Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы



ЖОСПАР

Кіріспе 3
1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы 3
Төңкеріс алдындағы Англия 3
Төңкерістің орын алу себептері 5
Индепенденттік республика және Кромвельдің протектораты 8
Революция және оның салдары 9
2 ХVІІ ғасырдағы Англия 9
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12
Кіріспе
Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Батыс Европада орналасқан аты әлемге мәшһүр мемлекет. Бұл мемлекет «Үлкен жетілік» елдерінің құрамына және ядролық клубқа мүше ел болып табылады.
Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Қазіргі таңдағы ең жан-жақты жетілген әрі орнықты мемлекетті басқару жүйесі де осы ағылшындарда десек қателесе қоймаймыз. Сондықтан осы елдің мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн.
Осы жұмысымыз ағылшын-саксондық құқық жүйесін зерделеуге, оны ой елегінен өткізуге арналған. Сонымен қатар буржуазиялық мемлекеттің орнауына еңбек сіңірген Оливер Кромвельдің қарама-қайшылықты өмір тарихынан біршама хабардар боламыз және Англияның буржуазиялық кезеңге өтудегі тап болған тарихи қысылтаяң, тар жол тайғақ кешу заманасына көз жүгіртіп құқығының даму үрдісін пайымдаймыз.
1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкеріс бүкіл дүниежүзілік тарихқа әсерін тигізіп, халық өмірін жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды өнеркәсіптің ауыстырылуы және басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын. Корольдің билігі шексіз бол¬са да, ол парламентті таратқан жоқ еді. Англияның жергілікті өзін-өзі басқару органдары демократиялық принциптерін сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқан жоқ еді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999ж.
2. Булгакова Д. А. Истаев А. Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Алматы, 2004 ж.
3. Всеобщая история государства и права – Под ред. К.И. Батыра – М., 1993
4. Федоров К.Г., Лисневский Э.В. История государства и права зарубежных стран. Ч 1- Ростов на Дону 1994

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы 3
Төңкеріс алдындағы Англия 3
Төңкерістің орын алу себептері 5
Индепенденттік республика және Кромвельдің протектораты 8
революция және оның салдары 9
2 ХVІІ ғасырдағы Англия 9
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain
and Northern Ireland) — Батыс Европада орналасқан аты әлемге мәшһүр
мемлекет. Бұл мемлекет Үлкен жетілік елдерінің құрамына және ядролық
клубқа мүше ел болып табылады.
Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Қазіргі
таңдағы ең жан-жақты жетілген әрі орнықты мемлекетті басқару жүйесі де осы
ағылшындарда десек қателесе қоймаймыз. Сондықтан осы елдің мемлекеті мен
құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн.
Осы жұмысымыз ағылшын-саксондық құқық жүйесін зерделеуге, оны ой
елегінен өткізуге арналған. Сонымен қатар буржуазиялық мемлекеттің орнауына
еңбек сіңірген Оливер Кромвельдің қарама-қайшылықты өмір тарихынан біршама
хабардар боламыз және Англияның буржуазиялық кезеңге өтудегі тап болған
тарихи қысылтаяң, тар жол тайғақ кешу заманасына көз жүгіртіп құқығының
даму үрдісін пайымдаймыз.

1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы

Төңкеріс алдындағы Англия

1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкеріс бүкіл дүниежүзілік тарихқа
әсерін тигізіп, халық өмірін жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға
келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды
өнеркәсіптің ауыстырылуы және басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды
деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына
байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның
мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын.
Корольдің билігі шексіз болса да, ол парламентті таратқан жоқ еді.
Англияның жергілікті өзін-өзі басқару органдары демократиялық принциптерін
сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқан жоқ
еді. Феодализмнің капитализмге өтуін тоқтатқан және шектеген бірталай
жағдайлар болған еді. Оларды түсіндіру үшін орта ғасырлардың құқықтық
нормалары мен әдеттері туралы айтқанымыз дұрыс. Буржуазияның наразылығын
туғызған феодалдық монополиялар. Олар сауда қызметтерін еркін жүргізгісі
келетін, бірақ король патенттерінің бәрін өзі сататын. Ал патентсіз сауда
жасауға немесе өнеркәсіп ашуға бір де бір адамдарының құқықтары болмайтын
еді. Корольге патенттерді сатып өзінің қазынасын толтыратын осындай
жүргізген саясаты пайдалы екені анық.

ХVІІ ғасырдың басында Англия Еуропаның басқа елдеріне қарағанда
әлдеқайда жақсы дамыды. Ауқымды колониалдық отарлау саясаты, дамыған
мануфактуралық және жеңіл өнеркәсіп мемлекеттің әлемдік нарықтағы алғашқы
орындардың бірін иеленуіне жағдай жасады. Елде екі шаруашылық нысаны
сақталды: капиталистік және феодалдық. Капиталистік шаруашылықтың
артықшылықтары көп болды, себебі, қауымдық жерлерді жинақтаудың нәтижесінде
шаруаларды жаппай жерінен айыру процесі жүргізілді. Абсолютизм жерінен
айырылған мыңдаған шаруаларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмады. Ол
әлеуметтік тұрғыда былай көрініс тапты: мемлекет халқының оннан тоғыз
бөлігі парламенттік сайлауларға қатысу құқығынан айырылған тұлғаларды
құрады. Ер адамдардың тек оннан бір бөлігін ғана басқаруға қатыса алатын
джентельмендер, бюргерлер және ауқатты шаруалар құраған. Дворяндар табы да
өз құрамы бойынша біртектес болған жоқ: оларды ескі дворяндар және жаңа
дворяндар немесе джентри құрады. Жаңа дворяндар өзінің шаруашылық нысанына
байланысты буржуазия болып табылды. Халықтың әртүрлі таптары тартылған
революцияның болуына жағдай туды.

Төңкерістің алдында Англияның әлеуметтік жағдайы да өте қызық еді.
Олардың дворяндар топтары екіге бөлінетін. Бұндай жағдай басқа да Еуропа
мемлекеттерінде болған еді. Мысалы, Францияда дворяндар ескі және жаңа
дворяндарға бөлінеді. Бірақ Англиядағы жағдай ерекше қалыптасты. Жаңа
дворяндар джентри деп аталды. Олар ақсүйектерге жатпайтын, дворян атағын
сатып алушы адамдар еді, сондықтан олар жерлерін таза пайдаланғаннан басқа,
өнеркәсіппен немесе саудамен де айналысатын.

Төңкерістің орын алу себептері

Халықтың көпшілік бөлігінің және қалыптасып келе жатқан буржуазияның
көңілі толмауының себептерінің бірі болып І Карл Стюарттың (1600-1644 ж.ж.)
католик дініне сенетін француз ханшайымына үйленуі болды. Протестанттық
Англия корольдің бұл әрекетін Рим Папасымен одақтасуға ұмтылысы деп
түсінді.

Шиеліністің қатысушылары болып, бір жағынан, король, екінші жағынан,
корольге қарсы буржуазиялық оппозицияның жағында болған парламент табылды.
1628 жылы парламент корольге Құқық туралы петицияны ұсынды. Құжатта І
Эдуард пен ІІІ Эдуардтың заңдары бұзылғандығы аталып өтті, бұл заңдарға
сәйкес парламенттің келісімінсіз ешқандай салықтарды енгізуге болмайтын.
Сонымен қатар, петицияда жерге жеке меншікті патшаның шенеуніктерінің қол
сұғуынан қорғалмау фактісі көрсетілді. Ұлы еркіндік хартиясына сілтеме
жасай отырып, петицияда ешбір ағылшындық азаматтың сот үкімінсіз ұсталуына,
түрмеге қамалуына, жерінен айырылуына және қудалануына жол берілмейтіндігі
аталып өтті. Бесінші бапта, “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссияның”
(саяси трибунаның) қызметтері де жалпы құқық соттарына бағынбастан,
Хартияға қайшы келетіндігі көрсетілді. Сонымен қатар, петицияда солдаттар
мен матростардың бейбіт халықтың жанында орналасуына және әскери жағдайды
енгізуге қарсылық білдірілді. Мемлекеттің әдет-ғұрпына қайшы шығарылған
көптеген өлім жазалары және жоғарғы шенеуніктердің жазасыздығы да Петицияда
көрініс тауып, сынға алынды.

Оныншы бапта қорытындылай келе, төменгі палата парламенттің
келісімінсіз ешбір салықтарды енгізбеуді және ешкімді сотсыз қамауға
алмауды сұрады. Негізгі мазмұны бойынша Петицияда жаңа артықшылықтарды
бекіту емес, бұрынға құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру талап
етілді.

І Карл петицияны бекітуге мәжбүр болды — ол заңға айналды. 1629 жылы
король мен парламенттің арасында жаңа қақтығыс орын алды. Осы кезде І Карл
парламентті таратып, мемлекетті өзі жалғыз басқара бастады. Корольдің
үстемдігінің күшеюі елде революциялық жағдайдың туындауына алып келді.

Революциялық қозғалыстың идеологиялық негізі болып пуританизм
нысанындағы Реформация идеологиясы табылды. Пуританизм діни ағым ретінде
елдегі революциялық жағдайдан әлдеқайда ертерек пайда болған, алайда, ХVІІ
ғасырдың 20-30 жылдарында абсолютизмге қарсы оппозицияның идеологиясына
айналды. Революция барысында пуританизм біртіндеп жойылды.

Пресвитерианство ірі буржуазия мен ақсүйектерді біріктірді,
конституциялық монархия идеяларын уағыздады. Индепенденттік қауым орта және
ұсақ буржуазия қатарынан жақтаушыларды тапты. Жалпы алғанда олар
конституциялық монархия идеясына қарсы болмады, бірақ, парламенттегі өз
жақтаушыларының санын көбейту және еркін адамның ар-ождан және сөз
бостандығын тану үшін сайлау округтерін қайта бөлуді талап етті.
Левеллерлердің қозғалысы айрықша радикалдық сипатта болды, бұл қозғалыс
қолөнершілер мен еркін шаруаларды біріктірді, олар республиканың орнауын
және барлық азаматтардың теңдігін талап етті.
1629-1640 ж.ж. патша билігінің үстемдік құруымен сипатталды, себебі,
бұл кезде парламент таратылған болатын. Мұның нәтижелерінің бірі ретінде
Шотландиядағы қарулы көтерілісі табылды, шотландықтардың Англияға басып
кіру қаупі туды.
Әскери сәтсіздіктер және қаржының жетіспеушілігі І Карлды парламентті
шақыруға мәжбүр етті, бұл парламент 1640 жылдың 13-сәуірінен 5-мамырына
дейін жұмыс істеді және ол тарихта Қысқа парламент деген атқа ие болды.
Қауымдар палатасы патшаның шотландықтармен соғысын қаржыландырудан бас
тартты және І Карлдың саясатын талдап қарастыруға көшті. Жалғызілікті
басқару жылдарында І Карл парламентті таратып жіберді, осы әрекеті арқылы
ол өз жағдайын одан әрі нашарлата түсті.
Бұл парламентті патша 1640 жылдың қараша айында шақырды, ол 1652 жылға
дейін жұмыс істеді, сол себепті де, ол Ұзақ парламент деген атқа ие болды.
Парламент Конституциялық деп аталған революцияның (1640 ж. 3-қараша — 1642
ж. 22-тамыз) бірінші кезеңінің басталуына әсер етті. Ұзақ парламент
парламенттің патшаның еркіне қарамастан әрбір үш жыл сайын шақырылуын
көздеген үшжылдық акт және парламентті оның (парламенттің) келісімінсіз
таратуға тыйым салған акт сияқты маңызды құжаттарды қабылдады. Арнайы
актімен “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссия” таратылды.
1641 жылы 1-желтоқсанда Ұлы Ремонстрация қабылданды, мұнда Англиядағы
дін мен мемлекеттік құрылымды өзгертуге талпыныс жасаған “жаман ниетті
партиямен” ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы. Англиядағы буржуазиялық құқықтың дами түсуі
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
Лойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Ағылшын абсолютизмінің орнауы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы
Малайзия
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйелері
Пәндер