Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім Кұдайбердіұлы шығармашылығы

«Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жакқа үңілдім», деген Абай мектебінен тағылым алған оның жолын жалғастырған Шәкәрім де екі жаққа бірдей назар салған. Абай білген Шығыс ақындарынан Шәкәрім де ерте оқып, нәр алған. «Оятқан ерте мені Шығыс жыры» деп алғашқы өнеге мектебін нақты атайды. Классикалық тәжік-парсы поэзиясын да, орта-ғасырлық туыстас түркі өдебиетін де терең таныған ақынның айырықша қадір тұтқан ақындары Хожа Кафиз, Фзулй, Науаи болады. Әсіресе, Хафизді жанына жақын тұтады. Германиядағы Гейнені де, Ресейдегі Пушкинді де баураған, жаңа дәуірдегі Еуропа поэзиясына үлкен ықпал жасаған Хафизді Шәкәрім өзінің ең ұлағатты ұстаздарының бірі санаған, Шәкәрімнің Хожа Хафизден аударған өлең-жырларының саны оннан астам. Бұлардың бірсыпырасы тәржіма аталғанымен, Хафиз сарынындағы төлтума шығармалар тәрізді.

Шығыс ақындарының шығармалары ертеден-ақ нәзиралық жолмен аударылып, қазақ арасына кең тараған. Қазақ ақын-жыраулары олардын сюжетін өлеңге айналдырып, талай дастандар жасаған. Осындай үлгімен Шәкәрім де Фзулидің «Ләйлі - Мәжнүнін» 1907 жылы қазақша жырлаған.

Ақынның махаббат тақырыбына арнаған «Шын сырым» өлеңінің өрнегі де, сөз саптасы да үйреншікті қалыптан бөлек.

Шәкәрімнін Шығыс әдебиетімен шығармашылық байланысын мысалдар жазуынан да көруге болады. Адамгершілік сапаларды аллегориялық көркемдікпен насихаттауды өз төжірибесінде ақын «Бояушы суыр», «Қаншыр мен бөдене», «Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Епті тышқан» сиякты мысалдар аркылы жеткізеді. Арғы төркіні «Калила мен Димнадан» өрбіген мысал үлгілерін Шығыс ақындары талай нұсқада дамытқан. Мысал жанры қазақ арасына ауызша да, ақындар арқылы жазбаша да ерте таралған. Абай дәстүрімен де, өздігінен іздену және Шығыс әдебиеттерін оқу арқылы да Шәкәрім мысал жанрын жақсы игереді. «Қасқыр, түлкі, бөдене» мысалындағы кейіпкерлер: өктем күш иесі - қасқыр, айлакер түлкі, жазықсыз момын бөдене. Қасқырды түлкі алдап, зығырданын қайнатса, түлкіні бөдене орға жығады. Қулықтың түбі қазамен аяқталып, әділет жеңеді.

Шәкәрімнің қаламы арқылы Шығыс пен Батыстын бірқатар туындылары қазақ жұртына мәлім болады. Шәкәрімнің үлкен еңбегінің бірі - орыс мәдениетін игеру жолындағы Абай дәстүріне беріктігі. Оның ақыл тоқтатқан кездегі бас алмай оқыған рухани азығы - XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің туындылары еді.

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны (1858- 1931)

Қазақтың көрнекті ақыны, көсемсөзшісі, ағартушысы Шәкәрім Құдайбердіұлы есімі қазір өз халқына қайтып оралды. Ол 1858 жылы туып, 1931 жылы қызыл диктатураның қанды қылышынан мерт болған оқымысты, қайраткер, ұлы ұстаз.

Шәкәрімнің әдеби мұрасы да жоғарыда айтылған кеңестік идеологияның кесірінен халқынан жасырын үсталды. Бірақ оның шығармашылығы архивте жатқанымен, там-түмдап ел арасында жасырын таратылып та жүрді. Бірақ Горбачев заманының жылымық сәтінде Ш. Қүдайбердіүлы ақын ретінде ақталып, мүрасы жарыққа шықты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросы „Ақын Шәкәрімнің творчестволық мұрасы жөнінде” қаулы қабылдап, нақақтан күйген халық ардақтысын қайта тірілтті.

Шәкәрімнің әдеби шығармашылығы идеялық-тақырыптық мазмұнының ауқымдылығымен, әсерлі де көркемдік қуатының молдығымен ерекшеленеді. Жалпы алғанда, оның шығармашылық мұрасы мол да, мағыналы және ол XIX және XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінен ерекше орын алады. Бұл мұра үзақ жылдарға „үнсіздік” пен нақақ жаладан кейін халыққа оралуға тиіс” делінген ол қаулыда.

Иә, ақталу мен халыққа оралу үлкен жеңіс болды. Бірақ кешегі, 1988 жылдың өзінде адамның жеке көзқарасы үшін айыптау принципі өзгерген жоқ еді. Мәселен, қаулыдағы мына түжырымдарға назар аударалық: „Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі” және „Мұсылмандық шарты” деп аталатын кітапшалардан басқа барлық шығармалары еңбекшілер тәрбиесіне зардап тигізерлік зиянды идеялардан мүлдем ада екені өз алдына, олардың қоғамымызды рухани байыту ісіне, оның гуманистік және адамгершілік мұраттарын бекітуге қызмет ететіндігі туралы комиссия ұсынған тұжырымдар мен ұсыныстарға келісті. Ақынның уақытша жаңылысуы мен қателесуіне келсек, бүл оның дүниетанымындағы белгілі бір шектеуліктің көрінісі ретінде бағалануы керек.

Бұл нені меңзейді? Баяғы діни-ағартушылық көзқарасы үшін айыптаудың өзі. Шәкәрім қажы „уақытша жаңылысқан да, қателескен де” емес. Ол адамның бойындағы рухани тазалық пен имандылық шарттарын дүниетанымның ең нәрлі өзегі санаған. Сондықтан да діни схоластикаға ұрынбай, діни-ағартушылық ағымның әсерін бойына сіңірді. Әрине, көп оқыған, білімді жан алдыңғы ғасырдағы қоғамдық ой-сананың өрбуі жолын жетік білген. Абай мектебінен өткен адамның бүл жолды одан әрі тереңдете түспеуі мүмкін емес еді. Оны түсіну үшін ақын өскен ортаға, оның әдеби әлеміне әсер еткен мектеп туралы айтпасқа болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) туралы ақпарат
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Шәкәрім және оның заманы
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы адамгершілік мәселелер
Діни ағартушылық бағыттың қалыптасуы
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz