Абайдың қара сөздері


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Абайдың қара сөздері.
2. Абайдың қара сөзіндегі адамгершілік, моральдық жөніндегі өсиетері.
3. Абайдың қара сөзді жазған тіл ерекшелігі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.Абайдың толық жынаққда 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары - «қара сөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты белек шығама. Оың ң алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар он алтыншы, он сегізініш, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, отыз бірінші, қырық бесінші сөздері. Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын - қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала-очерк тәрізді. Қазаң халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу сияқты. Өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында «Ғақлиат тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіріліп жүретін дін, мораль мәселеліеріндегі Абайдың бір үлкен ой-толғауы болады. Бұл - отыз сегізінші сөз.
Осыдан соң қара сөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі Сократ пен оның шәкірті Аристодим әңгімесі. Бұл - жиырма бесіншісөз.
Көпшілік қара сөздердіен және де өзгешерек қалыптанған - Абайдың отыз Жетінші сөзі. Бұл бөлімше өзге қара сөздерше тұтас құрылған бүтін шығарма емес. Шартты түрде «отыз жетінші сөз» деп бір араға бастары құрылған афоризмдер саналады. Мүрсейіттің көшірулерінде және Абайдың толық жинақтарының бәрініе осы афоризмдер жиырма үш деп саналады. Анығынд, Абайдың афоризмдері бұлар ғана емес. Және жинақтарға басылғандай бір ғана 1896 жылда туған болмау керек. Әр жылдарда айтылған терең ойлы, шешен, шебер сөздерді 1896 жылы ең алғаш Абай шығармаларын құрастырушы шә-кірттері сол жылда түгелдеп еске алып отырып, ойда сақталғандарын осылайша «отыз жетінші» сөз деп мөлшермен, шартты бір шеңберге сыйғызған тәрізді. Афоризмдер Абайда жиырма үштен әлдеқайда көп екенін Абай оқу-шыларының бәрі де біледі.
Ақынның өз шығармалары ғана емес, Пушкиннен, Лермонтовтан және әсіресе, Крыловтан жасаған аудармаларының тұсында әр алуан өсиет, сын, мысқыл, әжуа, психологиялың, эстетикалық, педагогикалық жайлардан түйіп айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар аса көп кездеседі. Сондайлық бір-екі өлең жолының бойына сыйған тұжырымды көркем сөз Абайда көбінше афоризм боп қалыптанған.
Ал өз өлеңдеріне ауысақ, онда осылайша жазылып және жұртқа мол жайылып, нақыл-өсиет есбінде тарап кеткен талай өлең жолдары бар. Соның көбі және де Абайдың афоризмддерінің санын молайту керек. Ең ақыры, осы тұста бөлек тексеріліп отырған қара сөздердің өздерінің кейбіреулрінен де Абайдың шешен, шебер тапқыр етіп түйген сөйлемдері афоризм Қатарында оқушы жұртқа ертеден көп тарап кеткені бар.
Олар да «отыз жетінші сөзді» көп тың, , мысалдармен әлі талай тамаша бағалы афоримдерімен молайта алады.
Осылайша, жалпы Абай қара сөздерінің ішінен «отыз жетінші сөзді» де біраз ерекшелігіне қарап, бөліп шығардық.
Жоғарыда жасалған екшеулер бойьшша біз жеті сөзді қысқалық себебпен және өзге сөздерге де әр көлемдр айтылған пікірлерді қысқа түйіп, қайта дайнын болғандықтан, бір бөліп шығардық. О5ан соң Абайдың түгел өз сөзі болмағандықтан, аударма ретінде жиырма жетінші сөзді - Сократ сөзін бөлдік. Түр өзгешелігі бойынша «отыз жетінші сөз» афоризімдер жайын жеке қарадық. Және отыз сегізінші сөз - «Ғағлиат тасдиқатты» бұрынғы барлық қолжазбаларында бөлініп жүрген ретімен жалпы қара сөздерден бөлекше атадық. Тағы да тақырыбы ғылымдық мәселе болғаңдықтан, «қырық алтыншы сөз» - тарихтың очеркті де бөліп атадық. Осымен жиыны он бір сөз, (қара сөздер көпшілігінің қалпынан бізге басқарақ саналды. Содан ары қалатын Абайдың анық «қара сөз» атты мұрасың алғанымызда, олар отыз бес сөзден құралған болады.
Енді, ең алдымен, осы қара сөздің қалың тобын тақырып мазмұндарына қарад арнаулы жіктерге бөле отырып тексеріп, танып көрейік.
Жалпы алғанда, Абайдың осы барлық қара сөз дейтін, мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны боп қалыптанады. Бұлар сюжет шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.
Бұл шырармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбір сырт сипаттарына қарағанда, Лев Толстойдың «Круг чтеняе» деп аталатын еңбегіне ұқсас. Толстой өзінен басқа ойшылдардың көп-көп жайлардан жазған толғаулы терең пікірлерін жиып топтап, өз оқушыларына бірнеше кітап етіп ұсынған. Бірақ Толстой «Крут чтенияда» оқушылармен тыңыш, тату әңгіме өткізем дейді. Сөз бастағанда әрбір жайлардан өз ойларын келтірмейді.
Абайдың қара сезінде Сократтың сөзін, дін үгітшілерінің сөздерін келтіргендей етеді. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме-дүкен құрып отырған болады.
Осыдан соңғы қара сөздер жөнінде айқын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы - анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады.
Соңдықтан кейбір-қара сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылатын ойлар қарапайым, оңай, жеңіл ұғымдармен қайтадан айтылады. Бұл жөнде Абай өзінің көшпілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелеседі. Және сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық,, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық , еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе осылардай, адамдың, сипаттың жауы болатын, аярлық жалғаншылық, бәле құмарлық, мақтаншақтық, мансап-қорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік, әр алуан арам-тамақтық сияқты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлаңды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен. келтіреді. Кейде өзінің көз алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы күнделік болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге сайып, мысқыл, әжуа халдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет болумен бірге, көңілді айтылып, қызықты боп жетсін деген мақсатты ойлайды.
Өзінің адамгершілік әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда, Абай педаиюгиокалық жақсы әдісті қолданады. Оңайдан қалынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жаңдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Сатылап отырып үгіт-өсиет асырады.
Сонда тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі кеп. Кейбір терең өсиет, озғын ойлары бұның тыңдаушыларының анасына жетпеуте мүмкін. Сол себепті өлең сөздерінде ұзақтан, тереңдеп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік үлкен ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қара сөздеріңде оңайлатып, азайтып, қысқартып айтатыны да болады. Бұл ретте кей ақынның өлеңінде Кездеспетін қайшылықтар және тарихтық тар көлемді түсініктер көбірек көрінетін кездері де болады.
Оқушы мен көпшілік тыңдаушыларының өз тұсындағы сенім-нанымдарын еске алғандықтан, ақын дін тақырыбын көбірек сөз қылады. Әрине, оның өз нанымы өзгермейді. Сондықтан өлеңіндегі сияқты дінді адамгершілік мораль-дің, тәрбиенің қараңғылыққа қарсы, шартты түрдегі өткелі есебінде бағалайды.
Осындай негізгі түсінік (убеждение) Абайдың қара сөзінде де көрінеді. Бірақ осымен қатар мұсылман дініне иланған тыңдаушыларына құдайдың, пайғамбардың, иман, парыздардың жайларын көбірек айтады. Мынау оқушылармен әңгімелешенде өз ойына соларды көбірек серік етеді. Және өлеңнен қара сөздерді төменірек түсіретін тағы бір өзгешелік бар. Онысы: дін тұтынушылар мен би-болыс, атқамінерлер жөніңдегі аса аяусыз, сыншы, жазушы болған қалпын Абай қара сөздерде біраз жеңілейтіп, ашуын азайтыңқырап алады.
Өлеңінде жаңағы топтар жөніндегі шығармалар тіпті көп болса, қара сөздерінде аз көрінеді. Бірнеше шығармаларда басып айтқан ашы, сыншы пікірлер болғанмен, көпшілік қара сөздер орташа шындықты орташа халде таратады. Бұнда жалпы байқалатын күй, осы тыңдаушылармен Абай тату, тыныш мәжіліс құрғандай болады. Ол тыңдаушыларды, әрине, «Ғаңлиат-тасдихаттағы» оқушылар ғана деп бағалау дұрыс болмайды. Өйткені Ғаңли-атты» Абай өзінің қасында жақын жүрген шәкірт достарына, үміт еткен жақсы жастарына аса бір жылы жүректер ағалық өсиет етіп айтқан.
Ал көпшілік Қара сөзде Абайдың көз алдында көрініп отырған тыңдаушысы жаңағы жастар ғана емес сияқты. Бірақ олар Абайдың аяң әңгімелесетін, тартына сөйлейтін адамдары тәрізденеді.
Осы себептен болу керек, қара сөз ой тереңдігі жағынан да көп өлең сөздерден тайызырақ, сәл ғана шындықтардың өріс-өрісін байқатқандай болады.
Енді осы жайларды, жоғарыда біз бөліп шығарған отыз бес қара сөздің әр алуан жіктерінен, таптарынан нақтылап танып көрейік.
Жиыны барлық қара сөз, біздің аңғаруымызша, он-он бір тақырыпқа бөлінеді. Кейбір тақырыптар бір топ сөздердің көлеміңде қайталап, әр алуан жаңа мысқыл, теңеулермен, дәлелдермен молайғаны болмаса, ой жағынан бір алуандас болады. Ал кей тақырып, бір-бір қара сөзде айтылумен тоқтап отырады. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Бұнда өмірбаяндық дерек бар және өэінің жалпы шы-ғармалық еңбіегіне ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қара сөздерде оралмаңды.
Екінші сөзіндө - халықтарды салыстырады. Қазақ, ноғай, татар), сарт (өзбек), орыс сияқты көршілес елдерді оқушысы қазақ жұртшылығына әділетті достың көңілмеп ұғындырып береді. Әңгімені жәй бір тыңдаушылар тобында отырғандай, жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халңының дәлелсіз үстірт өзімшілдігін мысқыл ете келеді. Содан барып шын сыншыл ойларына ауысады. Еңбек сүйген ел атаулының бәрі де қазақтай еңбексіздікке мол салынған және сол еңбекті өнеркәсіпке, күндегі тірлікте көрші-елдің бәрінен кейін қалып отырған халқына, үлгі берерлік, артық елдер болып бағаланады.
Тақырып жағынан алғанда, үшінші сөз де өзіне бөлек бір алуан. Бұнда қазақ сахаранын билейтін әкіңдер, тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді. Сол күндегі ел тірлігінің қайшылық, ауыртпалықтарын молайтып отырған патшалық аппараты туралы да ой қозғаңды. Болыс атаулының елге ер болатын, тынымсыз сойқанды мінездерін әшкерлейді. «Уақытша себі бола ма?» деп бірер ұсыныстар айтады. Сол ретте ендігі болыс орысша оқуы бар адамнан болса екен деңді. Және тергеу мен үкім шығаратын қазақтың биі, сот орны туралы пікір айтадъі. Ел ішіндегі дау оңай шешілу үшін, әділетпен аяқталу үшін патшалық өкіметі сайлаумен қойып жүрген билер болмаса екен дейді. Оның орнына третей билікті ұсынады. Абайдың осы пікірі Герценнің «Былое и думысында» жазылған соттар турасыңдағы пікіріне өте дәл келеді. Герцен Россиңдағы параны құрту үшін халықтың көз алдында әшкере тергеу болатын болсын және бұрынғы третей соты қайтадан заңға кірсін деген.
Абайдың ойыңда да билік, тергеу халықтың қамына жақын болсын. Жұртшылыққа залалды жаманшылық атаулы орыңды жазасын алатын болсын деген қамқорлық талап бар. Бұл қара сөз Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді. Өлеңдің шығармаларында өз заманының шындықтарымен қолма-қол байланысты болып, оны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын, жаңағы қара сөзінде оол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап аралдсқысы келеді. Әсіресе, халыққа күнделік іс-әрекеттерімен бейнет, дерт әкеліп отырған тергеушілік тәртіптің сорақылықтарымен алысуға кіріседі. Бұл жөндегі Абайдың кемшілігі, қателігі Шоңанның бір қателік иікірімен үйлес келеді. Екеуі де ендігі билер ауыспайтың, өмірлік би боп сайлансын дейді. Бұл екі феодалдық қалыпқа тартар еді.
Төртінші сөздің де тақырыбы өзіне бөлек басқаша шығады. Бұл өсиетте бұрынғы өлең сөзінде көп айтқан бір тақырыпты қозғайды. Онысы - күлкі туралы ойлған ойы, сыны.
Бесінші сөз - қазақтың кейбір мақалдарын сынайды. Мұнда халық санасының өзіндегі надандық, қараңғылықтың салдарынан туатын мінді мінез, кемшін ой, айыпты әрекеттерді шеней өтеді. Мал үшін өмір кешетін адамдарды үлкен қиялменен сынап, айыптап түземек болады.
Осы жоғарыда аталтын бес сөзінде бес бөлек тақырып болса, келесі алтыншы сөзден бастап белгілі ой мен сындардың, өсиет пен үгіттің арнаулы тақырыптары бірталай сөздерде қайталап отыратынын көреміз. Мысалы, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он төртінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отыз үшінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші сөз сияқты үлкен бір топ в сездерінде Абай ел мінезін көптеннкөп сөз етеді. Бұнда бірлік жөнінде, ол ақылды болыс-би ел әкімдерінің «пара алмайтыны» жөнінде кекету-әжуа айтылады (алтыншы, сегізішпі сөздерде) . Және де осы топта ол туралы толғанған ойдың ызалы ащы күйін уланған оймен көрсететін сөз бар (тоғызыншы сөз) .
Осы қатарда мінез жайын айта келіп өтірік, батырсыған бояма мінезді сынау, адамдықты үгіттеу он төртінші сөзде көрінеді. Ел мінезін сынайтын сыншыл-реалист жазушы кейде бұрынғы өлеңінде қолданатын қатты сатираны да өзіне үлгі етеді. Қуаныш пен жұбаныш жайын аса ашы сатирамен жиырма үшінші сөзде, жиырма алтыншы сөзде айқын көрсетөді.
Жиырма төртінші сөзінде таға да мақалды шенеу арқылы ел мінезіне үлкен сыншылдық жасайды. Және де . кәсіп, еңбек иесі адамды бұзып, аздыратын салтты отыз үшіпші сөзде баяндайды. Осыдан соңғы бір топ толғаулар қазақтың бұрынғы өткен адамдарының мінезін сөз етеді.
Халықтың дұрыс мақалдарын елдік қасиет есебінде ақынның қадірлейтінін көреміз (отыз тоғызыншы сөз) .
Ел мінезіне арналған, сөздердің қырқыншысы - тыңдаушысыменен көзбе-көз әңгімелесу үстінде туғандай, Жазушы көп сұрақтар беріп отырып, қазақ қауымындағы адам мен адам арасындағы қарым-қатынасты қатты сынай сөйлейді.
Және де ел мінезіне арналған қырық бірінші сөзде Абайдың көп өсиет-сын өлеңдерімен ұштасатын жәйттар қайта қозғалады. Елді тағылым-тәрбие түзер еді, ол жоқ деген арманды ой туады. Халық басыңдағы, қоғам ішіндегі ауыртпалық күйдің бәрін теріп көрсететін осы топ сөздердің бір алуаны (қырық екінші сөз) жұмыссыздыққа арналады. Еңбексіз жатып шу, қолы ұдайы бос болу жеке адамның басындағы және бар қауымдағы кеселдің үлкен себепшісі деген аса сыншыл, дұрыс ойлар айтылады.
Осы бір топ сөздердің ең соңғысы қырық үшінші сөз - алғашқы жолдарында Абай санасындағы дуализмді көрсеткенмен педагогикалық, поихологиялық үлкен жүйрік ойды танытады.
Қара сөздер ішіндегі келемі үлкен, кеңеуі мол сөздің бірі де осы деуге болады.
Енді бір бөлек тақырып боп, жетінші сөз оқшаулау көрінеді. Ол - жас баланың психологаясын еске алып талдаған сөз. Баладағы білуге ұмтылу жақсы қасиет екенін атаумен бірге, үлкеннің надандығы сол жақсы баланы жаман тәрбиемен қорлап бұзғанын білдіреді.
Өзге қара сөздерден және де өз тақырыбынан оқшауырақ тұратын он бірінші сөз - ұрпақ турасынан басталып, ұлықтарға қарсы, оларды қатты әшкерелеген сыншының ойын танытады. Халықтың, көпшіліктің өкілі боп отырған азамат жазушы жаңағыдай ұлықтар кесірінен бейнет шегетін ел үшін ширығып, ызалы турашылдық сөздерін сөйлейді.
Бұл төксерілгендерден бөлек қара сөздердің ішінде тағы бір қайталай түсетін тақырып - дін менен мораль, тәрбие жайларын қозғайды. Олар: он екінші, он үшінші, жиырма жетінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз се-гізінші және қырық бесінші сөздерде.
Осы сөздердің кейбірінде Абай құдайға құлшылық етудің мәнін айтып, иман жәйін сөз етеді он екінші, он үшінші сөздер) . Бірақ сол мұсылманшылдықтың анық діндік үгітін айта отырып, Абайдың өз оқушысына жеткізбегі - адамгершілік өсиеттер болады. Сол адамгершілік қасиетті адам өзінің жаратылыс сырымен қоса бағалап, түсінсін деп ойлайды. Сондай түсінік адамды адамгершілік биік сатыға көтереді дейді. Осы ойына тіреп, дерек етіп (жиырма жетінші сөзінде) әдейі ұстаздық, тәрбиешілік ниетпен Сократ сөзін береді.
Отыз бесінші, отыз алтышны сөздерде Абай қазақтың дін күтушілерін және сол дін жолының өзіңдегі өрескел мінді мінездерін шенейді. Пайғамбар өсиетін айта отырса да, сыншыл ақылдың талаптарын Абай айқын атап отырады.
Осы топта көлемі мен мазмұны бойынша ең үлкен орын алатын отыз сегізінші сөз - «Ғақлиат-тасдиқат». Бұнда Абай аят, хадистерден цитаталар келтіріп сөйлейді. Жазу тілінің, басқа қара сөздердегі анық қазақтық түрін өзгертіп, кітапшылап (түрікше) тың үлгі, стиль іздейді.
Сыртқы стильдегі, тілдегі өзгешеліктер бұл сөздегі діндік мазмұнымен ньііқ байланысты. Осы кезде Абай өзінің дінін, түп наным жағынан да, моральдық қасиеттер турасынан да және адамгершілік тәрбие мақсатымен де анықтап, таныта түспек болады. Өлеңдерінің тұсында айтқанымыздай, әрине бұл сөзде де Абай өзін мұсылман етіп көрсетіеді. Ол діннің құдайына иланады. Енді соның көп- сипаттарын өз оқушысына баяндап береді. Сол баяндауында үнемі адамдық жақсы сипаттар жағын айрықша екшеп терумен болады. Ендеше, бұл сөздің де түп маз-мұн-мақсаты - адамды жақсы етіп шығаратын қасиет г сипаттарды жеткізе түсу. Моральдық философияның, педагогикалық мұраттардың негізін діндегі негіздермен қабыстырып бермекші. Жалғыз-ақ осы жөндегі Абай ойларында кейде көрінеу тайыздық, көнелік те байқалады. Бұл әсіресе, жаратылыс жайы мен адамның жаратылыс сырын шешемін деген кездерінде аса айқын сезіледі.
Сонымен қатар осы үлкен сөздің ішінде Абай үлкен батылдық табады. Тарихтық, әлеуметтік, ағартушылық жөнінде күшті қуат көрсетіп, заманы үшін аса сыншылдық танытатыны да бар. Ол - қазақ ортасындағы не жалпы мұсылмандық шығыстағы қоғамдың, әлеуметтік құрылыстар жөнінде айтаттын терең толғаулы пікірлер.
Алғашқы айтылған сөздің мысалын осы отыз сегізінші сөзде (Толық жинақ, 356-бет) келтірген бір ұзақ пікірден байқауға болады. Барлық жаратылыстың молдық берекесін айтып келіп, Абай «Адам баласының үзілмес нәсіліне таусылмас азық болсын дегендік» - дейді. Осымен бар дүниенің жан-жануары, өлі-тірі табиғаты - баршасы да тек адам баласы үшін жасалады. Өйткені адам нәсіліне тәңір иесінің жасаған махаббаты солай деген ой тара-тады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz