Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары



Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

1. Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
2. Отбасы мен некенің тарихи нысандары. Қазіргі жағдайдағы неке мен отбасы
3. Отбасы құқығының пәні мен әдісі
4. Құқық саласы ретіндегі отбасы құқығының түсінігі, оның азаматтық құқықтан ерекшелігі

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Әлемдік жүйеде қазақ халқының да басқа халықтар секілді алар орны ерекше. Өйткені, «Қазақ» деген этноним соңғы ғасырларда қалыптасқанымен, қазақтардың тарихы үш жарым мың жылдық дәуірлерге барып тіреледі. Оның үстіне қазақтардың басқа халықтарды былай қойғанда, өз туыстары-түркі тектес халықтардан өзгешеленетін әрі ежелден келе жатқан дәстүр-салттары бар. Бұл дәстүр салттарды, қағида-ережелерді мықты қоғамдық құрылысы болмаса сақтап қалуы екіталай екені даусыз. Сондықтан да, сол қоғамның ең негізгі майда бөлшегі отбасы, біздің ата-бабаларымыздың тұрмыс тіршілігінде ең маңызды саналып, оны мықты ұстауға өмірдің өзі мәжбүрленген дей аламыз.
Отбасы мықты болмаса, қоғам берік болмайтындығын терең ұғынған ата-бабаларымыз отбасын әлсіретіп, күйретпейтіндей қағида-ережелерді қалыптастырып, оны көздің қарашығындай сақтаған. Негізгі отбасы институттары (қалыңмал, жасау, әмеңгерлік, жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алмау, мұрагерлік, енші беру, жетімдерді жат жұртқа бермеу, рулық қабырстандарыынң болуы, т.б.) тым ертеден ақ қалыптасып, әр дәуірде сомдалып, ширатыла түскен. Әрине, бұл отбасы заңдары қатаң қорғалғандықтан отбасы күйреуі, ажырасу секілді күнараттар өте сирек кездескен. Өкінішке орай, ата-бабаларымыыздың отбасы және некеге қатысты-қағида ережелерін егжей-тегжей зерттеу әлі күнге мықтап қолға алынбай отыр. Соның нәтижесінде отбасы мен неке заңдары солғын тартып, отбасылар жиі күйреуде. Қара көз қыздарымыз жат жұрттарға тұрмысқа шығуда. Қазқа халқының демографиялық өсіп-өнуі мәз емес. Қазақ халқының тек қана болмысын танып білуде ғана емес, бұл ата-баба заңдары тұрмыс тіршілігімізді нығайтып, жақсартуда да алар орны ерекше. Еліміз тәуелсіздігін алып егеменді ел болғалы біраз жылдар өтті..
Кешегі патшалық және кеңес өкіметі бұрыннан мызғымай келе жатқан отбасы және неке заңдарымыздың тамырына балта шауып, іріткі салғаны әмбеге аян.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Конституция РК 30.08.1995 г., с изм. от 07.10.1997г. Алматы: Кредо, 1999г.
2. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть), принят Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 года (с изменениями и дополнениями по состоянию на 19.02.2007 г.)
3. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 года № 409-I (с изменениями и дополнениями по состоянию на 02.03.2007 г.)
4. Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан (с изменениями и дополнениями по состоянию на 19.02.2007 г.)
5. Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) (с изменениями и дополнениями по состоянию на 02.03.2007 г.)
6. Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года № 155-II (с изменениями и дополнениями по состоянию на 28.02.2007 г.)
7. Уголовный кодекс Республики Казахстан от 16 июля 1997 года № 167-I (с изменениями и дополнениями по состоянию на 26.03.2007 г.)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
Отбасы мен некенің тарихи нысандары. Қазіргі жағдайдағы неке мен отбасы
Отбасы құқығының пәні мен әдісі
Құқық саласы ретіндегі отбасы құқығының түсінігі, оның азаматтық құқықтан ерекшелігі

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Әлемдік жүйеде қазақ халқының да басқа халықтар секілді алар орны ерекше. Өйткені, Қазақ деген этноним соңғы ғасырларда қалыптасқанымен, қазақтардың тарихы үш жарым мың жылдық дәуірлерге барып тіреледі. Оның үстіне қазақтардың басқа халықтарды былай қойғанда, өз туыстары-түркі тектес халықтардан өзгешеленетін әрі ежелден келе жатқан дәстүр-салттары бар. Бұл дәстүр салттарды, қағида-ережелерді мықты қоғамдық құрылысы болмаса сақтап қалуы екіталай екені даусыз. Сондықтан да, сол қоғамның ең негізгі майда бөлшегі отбасы, біздің ата-бабаларымыздың тұрмыс тіршілігінде ең маңызды саналып, оны мықты ұстауға өмірдің өзі мәжбүрленген дей аламыз.
Отбасы мықты болмаса, қоғам берік болмайтындығын терең ұғынған ата-бабаларымыз отбасын әлсіретіп, күйретпейтіндей қағида-ережелерді қалыптастырып, оны көздің қарашығындай сақтаған. Негізгі отбасы институттары (қалыңмал, жасау, әмеңгерлік, жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алмау, мұрагерлік, енші беру, жетімдерді жат жұртқа бермеу, рулық қабырстандарыынң болуы, т.б.) тым ертеден ақ қалыптасып, әр дәуірде сомдалып, ширатыла түскен. Әрине, бұл отбасы заңдары қатаң қорғалғандықтан отбасы күйреуі, ажырасу секілді күнараттар өте сирек кездескен. Өкінішке орай, ата-бабаларымыыздың отбасы және некеге қатысты-қағида ережелерін егжей-тегжей зерттеу әлі күнге мықтап қолға алынбай отыр. Соның нәтижесінде отбасы мен неке заңдары солғын тартып, отбасылар жиі күйреуде. Қара көз қыздарымыз жат жұрттарға тұрмысқа шығуда. Қазқа халқының демографиялық өсіп-өнуі мәз емес. Қазақ халқының тек қана болмысын танып білуде ғана емес, бұл ата-баба заңдары тұрмыс тіршілігімізді нығайтып, жақсартуда да алар орны ерекше. Еліміз тәуелсіздігін алып егеменді ел болғалы біраз жылдар өтті..
Кешегі патшалық және кеңес өкіметі бұрыннан мызғымай келе жатқан отбасы және неке заңдарымыздың тамырына балта шауып, іріткі салғаны әмбеге аян.
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
 Отбасы құқығының мақсаты – отбасы мүшелерінің арасында (бұрынғы мүшелерінің) пайда болатын отбасы қатынастарын реттеу. Неке және отбасы туралы ҚР заңының 3 бабында Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңдары еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі, отбасы ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеу, отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу және т.б. айтылған.  Біздің мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі отбасы құқығы субъектілерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету және ол құқықтарды соттық қорғау мүмкіндігін жүзеге асыру.
Отбасы құқығының қағидалары деп осы құқық саласының мәнін және олардың құқықтық бекітілу күшіндегі жалпыға міндетті мәнін анықтайтын басты жағдайларды айтамыз.
Отбасы құқығының негізгі қағидалары мыналар:
1. Некені секуляризациялау, яғни шіркеу мен басқа да діни ұйымдарды барлық неке-отбасы сұрақтарын шешуден аластату. Қазақстандық заң некенің тек зайырлы нысанын ғана таниды. Соңғы жылдары неке қию немесе басқа да діни дәстүрлерді жасау кең тарауда, өйткені, дінді таңдау еркіндігі адамның конституциялық еркіндіктерінің бірі болып саналады. Бірақ бұл фактілердің барлығы адамның өзіндік қалауы болып саналады, ол үшін ешқандай құқықтық салдар туындамайды. Неке тек азаматтардың хал актілерін жазу органдарында ғана тіркеледі.
2. Моногамиялық қағидат адамның бір мергізлде тек бір ғана тіркелген некеде тұра алатындығын көрсетеді. Басқа некеге отыру үшін бірінші некесін бұзуы керек. Неке саны заңмен шектелмеген.
3.  Неке еркіндігін екі тұрғыдан қарастыруға болады:
А) некеге тұру еркіндігі
Б) ажырасу еркіндігі
Біріншісі кез-келген еркек пен әйел некеге тұру немесе тұрмауды өз еркімен шешетіндігін көрсетеді. Неке одағына тұру кезінде қандай да бір зорлық көрсету салдарынан некені жарамсыз деп тану мүмкін.
Ажырасу еркіндігі – бұл егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы болса да неке қатынасын тоқтату. Неке және отбасы туралы заңның 15 бабының 1 тармағына сәйкес неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар АХАЖ органдары мен соттар да ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болған кезде олар не үшін некені бұзатындығын айқындамай-ақ некені бұза алады, өйткені некені бұзу сұрағын шешу – ол субъективтік және неғұрлұм жеке іс.
4. Әйел мен еркектің теңдігі туралы конституциялық жағдайға негізделген отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігі қағидасы отбасының нығаюына әсер етеді.
5. Балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру. Әр бала өзінің отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар (НОТЗ 52 бабының 2 тармағы), бірақ объективтік немес субъективтік себептердің күшіне байланысты олар көбшілік жағдайда отбасынан тыс қалып қояды.
Отбасы заңы осы қағиданың күшіне сәйкес ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды ең алдымен отбасына (асырап алушының, қамқоршының)  орналастыруды қарастырады, ал тек отбасында тәрбиелеу мүмкін болмаған жағдайда ғана кәмелетке толмағандарды балалар үйіне тәрбиелеуге береді.
6. Отбасының кәмелетке толмаған, еңбеккке жарамасыз мүшелелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үстемдігі. Отбасындағы өзіндік қарым қатынас біріне-бірі қамқор болу, ал егер кімде-кім ерекше қамқорлыққа мұқтаж болса – бұл отбасының басқа мүшелерінің қасиетті борышы. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Неке және отбасы туралы ҚР Заңы кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларды өздерінің еңбекке жарамсыз немесе қартайған ата-анасына қамқорлық көрсетуге міндеттейді. Балалар ерекше қорғауда болуы керек: ата-ананың азаматтық парызы - әр баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.

Отбасы мен некенің тарихи нысандары. Қазіргі жағдайдағы
неке мен отбасы
 Қоғамның әлеуметтік институты ретінде неке мен отбасы өте ертеде пайда болды және өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті.  Қоғам рулық белгі бойынша бөлінген промискуитет кезеңінде жыныстық қатынастар аралас болды. Дүниеге келген балалар бүкіл рулық қауыммен тәрбиеленді. Руын анасының жағынан анықтады, өйткені әкесін анықтау мүмкін болмады. Бұл кезең матриархат деп аталды.
Қоғам дамыды, онымен бірге мораль дамып, ата-ана мен балалардың арасындағы неке қатынастарының моральға қайшы екені туралы тұжырымдар пайда болды. Нәтижесінде адамзат жаңа неке қатынасының нысаны: топтық некеге көшті. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес ол екі нысаннан өтті: қандық туыстық отбасы мен пуналуалық отбасы. Қандық туыстық отбасында неке ұрпақ бойынша құрылды, яғни ата-ана мен балалар ұрпағы өзінің неке қауымдастығын құрды. Басқаша айтқанда, Ф. Энгельс дұрыс атап көрсеткен, апайы әйел болды және ол моральдық тұрғыдан дұрыс саналды.  Бірақ біртіндеп некелік қарым-қатынас шеңберінен қандас туыстар, яғни туған аға мен апай шығарылды; пуналуалдық отбасы пайда болды. Онда бір рудағы туысқан қыздар тобы келесі топтағы туысқан ұлдар тобының ұжымдық әйелдері болып табылды. Бұндай неке қандық араласуды болдырмау салдарынан туындаса керек.
Өндіріс құралдарының дамуы, жер өңдеу мен мал өсіру сияқты алғашқы еңбек бөлінісінің пайда болуы, сонымен қатар қоғамдағы одан әрі пргрессивті өзгерістер артық өнімнің пайда болуына әкелді. Бұл некенің келесі сатысы – бір әйел мен бір еркектен тұратын некенің дамуына әсерін тигізді. Бірақ олардың тұрақты экономикалық жағдайларының болмауына байланысты, олар жеке мүліктік дербестікке жете алмай, сол өздерінің рулық ұйымдарында қалуларына мәжбүр болды. Тек адамдардың белгілі бір тобының (ақсақалдар, абыздар және әлеуметтік дәрежесі бар басқа да тұлғалар) өзіндік жеке отбасын құру мүмкіндігі болды. Осы кезеңде патриархат, яғни руын әкесінің жағынан анықтау пайда болды. Дегенмен әлі де болса да барлық жағдайда баланың биологиялық әкесін нақты анықтау мүмкін емес болды, өйткені бұл некелер де әлсіз, мықты емес болды.   
Экономикалық қатынастардың, құқықтың одан әрі дамуына байланысты некелік одақтарды заңдастыру қажеттілігі туындады. Осыдан келіп дінмен қиылған моногамиялық некелер пайда болды. Бұл некелік қана емес сонымен қатар мүліктік қауымдастықтан тұратын әйел мен еркектің тұрақты одағы.
Моногамиялық неке  - ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидасы
Отбасы құқығының түсінігі мен қағидалары
Мамандықтың пәндер каталогы
Сот талқылауының тікелейлігі
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Отбасы құқығы пәні
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Пәндер