Ясауи шығармасы түріктердің рухани бастауы


Жоспар:
І. Кіріспе.
Ясауи шығармасы түріктердің рухани бастауы
II. Негізгі бөлім.
1. Ясауидің шығармалары.
2. Ясауи еңбектерінің тәрбиелік мәні.
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе.
Қожа Ахмет Ясауи оғыз-қыпшақ тілдерінде сөйлейтін, түркі халықтарының рухани бастауларының бірі болған ұлы, әрі қасиетті тұлға. Оның жазған еңбектері туыстас халықтар арасында кеңінен мәлім.
Қожа Ахмет Ясауи қазіргі деректерге қарағанда 1103 жылы көне Сайрам қаласында дүниеге келіп, 1166 жылы Йассы қаласында дүние салған.
Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі қазіргі қазақ ішіндегі қожа әулиеті. Сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл. Қожа Ахмет Ясауи қат-қабат қайшылығы мол күрделі кезеңде дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі мен өмірі әдеби дәстүрі, өскен ортасы туралы мәлімет аз. Бұған себеп соңғы 70 жыл ішінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы зерттелмеген.
Қожа Ахмет Ясауидің адамгершілікке, имандылыққа үндейтін асыл жырлары жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру көзделді. Бірақ айды алақанмен жабу мүмкін емес. Ұлы ақынның өзі де шығармашылығы да халқына қайта оралды [1] .
Ясауи еңбектерінің біразы түркі тілінде жарық көрген. Олар: «Диуани хикмет», «Пақырнама және мінәжатнама», «Көңілдің айнасы» және өмір баяны ретінде түрлі аңыздар. Қожа Ахмет Ясауидің қайсы бір еңбектерін алмайық тұнып тұрған өсиет сөздер. Олар қара сөзбен, оның шумақтарымен, «хикмет» түрінде жазылған және айтылған. Бұл «Диуани хикмет» бастан аяқ ақыл, өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған. Бұл еңбектерінде ғұлама-ғалым, түркінің пірі 4 мәселені қарастырған:
- Аллаһты тану.
- Аллаһты ұлықтау.
- Дүниемен әділетсіздікті қаралау, дүние құрбаны болған пенделерді қорғау.
- Бұл дүниенің қара дақтарын пенделерге жұқтырмау.
Міне осындай күрделі мәселелерді қарастырып, өз хикметтерінде жырлаған.
1. Қ. А. Яссауидің шығармалары.
Ахмет Яссауи негізін қалаған түрік масаввуфы әдебиеті және бұған сүйеніп құрылған «Яссауилік тариқаты» пайда болысымен-ақ үлкен бір мүриддер шыншырына айгалды. Аңыздарда Ахмет Яссауидің маңайына 99 мың мүрид жиналғанын хабарлайды. Ахмет Яссауи өзі өмір сүрген дәуірде мыңдаған шәкірттерді жетілдіріп түрік әлемінің түкпір-түкпіріне шәкірттерін жөнелтіп, Каспи теңізінен Қытай Маңғол шегарасына дейін, сонан кейін Анадолыға дейін
созылған түрік тайпаларына түрік ислам пікірін таратты. Осындай орасан зор жұмыстарды ақарған ол ешкімнен садақа алмай, ешкімге жүк болмайды. Дүние қажеттіліктерің өз қол еңбегімен тапты.
Түріктер Ахмет Яссауиге ерекше назар аударып, сондай қатты құрметтеді. Бұл құрмет белгісінде түрік дүниесінде «мединеде Мұхаммед Түркістанда Қожа Ахмет» сөзі халық арасында ауқымды түрде айтылып жүр.
Пақырнама
«Рисам» деп аталатын бұл еңбек Қ. Р-сы ұлттық кітапханасы сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі 3990-47/1622-386 нөмірінде сақтаулы.
Диуани Хикмет
Ахмет Ясауидің сопылық өлеңдерін қамтитын әйгілі шығармасы «Диуани хикмет» деп аталды. Өйткені ол өлеңдердің әрқайсысы өз алдында бір «хикмет» (даналық) . Анадолы түркілерде, бұл түрдегі сопылық өлеңдер қалай «Аллаһи» деп аталса, Шығыс түркілерінде Ахмет Ясауидің және сол стильде өлеңдер жазған басқа дәруіштердің шығармалары «хикмет» деп аталады. Осы есептен «Диуани хикмет» тек қана Ахмет Ясауидің өлеңдер жинағына тән емес екендігі, тіпті бұл атаудың кейіннен берілуі әбден мүмкін. Одан бұрынғы ғасырлар жайында қолымызда нақты дерек болмағанымен шамамен Х ғасырдан бері мұндай өлеңдерге «хикмет» аты берілгенін анық білеміз», -дейді түрік ғалымы Көпрүлү.
Түркі әдебиеті дүниеге әкелген шығармалар арасында «Диуани хикметтің» көп жағынан алғанда үлкен мәні бар:
1) Ахмет Ясауи ХІІl ғасырда қайтыс болғандықтан, бұл шығарма Ислам Түркі әдебиетінің «Құтадғу Біліктен» кейінгі ең ескі үлгісі болып табылады. Тілдік және әдеби шығармалар, туындалар өте аз болған дәуірге жататын мұндай шығармалардың тілі жағынан болсын, әдебиет тарихы тұрғасынан болсын құнды болуы өте табиғи нәрсе.
2) Ескі халық әдебиетінің көптеген элементтерін ала отырып ислам рухын сол элементтер арқылы, яғни екі ұлттық түрлер, пішіндер мен ырғақтар арқылы жеткізген алғашқы шығармалар болу тұрғысынан да «Диуани хикметті» сопылық түркі әдебиетінің ең ескі және ең маңызды
жәдігері деп есептеуіміз керек. Міне, «Диуани хикметті» осы тұрғыдан алғанда ертеден бері шығыстанушылардың назарын аударып келген және қазірге дейін жеткілікті зертелмегенімен бөлек-бөлек, жеке дара кейбір зерттеулер жүргізілген, тіпті кейбіреулері болса жарияланып, батыс тілдеріне аударылған.
Ясауидің басты еңбегі «Диуани хикметті» рухани және гуманистік бағытта жазылған Ясауи хикметтерінің және өз басының түркілерге кеңінен танымал болу себебі - ол ұстамдылыққа және өзін-өзі жетілдіруге шақыратын құнды этикалық идеялар көтереді.
«Қапалы жанды көрсең, бол сен оның елшісі», «Мен мойынсұнбайтындардың белгісін табуға тырыстым», «Еліктесең-пайғамбарға (елікте), жетімдерді ұмытпа» т. б. Ахмет Яссауидің ашқан және аштырған теккелері, жетілдірген мүридтері мен алып ерендері арқылы Орта Азиада және Волга жагалауындағы кең өлкеде өмір сүрген, түріктер арасында бірлікті, турік ислам гасавпуф әдебі мен негіздерін уйретуде "бірлік бар жерде тірлік бар" екенін дәлелдеген. Ахмет Яссауи, адамды жетістікке жеткізу мақсаты. мен иршадтарын, сөздерін, пікірлсрін ислам дінінің негіздерін және өзі кұрған тарикаттың әдебі мен рүкіндерін үйрету мақсатында халық әдебиетінің алып, буын өлшемімен таза, халықтың өз тілі түрік тілінде өлең жолдарын жазған.
Хикмет деп аталатын бұл өлендері манайындағы мүридтері арқылы кағазға түсіріп, колдан қолға, ауыздан ауызға, ұрпақган ұрпаққа, шәкірітері мен доруіштері арқылы алыстағы көшпенді түріктерге де жеткен. Кейін бұл хикметгер жинақгалып, "Диуани Хикмет" атымен қолжазба шығармалары дүниеге келді. Құран Кәрімде "Хикмет" сөзі ақыл, білім, магрифат, хаклқат деген мағыналарға келеді және Аллаһ қалаған қулына осындай құндылықтарды бере отырып, оны жоғарғы ұлы дәрежеге жеткізетінін хабарлайды.
Ахмет Яссауи де осындай ұлы орынға жеткен Аллаһ достарының бірі .
Диуани Хикметге Аллаһка ғашықтық, Құдайдың бірлігі, шексіз құдіреті, даңқы мен рақымдылығы, Хз . Мұхамметтің шариғаты мен сүннеті, зуһд және тақуа, ислам ахлақы, ислам аңыздары, құлшылық және ахирет әмірі, қияметтің жағдайы, жаннат пен жаһаннамды суреттеу ислам сопыларының киссалары, зікір, қылует, Яссауи тарикатының әдебі мен негіздеріне қатысты тақырыптар баяндалады.
Диуани Хикметте Қудайды адамды ең жақсы болмыс етіп жаратканы, бүкіл кемшіліктеріне қарамастан, оны жер бетіндегі өзінін халифасы еткені баяндалады. Онда адамнын адамгершілігнің пайда болуында және дамуында негізгі рөл ойнайтын элемент адамның өзімен, коршаған ортасымсн, адамдармен және Аллаһпен болған қатынасына байланысты болғанын түсіндіреді. Бұл үшін адамның алдын өзін тануы үшін күреске тусуі керек.
Өзін білген хақты білер, Құдайдан қорқып ынсапқа келер.
Диуани Хикметте шексіз барлыққа жетуде нәпсіден бас тартпастан Хаққа жетудің жолы жоқ екенін түсіндіреді.
Құл Қожа Ахмет нефсини тифтим, нсфеини нифтим, Айдын қийин жананымны излеп таптым.
Диуани Хикметке нәпсі жолына кірген адамның жаман болатынын, нәпсінің етегін ұстап кеткендердің адасатынын және Хакты іздеуде ұлкен кедергілерге, душар болатынын түсіндіреді. Нефс иолыға қирген киши рузуа болур.
Иолдын азып тозуп, гумрах болур,
Иатса капса шайтан биле хамрах болур.
Нефсини типкил, нефсини типкил ей бедкирдар,
Диуани Хикметте Хз. Пайғамбар шаһи нурдан бір нүр және кайрымды адам болып суреттеледі.
Диуани Хикметте адам өз менменшілдігін жойып, жаннан (нәпсі) өзінен бастартуылы ұсынады.
Диуани Хикметте дүкен, базар, сауда сияқты сөздерді сүйіспсншілікпен байланыстырады. Ғашық базары, ғашық дукені және ғашық саудасы сияқты белгілермен адам суйіспеншілігі Аллаһ сүйіспсншілігімен негізделеді. Яғни Аллаһ ризашылығын алу үшін суйіспеншілік саудасын жасасаныз. сүйіспеншілікпен туып, сүйіспеншілікпен өссеңіз, сонда сүйіспеншілігіңіз қандай жақсы болар еді - дейді.
Диуани Хикмегге адам құдайга жету үшін, өз непсінін елтіру, сол арқылы Хақка жетуге болатынын үйретеді. Хақ тағала мен тікелей бір вуслатқа, мушаһедеге жетудің жолдары менмендікті жойып, онын орнына жананнан, өзінен бас тарту керек екендігін ұсынады.
"Диуани хикмет" кітабындағы "зікір" сөзі - құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер.
Көптеген түркі халықтары "Хикметті" аудармасыз-ақ қиналмай оқый алады. Дін исламнан хабары бар жанға "Хикмет" тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары "Хикмет" тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік береді. Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды. Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырасады.
Мәселен, "Құлын", "Гүл", "Қызыл", "Қаршыға", "Сұңқар", "Лашын", "аға, іні", "мал-мүлік", "шейід", "бөрік", "сақал-шаш", "ата-баба", тағы да басқа көптеген сөздер тек мағыналық жағынан да емес, сонымен қатар отардың айтылуы мен жазылуы да қазіргі қазақ тілінде де осы күйде айтылып, жазылатынын ескерсек, шындыққа бір табан жақындай түсеміз.
Әрине, бұл жерде "сенікі", "менікі" деген үғым болмауы тиіс. Жалпы адамзаттық биік мәдениет тұрғысынан қарауымыз керек. Себебі Ахмет Ясауи шығармалары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ рухани мұра екені бәрімізге мәлім. Тарихтан бізге белгілі, ислам дініндегі сопылық ағым VII-VIII ғасырлардан басталады.
Даналық кітабында негізінен төрт «ғақлия» мадақталады.
1. «Шариғат» - Ислам заңдарымен әдет-ғұрыптарының негіздері, яғни мұсылмандық жолын қастерлеп, соны тәлім-тәрбиеге үлгі өнеге етіп жырлау. Мұсылмандық жалпы адам баласының тәлімі екендігін жырға қосып, ақын адамгершілік тәрбиесінің асқан өнегесін көрсетеді.
2. «Тариқат» - сопылық ой-мақсаттарды насихат-өсеит ету. Яғни жыр өрнектері арқылы ұрпақты имандылыққа, шыншылдыққа, әділетікке, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеу, тақуалыққа үйрету:
«Ғаріп, пақыр жетімдерді қылғын шадман, Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.
Тағам тапсаң, шын пейілмен күткін мейман
Халықтан естіп бұл сөзді айттым, міне, » - [10]
дейді ақын. Сөйтіп мейірімділікке, қайырымдылыққа, қонақжайлыққа тәрбиелейді. Тәрбиенің бұл салаларының қайнар көзі халықта екенін айтады.
3. «Мағрифат» - дін жолын танып, оқып-білу, яғни Алланың ақ жолын ардақтап, соған тағзым етіп тағлым алу - адамгершілік парыз екенін әсерлі сөзбен, айшықты жырмен жеткізіп, ұрпақты ұлағаттылыққа, ыждахаттылыққа тәрбиелеу:
Ғаріп, пақыр жетімдерді әркім сүйер,
Риза болар сол пендеге пәруардіген, -
деп, ақын ғаріп, пақыр, жетімдерді сүйсең, оларға жақсылық жасасаң, Алла-тағала саған риза болып, ісіңді оңдайды, мақсатыңа жеткізеді дейді. Сөйтіп ұстаз ақын оқырманға адамгершілік тәрбиесінің ең түйінді тұжырымдарын жыр арқылы әсерлендіріп жеткізеді. Алланың ақ жолы - адамгершіліктің шырағы екенін оқушы мен тыңдаушыға сезіндіре жырлайды.
4. «Хақиқат» - Құдайға құлшылық ете білу, яғни бүкіл әлемді жаратушы құдіретті танып білу, оған табыну, Құдайдың құдіретіне сену, әр бір мұсылманның парызы екенін сөз құдіретімен түсіндіріп, ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу «Иман нұры», «Хақиқат дариясы», «Ақыреттің азығы» арқылы адамдардың күнәдкан таза болуына тілеп атап беру мақсаттарын өлең қуатымен іске асыру:
Хақиқат дариясынан ішкен кісі,
Өзі мұңлық, көңілі сынық, көзі жасты, -
дейді ақын. Шыншыл, қамқоршы, мейірман ақын ел өміріндегі хақиқат (шындық пен әділеттікті) іздеп, көп жерде шыншылдыққа қиянаттың қырсығын көріп, мұзданады, көңілі сынады (көңіліне қаяу түседі), көзіне жас алады, сөйтеді де ұрпағын «хақиқат дариясынан сусындауға», әділетсіздермен күресе білуге шақырады, әділдікке, кісілікке, шыншылдыққа тәрбиелейді.
Даналық өсиеттері арқылы ақын жалған ғалымдар мен жағымпаздарды, екі жүзділерді қатты сынайды:
Білгірі заман ақыр залым болды,
Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды.
Сойқанды елге ашық айта алмаудан,
Ішіме менің дертті жалын толды, -
деп, ақын білгіштер білімін адамгершілік жолына жұмсамайтын залым болса, халықтың қаһарына ұшырайтынын, ал «жағымпаз, жан алғаш» болса, оның ғалымдығының пайдасыз екенін әшкерелейді. «Алла жолындағы адамгершілікке жат әділетсіздік, залымдық ел басшысында болса, онда бүкіл ел қасірет шегеді. Сол киелі, қасиетті елге жақсылық жасаған басшы ғана Алланың сүйген құлы болады» - дейді ақын [18] . Сондықтан да әулие ақын елге бас иіп, тәжім етеді:
Қожа Ахмет басыңды елге ие біл,
Ақиқатты ары таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен,
Халық қана дүниеге ие бұл, -
деп халықты қастерлеуге, ашкөздіктен, дүниеқорлықтан аулақ болуға, адам бойындағы ізгі қасиеттерді қастерлеп мадақтап, оқырманды кішіпейіл, жомарт мейірімді болуға шақырады.
. . . Ути ғүмырым шарғатқа неталмадым,
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар.
. . . Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тариқатка өте алмадым,
Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым,
Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар . . .
Міне, түсініп отырсыздар, мұнда Ясауи сопылық ілімдерінің өте күрделі екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді.
Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп әрі шын беріле айтады, ол бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол "надан" "түк білмейтін", "жалған сүюші", "жалған сопы деп есептеді.
2. Қ. А. Ясауи еңбектерінің тәрбиелік мәні.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz