Басқару қызметінің нысандары

Басқару қызметінің нысандарының түсінігі мен түрлері
Басқару қызметінің әдістерінің түсінігі мен түрлері
Атқарушы биліктің басты міндеті - заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Бұл міндет әртүрлі басқару нысандарында жүзеге асырылады.
Басқарудың әкімшілік - құқықтық нысаны – бұл атқарушы органның (лауазымды тұлғасының) өз құзырлығы шегінде жүзеге асырылатын және нақты салдарлар тудыратын, оның әрекетінің сырттай көрсетілген әрекеті.
Мемлекеттік басқарудың әкімшілік-құқықтық нысандарының мынадай түрлері болады:
1. әрекетінің сипатына қарай:
а) құқықтық;
б) құқықтық емес;
2. мақсаттылығына байланысты:
а) ішкі - ішкі ұйымдастыру мәселелерін шешуге қолданылады;
б) сыртқы -органның міндеттері мен функцияларын орындау мақсатында қолданылады;
3. көрсетілу әдісіне қарай:
а) ауызша және жазбаша;
б) конклюдентті.
Басқару қызметінің нысандарының ішінде ең көп тараған классификациясы оны құқықтық және құқықтық емес деп бөлу.
Құқықтық нысандар нақты айқындалған құқықтық салдарларға әкеледі, ал құқықтық емес нысандар құқықтық салдарларға әкелмейді. Құқықтық нысандарына мыналар жатады:
1. нормативті-құқықтық актілерді дайындау және қабылдау (құқық шығармашылық депте атауға болады);
2. жеке нормативті актілерді шығару (немесе құқық қолданушылық);
3. әкімшілік-құқықтық шарттар жасасу;
4. әкімшілік - іс жүргізушілік әрекеттер жасау;
5. заңды мәні бар өзге де әрекеттерді жасау.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Нормативті-құқықтық актілерді дайындау және шығару - бұл атқарушы билік органдарына заңнамамен ұйғарылған  және тек заңдардың  көмегімен ғана бұқаралық мүдделерді қамтамасыз ету мүмкін болмағанда әкімшілік норма шығармашылыққа мұқтажыдығымен байланыстырылған, заңдарды  орындау үшін арналған атқарушы биліктің қызметінің негізгі түрі. Тек осы құқықтық нысандарда ғана өктемік өкілеттіліктер  айқын көрініс табады.мысалы, Президенттің заңды күші бар жарлық немесе өкімдер шығаруы, ҚР Үкіметінің қаулылар  мен өкімдер шығаруы.

Жеке құқықтық (әкімшілік) актілерді шығару - бұл көп жағдайда құқық қолданушылық болып табылады, яғни құқық нормасын адрестік қолдану бойынша қызмет, мысалы, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындардға айыппұл санкцияларын салу;

Әкімшілік келісімшарт жасасу - бұл тараптарының біреуіне мемлекеттік - өкімді  өкілеттіліктер берілетін  келісімшарт, мысалы, контракт жасасу.

Әкімшілік - іс жүргізшілік әрекеттерді жасау - бұл қызмет нақты заңды  істерді шешумен байланысты қызмет және іс жүргізушілік нормаларымен толықтай реттелеген. Оның мынадай негізгі белгілі бар:

1. бұл қызметте өктемдік өкілеттіліктер  жүзеге асырылады. Тиісті  қатынастарға азаматтарда, ұйымдарда қатысады, бірақ бұл қатынастарда басымдылықт бұқаралық  билік органдарына беріледі, мысалы, тіркей, пресс - конференция ұйымдастыру, дауыс беруді ұйымдастыру және т.б.

2. іс жүргізушілік қызметтің нәтижесі  заңды істерді шешу, мысалы, заңды мәні бар құжаттарды қабылдау, азаматтылық беру, санкция қолдану және т.б.

3. іс жүргізушілік  қызмет іс жүргізушілік нормалармен  реттеледі; бұл нормаларда  процеске қатысушылар,  олардың құқықтары мен міндеттері, іс - әрекеттерді істеу тәртібі мен  мерзімдері анықталады,  құжаттарды, шғымдарды рәсімдеу ережелері, шешімді орындау анықталады.

Заңды мәні бар өзге де іс - әрекеттерді жасау - қандайда болмасын құқықтық салдарларды  туғызатындығын білдіреді. Атқарушы органдар  (немесе олардың лауазымды тұлғалары) әртүрлі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге және басқару қатынастарының өзге де қатысушыларына нақты  іс-әрекеттерді  істеуге, белгіленген жағдайларда міндетті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға, көлік құралдарын жүргізу  құқығына, қару - жарақ алу, сақтау және пайдалану құқығына, аң немесе балық аулау құқығына және т.б.  куәлік сияқты  ресми құжаттарды беру. Осындай әрекеттердің және олардың  салдарларының заңды мәні бар екендігі сөзсіз, бірақ олар  аралық көрініс табады. Арнайы құқықтар беру  қабылданып қойған құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады.

Басқарудың құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық - құықтық нысандары
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысы
Пәндер