жолынан құралады. Несеп – жыныс мүшелері физиологиялық әр түрлі екі жүйеден, яғни несеп және жыныс мүшелерінен құралады. Несеп мүшелері арқылы несепті (зәрді) сыртқа шығарады. Жыныс мүшелері көбею қызметін атқарады.
Бұл екі жүйенің бірге қарастырылу себебі — зәр шығару мүшелерінің қызметі жыныстық қызметке де тікелей байланысты, яғни бір мүше екі түрлі қызмет атқара алады. Несеп пен жыныс мүшелері орнығу орындары мен құрылысы жағынан және дамуы жағынан бірігіп, несеп-жыныс жүйелі мүшелерін құрайды. Еркектердің зәр шығаратын және шәует шығаратын түтіктері бірігіп, зәр және ұрық шығаратын ортақ түтік түзеді. Ал әйелдерде бұл екі жүйенің түтіктері екі бөлек болғанмен де қынаптың кіре берісінде ортақ несеп-жыныс жүйелі мүшелері түрінде ашылады.
Несеп жүйесі негізінде мезодермадан, оның қосалқы мүшелері мезотелия целомынан пайда болады. Несеп жүйесінің ең негізгі мүшесі — бүйрек үш кезеңде дамиды. Ол кезеңдер: бастапқы бүйрек, алғашқы бүйректің бастамасы және тұрақты бүйрек. Бүйрек осындай үш кезеңнен өткенде жоғарыда айтылған бүйректер бір-бірін толық алмастырады. Бастапқы бүйректен алғашқы бүйрек бастамасы дамып, одан тұрақты бүйрек күрделеніп дамиды.
Бастапқы бүйрек эмбрионның үшінші даму аптасында қалыптасады да 40-60 сағаттай қызмет етеді. Бұл бүйректе несеп түтікшелері — протенефридиялар пайда болады. Олар 8-10 буынды несеп шығаратын түтікше түрінде дене қабырғасында жатады. Одан кейін түтіктердің бір ұшы кеңейіп, кірпікшелер қаптаған иірімдер, ал екінші басы иіліп төмен қарай соңғы түтіктерге қосылады да басты бүйректің жалпы түтігін құрайды. Бұл алдыңғы жағымен тұйық аяқталып, кейін клоакаға ашылады. Мұндай пронефроз қосмекенділерде және кейбір балық түрлерінде бүйрек қызметін атқарады. Ал адам эбрионында қызмет атқармай, тек бірнеше күн сақталып, соңынан жойылады да оның тек түтіктері ғана келесі даму кезеңіне дейін сақталады.
Алғашқы бүйрек бастамасы эмбрион дамуының төртінші аптасының аяғында бұрынғы пронефроздың орнына Вальф денесі пайда болып, 12-15 күн қызмет атқарады. Оларда да буын сақталып, зәр түтікшелерінің саны көбейеді және ұзын да ирек болады. Түтікшелердің ұштарында жақсы бейнеленген Шумлянский және Мальпиги түйіндері (капсуласы) пайда болады. Ал түтікшелердің қарама-қарсы үштары қалған пронефрозды түтік жыныс мүшелерінің қалыптасуына қатысады. Вольф түтігі әйелдерде жоғалып (редукцияға ұшырап), еркектерде аталық жыныс жасушасын шығаратын түтік құрайды.
Тұрақты бүйрек эмбриондық даму кезеңінде (екі айлық) мезонефрозбен қатар дененің белге жақын жерінде орнығады. Ол қызметін эмбриондық дамудың екінші дәуірінде-ақ бастайды. Бірақ оның физиологиялық жұмысы мардымсыз болады, себебі: зәршығару баланың жолдасы арқылы жүреді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1.Несеп-жыныс ағзасы:‭ ‬оның дамуы.

Несеп мүшелері екі бүйректен,‭ ‬екі зәрағар түтіктен,‭ ‬қуықтан және зәр шығаратын үрпі жолынан‭ ‬құралады.‭ ‬Несеп‭ –‬жыныс мүшелері‭ ‬физиологиялық әр түрлі екі жүйеден,‭ ‬яғни несеп және жыныс мүшелерінен құралады.‭ ‬Несеп мүшелері арқылы несепті‭ (‬зәрді‭) ‬сыртқа шығарады.‭ ‬Жыныс мүшелері‭ ‬көбею қызметін атқарады.
Бұл екі жүйенің бірге қарастырылу себебі‭ —‬зәр шығару мүшелерінің қызметі жыныстық қызметке де тікелей байланысты,‭ ‬яғни бір мүше екі түрлі қызмет атқара алады.‭ ‬Несеп пен жыныс мүшелері орнығу орындары мен құрылысы жағынан және дамуы жағынан бірігіп,‭ ‬несеп-жыныс жүйелі мүшелерін құрайды.‭ ‬Еркектердің зәр шығаратын және шәует шығаратын түтіктері бірігіп,‭ ‬зәр және ұрық шығаратын ортақ түтік түзеді.‭ ‬Ал әйелдерде бұл екі жүйенің түтіктері екі бөлек болғанмен де қынаптың кіре‭ ‬берісінде ортақ несеп-жыныс жүйелі мүшелері түрінде ашылады.
Несеп жүйесі негізінде мезодермадан,‭ ‬оның қосалқы мүшелері мезотелия целомынан пайда болады.‭ ‬Несеп жүйесінің ең негізгі мүшесі‭ —‬бүйрек үш кезеңде дамиды.‭ ‬Ол кезеңдер:‭ ‬бастапқы бүйрек,‭ ‬алғашқы бүйректің бастамасы‭ ‬ және‭ ‬тұрақты бүйрек.‭ ‬Бүйрек осындай үш кезеңнен өткенде жоғарыда айтылған бүйректер бір-бірін толық алмастырады.‭ ‬Бастапқы бүйректен алғашқы бүйрек бастамасы дамып,‭ ‬одан тұрақты бүйрек күрделеніп дамиды.
Бастапқы бүйрек‭ ‬эмбрионның үшінші даму аптасында‭ ‬қалыптасады да‭ ‬40-60‭ ‬сағаттай‭ ‬қызмет етеді.‭ ‬Бұл бүйректе несеп түтікшелері‭ —‬протенефридиялар пайда болады.‭ ‬Олар‭ ‬8-10‭ ‬буынды несеп шығаратын түтікше түрінде дене қабырғасында жатады.‭ ‬Одан кейін түтіктердің бір‭ ‬ұшы кеңейіп,‭ ‬кірпікшелер қаптаған иірімдер,‭ ‬ал екінші басы иіліп төмен қарай соңғы түтіктерге‭ ‬қосылады да басты бүйректің жалпы түтігін‭ ‬құрайды.‭ ‬Бұл алдыңғы жағымен‭ ‬тұйық аяқталып,‭ ‬кейін клоакаға ашылады.‭ ‬Мұндай пронефроз қосмекенділерде‭ ‬және кейбір балық түрлерінде бүйрек қызметін атқарады.‭ ‬Ал адам эбрионында‭ ‬қызмет атқармай,‭ ‬тек бірнеше күн сақталып,‭ ‬соңынан жойылады да оның тек түтіктері ғана келесі даму кезеңіне дейін‭ ‬сақталады.
Алғашқы бүйрек‭ ‬бастамасы эмбрион дамуының төртінші аптасының аяғында бұрынғы пронефроздың орнына‭ ‬Вальф денесі‭ ‬пайда болып,‭ ‬12-15‭ ‬күн‭ ‬қызмет атқарады.‭ ‬Оларда да‭ ‬буын сақталып,‭ ‬зәр түтікшелерінің саны көбейеді және ұзын да ирек болады.‭ ‬Түтікшелердің ұштарында жақсы бейнеленген Шумлянский‭ ‬және Мальпиги‭ ‬түйіндері‭ (‬капсуласы‭) ‬пайда болады.‭ ‬Ал түтікшелердің қарама-қарсы үштары‭ ‬қалған пронефрозды түтік жыныс мүшелерінің‭ ‬қалыптасуына қатысады.‭ ‬Вольф түтігі әйелдерде жоғалып‭ (‬редукцияға‭ ‬ұшырап‭)‬,‭ ‬еркектерде аталық жыныс жасушасын шығаратын түтік‭ ‬құрайды.
Тұрақты бүйрек‭ ‬эмбриондық даму кезеңінде‭ (‬екі айлық‭) ‬мезонефрозбен қатар дененің белге жақын жерінде орнығады.‭ ‬Ол қызметін‭ ‬эмбриондық дамудың екінші дәуірінде-ақ бастайды.‭ ‬Бірақ‭ ‬оның физиологиялық жұмысы мардымсыз болады,‭ ‬себебі:‭ ‬зәршығару баланың жолдасы‭ ‬арқылы жүреді.
Тұрақты бүйректің дамуына нефроген‭ ‬ұлпасы мен оны‭ ‬қоршап‭ ‬жатқан мезенхима‭ ‬және Вольф түтігінің артқы бөлігі қатысады.
Нефроген‭ ‬ұлпасынан бүйректің‭ ‬қабықты заты мен несеп түтіктері пайда болады.‭ ‬Алып кетуші түтіктер Вольф түтігінің төменгі беліктерінен өсіп жетіледі де несеп ағатын түтік тәрізді болады.‭ ‬Оның жоғарғы жағы кеңейіп,‭ ‬бүйрек тостағанын‭ ‬құрайды.‭ ‬Тұрақты бүйрек алғашында домалақтанып,‭ ‬кейін‭ ‬бұршақ‭ ‬дәні пішініне‭ ‬ұқсайды.‭ ‬Тұрақты бүйрек‭ ‬құрсақтың артқы кеңістігіне орналасады.‭ ‬Егер қатар‭ ‬жатқан бүйректердің төменгі бөлігі бірігіп кетсе,‭ ‬онда таға тәрізді жалқы бүйрек пайда болады.
Қуық‭ ‬ұрықтың алдыңғы‭ ‬қабырғасында‭ ‬жатқан сары уыз қапшығының эндодермасы‭ ‬өсінірдісінен пайда болған несеп‭ ‬қапшығы‭ —‬аллантоистан пайда болады.‭ ‬Аллантоис‭ ‬ұзынша түтік тәрізді жоғарғы,‭ ‬ортаңғы және төменгі бөліктерге бөлінеді.
Жоғарғы бөлігі эмбриондық зәр шығару түтігі кіндікке дейін таралып,‭ ‬дамудың соңғы кездерінде босаңсиды да көпіршік‭ ‬кіндік байламына айналады.
Нәресте бүйрегінің‭ ‬ұзындығы‭ —‬4,2‭ ‬см,‭ ‬салмағы‭ ‬12‭ ‬г,‭ ‬қыртысы‭ —‬2‭ ‬мм,‭ ‬жұмсақ заты‭ —‬8‭ ‬мм болады.‭ ‬Бүйректің қыртыс заты‭ ‬5-9‭ ‬және‭ ‬16-19‭ ‬жастарда тез өседі,‭ ‬12‭ ‬жаста жұмсақ заттың дамуы тоқталады.‭ ‬Нәрестеде бүйрек‭ ‬майы болмайды,‭ ‬ол‭ ‬40-50‭ ‬жаста толық жетіліп,‭ ‬қарттарда қайтадан жойылып кетеді.‭ ‬Нәрестенің бүйрекүсті жиегі‭ ‬XII‭ ‬арқа‭ ‬омыртқа тұсында болса,‭ ‬5-7‭ ‬жаста өз орнына жақындайды.
Нәрестенің зәрағар түтігі оралыңқырап‭ ‬ жатады,‭ ‬оның‭ ‬ ұзындығы‭ ‬—-7‭ ‬см,‭ ‬4‭ ‬жаста‭ —‬сантиметрге жетеді.
Нәрестеде қуықтың пішіні ұршық‭ ‬ тәрізді,‭ ‬бір жаста‭ —‬алмұрт пішінді,‭ ‬ал‭ ‬8-12‭ ‬жаста‭ ‬жұмыртқа пішінді‭ ‬болып келеді.‭ ‬Оның сыйымдылығы‭ ‬нәрестеде‭ ‬—-80‭ ‬см‭ ‬3,‭ ‬5‭ ‬жаста‭ —‬мл,‭ ‬12‭ ‬жаста‭ —‬мл.‭ ‬Нәресте‭ ‬қуығының‭ ‬бұлшықеті‭ ‬қабаты нашар жетіледі.
Нәрестенің қуығы өте жоғары,‭ ‬қыздарда қынапқа да жетпей тұрады.‭ ‬Ұлдардың қуығы‭ ‬тік ішекке жанаспай орналасады,‭ ‬жас өспірімдерде ғана қуық‭ ‬қасаға тұсына келіп,‭ ‬кейін біртіндеп өз орнына түседі.

2.Жыныс жүйесі:‭ ‬оның дамуы

Жыныс мүшелері‭ ‬аталық‭ (‬еркектің‭)‬ жыныс мүшесі‭ ‬және аналық‭ ‬(әйелдің‭) ‬жыныс мүшесі‭ ‬ болып екіге бөлінеді.‭ ‬Кейде екі‭ ‬жыныс мүшесінің бір кісіде болуы да мүмкін,‭ ‬ондай адам қызтеке‭ (‬гермафродитизм‭) ‬деп аталады.‭ ‬Қызтекенің нағыз және жалған түрлері болады.‭ ‬Нағыз‭ ‬қызтекеде аталық ен де аналық‭ ‬жыныс безі де бірдей болып,‭ ‬жалған қызтекеде екі жыныстың біреуінің‭ ‬қызметі ғана басымдық көрсетеді.
Аталық‭ (‬еркектің‭) ‬жыныс мүшелері‭ ‬ ішкі‭ ‬және‭ ‬сыртқы мүше болып екіге бөлшеді.‭ ‬Ішкі жыныс мүшелеріне:‭ ‬ен,‭ ‬ен‭ ‬қосымшасы немесе сағағы,‭ ‬ұрық шығаратын‭ ‬және‭ ‬ұрық шашатын жолдары,‭ ‬шәует‭ ‬қуықшасы,‭ ‬куықалды безі және бадана‭ (‬үрпі‭) ‬безі,‭ ‬ал‭ ‬сыртқы жыныс‭ ‬мүшелеріне:‭ ‬ұма‭ ‬және еркектің жыныс мүшесі жатады.
Нәрестенің ені ұма ішіне түседі,‭ ‬ұзындығы‭ —‬мм,‭ ‬салмағы‭ —‬0,2‭ ‬грамм.‭ ‬Ен‭ ‬13-15‭ ‬жасқа дейін,‭ ‬яғни жыныстық жетілу кезеңі басталғанша өте баяу дамиды.‭ ‬14‭ ‬жаста еннің‭ ‬ұзындығы‭ ‬20‭—‬миллиметрге,‭ ‬салмағы‭ ‬2‭ ‬граммға,‭ ‬18‭ ‬жаста ұзындыры‭ ‬38‭—‬миллиметрге,‭ ‬салмағы‭ ‬20‭ ‬граммға жетеді де‭ ‬60‭ ‬жастан кейін кішірейе бастайды.‭ ‬Қалыпты жағдайда‭ ‬қандай кезеңдерде болса да оң жақтағы ен сол жақтағысына қарағанда аздап үлкен және салмақтылау болып,‭ ‬жоғарырақ тұрады.
Нәрестеде еннің сағасы‭ ‬8-10‭ ‬жасқа дейін ғана үлкейіп өседі.‭ ‬Нәрестенің ұрық бауы өте нәзік,‭ ‬бұлшықет қабаты нашар жетіледі,‭ ‬енді көтеріп тұратын бұлшықет‭ ‬5‭ ‬жастан бастап қалыптаса бастайды.‭ ‬Ұрық бауы‭ ‬14‭—‬жастан кейін тезірек дамиды.
Нәрестенің‭ ‬шәует қуығы да нашар болады,‭ ‬ол‭ ‬13‭—‬жастан кейін ғана жетіле бастайды.‭ ‬10‭ ‬жастан бастап куықалды безі жетіле түседі.‭ ‬Қуық жоғары орналасқандықтан,‭ ‬нәрестеде үрпі жолының‭ ‬ұзындығы‭ ‬5‭—‬см болады.‭ ‬Нәресте‭ ‬ұмасы кішірек болғанмен де терісі‭ ‬қатпарланып тұрады.‭ ‬Жыныстық жетілу кезінде‭ ‬ұма да тез өседі.
Нәрестенің жыныс безі‭ (‬жұмыртқалық‭)‬ —жұмыр‭ ‬пішінді,‭ ‬ал‭ ‬8-12‭ ‬жаста жұмыртқа тәрізді болады.‭ ‬Бездің көлемі де біртіндеп өседі‭; ‬нәрестеде оның ұзындығы‭ —‬1,9‭ ‬см,‭ ‬салмағы‭ —‬0,16‭ ‬г,‭ ‬7‭ ‬жаста‭ —‬2,5‭ ‬см,‭ ‬салмағы‭ ‬3,3‭ ‬г‭; ‬жас‭ ‬өспірімде‭ —‬ұзындығы‭ ‬5‭ ‬см,‭ ‬салмағы‭ —‬6‭ ‬г мөлшеріне дейін жетеді.‭ ‬Бездің көлемі‭ ‬40-50‭ ‬жастан бастап кішірейеді де‭ ‬60-70‭ ‬жастан кейін жойыла бастайды.
Жатыр пішіні нәресте кезінен бастап‭ ‬3‭ ‬жасқа дейін‭ —‬жұмыр,‭ ‬10-12‭ ‬жаста сопақша болады да түбі кеңейе бастайды.‭ ‬Жас өспірімдердің жатыры алмұрт пішінді болып,‭ ‬ересектерге ұқсайды.‭ ‬Жатырдың ұзындығы мен салмағы да былай өзгеретін болады:‭ ‬нәрестеде‭ —‬3,5‭ ‬см,‭ ‬3-5‭ ‬г‭; ‬10-15‭ ‬жаста‭ —‬5‭ ‬см,‭ ‬6,5‭ ‬г‭; ‬жас өспірімде‭ —‬5,5‭ ‬см,‭ ‬20-25‭ ‬г‭; ‬30-40‭ ‬жаста‭ —‬-8‭ ‬см,‭ ‬45-50‭ ‬г,‭ ‬ал‭ ‬50‭ ‬жастан кейін жатырдың салмағы да кеми бастайды.
Нәрестенің жатыр жолдары иректеліп,‭ ‬аналық‭ ‬безге жанасады.‭ ‬Жыныс-тық жағынан жетілуіне байланысты жолдардың ирегі түзеліп,‭ ‬безге жанасады.
Нәрестенің‭ ‬қынабы‭ —‬келте‭ (‬2,5-3,5‭ ‬см‭)‬,‭ ‬доға тәрізді және тесігі тар.‭ ‬Қынап‭ ‬10‭ ‬жасқа дейін өзгермейді де‭ ‬жыныстық жағынан жетілу кезінде тез өсе бастайды.
Нәрестенің қасаға томпағы да томпақ болып келеді,‭ ‬ал‭ ‬жыныстық үлкен ернеулері‭ —‬болбыр,‭ ‬домбыққан-тәрізденіп‭ ‬тұрады‭; ‬жыныстық‭ ‬кіші‭ ‬ернеуін үлкен ернеуі толық жаба‭ ‬алмайды.‭ ‬Қынаптың кіреберісіндегі‭ ‬үрпі жолы ашылған бөлігі‭ ‬қыздық пердесі‭ —‬қалың,‭ ‬кіреберіс бездері нашар жетіледі.
Үрпі жолы нәрестеде кең,‭ ‬ұшы қайқы,‭ ‬қыспақтары нашар,‭ ‬ұзындығы‭ ‬2,3‭—‬см болып келеді,‭ ‬олар тек‭ ‬12‭—‬жаста ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркек жыныс ағзалары
Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар
Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы
Несеп- жыныс ағзасы туралы
Алдыңғы бұлшық еттер
Несеп-жыныс мүшелерінің аурулары
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы
Тұқым қуалайтын ауруға түсінік
Жеке гистология
Өңеш жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік
Пәндер