Бауырымен жорғалаушылар класы, жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы


Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар класы, жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы.
Мақсаты: практикалық маңызын және жалпы сипаттамасын оқу.
Дәріс жоспары:
1. Бауырменжорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы.
2. сыртқы құрылысы.
3. ішкі құрылысы.
4. практикалық маңызы.
Дәріс тезистері
Бауырымен жорғалаушылар - тек құрлыұта ғана тіршілік ететін нағыз омыртқалы жануарлардың тұңғыш класы. Бұл класқа жататын жануарлардың аяқтары қысқа немесе болмағандықтан, бауырын жерге тигізіп, жорғалап немесе иреленіп жүреді, сондықтан класс жорғалаушылар класы деп аталады.
Бауырымен жорғалаушылардың терісінде без болмайды, сондықтан мүйізді қабыршақпен қапталып, үнемі құрғақ болады. Өкпесі арқылы тыныс алады, жүрегі үш бөлікті (крокодилдерде - төрт бөлікті) . Зәр шығару мүшесі - бүйрек. Іштей ұрықтанады, жұмыртқа арқылы көбейеді.
Қазіргі кезде жорғалаушылардың 8000-нан астам түрі бар, олардың 150-ге тарта түрі бұрынғы КСРО 50ге жуығы, 150ге тарта түрі мен түрөзгерістері ХТҚО-ның, 37 түрі бұрынғы КСРО-ның, ал 8 түрі Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген.
Бауырымен жорғалаушыларды жіктеу.
{Дәріс конспекті} Осы заманғы бауырымен жорғалаушылар класы мынадай 4 отрядқа жіктеледі, олар: тасбақалар, құстұмсықбастылар қабыршақтылар және кроркодилдер. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлінеді.
І-класс тармағы. Алғашқы кесірткелер немесе ящерогадылар
1-отряд. Тұмсықбастылар
ІІ-класс тармағы. Қабыршақтылар
2-отряд. Қесірткелер
3-отряд. Хамелеондар
4-отряд. Жыландар
ІІІ-класс тармағы. Крокодилдер
5-отряд. Крокодилдер
ІҰ-класс тармағы. Тасбақалар
6-отряд. Жасырын мойындылар.
7-отряд. Бүйір мойындылар
8-отряд. Теңіз тасбақалары
9-отряд. Жүмсақ терілілер
Тасбақалар отряды. Жануарлар әлемінде өте ертеден тіршілік етіп келе жатқан, денесі үйекті-мүйізді және сүйекті-терілі сауытпен қапталған ерекше тобы тасбақал болып табылады. Бұлар көбінесе тропиктік аймақта тіршілік етеді. Қазіргі заманда тасбақалардың 250-ге жуық түрі бар, олардың бұрынғы КСРО-да, Қазақстанда 2 түрі мекендейді. Саны сиреп бара жатқандықтан, бұлардың 38 түрі мен түрөзгерістері ХТҚО-ның, 2 түрі бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітабына тіркелді. Қазақстанда ағысы жай Жайық өзені алқабымен, Арал өңірінен, Ырғыз және Тарғай өзендерінің аңғарынан батпақшыл тасбақаны, Оңтүстік Қазақстан аймағынан далалық тасбақаларды кездестіруге болады. Батпақшыл тасбақа батпақшыл жерлерде тоғандар, өзен-көлдерде мекендейді, суда жақсы жүзіп, сүңги алады, тіпті су астында ұзақ уақыт бола алады. Ол қорегін судан да, құрлықтан да табады, көбінесе бунақденелілер мен былқылдақденелілерді жейді. Батпақшыл тасбақалар қыста су қоймаларының түбінде қыстап, жұмыртқалау үшін су жағасына шығып, ұрпғын құрлықта өрбітеді. Далалық тасбақалар Арал теңізі және Балқаш көлінің төңірегінен жиі кездеседі. Олар құмдауыт, сазды шөл далада мекендеп, кейде егістіктер мен бау-бақшаға да енеді. Шөппен, бұталармен қоректенеді. Тасбақаның құрылысы ерекшелігін халық - «Асты тас, үсті тас, ортасындашандыр бас» деген жұмбақ арқылы дәл суреттеген.
Құстұмсықбастылар отряды. Осы заманғы жануарлар әлемінде тек бір ғана түрі тіршілік ететін жорғалаушы жануарлар тобы құстұмсықбастылар отрядына жатады. Олардың өкілі - гаттерия. Сыртқы көрінісі кесірткеге сай, тұрқы 76 сантиметрге дейін жетеді, аналығы 0, 5кг, аталығы 1кг тартады. Қорегін түнде аулап, тереңдігі 1м інде тіршілік етеді, ол інде дауылпаздың ұя салуы да мүмкін. Гаттерия бунақденелілермен, жәндіктермен қоректенеді, кейде дауылпаздың жұмыртқасымен және балапандарын да жеп қояды. Оның басқа жорғалаушылардан ерекшелігі-төмен температурада (6-18С) тіршілік әрекетә күшейе түседі. Қазан-Қараша айларында анадығы індегі ұясына терімен қапталған 8-15 жұмыртқа салып, жұмыртқадағы ұрық 12-15 айда дамиды. Ұрпағы баяу өседі, тек 20 жылдан кейін ғана жыныстық жағынан жетіліп, көбеюге кіріседі. Сирек кездесетін бірден-бір түр болғандықтан, гаттерия ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелген.
Қабыршақтылар отряды. Денесін тығыз мүйізді қабыршақ қапталғандықтан, жорғалаушылардың осы отряды қабыршақтылар деп аталады. Қабыршақтылардың 6600-ден астам түрі белгілі, олар 3 отряд тармағына жіктеледі, атап айтқанда: кесірткелер, қосбасарлар және жыландар.
Кесіртке отряд тармағы. Жорғалаушылар класындағы аса көп таралған жануарлар тобы, мұның 4000-нан астам түрі бар. Мекеніне қарай түсін құбылтатын құбылғы, өзімізге мәлім сұр кесіртке, агама, келес, игуана, сығыркөз, ұршықсап тәрізід көптеген жорғалаушы кесірткелер отряд тармағына жатады.
Кесірткелердің бұрынғы КСРО-да 80-ге жуық, Қазақстанда 30-ға жуық түрі мекендейді. Кесірткелер отрядына жататын 36 түр ХТҚО-ның, 19-ы бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітабына тіркеледі. Ал Қазақстанның Қызыл кітабына өте сирек кездесететіндіктен келес батбат, сарлан деген түрлері тіркеледі. Сарлан, аяғы болмағандықтан, кесірткеден гөрі жыланға көбірек ұқсайды.
Қосбасарлар отряд тармағы. Бұлардығ денесін қабыршақ қаптамац тұтас мүйізденген жұқа қабықша қаптайды. Қосбасарлар - алды-артына бірдей жүре алатын, аяқсыз, жылан тәрізді, топырақтан ін қазып, жер астында көбірек тіршілік ететін жорғалаушылар. Бұлардың 140-тай түрі бар деп есептеледі, бірақ бізде кездеспейді. Бір өкілі - қосбасар. Ол Оңтүстік Америка мен Орталық Америкада мекендейді. Жер астында өмір сүргендіктен, көзін терісі жасырып тұрады.
Жыландар отряд тармағы. Антарктикадан басқа жерлерге толық таралған жыландар отряд тармағында 3000-ға тарта түрі бар. Олардың 60-қа жуығы жұрынғы КСРО-да, 19 түрі Қазақстанда мекендейді.
Улы жыландарда бар, бірақ олар онша көп емес, дүние жүзіндегі улы жыландардың 400-ден астам түрі ғана улы, ал Қазақстан Республикасында улы жыландардың тек 4 түрі ғана мекендейді.
«Жыланның уы-басында, бейқамның жауы-қасында» деген халық даналығы бекер айтылмаған. У дегеніміз - түрін өзгерткен сілекей. Улы без жыланның басында, көзден кейінірек жатады. Жылан айыр тілі арқылы айналасындағы нәрселерді сезеді.
Қазақстанда сарыбас жылан, абжыландардың бірнеше түрі кездеседі, олар адам үшін онша қауіпті емес.
Крокодилдер отряды. Тұрқы 10 метрге дейін жететін ірі денелі жорғалаушылар - крокодилдер тропиктік елдерде ғана мекендейді, нілдік және жалды крокодилдер адам үшін өте қауіпті. Жүрегі төрт бөліктен құралады, көбінесе балықпен қоректенеді, жұмыртқа арқылы көбейеді. Крокодилдер отрядына 30- ға тарта түр бар, 3 тұқымдастан құралады. Олар: қолтырауындар, нағыз крокодилдер және гавиалдр.
Жорғалаушылардың адам өміріндегі пайда-зияны. Ұсақ жыландар мен кесірткелер зинды бунақденелілер кемірушілерді жеп, ауыл шаруагылығына едәуір пайда келтәреді. Бұлар тірі мақұлықтардың қоректік тізбегінде кәсіптік аңшылыққа ауланатын жануарлардың қорегі болуы арқылы табиғатта үлкен орын алады. Ірі денелі кесірткелердің, жыландардың, әсіресе тасбақалардың еті көптеген аймақтарда тағам ретінде пайдаланады. Сондай-ақ ірі кесіртке, жылан және крокодилдің терісі ежелден ақ алуан бұйымдар жасау үшін таптырмацтын шикізат болып табылады. Тіпті улы жыландар да адам үшін паййдалы, оның уы медицинада құнды дәрі-дәрмектер жасауға пайдаланылатындықтан, улы жыландар арнайы тәлімбақтарда өсіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz