Сопылық және сопылық жолдағы негізгі ұғымдар


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Ортағасырлық классикалық кезенде сопылық
  2. Сопылар рухани кемелдену жолында

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Сопылық және сопылық жолдағы негізгі ұғымдар турасында

Ислам дінінің көздеген мақсаты адамның бұл дүниеде де, ахыретте де бақытты болуы. Дүние айналып тұрған кезде адамдардың әрдайым бақытты болуын және қоғамның дамуын қамтамасыз ете отырып, жеке-жеке адамдардың да, қоғамның да қажеттіліктеріне жауап бере алатын шарттар қойып, дүниеде де, ахыретте де бақытқа кенелудің жолдарын ислам діні көрсетеді Ислам діні әкелген шарттардың мәні мынада: "Дүние үшін мәңгі өмір сүретіндей, ал ахырет үшін ертең өлетіндей еңбектен". Исламның тағы бір мақсаты адамдарға деген сүйіспеншілік, адам құқығына деген құрметті жүрекке орнықтыру арқылы қоғамдағы бейбітшілік пен тыңыштықты сақтау. Дін бұл мақсатта көптеген үкімдер қойған. Бір-бірін сыйлау, басқалардың құқығына қүрмет көрсету нағыз мұсылман болудың шарты болып табылады.

Мұсылман мемлекетін көркейтудің жолдары ғылымды, философия мен өнерді дамыту деп білген Мухаммед Пайғамбар ағарту, білім беру мәселесін бірінші кезекке қойған. Мұндай шаралардың нәтижесінде II ғ. /х. ж/ басында-ақ бүкіл дерлік мұсымман территорияларында ағарту мекемелері көптеп саналды. Осы ғасырда жалпы сауаттандыру жұмыстары жүрді. Көптеп салынған мешіттерде, медреселерде, мамандандырылған мектептерде кез-келген адам білім алып, дінді үйрене алды.

III ғ. /х. ж/ дейін мұсымман дүниесінде саяси билікке байланысты туындаған келеңсіз жағдайлар бұқара арасында тақуалық, дүниеден безушілік жағдайларын орнықтырды. Сопылық /тасаууф/ деп танылған ағымға ұласқан бұл өмір сүру кейпі ислам фидософиясын дамытқан улкен арнаға жалғасты. Жалпы алғанда ортағасырлық мистикалық философия сопылықпен тығыз байланысты болды. Ислам философиясын қалыптастырған қомақты мәселелердің бір саласын антикалық грек философиялық мұрасы құрады. Бұл сопылықтың шығу төркінін грек идеализмінен іздеуге талпындырды. Мәселен, алғашқы дәуірлерде сопылықтың онтологиялық мәселелері неоплатонизмнің эманациялық теориясымен түсіндірілді. Яғни, Платонның идеалистік теориясы неоплатонизмде мистикалық эманация ілімі формасын алды. Бұл ілімді ұстанған философтардың пікірінше, болмыс бірнеше сатыдан құралып, оның ең төменгі сатысы - материя, яғни жаратылғандар "әлемдік рухтың" сәулеленуі арқылы жүзеге асады. Рух одан жоғары есептеліп, ең жоғары саты - бірінші болмыс, яғни бірлік саналды. Бұл жоғары сатыға тәжірибе және ақыл арқылы емес, сопылық экстаз арқылы жетуге болады. Бұл эзотериялық теория оны түсінгендерге ғана арналды.

Дүниенің жаратылысы сұрағына жауап ретінде IX ғ. /х. ж/ өзінде сопы-философ Ибн Арабидің "уахдат ал-ужуд" ілімі қойылды. Сонымен бірге неоплатондық теорияға қосымша ретінде бірлік пен көптік қарым-қатысы мәселесі кірді. Ол теория бойынша, жаратылғандарға дейін бір Құдай болмысы бар. Оның бір екендігінде күмән жоқ. Оның қарама-қарсы екі негізі бар: ахадият және уахидият. Екеунің айырмашылығы мынада: ахадият - абсолюттік бірлік, бұл жерде көптілік ұғымының болуы мүмкін емес. Уахидият бөлінбейтін, біртекті болса да, көптік идеясы оған о бастан койылған. Мұны мынадай теңеумен беруге болады: ағаштың ұрығына бүкіл ағаш потенциялды түрде енгізілген тамыры, діні, бұтақтары, қабығы, жапырақтары, гүлдері мен жемістері/. Мұның бәрі ұрықта бөлінбестен өмір сүреді. Осылайша уахидиятга бірлік болмысына көптілік идеясы қойылды.

Алайда сол ғасырларда-ақ сопылықтың ислам діні шыққан ғасырда қалыптасып, тек исламдық қағидаларға негізделгенін көптеген сопы-ойшылдар алға тартты. Ал-Қушайри, Ат-Туси, Калабази сияқты сопылық туралы жазған ойшылдар сопылықты келімсек философиялық ағымдардың ықпалында қалып қойды деп сонау II және Ш ғ ғ. /х. ж. / мәлшдеген еді. Дәлел ретінде Калабазидің "сопы /мутасаууф/ деген кім?"-деген сұрақтарға қатысты этимологиялық айғақтарын келтіруге болады.

Алғашқы дәуірлерде діни-мистериялық элементтер, мысалы, құдайға деген толық сүйіспеншілік /махаббат/, оны шексіз сағыну, оған жақындауға ұмтылу пайда болып, бұл сопылық идеологияны ерекшелеп айшықтады Қүдаймен байланыс таным, зерттеу, шабыт /илхам/, экстаз жолдарымен жүзеге асырылды. Илхам-құдайдың сопы жүрегіне қүятын нұры. Сол арқылы адам Құранның құпия мағынасын түсіне алады делінді.

Ортағасырлық классикалық кезенде сопылық

IV-V ғ. ғ., х. ж. сопылықта қалыптасқан дәстүршілдік негізінде сопылық ілімі /илм ат-тасаууф/ негіздері қаланды. Барлық түрк-ислам мемлекеттерінде сопылық дүниетаным беделге ие бола бастады, сопылық тариқаттардың басшылары құрметтелді. Сопылар қүдаймен тікелей тілдесуді мүмкін деп тапты. Олардың мақсаты-рухани жетіле отырып, құдайға рухани көтерілу болды. Сопылар үшін ең бастысы - мистикалық таным жолымен жүру. Бұл таным жолбасшының болуын талап етті. Осыңан "уилая" ұғымы келіп шықты. Бұл рухани басшылар шайх немесе пір деп аталды. Шайх қарамағындағы адамдар /мүридтер, шәкірттер/ оз еркін шайхқа берген адамдар. Шайх көптеген дегдарлық элементтерін қолдануды талап етті. Одан кейінгі рухани жаттығулар мүридті бейнелі, символдық ойлауға алып келді. Сол арқылы мүрид қайта ерікті иеленіп, қандай болмасын рухани кемелдену жолындағы кедергілерге қарсы тұра алады.

Осы сияқты сопылыққа тән тылсым әлеммен байланыс орнатуда қолданылатын символизм, бейнелі дүниетаным мүсылман әлеміне тән көркем мәдениет ерекшелігін қалыптастырды. Мұсылмандық ортағасырда діни мақсаттардағы құрылыстарды /мешіттер, медреселер, кесенелер/ салуға үлкен көңіл бөлінгені белгілі. Мұнымен бірге ислам мәдениетінің екінші дамыған саласын бейнелі тіл, бейнелілік сипаттағы поэзия құрады. Сопылыктың тікелей ықпалымен қалыптасқан мұсылман әдебиетіндегі бейнелеу тілі бүкіл түркілік-парсылық әлемді қамтыды.

Егер XIII ғ. /м. ж. / дейін мұсылман әлемінде классикалық философиялық трактаттар жазылған болса, бұдан кейін философиялық шығармалар сопылық сарында жазылды. Философиялық ой-пікір сопылықтағы көркем бейне, аллегория, тұспалдап сөйлеу арқылы көріне бастады. Мұсылмандық шығыстағы ХІІІ ғ. /м. ж. / сопылық /яғни философиялық/ әдебиет бірқатар сопы-ақындардың есімімен байланысты болды Солардың қатарында Фаридаддин Атгар, Абдуррахман Жәми, Омар Хаям, Ф. Кашани, Ибн Адхам, т. б. атауға болады.

Өзіндік ерекшелігі бар сопылық әдеби ағымның қалыптасып, бүкіл шығыстың поэтикалық шығармашылығына әсер ету себептерін зерттеушілердің еңбектерінен тереңінен іздестіру керек. Сопылық поэзия негізін сопылыққа тән "сама" құбылысынан бастау керек сияқты.

"Сама" /араб т. -есту/ - бұл сопылық сүхбаттар барысында саз сүйемелімен өлең айту, келе-келе ол мүсылман әлеміне жалпы таныс дәруіштік зікірге ұласқан. Фиких, мутаккаллимдер тарапынан қиыншылықтарға ұшырағанына қарамастан "сама" сақталды, дамытылды және оған қатысты көптеген еңбектер жазылды.

Сопылық тарихшылары "сама" мәселесіне көп мән берсе де, бұл дәстүрдің қашан пайда болғанын анықтауға тырыспаған. Алайда Е. Э. Бертельстің бұл мәселе турасында жан-жақты қарастырылып талданған жорамал-пікірлері бар. Құранды қырағатпен әндетіп салу дәстүрінің исламның алғашкы ғасырында-ақ шыққаны белгілі. Осыдан келіп, көркем дауыс пен кұлаққа жағымды өлең айту дәстүрі бүкіл шығыста өте жақсы қабылданғандығы мәлім.

Өлеңнің адамға қатты әсер етуі сопылардың оған назар аударып, өз мақсаттарына қолдануға бейімділік танытқанын түсінуге болады. Мәселен, сопылықты ізденушінің өмірінде маңызды орын алатын "хала" - бұл дүниеден безу тудыратын бір сәттік нұрлану. Сопылар хала жағдайының өлең тындаған сәтте туындайтын экстатикалық хал екенін түсінген. Осылайша сопылық сама пайда болып, әңді ғүрыпқа енгізу жолымен ол заңды негізге /дінде/ ие болды. Хижраның II ғ. бұл термин қолданыста болған /Халладж сөздерінде бар/.

Сопылықтың ірі қайраткерлері Джунайд, Сари Сакати, Зун Нун Мысри, т. б. сама дәстүрін өте жақсы қабылдаған Шибли мына өлең жолдарынан экстаз жағдайына түскен:

Мен Салманы сүраймын, жоқ па екен оны білетін,

Оның мекен-тұрағын бар мекен біліп-айтатын?

Бұл жолдар араб поэзиясында көптеп кездесетін насибалардан алынған. Яғни, мүндай поэзия сопылық орталарда кеңінен мақұлданды және қолданыдды.

Поэзия сопылық сүхбаттардың негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Арнайы мақсатта жазылған өлең мен символдық негізде бейнелер шеңберін бір арнаға түсіріп, жүйелеп, символдық лирика жасау кажетплігін туындады.

Сопылықтың парсы жеріне, Хорасанға көшіп, астанасы Нишапур қаласының болуы хижри V ғ түспа-тұс келеді. Парсы жерінде сопылықтың пайда болуын Ибрахим ибн Адхам /776-783/ атымен байланыстыратын болсақ, онда сопылық бұл жерде IX ғ. /х. ж/ тарағанын құптау керек болады. IІІ ғ. /х. ж. / Хорасан дәруіштерге толып, олар үстіне қойдың терісін жамылды, бастарына ақ сәдде киіп жүрді. Олардың насихат әрекеті үшін ерекше тіл қажет болды және ол тіл барлығына түсінікті болуы керек еді. Парсы тілін көңіл-күйдің қыр-сырын бере білетін араб сопы-ақындарының тіліне бейімдеу керек болды. Бұл турасында жазба мәдениет хабарламайды. Дегенмен, сопылықтың бұқараға әсер ету тәсілі ретінде поэзияға барғандығы күмән туғызбайды. Алайда түсінікті болу үшін халықтық әдебиеттегі дәстүрлі сезімді лирикаға негізделген "әдеби" поэзияға келу керек болды. Араб және парсы лирикаларының айырмашылығы міне осында. Парсы сопылық лирикасы халықтық поэзияға жақын болды, да формальды және суық сезімге негізделген араб сопыларының поэзиясынан сонысымен ерекшеленді.

Қатал логикалық ой, қабілетсіз жерде өнер саласы қабілетті болып жатады. Поэзия көңіл-күйге тікелей әсер етіп, іштегі сезімді дәл бере алады. Мысал ретінде Баба Кухи "Диуанынан" төмендегі үзінділерді бере кетсек:

"Бақытгы жүлдыз арқасында бақыт таңы атылды,

Сырдың жарқын күні бақылауға жүзі бұрылды.

Таңсәріде Сенің ізгілігіңмен "қақпа ашылды",

Күн сияқты алдымнан жүздесуге есік ашылды".

Омар Хаям "Рубаятынан" үзінді:

"Жүзім сабағы Рухты сілкіндіртті, егер де Ол

Менің де болмысымды сілкіндірте алар

Сопы осылай еркшсінсін,

Темір болмысымнан кілт істесін,

Бұл кілт есік ашар, бірақ онсыз жылар ол ".

Бұл айтылғандармен қоса, сопылық лириканың туындатқан тағы бір бағыты - IV-V ғ. ғ. /х. ж/ пайда болған сопылық философиясын айта кету керек. Бұл философияның теориялық трактаттарда баяндалуы қауіпті болар еді. Халладждың жазалануы сопылардың ойынан еш кетпеді. Символдар сөздігі сопылар үшін тиімді тәсіл болды. Өйткені ол арқылы кез-келген ойлар мен көзқарастарды білдіруге мүмкіндік туды. Баба Кухи, Ахмад-и Жам, Абд ал-Қадир Джилани сияқты авторлардың кене сопылық диуандарының символикасын зерттеу мүлде күтпеген тосын нәтижелер берді. Бұл авторлардың еңбектерінде жетілген философиялық жүйені байқауға болады. Оның негізінде сопылық философияның ойшылдары Ибн ал-Араби мен Садр ад-Дин Коневи еңбектерімен бір сарында екендігін аңғаруға болады.

Сопылық мәтіндерді түсіну және талдау қиындығы оның терминологиясынан туындайтыны белгілі. "XIII ғ. бастап мұсылман дүниесінде философиялық трактаттардың жазылуы тоқтап, философиялық ой сопылықпен тұмшаланды немесе аллегорияларды, астыртын сөздер бүркемеленді" -, деген Е. Э. Бертельстің сөзін еске алсақ текстологиядағы бұл қиындықтың себебі ашылады. Өйткені, сопылық тек теория ғана емес, ол эзотериялық теория.

"Құдайға шынайы сену және оны тану арқылы адамның өзін-өзі тануы ортағасырлық мәдениеттің басты идеясы болды. Осы негізде нағыз ақиқат болып есептелетін құдайға жүрегімен сенушілік ортағасырлық адамның дүниетанымы, философиялық-этикалық нормалары мен әлем туралы ғылыми түсініктер жүйесін қалыптастырды. Шығыстың сопылық ағымында құдайға сенушілік адам мен әлемді танудың сыртқы, символдық формасы ретінде көрінді. Сопылық философия поэзия, әдебиет тілі аллегорияларга, екіүштылық емеурінге толы астарға бай болып келеді Ойлаудың бұл тәсілі ойшылдарды алдыңғы қатарлы ойлары мен дүниетанымын бүркемелеп түрды. Осы дәуірдің көптеген шығыс ойшылдарына /Руми, Хафыз, т. б. / тән ойлаудың осындай тәсілін символдық рационализм деп атауға да болады" - деген ғалым Ә. Нысанбаевтың пікіріне қосыла отырып, бұл сопылықтың түсінуге болатын жағынын символдық формасы деп түйіндейміз.

Сопылар рухани кемелдену жолында

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Яасауи
Диуани Хикмет туралы ақпарат
Қожа Ахмет Йассауи өмірі
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Ислам сопылығы
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Диуани хикметтегі сопылық жайлы хикмет
АХМЕТ ЯСАУИ ІЛІМІ ЖӘНЕ СҰЛТАН ВЕЛЕД ДҮНИЕТАНЫМЫ
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz