Туризмология пәнінен дәрістер


Туризм өзінің маштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін адарып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай - осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Сонымен қатар, келесі жағдайды ескеру қажет. Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік- экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғалымдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.
Сондықтан туризм кешені әлеуметтік-экономикалық және кеңістіктік құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Қазіргі таңда туризмология қалыптасуы жүріп жатыр деуге болады, оның дамуына экономика, әлеуметтану, құқықтану, медицина, сәулет өнері, көптеген басқа табиғи, гуманитарлық және техникалық ғылымдар да өз үлесін қосып отыр. Бірақ ол пәндердің әрқайсысы туризмді өз тұрғысынан зерттейді. Сондықтан туризмологияның дамуы - монопәндік көзқарастардан туризм туралы жүйеніә білімге апаратын жол.
Туризмологияны туризм туралы ілім деп айтуға болады, өйткені ол туризмді біртұтас жүйе ретінде бейнелеп, зерттеп отырады. Рекреациялық географиямен қатар туризм географиясының мәселелерн шешеіп, туризмология туризмнің теориялық негіздерін құрайды.
Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік - экономикалық дамудың катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына (көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т. б. ) үлкен әсерін тигізеді
Мамандардың болжауы бойынша, ХХІ ғасыр туризм ғасыры болмақ Қазақстанда туризм нарқының дамуымен жаңаша ойлап, жаңа істер атқаратын мамандарға қажеттілік өсті. Біздің елімізде туризмді дұрыс жоспарлап дамыту үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте кажет. Тиянақты білімі бар мамандар туризм әлімінде дұрыс бағыт ұстау мүмкіндігіне ие бола алады. Төрт тараудан тұратын бұл оқу құралы келешек мамандарға жол сілтер басылымдардың бірі болып саналады.
Бірінші тарау туризм географиясы мен рекреациялық географияның теориялық-әдістемелік аспектілерін қамтиды. Екінші тарауда туристік аудандардың қалыптасуының алғышарттары қарастырылады. Бұнда туристік-рекреациялық ресурстары, Рекраециялық сыйымдылық түсініктері толық берілген. Жұмыста территорияға рекреациялық баға берілген, сондай-ақ туризм мен экологияның өзара әсерлеріне байланысты мәселелер көтерілген. Үшінші тарау туризм экономикасының, туристік нарықтың негіздерін, сонымен қатар, қазіргі туристік сұраныстың географиясын, туризмнің жаңа ақпараттық технологиясын да қамтиды.
Халықаралық туризмнің жалпы бағыттары төрттінші тарауда жақсы көрсетілген. Дүниежүзілік халықаралық туризмнің даму деңгейінің соңғы статистикалық мәліметтері толық берілген. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстардың бір түрі ретінде қаралып, оның дамуына динамикалық талдау жасалынған.
Әрбір тараудың соңында студенттерге өз бетінше дайындалу үшін бақылау сұрақтары берілген.
Бұл оқу құралының негізгі ретінде Қазақстандағы жаңа бағыттағы қоғамдық географияның негізін қалаушы, туризм географиясының теорияларыныңалғашқы авторы геогафия ғылымдарының докторы, профессор С. Р. Нрдәулетовтың ғылыми жұмыстары алынды. Сонымен қатар басқа да ірі ғалымдардың (А. Ю. Александрова, В. А. Квартальнов, В. Г. Гуляев, В. С. Преображенский, И. Т. Твердохлебов, Н. С. Мироненко және т. б) еңбектері де оқу құралының негізіне жатты.
Мемлекеттік тілде жазылған бұл еңбек алдымен жоғары оқу орындарындағы геогрфиялық факультетінің студенттеріне, магистранттар мен аспиранттарға, туризм саласы қызметкерлеріне пайдалы болады.
І-лекцияДемалыс, рекреация, туризм ұғымдарының арақатынасы. рекреацияның негізгі функциялары.
1
Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары болып босуақыт, демалыс, екреация және туризм саналады. «бос уақыт»-рекреациялық процестің дамуының керекті шарты. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір-бірінен өзінің мәні жағынан ерекшеленнтін төрт топтан тұрады:1) үйден жұмыс орнына дейін бару және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық) ; 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт-демалуға, физикалық және ақыл-ойды дамытуға арналған уақыт.
Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді:міндетті түрде және басқа іс-әрекеттерден бос уақытқа (1-сурет) /1/. Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді іс-әрекетке кетеді. Осылай десек т, бос уақыт демалуға арналған деп айтамыз. «Белсенді іс-әрекет»пен «демалыс»ұғымдары, бір-біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың зерттеулері бойынша, жақсы демалыс-адамның іс-әрекетінің түрінің алмасып тұруы екендігін көрсетеді.
Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар:1) адамның күшін қалпына келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына жататындар:сауықтыру, танымдық, қатынасу.
Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнднлікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты пайдалану күнделікті үй жұмысы және қала тұрмысымен байланысты. Апталық рекреация демалыс күндерінде, қала сыртындағы зонада жүзеге асады (жергілікті рекреация) . Жыл сайынғы рекеация демалыс немесе каникул кездерінде болады.
Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Н. С. Мироненко мен И. Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс-бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс кезіндегі адамның іс-әрекеттерін мынадай классификацияға бөлуге болады /1/:
1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет(серуендеу, спортпен шұғылдану) ;
2. Әуесқой шұғылдану -аңшылық, балық аулау, саңырауқұлақ пен жеміс-жидек жинау және т. б;
3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайларға сапар шегу), өнер саласындағы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерделеу, және т. б)
4. Интелектуалдық іс-әрекеттер (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу, теледидарды көру) ;
5. Еркін тақырыпта әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз табысу;
6. Белсенді (ойнац, билеу) немесе пассивті түрде көһңіл көтеріп, сергу;
7. көңіл көтеру үшін саяхат жасау.
Демалыс деген түсінікпен қатар, гоеграфиялық, социология мен қала құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық процестер деген түсініктер де жиі қолданылады. Ол тегін емес. еңбектің сипаты, бос уақытты пайдаланудың түрі мен құрылымы мүлдем өзгерген шақта, жақсы демалыс -тынығып жату болудан қалып, физиологтар көрсеткендей, ол-адамның іс-әрекет түрінің ауысып тұруы болып өзгерді. Шынында да, ол көбінесе бос уақытта сауықтыруға, түсініп білуге, спорттық және мәдени көңіл көтеруге пайдаланып тұру үшін қолданылады. мысалы, санаторияда, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс базаларында болған кезде жиі қала сыртына қыдырып, жорыққа, экскурсия мен саяхаттарға шығып тұру жөн.
Рекреация арқыл ғана адамның бос уақытындағы іс-әрекетінің мәнін түсіуге болады. рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы:recreatio(латынша) -қайта қалпына келу, recreation(французша) -демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі.
Рекреация -бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған террториядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезіндегі іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатанастар мен құбылыстар жиынтығы «(Н. С. мироненко, И. Т. Твердохлебов, 1981) /1/.
Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге келеді, ал ұзақ мерзімдісі кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация территорияның табиғи зоналарымен (көлікпен немесе бір-екі сағаттық қашықтыққа жаяу жүріспен) шектелсе, ал ұзақ мерзімді рекреация тек қана территориямен шектелмейді, функционалдық зонадан басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
Туризм- (француз сөзі tourism-серуендеу, саяхат мағынасына келеді) -бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм деген өте қысқа түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша «туризм»-бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе онан артвқ уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі. /1/
Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болад. «демалушы»және «рекреант»деген өте кең түсінік, ал «турист»соның бір бөлігі-қысқа түсінік. Бос уақыттарында үйінде демалып жатқандар демалушыларға жатса, ал рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерден тыс жерлерде өткізушілер жатады. соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын келушілер де жатады. Ондай рекреанттарды (экскурсанттар) деп атайды. ал (экскурсия) өз кезегінде -(латынша) -жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық обьектілерді аралап көру деген сөз (мәдени ескерткіштер, мұражайлар, мекемелер және т. б) . Н. С. Мироненко мен И. Т. Твердохлебовтың айтуынша «экскурсия-бұл танымдық, ғылыми, спорттық немесе ойын-сауықтық мақсатты көздейтін, 24сағаттан аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе саруендеу /1/. «Туризм»және «экскурсия»деген түсініктер өзара өте тығыз байланысты. Экскурсия барлық маршруттарда туристтерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поезд немесе кемемен саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристтерді экскурсоводтар күтіп тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың тақырыптары қызықты, мазмұнды жәнеәр түрлі болып келеді.
Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ, мынаны аңғаруға болады:адамның бос уақытындағы іс-әрекеттерінің барлығыда «демалыс»деген кең түсінікке жатады, ал қалғандарының барлығы соған кіреді. Демалысқа адамның үйде де, тыста да айналысатын барлық рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. төменгі сатыға «рекреация»немесе үйден тыс жердегі демалысты қосуға болады. оған «туризм» де «экскурсия» да кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз, демалыс пен рекреацияға қарағанда, өтн қысқа түсінік.
Рекреацияның негізгі функциялары .
Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына әр түрлі мақсаттар қояды. Рекеация мен туризм негізгі мақсатына қарай үш функцияға бөлінеді-танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік/1/. Сонымен қатар, танымдық функциясына барлығы да зор мән береді.
Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды, этнографиялық шаруашылық және басқа да ауданның көңіо қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан тұрады.
Табиғи-климаттық көрікті орындармен жағдайларға қолайлы климаттық жағдай, желсіө ашық күндер, орман тау, теңіз, көл, өзендер және т. б. жатады.
Мәдени-тарихи орындар-сәулетті ескерткіштер, мұражай, көркем галереялар, театржәне т. б. обьектілердің жиынтығы. Оларға туристерді ынтықтыратын этнографиялық жақтары-әдет-ғұрып, киімдер, фольклор және басқа да халық шығармашылықтары-жатады. Шаруашылық жағынан ең көрнектісі-шаруашылықты жүргізудің өзінше бір түрі немесе аудандар бойынша оның жоғары көрсеткіштері.
Туризм арқылы сауықтыру -адамның өндірісте, физикалық және психолгиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамныңеңбек қабілетін көтереді.
Туристік жорықтарда адамда өзінше бір психо-физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.
Қазір рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты-қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту. Рекеация дегеніміз дамыған қоғамның айрылмас бір бөлігі, қазіргі өмір салтының элементтері.
Рекреацияның функциясы бес негізгі топқа бөлінеді. /1/:
1) медико-биологиялық; 2) мәдени-әлеуметтік; 3) экономикалық; 4) саяси; 5) экологиялық.
Медико-биологиялық функциясы санаторлы-курорттық ем мен сауықтырудан түұрады. туризм арқылы сауықтыру-адамның өндірістегі немесе өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып отыр.
Мәдени-әлеуметтік функциясы-бұл рекреацияның ең басты жетекші функциясы. Мәдени талғам-бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп-түсіну. Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың тарихи-мәдени және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы-жұмысшы күшін қалпына келтіру. рекреацияның арқасында адамның еңбекке деген құштарлығы және ұзақ жұмыс істеу қабілеті артады.
Тауар ақша қатынасында рекреация басқа да экономикалық функциялар атқарады. мысалы:1) елдің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымының жедел дамыту; 2) еңбексферасын ұлғайту, яғни рекеациялық қызмет көрсету арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету; 3) рекреациялық аудандардың пайдасын көздеп, халықтың ақша кірісі мен шығын балансының құрылымына үлкен әсерін тигізеді; 4) шетелдік валютаның алудың көзі болатын шетелдік туризмді көтеру.
Туризм халықаралық байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен жақындатады.
Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға байланысты. Демалыспен туризм халықтың денсаулығы мен сапасына әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны қалпына келтіру үшін өте қажет. рекреациялық сұраныстың арқасында курорттар, демалыс зоналары және туризм желілері ұйымдастырылып, туризм жүйесі реттелінеді.
Басқа жағынан қарасақ туризмнің жылдам дамуы, курорттық-туристік аудандарда туристердің тым көп шоғырлануы рекреациялық табиғаттв оңтайлы пайдалануды және табиғи кешендерге түсітін салмақты реттеуді керек етеді. туристердің табиғатты пайдалануы табиғатты қорғаудың түрлерін дамытады.
2. -лекция
Рекеациялық қажеттіліктер.
Рекреациялық іс-әрекет, оның ерекшеліктері.
Туризмдегі рекреациялық жобалау.
Бүтін бір адамның қажеттілігі сияқты рекеациялық қажеттілік-бір тарихи туынды және ол өзгеріп тұрады. Оларды қанағаттандыру-өндіру, айырбастау және тарату жағдайына тәуелді.
Рекреациялық қажеттілік адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшінқажет. Рекеациялық қажеттілік-қоғамдық, топтық және жеке-дара болады/1/
Рекреациялық география облысында көптеген зерттнушілердің айтуынша территорлық іс-әрнкеттің ұйымдастырылуын қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық сұраныстарды анықтайды дейді.
Қоғамдық рекреациялық қажеттілік-қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығын және еңбеккежарамдылығын, физикалық және рухани күшін қапына келтіруін анықтайтын қажеттілік. бұл бастысы және жетекшісі. олар рекреациялық шаруашылығына, территориялық ұйымдастырудың түрлеріне әсер етеді.
Топтық рекреациялық қажеттілік -белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастағы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайды. Рекреациялық қызметтердің бір тұтынушы тобы-жанұя болады. Олар ем, сауықтыру және тануды, қызмет көрсетуді кең түрде қажет етеді.
Жеке -дара рекреациялық қажеттілік-ол әр түрлі адамдар мүддесіне арналған рекреациялық қызмет. қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттлік диалектикалық өзара байланыста болады.
Рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуына факторлар кешені әсер етеді. /1/
1. әлеуметтік-экономикалық факторлар:өндіріс күшінің даму деңгейі; тұтынушылық игіліктің өндіру деңгейі (оның ішінде-қызмет атқару) ; туризм мен демалыс сферасының даму деңгейі; халықтың нақты ақша кірісі:Қызмет пен заттардың жеке бағалары (оның ішінде-рекеациялық) ; жол көліктері мен көлік инфрақұрылымының даму деңгейі; ұзақ мерзімді демалыс; рекеациялық аудандар мен сапар желісі туралы жарнама және мәлімет орнату; халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрамы; мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-қонуы; ұлттық дәстүр.
2. демографиялық факторлар:қаоа мен ауыл халқының қатынасы (өсу дәрежесі) ; халықтың жыныстық құрылымы; отбасының құрамы мен мөлшері; орналасуының ерекшеліктері.
3. Әлеуметтік -психологиялық факторлар:іскерлік және мәдени байланыстар тығыздығы, мәдени өмірдің түрі; сәннің әсері; жеке тұлғаның бағалық бағыты.
4. медико-биологиялық факторлар:халықтың денсаулық жағдайы.
5. Табиғи факторлар:адамдар тұратын табиғи зона; тау мен теңіз жағдайына қарай географиялық ерекшелік.
Экономикалық жағынан рекреациялық қажеттілікке баға бергенде, қоғамның мүмкіншілігін, рекеациялық қажеттілікті өтеуге жіберетін қаржысын ескереді.
Рекреациялық тұтынушылық -бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер. Оны қанағаттандыру керек. сонымен қатар, олар рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің қажеттілігіне байланысты. Қажеттілік пен мүмкіндік біртұтас, өйткені ол осы елдегі немесе басқа елдердегі тұтынушылықты қалыптастырады.
Рекреациялық тұтынудың медико-биологиялық аспектісі санаторлық -курорттық емдеудің құрылымы мен көлемін анықтауды оқып білумен қорытындыланады. Аймақтық медициналық статисиканың негзіне қарай курортологтар тұтынушылардың санаторлық-курорттық емделудегі жиынтық баланстарын жасайды және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерін анықтайды.
Рекреациялық тұтынушылықтың әлеуметтік және әлеуметтік -психологиялық зерттеулері әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалардың рекреациялық тұтынуының қоршаған ортамен диалектикалық өзара байланысына бағытталған.
Рекреациялық іс -әрекеттер процесіне әлеуметтік және әр түрлі жастағы адамдар тобы арнайы талаптар қоя бастады. Әрине, олардың барлық талаптарын ескеру мүмкін емес.
Әлеуметтік жағынан рекреациялық қажеттілікті зерттеуді кешенді түрде жүргізеді. оларды мынадай кезеңдер болады. /1/
1. Демалыстың қазіргі заманғы тенденциясын статистикалық деректердің негізінде зерттеу;
2. рекреацияның мәні мен болашақ дамуы туралы алдын ала болжамдар жасау;
3. Халық арасында анкеталық жауар алуды жүргізу;
4. рекреацияның даму болашағына ғылыми болжам жасау;
5. Репрезентативтік деретерді тексеру негізінде теориялық бөлімін құрастыру.
Рекреациялық қажеттілікті оқып-білу террториялық рекреациялық жүйенің қалыптасып, дамуының жолындағы бірінші ғана қадам. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері медицина жұмысшылары, экономист, эколог, курортолог және тағы да басқа мамандардың кепілдіктерімен толықтырылуы керек.
Рекреациялық іс-әрекет. Туризмдегі рекеациялық жобалау.
Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінде ғана іске асырылады, ондай іс-әрекеттер тек бос уақытта ғана жүзеге асып, ол адамның физмкалық, психологиялық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға бағытталады.
«Рекреациялық шаралар»деп рекреациялық іс-әрекеттің түрлерін іске асырудың тәсілдерін атайды. /1/Шаралар жинағының ішінен мынадай рекреацмялық шараларды бөліп қарауға болады. суға шомылу, жаяу қыдыру, саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектер жинау, ескерткіштер мен мұражайларды аралап көру және т. с. с. Рекреациялық шараларды екі топқа бөлуге болады, олар негізгі төрт шараның басын қосады.
Рекреациялық шаралардың типологиясы
Рекреациялық емдеу шаралары-бұл арнайы шаралар жүйесі санаторлық -курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады:климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу, батпақпен емдеу және т. б. Рекреациялық -сауықтыру шараларының түрі әр түрлі болып келеді. Бұған кіретіндер:қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ванналарын алу, ойындар, жай демалыс, саңырауқұлақтарды жинау жәнет. б.
Рекеациялық спорт шаралары, негізінен, адамның күщ-қуатын дамытуға бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz