Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жаһанданудың қазіргі үдерісі, отандық білім берудің әлемдік білім кеңістігіне енуі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы жеке тұлғаның жалпы коммуникативті мәдениеті маманның коммуникативті құзырлығы қалыптасуы түрлі тұжырымдарын алуда маңызды нәтижелердің бірі болып табылатындығы - білімнің халықаралық дәрежесінің жоғарылауына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің әр жылдардағы Жолдауларының арасында өте тығыз байланыс бар. 2004 жылғы Жолдауында: « . . . ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі тікелей оның білім беру деңгейімен анықталады», - десе, 2005 жылғы Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Білім деңгейін жетілдіріп, дамытпаған ел ХХІ ғасырда жоқ болып кетуі ықтимал». 2006 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», - деп қадап айтса, 2007, 2008, 2009, 2010 жылдардағы Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен іскерлік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі» - деп атап көрсетті.

Қазіргі кезде студенттерді оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жүйесін қалыптастырудың жолдары жетілдірілуде.

Оқу үдерісін мүмкіндігінше сапалы жетілдіру білім беруді ақпараттандыру мен оқыту үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыруға байланысты. Соңғы кездегі ғылыми және практикалық зерттеулерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамзат танымының әдіснамалық бағыттағы ең негізгі нысаны болып отыр.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғылымда және практикада, түрлі білім беру және өндіріс салаларында өз орнын тауып, жоғары оқу орындарының да оқу үдерістерінде кеңінен қолданыс табуда.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды адам іс-әрекетінің барлық саласына ендіру білім беруге қойылатын жаңаша талаптарды айқындай түсті. Білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттерді (И. Г. Захаров, A. A. Кузнецов, В. М. Монахов, В. И. Пугач, И. В. Роберт, Е. Ы. Бидайбеков, Т. О. Балықбаев, С. Кариев, Г. Т. Жангисина, М. Мәлібекова, Қ. С. Әбдиев, С. А. Исаев, С. М. Кеңесбаев, К. М. Беркімбаев және т. б. ) талдау танымдық операцияларды басқару үдерісіне, жоғары оқу орындары пәндерінің оқыту мазмұны, әдістері, орталары, оқыту формалары, функциялары, психологиялық-педагогикалық сипатының жаңа құрылымдарға ие болатындығын көрсетеді.

Ақпараттық қоғам жағдайындағы білім беру жүйесінің басты талаптары мен жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінің нәтижелерін ескере отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бүгінгі күннің басты талабы, ал оның негізгі техникалық және педагогикалық мүмкіндіктерін дамыту маңызды болып

саналады, сонымен қатар, одан әрі зерттеуді қажет етеді.

Жалпы құзырлықтың мәні, кәсіби құзырлық және оның жіктелуі мәселелерін А. Дорофеев, В. С. Кульневич, Г. Селевко, Л. А. Петровская, Т. Е. Исаева, А. В. Хуторской, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, В. Д. Шадриков, Г. Ж. Менлибекова, Б. Т. Кенжебеков, Дж. Равен, С. И. Ферхо, Ю. Г. Татур, И. А. Зимняя, В. Байденко, С. Е. Шишов, Ш. Таубаева және т. б. өз еңбектерінде қарастырады.

Білім берудің нәтижесі ретіндегі құзырлық мәселесі саласында М. Ж. Жадринаның, Д. П. Мучкиннің, А. Арғымбаеваның, К. Л. Кабдолова мен Г. У. Кунакованың, Г. Қасымованың, Б. А. Тұрғынбаеваның, Л. Волкованың, Р. Дәулетованың, А. Жұмабаеваның және т. б. еңбектерін атауға болады.

Тұлғаның бәсекеге қабілетті моделінде маңызды құраушылардың бірі кәсіпқой маманға ақпараттар ағынында табысты бағдарлануға мүмкіндік беретін, іскерлік пен мәдениетаралық байланысты орнататын шетел тілін меңгеру болып табылады.

Шетел тілдерін оқу пәні ретінде оқыту кеңестік кезеңнен бастап, негізінен орта мектепте жүзеге асырылған. Осы бағытта көптеген педагог- ғалымдардың еңбектері (Пассов Е. И., Старков А. П., Комков И. В., Гез Н. И., Рогова Г. В., Рахманов И. В., Маркова Т. В. т. б. ) жарық көрді. Олардың негізгі мазмұны мектепте шетел тілдерін оқытудың мазмұнын анықтау, оқытудың әдістемесін нақтылау, оқытуды жетілдіру, т. б. бағыттарға арналған.

Қарым-қатынас және коммуникация мәселелерінің философиялық аспектісін Э. В. Ильенков, М. С. Каган, В. Н. Садовский, Г. П. Буева, Д. М. Гвишиани, И. С. Кон, В. М. Соковин еңбектерінде қарастырылған.

Комуникацияның психологиялық құраушы феномендері Э. Ф. Зеер, А. Г. Ковалев, К. К. Платонов, И. Е. Шварц және т. б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылған.

Педагогикада педагогикалық қарым-қатынас және коммуникацияға дайындықты қалыптастыру мәселелері М. Е. Дуранов, В. А. Кан-калик, В. И. Загвянскийдің еңбектерінде қарастырылған. Шетел тілдік кәсіби- бағдарланған қатынасқа үйретудің ерекшелігі В. И. Андреев, О. О. Смирнова, И. И. Халеева, И. В. Ханин және т. б. зерттеулерінде ашық айтылған.

Негізгі құзырлықты қалыптастыру технологиясын А. В. Хуторский, М. В. Рыжанков, Н. Хомский, Дж. Равен, Х. Холек және т. б. жасап шығарған.

Қазіргі күнге дейін болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісінде коммуникативтік құзырлығын шетел тілін оқытуда заманауи білім беру технологияларын пайдаланып оқыту арқылы қалыптастыру аспектісіне жеткілікті көңіл бөлініп, ғылыми тұрғыда теориялық және практикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Коммуникативтік құзырлықты қалыптастыру мәселесін ғылыми зерттеу жеткіліксіздігіне байланысты:

-іскерлік және мәдениаралық коммуникативтік байланыс машықтарын жеткілікті игерген, бәсекеге қабілетті мамандардың кәсіби қажеттіліктері мен сапалы кәсіби қатынас пен байланысқа болашақ мамандарды дайындау деңгейі арасында;

  • болашақ мұғалімдердің білім алуын белсендендіруге, қарқындатуға

бағытталған талаптар мен болашақ мұғалімдерге шетел тілін үйретудің дәстүрлі әдістемелері арасында;

- болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлы деңгейіне бағытталған мемлекеттік стандарт талаптары мен болашақ мұғалімдерге шетел тілін оқыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі арасында қарама-қайшылықтар айқындалды.

Жоғарыда аталған қайшылықтар зерттеу проблемасы мен тақырыпты анықтау: «Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру» деп алуға негіз болды .

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау.

Зерттеу пәні: болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын шетел тілін оқыту барысында қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу мақсаты: болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, мазмұны мен әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру моделі жасалып, педагогикалық шарттары айқындалса және оларды шетел тілін оқыту үдерісі барысында білім беру бүгінгі технологиялар негізінде жасалған әдістеме арқылы жүзеге асырылса, онда болашақ мұғалімнің коммуникативтік құзырлығы артады, ал, бұл болса оған меңгерген білім, іскерлік, дағдысын кәсіби іс-әрекетінде тиімді пайдалануда септігін тигізеді.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
  2. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
  3. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
  4. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың мазмұнын анықтап, әдістемесін жасау және оны тәжірибелік-эксперименттік жүйеде тексерістен өткізу.

Жетекші идея: болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлықтарын кәсіби даярлау үдерісінде шетел тілін оқытуды жетілдіру арқылы қалыптастыру олардың кәсіби белсенділігін, кәсіби біліктіліктері мен коммуникативтік құзырлығын қалыптастыруда ықпал етеді.

Әдіснамалық және теориялық негіздер: Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, политехникалық және кәсіптік білім беру, оқыту әдістемесі мен теориясы, кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ) ; Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары, педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; филология саласындағы ғылыми еңбектері.

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер) ; әлеуметтанулық (сауалнама) ; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің кезеңдері: Бірінші кезеңде (2006-2007 жж. ) зерттеу проблемасы бойынша болашақ мұғалімдердің шетел тілі бойынша білім, біліктерінің параметрлері анықталды, теориялық зерттеулер жүргізілді, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды, ғылыми және ұғымдық аппараты анықталды, гуманитарлық - ақпараттық пәндердің мазмұнына ендірілетін материалдар сұрыпталды, тәжірибелік -эксперимент жұмысының анықтау, қалыптастыру кезеңдері жүзеге асырылды, болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастырудың құрылымдық моделі құрастырылды, педагогикалық шарттар анықталды және болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығының қалыптасу элементтерін жүйесі нақтыланды.

Екінші кезеңде (2007-2008 жж. ) қалыптастыру эксперименті жалғасын тапты, болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда шетел тілін оқыту үдерісінде информатика, кәсіптік білім мамандығы болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру жолдары айқындалды, арнайы пәндер бойынша әдістемелік нұсқаулар жасалды, арнайы курс бағдарламасы даярланды, ғылыми нұсқаулар берілді.

Үшінші кезеңде (2008-2009 жж. ) бақылау тәжірибелік-эксперименті өткізілді, зерттеу барысында алынған нәтижелер өңделді, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар жасалып, диссертация талапқа сай рәсімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:

1. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың мәні және мазмұны анықталды.

2. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.

3. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттар жиынтығы анықталды.

4. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың әдістемесі ұсынылды, және ол эксперимент жүзінде тексерістен өтті.

Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері.

Студенттiң кәсiптiк бiлiмдi игеруге, кеңейтуге iштей дайындығына: алынған ақпаратқа студенттiң көзқарасы және танымдық әрекет процесi туралы пiкiрi, жеке тұлғаның белгiлi бiр қасиет деңгейiне, дәлiрек айтсақ жауапкершiлiк сезiмi, орындаушылық және ұйымдастырушылығы, мақсаткерлiгi және талап қойғыштығы, еңбекқорлығы мен тәртiптiлiгiн жатқызамыз.

Кәсiптiк бiлiм мен дағдысы қалыптасты деп мына жағдайда айтамыз: студент кәсiптiк бiлiм мен дағдыны қажетсiнуi, игеруге ұмтылуы, оқу процесiне қызығушылығы, кез-келген оқу-танымдық iс-әрекеттердi орындауға белсендi болуы.

Қазiргi практика көрсетiп отырғандай, оқу орнын бiтiрген жас маманның өз iсiн заман талабына сай ұйымдастыра алатындай дәрежеде болуы оның тек теориялық және практикалық даярлығына ғана емес, сол сияқты оның жеке басының белсендiлiк, бейiмделгiштiк, iзденiмпаздық қасиеттерiне де байланысты.

Белгiлi писхолог Л. С. Рувейнштейн, … қандай болмасын бейiмдiлiктi қалыптастыру үшiн iс-әрекеттiң белгiлi бiр түрiне байланысты өмiрлiк қажеттiлiк туғызу керек, -деп жазды өз зерттеулерiнде (2-30 беттер) .

Қазiр елiмiзде жоғары бiлiм саласы барлық деңгейде iлгерi дамудың жаңа серпiнiне ие болды. Соңғы жылдары мемлекеттiк емес бiрқатар жоғары оқу орындары ашылды. Олар осы заманғы талаптарға толық жауап бередi. Және маман кадрлар даярлау жөнiнде мемлекеттiк жоғары оқу орындарынан бiрде кем түспейдi. Ғасырлар тоғысы қарсаңында Қазақстан Республикасында жоғарғы бiлiм жүйесiн демократияландыру процесi жүрiп жатыр, ол елiмiздiң өзiндiк ерекшелiктерiн мұқият ескере отырып, нарықтық қатынастар жағдайында барған сайын бейiмделiп келедi.

Бiлiм берудiң бүкiл жүйесiн таяуда 20-30 жыл iшiнде одан әрi жетiлдiре түсудi айтқан елiмiздiң президентi Н. Ә. Назарбаев.

Әл-Фараби атындағы қазақ Мемлекеттiк ұлттық университетiнде 1998 жылғы 5-қаңтарда сөйлеген сөзiнде көрсетiп бердi. Бiлiм берудiң бұл кезеңiндегi басты сипаттары оның тұтастығы, оқытудың мазмұны мен сапасына қойылатын мемлекеттiк талаптардың бiрегейi, икемдiлiгi мен көпдеңгейлілігі, мазмұнын жақсарту диферсификациялау, бiлiм жүйесiн басқаруда демократияландыру болуға тиiс…оқу орындарын қаржыландырудың, бiтiрушiлердi бөлу мен оларды әлеуметтiк жағынан қорғаудың бiлiм жүйесiн әлiмдiк бiлiмнiң кеңiстiгiне интеграциялаудың принципi жағынан жаңа механизмдерi енгiзiлуi керек (5-7 б. ) .

Жоғары бiлiмдi мамандар дайындаудың бұрыннан бар дәстүрлерiн жалғастыра түсiп, оңды тәжiрибесiн пайдалана отырып және оларды жаңа талаптар тұрғысынан қарастыра келiп, Қазақстан Республикасының бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мамандар даярлаудың түрлерi мен тәсiлдерiн жетiлдiре түсу жөнiнде мақсаткерлiк жұмыс жүргiзiп келедi. Егер бұдан бұрын бiздiң жастарымыздың бiр бөлiгi Ресейдiң жоғары оқу орындарында ғана оқып келген болса қазiр дүние жүзiнiң көптеген жетекшi елдерiндегi жоғарғы оқу орындарында бiлiм алады. Мысалы: 1997 жылы 1800-ден астам қазақстандық, соның iшiнде президенттiң болашақ бағдарламасы бойынша 185 жас шетелдерде оқыды. Мiне, мұның өзi ең алдымен елiмiздiң егемендiк алуының және мемлекет басшылығы жүргiзiп отырған дұрыс саясаттың жемiсi болып табылады.

Кәсiптiк бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк тiл ахуалының сын көтермейтiндiгi де шешуiн таппай келе жатыр. Үнемi Ресей үлгiсiндегi мазмұнға табынып, ұлттық мәселелердi айналып өте берсек, кәсiптiк бiлiмнiң мазмұны деген ұғымды ұлттық компонент қабылдайтын болсақ, Ресей академиясынан айырмашылығымыз қайсы (6-74 б. ) . Осы сынды бүгiнгi таңда көтерiп отырған проблемалар арқылы баспасөздерде түрлi интернет желiлерiнде ақпараттар тарау арқылы адамдардың санасына сiңiп, яғни белгiлi бағытқа бейiмдейдi. Осылай бейiмделуден кем-кетiктердiң орны толастап, қоғамымыз орнына түседi.

Орта кәсiптiк бiлiм берудегi қазақ тiлiндегi бiлiм алуға сұраныс қазақ тiлдi оқу топтарының бүгiнгi ахуалы қазақ тiлiнде дәрiс оқу, кәсiптiң тарихын оқыту арқылы қолдану аясын кеңейту. Қос тiлдiлiк және көптiлдiлiк гуманитарлық емес оқу орындарында кәсiптiк бiлiм берудiң гуманитарлық бағытын күшейту, кәсiп игерту iсiне мәдени тұрғыдан келу, студент жастарға этномәдени бiлiм беру т. б. рухани мәдени қажеттiлiктерiн қанағаттандыру сияқты ауқымды да көкейтестi мәселелер кәсiптiк бiлiм мазмұнының құрамдас бөлiгi болып табылады.

Сонымен қатар қазiргi таңда жоғарғы оқу орындарында инновация әдiстерi қолданысқа келуде.

Бұл жүйе кредиттiк технологияға ауысқан оқу орындарында кең көлемде қамтылып, уақыт озған сайын тұрақтанып келедi.

Қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi инновациялар мен реформалар (1-30 б. ) тақырыбында өзектi мәселелер қозғалған. Мұның барлығы ұжымдық бейiмделудiң көрiнiсi деуiмiзге толық негiз бар. Ең алдымен жүзеге асқан инновацияның бiрi көпсатылы бiлiм беру идеясы.

Компьютерлік технология - оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.

Ең алдымен компьютер оқытушыға білімгерлердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыруына жәрдем береді. Ол үшін мынандай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады.

1. Сұрақ-жауап диалогы.

Білімгерлер сұраққа құрылған лексика-граматикалық материалдар негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.

2. Таңдамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма. Компьютерге жауап беру үшін білімгер ұсынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет.

3. Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік түзету.

4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар.

Компьтер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады. Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде беріледі, немесе компьютер ұсынған жауаптардың нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз тіркестермен толықтырылады.

5. Сөздік меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.

Бұл жаттығуларды орындау кезінде төмендегі нұсқалар пайдаланылады:

- сөздердің синонимдік пен антонимдік қатарын тауып алуға көмегін туғызады.

Қазіргі кезде белгілі болып отырған компьютер арқылы оқытатын арнаулы мынадай бағдарламалар бар: А) Уордсток (сөздікпен жұмыс жасау бағдарламасы) ; Ә) Мэтчмастер (сәйкестіктерді іріктей алуға дағдыландыруға арналған бағдарлама) ; Б) Чойсмастер (варианттарды іріктей алуға дағдыландыратын бағдарлама) ; В) Клоузмастер (бос орынды қажетті жауаппен толтыру дағдысын қалыптастыруға арналған бағдарлама) ; Г) Кроссводмастер (кроссвордтарды толтыруға үйрететін бағдарлама) ; Д) Юнисаб (сөз немесе сөз тіркесін, дыбысты алмастыруға дағдыландыру бағдарламасы) ; Е) Юнилекс (Мәтін бойынша сөздікпен жұмыс жасау бағдарламасы) ; Ж) Гэпмастер (жіберілген бос орындарды толтыруға дағдыландыру бағдарламасы) ; 3) Пинпойнт (іздену, шешу, табу дағдыларын қалыптастыруға арналған бағдарлама) ; И) Спидрид (білімгерді шапшаң оқуға дағдыландыратын бағдарлама) ; К) Сториборд (мәтінмен жұмыс жасауға арналған бағдарлама) ; Қ) Тестмастер (сұрақ-жауап формасындағы тест алуға арналған бағдарлама) .

Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісінде коммуникативтік құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану деңгейін практикалық зерттеу келесі бағыттарда жүргізілді:

- мотивтік, эмоционалдық және ұйымдастырушылық факторларды ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар орталарының құралдық және бағдарламалық құрылымын анықтау;

- оқыту әдістерін сұрыптау;

- бақылау және эксперименттік топтарда оқу және бақылау сабақтарының кешендерін дайындау және жобалау;

- студенттерді оқыту үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру технологиясын жасау;

- алынған нәтижелерді статистикалық және педагогикалық талдау.

Оқытудың түрлі параметрлерін болжау үшін келесі әдістер қолданылды: әңгімелесу, сауалнамалар, бақылау, тесттер, дербес және топтық бағалаулар, оқу және бақылау жұмыстарының орындалуын талдау.

Еңбек технологиясы бойынша компьютерлік сауаттылық, Жаңа ақпараттық технологиялар арнайы курстарын оқыту арқылы студенттердің коммуникативтік құзырлылығын қалыптастыру мақсатында жасалған әдістемелер, жүйені оқу үдерісіне ендіру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың бағыттары төмендегідей болып белгіленді.

- кәсіптік білім, информатика мамандықтары студенттерін оқытуға арналып жасалған оқу-әдістемелік, бағдарламалық кұралдарды пайдаланып эксперименттік топтарда Еңбек технологиясы бойынша компьютерлік сауаттылық, Жаңа ақпараттық технологиялар арнайы курстарын оқыту;

- студент білімі деңгейін бағалау үшін компьютерлік тест жүйесін жасап, оны оқу үдерісінде пайдалану;

- Еңбек технологиясы бойынша компьютерлік сауаттылық, Жаңа ақпараттық технологиялар арнайы курстары бойынша болашақ мамандар білім деңгейін бағалаудың қорытынды сатысы ретінде емтихан белгілеу;

- кәсіптік білім, информатика мамандықтары студенттерінің коммуникативтік құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың әдістемелік негіздерінің бір шарты ретінде авторлық бағдарламалық құралды пайдаланып студенттерге тест жасауды үйрету.

Төменде осы жұмыстардың нәтижелері баяндалады.

Кез-келген педагогикалық зерттеудің маңызды кезеңі педагогикалық эксперимент болып табылады. Біздің педагогикалық эксперименттік жұмысымыз жоғары оқу орындарының кәсіптік білім, информатика мамандықтары студенттерінің коммуникативтік құзырлылығын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыруды анықтау мақсатында жүргізілді.

Педагогикалық эксперименттің таңдап алынған әдісі кәсіптік білім, информатика мамандықтары студенттерінің коммуникативтік құзырлылығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптасса және болашақ педагогтардың коммуникативтік құзырлылығын қалыптастырудың ортасы ретінде оқу және арнайы курстардың мазмұны мен құрылымын ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру іске асырылса онда болашақ кәсіптік білім мұғалімдерінің коммуникативтік құзырлылығын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыруды көрсететін зерттеу болжамымен анықталады. Педагогикалық зерттеудің табысы - зерттеп отырған мәселенің практикада қалай қабылдануымен, сондай-ақ эксперименттің іске асқан мүмкіндіктері туралы айқын нақты материалдарды алуды қамтамасыз ететін әртүрлі педагогикалық зерттеу тәсілдерін қолданумен анықталады. Сондықтан зерттеуіміздің әдісін анықтауда біз жалпы педагогикалық әдістерді, атап айтсақ, әңгімелесу, мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану деңгейлерін талдау, экспериментке қатысатын студенттер мен оқытушылар арасында сауалнама, сұрау жүргізу әдісі, іздену және қалыптастырушы эксперименттің барысын бақылауды кеңінен пайдаландық.

Жүргізілген педагогикалық эксперименттің міндеттеріне мыналар кірді:

- кәсіптік білім, информатика мамандықтары студенттерінің коммуникативтік құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізгі идеялары мен бағыттары мәселесінің жағдайын зерттеу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы
Психологиялық бейімделу компоненттері
Студент жастардың әлеуметтену үрдісін психологиялық зерттеу
Студенттік шақ
Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Мамандық таңдауға дайындығы және кәсіби ниеті
Студенттің психологиялық сипаттамасы
Бейімделу алдындағы кезең
Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Ауыл жастарының қалаға әлеуметтік психологиялық бейімделуін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz