Ислам діні тарихы туралы


Жоспар:
І. Кіріспе
Ислам
ІІ. Негізгі бөлім
- Ислам дінінің кореяда таралу тарихы
- Исламияттың Қыйыр Шығыста таралуыныц алғашқы кезеңі (VII-XII ғғ. )
- Исламияттың турік-мұңғұл билігі кезіндегі
- таралуы (XIII-XVI гғ. )
- Исламияттың Османия патшалығының соңгы кезеңіндегі таралуы (XIX ғ. аягы - XX г. басы)
- Исламияттың Корея соғысынан (1950-1953) кейінгі жайылуы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ислам
Жаратушы ұлық тәңір Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды білдіретін нағыз біртәңірлі (монотеист) тәухид нанымы негізінде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с. а. у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсіндірілген әлемдік дін. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өміріндегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Ислами ұғымда бұл дін абсолютті құдірет иесі Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейінгі барлық адамзатқа және заманаға жіберілген дін. Ислам - ақыл иелері мен күллі махлұқаттын (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдіретіне тәсілім болуының, мойынсұнуының және дүниедегі өмірді белгілі бір тәртіпке келтіретін құдайы жүйенің, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. Ислам сезінің түбірі арабшадағы «сәлиме», «силм» етістігі. Бұлар және осы түбірден жасалған «сәлм», «сәлам», «әслеме» сездері сөздікте бейбітшілік, тыныштық, амандық, татулық, келісім, мойынсұну, тәсілім болу, берілу, сәлеметтілік, сенімділік дегенді білдіреді. Қысқаша айтқанда, «сәлиме» етістігі бейбітшілікті қалайтын бір биік күшке, билікке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июді тыныштық һәм амандыққа берілуді және осы мәртебені жалғастыру үшін қажетті істерді жүзеге асыруды білдіреді. Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран Кәрімде жәннет туралы «дар әс-сәлам», яғни «тыныштық өлкесі» делінген (Құран Кәрім 10/25) . Себебі, мұсылман ұғымындағы жәннет әр түрлі қауіп-қатерден ада, толық бақыт пен қуаныштың мекені. Құран Кәрімдегі Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі «әл-Сәлам», яғни әр түрлі кемшіліктерден ада, толық бейбітшілікті ұсынушы һәм өзіне мойынсұнылатын дегенді білдіреді.
Исламның не екенін толықтай түсіну үшін осы сезбен түбірлес сөздердің мағыналарын әбден біліп алған жөн. Сонда, исламның тек сенім мен ахлақи (этикалық) құндылықтардан ғана құралмағаны, Батыс ұғымындағы «религия» сөзінің исламды түсіндіруде жеткіліксіз болатыны анық болмақ.
Ислам дінінің кореяда таралу тарихы
Корея елі мұсылмандар тым ерте уакыттарда барып, коныстанған, өмір сүріп, дінімізді насихаттаған елдерге жатады. Арабыстан жеріндегі Мекке шаһарында пайда болған исламият қалайша осы жерден он мықдаған шақырым қашықтықтағы Корея, Қытай елдеріне барды? Исламның Қыйыр Шығыста таралуы қай ғасырларда болды? Осы елдердегі мұсылман коғамдардың ары қарайғы өмірі қалай дамыды? Исламияттың бүгінгі күнгі жағдайы қалай, деген қызықты сұрақтарға жауап іздемекшіміз.
Корея елі тарихы бай һәм терең ел. Бес мың жылдай уақыт тарихи деректері жазбаша сақталған, өркениеті дамыған, табиғаты әсем де сүлу, халқы еңбекқор һәм мағрифатты ел. Кейбір оқымыстылар корей тілін Орал-Алтай тіл тобына жатқызады. Қазақ тілі мүшесі болып табылатын түркі тілдері де осы топқа жататынын ескерте кетелік. Әдет-салттарымыздағы, тіліміздегі, музыкамыздағы, үлттық тағамдарымыздағы ұқсастықтарға қарағанда корей халқы мен түркі халықтарының көптеген ортақ қасиеттерін анықтауға болады. Меніңше, ортақ касиеттеріміздің ең маңыздыларынан бірі, мүмкін бастысы - ислам діні. Корея елінде ғасырлар бойы насихатталған, ұсталған, ғылыми еңбектері жазылған ислам дінінің әсерлерін қазір де табуға болады. Исламды осы елде алғаш таратқан арабтардың, олардан кейін мұсылмандықты үгіттеген парсылар мен түркілердің көптеген белгілерін бүгін де кездестіруге болады. Қытайдағы Юан династиясы кұлаған соң Кореяда билік орнатқан Чосон әулетінің түсында мұсылмандар ассимилацияға үшыратылғанымен, ХХ-ғасырдың бас шенінен бастап, әсіресе, Корея соғысынан кейінгі жылдарда осы елде ислам діні қайтадан жанданып, мұсылмандардың саны күнбе күн өсуде. Ал, ендеше, исламның Корея еліне қашан және қалайша келгенше тоқталайық:
Исламияттың Кореяда таралуын мына тарихи кезендерге белуге болады:
Исламияттың Қыйыр Шығыста таралуының алғашкы кезеңі (VII-XII ғғ. )
Исламияттың түрік-мүңғүл билігі кезіндегі таралуы (XIII-XVI ғғ. )
Исламияттың Османия патшалығының соңғы дәуіріндегі таралуы (XIX ғ. аяғы - XX ғ. басы)
Исламияттың Корея соғысынан (1950-1953) кейінгі жайылуы.
Исламияттың Қыйыр Шығыста таралуыныц алғашқы кезеңі (VII-XII ғғ. )
Бес мың жылдық терең тарихи бар Корея елі соңғы мың жарым жылда қытай, араб, үнді және түрік-мүңғүл мәдениеттерімен тығыз байланыста болып, олардың әсеріне үшырады. Әсіресе, қытай мәдениетінін әсері күшті болды. Мұсылмандармен сонау пайғамбарымыз Әз Мұхаммедтің (с. а. у. ) өмірінде байланыс орнатқан қытай ханадандары ислам мәдениетінің күшті ықпалына ұшырады. Ал, кобінесе Қытайға бағынышты болған Кореяға ислами ықпалдар осы патшалыктар арқылы жеткізілген.
Мұсылмандардың Қытай уә Корея елдеріне алғашкы сапарлары теңіз аркылы болушы еді. Сонау, 628 ж. бастап, мұсылман саудагерлер мен халифалық жіберген ресми елшілер тобы теңіз жолымен Оңтүстік Қытай өлкелеріне, кейінірек Корея аймақтарына дейін барушы еді. Орта ғасырдағы мұсылман авторлардың көбісі Қытай-Корея өлкелері жөнінде тамаша деректер қалдырған. Мәселен, IX ғ. орта шеншде Ибн Хұрдадбиһ (820?-885?, 912?) жазған «Китаб әл-Мәмалик уә-л Мәсалик» атты кітапта Кореяның жағрапиялық ерекшеліктері, ондағы мұсылмандардың хал-ахуалы және корей халқы жөнінде көптеген соны деректер келтірілген. Осындай 17 мұсылман автордың еңбектерін мысал етуге болады. Осының барлығы да мұсылмандардың Кореямен қаншалықты тығыз байланыста болғанын аңғартса керек.
Қытай және корей деректерінде де мұсылмандар хақында мол мағлұматтар айтылады. Мына маңызды бұлақтарды айта кетелік:
Чьию Таң Шу: Таң патшалығының жылнамасы. Қытай тарихшы Лию Шун 945 ж. жазған. 200 жілттен (томнан) тұратын бұл ғаламат еңбекте Таң әулеті кезіндегі уақиғалар жазылған.
Шин Таң Шу: Жаңа Таң тарихы. Қытай ғалым Оу Йаң-Шиью (Ou-YangHsiu, 1007-1072) тарапынан 1061 ж. жазылған. Таң (618-908) патшалғының жылнамаларының жыйынтығы, 225 жілт.
Юан Шиһ: Юан (1206-1368) патшалығының тарихы. 1370 ж. Сұң Лиен (Sung Lien, 1310-1381) тарапынан құрастырылған.
Сам Кук Са Ки: Кореядағы үш патшалықтың тарихы (м. б. І-ғасыр - м. к. 933 ж. ) қамтылған. Белгілі тарихшы Ким Пу Сик (Kim Pu Sik, 1075-1151) тарапынан 1145 ж. құрастырылған. Кореяны билеген Когурйо, Паекче, Шилла (Силла) патшалықтарының ресми тарихы. Кореяда сақталған ең ескі жазба тарихнама болғандықтан аса маңызды Корйо Са: Корйо патшалығының (918-1392) тарихы. Атақты тарихшы Чоц Ин-Чи (Chong In-Chi) 1451 ж. жазган.
Корйо Са Чольйо: Мәшһүр қолбасы Ким Чоң-Со (Kim Chong-so, 1405-1453) тарапынан 1452 ж. бітірілген Корйо патшалығының жылнамасы.
Тоң Са Каң Мок: Кореяның миладтан (эрадан) бұрынғы 3000 ж құрылуынан бастап, Корйо патшалығы құлаған 1392 ж. дейінгі тарихты қамтитын ғаламат туынды. Ан Чоц-Пок (An Chong-pok, 1712-1791) құрастырған.
Чосон Вангчо Силрок: Чосон патшалығының (1392-1910) ресми тарихы.
Доксу Чацси Чокбоги: Доксу Чаң әулетінің тарихи шежіресі жазылған еңбек. Бұл шежіреде Чаң әулетінің негізін калаған Самға (уаф. 1298) есімді мұсылманның Кореяға кашан келгені және оның ұрпақтарының емірі жазылған.
Мұсылмандардың Кореямен қатынастары жөнінде мол мағлұмат қалдырған авторлардың (IX-XVI ғғ. ) бірнешеуін айта кетелік:
Ибн Хұрдадбиһ (8207-91217) . Китаб әл-мәсалик уә-л Мәмалик Сүлейман әл-Тәжир (уаф 851?) : Ахбар әл-Сыйн уә-л һинд
Ибн Рүстеһ (уаф. 913) : Китаб әл-ағлақ әл-нәфисаһ
әл-Мәсұди (8887-957) . Мұрұж әл-зәһәб уә мағадин әл-жәуһәр әл-Нәдим әл-Бағдади (уаф. 995) : әл-Фиһрис
әл-Идриси (1100-1166) : Нұзһәт әл-Мүштақ фи ихтирақ әл-афақ Зәкәрия әл-Қазуини (1203-1283) : Ажайиб әл-Махлұқат уә ғараиб әл-Мәужұдад
Ибн Сагид әл-Мағриби (1214-1286) : Китаб әл-Жұғрафия фи-л
ақалим әл-себға
Шәмседдин әл-Димашқи (1256-1327) : Нұбаһат әл-Даһр фи ажай-
иб ел-Бәрр уә-л Бахр
Әбу әл-Фида (1271-1331) : Тақуим әл-Бұлдан
Ибн Халдүн (1332-1406) : Китаб әл-Ибәр
Ибн әл-Бақуи (XV ғ. ) : Телһис әл-Асар уә ажайиб әл-Мәлик әл-қаһһар
әл-Мақризи (1364-1442) : әл-Мәуаиз
Әбу әл-Фадл (1551-1602) : Әкбарнама
Кейбір қытай тарихшылардың пікірінше мұсылмандар бұл елге тұңғыш рет 628 ж. келген екен. Кепшілік ғұламалар мұсылмандар Қытай жеріне алғашқы рет 651 ж. келген дейді. Мәселен, «Ши-юү Чүан» атты еңбекте мынандай дерек сақталған: «651 жылы Таши (кытайлар арабтарды осылай атаған - М. Б. ) патшасы хан сарайына елшілерін жіберді». Зерттеулер осы елшінің халифа Осман Раффанұлы (573-656) тарапынан жіберілгенін, 651 ж. тамыз айының 25-күні қытайдың сол кездегі астанасы Чаң-ан қаласына келіп, император Као-Тсуңмен (Као Tsung, 628-683) кездескенін дәлелдеген. Кездесуде мұсылман елшілер қытай патшасына ислам дінін баяндап, мұсылмандықтық шарттары хақында мәлімет берген екен. Мұсылман тарихшы Лию Чиһ (Liu Chih, 16507-1724?) 1721 ж. жазған «Әз Мұхаммедтің үлгілі өмірі» атты еңбекте Қытай жеріне алғаш қадам басқан мұсылмандар ретінде 632 ж. Оңтүстік Қытайдағы Кантон аймағындағы Чуан-Чоу қаласына келген сахабалар (пайғамбардык замандастарынан) Сағад Ләбид әл-Хабаши және Йүсұфты атаған Осы сахабалар жергілікті халыққа ислам дінін насихаттап, мешіттер ашып, сонда қайтыс болған. Исламияттың Шын-Машын елкелерінде сонау Пайғамбарымыздың кезінде, яғни сахабалар тарапынан жайылғанын растайтын басқа да деректерді келтіруге болады. Мақаланың келемін үлғайтпау үшін осылармен шектелмекпін.
Исламияттың Қыйыр Шығыс елдерінде таралуы көбінесе теніз жолымен болғандықтан, тарихи деректерде мұсылман қоғамдардын Шри Ланка (Сейлан), Шын-Машын, Вьет-нам, Кантон (арабшасы Зәйтүн), Йаң-Чоу, Хаң-Чоу елдерінде шоғырланғаны жазылады. Осы елдерде орналасып, сауда-саттықпен айналысатұғын мұсылмандардың саны айтарлыктай көбейгенді Мәселен, тарихшы Ибн Халдұнның дерепнше 876 ж. Хуаң-Чао каласында болған көтерілісте 120 мыңнан астам мұсылман, йаһүди және христиан қырылған екен. Мұсылман жағрапияшылар ауа райы жақсы болғанда Кантон жағалауынан Корея жағалауына үш күнде баруға болады деп жазған. Демек, алғашқы мұсылман топтары Корея елінде аталмыш дәуірлерде-ақ, болған деп болжауға негіз бар.
Халифалық пен Қытай патшалықтарының саяси-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын күшейеді. Қытай деректерінде 651-798 жж. аралығындағы 147 жылда халифалықтан 37 peт елшілер тобынын келгені жазылған. Ал, Сұң ханаданы дәуірінде (908-1168) халифалықтан келген елшілік топтардың саны 49-ға жеткен екен. Мұсылмандардың Қытай уә Корея халықтарымен байланыстарының дамуында «Талас ғазауатының» рөлі ерекше маңызды. 751 ж. болған Талас соғысын ислам тарихының, оның ішінде түркі тарихының ең маңызды сәттернің бірі деп айтуға болады. Талас ғазауатынан кейін Орталық Азия халықтары лек-лек болып мұсылмандықты қабылдады.
Талас шайқасы араб, парсы, түрік, қытай және корей халықтарын тоғыстырған маңызды уақиға. Соғыста тұтқын болған 20 мың әскердің кейбірі ислам дінін қабылдаған. Мұсылмандар Ан Лүшанның (703-757) көтершісінде қытай императорына көмектеседі. Өзін такка кайта отырғызған мұсылмандарға опалық танытқан Сұ-Тсұң (Su Tsung, 7-762) патшаның кезінде, 757 ж. Самарканд, Бухара, Қашғар өңірлершен көшірілген 4 мың мұсылман жанұя Қытайдың Сианфу өлкесіне орналастырылады. Бұл өзгеріс мұсылмандықтың ішкі қытай өлкелерінде түбегейлі таралуына игі әсер жасап, қолайлы жағдай әзірлейді. Таң әулеті түсында Кантонда салынған «Чилин-Се» уә Хаң-Чоуда салынған «Фең-Хуаң-Се» ең ескі мешіттер. Сөйтіп, ислам діні қытай халықтары арасында ешқандай соғыссыз, бейбіт түрде таралады.
Қытай патшалықтары кезінде өмір сүрген мұсылмандар мен олардың үрпақтары жергілікті халықтармен етене араласты, қыз алысты, қыз берісті. Қалың қытайдың ішінде турғандықтан ұзақ жылдардан соң кытай тілі мен әдет салттарының көпшілігін қабылдаған мұсылмандар есімдері түсінікті болуы үшін қытай әріптерін пайдаланады. Мәселен, Мухаммед, Махмуд, Мансұр, Мәжид, Мәсғұд секілді есімдер арабшадағы м (мим) әрпімен басталады. Сондықтан, көп мұсылмандар есімдерін қытайшалағанда «МА» деп қабылдаған. Бүдан басқа қытайшадағы 29 фамилияның мұсылмандардікі екені анықталған. Бұлардың бағзыларын атап кетелік:
ХА, КА: Халид яки Хасан есімдерінен.
ТА: Дәуіт есімінен.
МАН: Мансұр есімінен.
ТИЕХ: Тимур есімінен.
ХУ: Хусайын есіммен.
ША: Шаһ яки Шәмседдин есімдерінен.
ХАИ: Хайдар есімінен.
СА: Сағид есімінен.
ПА: Бәдреддин есімінен.
НА: Насреддин есімінен.
ЛАХ: Абдұллаһ есімінен.
АИ: Иса есімінен.
ТИу: Дин есімінен
ЛИ: Риза есімінен.
Таң паташалығы тұсында Корея жартыаралының солтүстігінде Когурйо, шығысында Шилла, ал батысында Паекче аталған үш патшалық бар еді. Осылардың ішінен Шилла патшалығы (668-935) Так империясының көмегінің арқасында (660-668) Кореяны бір билікке бағындырады. 676 ж. бастап, Шилла мемлекеті Таң империясымен тығыз байланыстар орнатады, қытай мәдениетінің әсері күшейеді. Шилла мемлекеті 535 ж. қабылданған бұддизмді ресми дін етіп жариялайды. Осы тарихтан бастап, жүздеген кореялытар Қытай, Үндістан, Орталық Азия елдеріне барып, буддизм ілімдерін үйренеді. Жапонияға бүддизмді таратқан рұһбандар (жрецтер) Паекче патіиалығы тарапы-нан 552 ж. жіберілген бүддисттер еді.
Корея аталмыш ғасырларда табиғатының әсемдігі, ауа-райының қолайлылығы, кеме өндірісінің дамығандығы секілді сипаттарымен атағы шыққан ел еді. Кореялық саудагерлер Жапониядан бастап, Қыйыр Шығыс елдеріндегі сауда-саттықтың айтарлықтай бөлігін қолда үстаушы еді. Бұдан басқа, араб саудагерлер мұсылман еддерінде өндірілген көптеген тауарларды Шилла патшалығына әкеліп, сататұғын. Әсіресе, әтірлер мен иіс майлар, тоқымалар мен маталар, хош исті ағаштар, асыл тастар, зүмрүд, қауырсын көп сұранысқа ие тауарларданды.
Мұсылман бұлақтарында Кореядағы Шилла патшалығы хақында көптеген мәліметтер келтіріледі. Мәселен, Ибн Хұрдадбиһ былай деп жазған: «Қытайдың Гансу өлкесінің арғы жағында әл-Шилла мемлекеті бар». 913 ж. уафат болған Ибн Рұстеһ «Китаб әл-ағлақ әл-Нәфисәһ» атты еңбегінде: «Қытайдың арғы жағында алтыны мол Шила деген ел бар». Ибн әл-Нәдим (уаф. 995) «әл-Фиһрис» атты еңбегінде: «Қытайдың қарамағында Сила мемлекеті бар» деп жазған.
Сүлеймен әл-Тәжир (IX ғ. ), әл-Мәсұди (8887-957), әл-Идриси (1100-1166), әл-Қазуннн (1203-1283), Ибн Сағид (1214-1286), әл-Димашқи (1256-1327), Ахмед Абдұллаһұлы ол-Нуенри (1279-1332), Ибн Халдұн (1332-1406), әл-Мақризи (1364-1442), Ахмед Мәжид-үлы әл-Нәжди (Ибн Мәжид, 1430-?) еңбектерінде Шила (Сила) және аралдары хақында мағлұмат береді. Аталмыш еңбектерде Корея жерінің таулы екені, көптеген бектер мен патшалардың билік ететіні жазылған. Шынында да Корея жерінің 80 пайызы таулы қыратты, ал 20 пайызы ғана жазық. Шилла мемлекеті тоғыз әмірліктен құралған мемлекет еді және әр әмірлікті «Тодок» деп аталатын әкімдер басқаратұғын. Деректерде корейліктердің «көктің ұлы» деп аталған қытай императорына бағынатындары жазылған.
Мұсылмандардың Кореяға баруы жөнінде де деректер баршылық. Онда Шилла жеріне барған мұсылмандардың табиғаты аса көркем осы елде түрақтанып қалатыны жөнінде жазылған. Ибн Хұрдадбиһ: «Шилла елі бай мемлекет. Сонда барған мұсылмандар бұл елдің әдемілігін тәнті болып, орналасып қалады. Одан ары қандай елдің бар екені бізге беймәлім» деген. Әл-Мәсұди Кореяда орналасқан мұсылмандардың бір сыпырасының ирақтықтар екенін хабарлайды. Шәмседдин әл Димашқи «Нүһабат» атты еңбегінде: «Шиллаға бара жатқан жолдағы Аммония аралдарының шығыс жағында алты үлкен арал бар. Әмәуи (Омеяд - М. Б. ) халифалығының (661-751) қысымынан қашқан кейбір алауилер (алевиттер - М. Б. ) осы елді паналаған. Өте ауыр жағдайда өмір сүргендеріне қарамастан олар осы елден кеткісі келмеді» дейді.
Арабтардың Кореямен байланыстары исламнан бүрынғы дәуірлерге дейін барады. Мәселен, 1973 ж. Шилла патшалығының астанасы Кйоң-Чу қаласында жүргізілген қазба жұмыстарында 115 нөмірлі мазардан арабтар жасаған ыдыстар табылған. V-VI ғасыр-ларға тән осы мазарлардан табылған заттар араб уә иран тауарлары-ның сол ғасырларда-ақ, Кореяда болғанын дәлелдейді. Кейбір ғалымдар корейліктер пайдаланатын Пи-Па, Коң-һоу (қобыз) және Хо-Чек атты музыкалық аспаптар Орта Азиядан апарылған деп болжайды.
Корйо-Са атты кене тарихи бұлақта Кореяға келген мұсылмандар хақында деректер келтірілген. Мәселен, патша Һйоң-Чоңның (Hyongjong, 1009-1031) билігінің 15 жылы, яғни 1024 ж. қыркүйек айында: «Осы айда Йол Ра-За және қасындағы 100 адамнан қуралған делегация Таши (араб - М. Б. ) елінен келіп, тауарлары мен сыйлықта-рын патшаға үсынды» деп жазылған. Ал, 1025 ж. уақиғаларда мынан-дай сейлемдер бар: «Қыркүйек айында, Хасан, Риза (Раза) және жүз шақты адам Таши (араб) елінен келіп, патшаға тарту-таралгы берді». Корей тарихнамаларында келтірілген кейбір мұсылман есімдері мыналар:
Йол Ра-За (қытайшасы Йуеһ-ло Тзу) : әл-Рази
Ха-сон (қытайша Шиа Шен) : Хасан
Ра-за (қытайша Ло-тзу) : Рази
По-на-га (қытайша Пао-на-һо) : Баракат
Таң жылнамаларында мұсылмандардың жергілікті халықтармен біте қайнасқаны, мешіттер ашқаны, әйел алғаны туралы мәліметтер келтіріледі.
Исламияттың турік-мұңғұл билігі кезіндегі
таралуы (XIII-XVI гғ. )
Мусылмандар Кореяда шоғырланып, айтарлықтай дәрежеде қалыптасқан ислам мәдениеті осы кезеңнің еншісінде. Таң патшалыгы тусында кейбір мұсылмандардың Корея жеріне келгені, мүнда орналасып, сауда-саттықпен шұғылданғаны туралы жоғарыда айттық. Адамзат тарихында улкен өзгерістерге себеп болған муңғүл шапқыншылыгы жылдарында Қытай елшің билігі Шыңғыс (уаф. 1227) ханның үрпақтарына тиеді. 1264 ж. Қүбылай хан (1215-1294) Юан империясын орнатып, осы күнгі Бижиң (Пекин, Ханбалық - М. Б. ) каласын астана етіп алады. Орталық Еуропадан Орта Шығысқа, Орта Азиядан Қытайдың ішкі елкелеріне дейінгі ұлан-ғайыр аймақты қантөгіспен жаулаған мұңғұлдар Кореяны да өз биліктеріне қаратады. Ұзақ жылдарға созылған шайқастардан кейін 1259 ж. Кореяны тұтас бағындырған мұңғұлдар осы елкеде саяси, мәдени, әскери шаралар қолданып, бұл елдің тарихына айтарлықтай әсер етіп тұрады.
Мүңғұлдар 1215 ж. Пекинді жаулап алып, Солтүстік Қытайдағы шүршіттер құрған Кин (1115-1234) мемлекетіне қауіп төндіре бастайды. Мұңғұлдардан қашқан шүршіттер (қарақытайлар) Корея жеріне баса көктеп кіріп, елін шауып, жерін талқандайды. Елі шабылған корейліктер мұңғүлдарға елші жіберіп, кемек сұрайды. Осы сылтауды тиімді пайдаланған мұңғүлдың Үгедей ханы (уаф. 1241) Сартай есімді қолбасыға 1231 жылы Кореяны жаулап алуын әмір етеді. Корйо патшасы мүңғұл билігін тануға мәжбүр болады, үлкен мөлшерде алым төлеуді мойындайды. Мүңғүлдар Корйо елінде 72 уәкіл әкім қалдыратын болады. Бұдан кейін 1232, 1235, 1253-1257 жылдары аралығында мұңғұлдар Кореяны алты рет шабады, көптеген қалалар мен елді мекендерді талқандайды. Патша Вон-Чоңның (Wonjong, уаф. 1274) билігі тұсында 1270 ж. Корйо патшалығы үзілді-кесілді мұңғұл билігіне қосылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz