Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі



Жоспары:

І.Kіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ.Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
1.1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ...11
2. Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсілдері
2.1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың нақты тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2. Залалдарды өтеу азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсілі ... ... ... ... ... ...26
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Kіріспе
Азаматтык айналымның тиісті деңгейде қалыптасуы тек субъектілердің азаматтық құқықтарын мойындаумен ғана байланысты емес, сонымен қатар бұл құқықтарды құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен байланысты. Ғылымда қалыптаскан дәстүрлі түсінік «азаматтық құқықтарды қорғау» ұғымы құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Бұған тек құқықтық шаралар ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық сипаттағы субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған баска да шаралар жатады.
Азаматтық құқықтарды қорғау – бұл азаматтық және азаматтық ic жүргізу құқығы теориясындағы маңызды категориялардың 6ipi болып табылады. Бұл категорияның мәнін ұғынбау азаматтық, құқықтық санкциялардың сипаты мен ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық, құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын өзге де мәселелерді түсінуге қиындьқ туғызады.
Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды.
Бұл зерттеудің маңыздылығы мынада көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады. Қазіргі Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады.Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6 – шы бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Нормативті – құқықтық актілер:
1. ҚР Конституциясы 1995 ж.30 тамыз. «Жеті жарғы» Алматы,2004ж.
2. Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім) 1994 ж.24 желтоқсан. «Юрист» Алматы//2005ж.
3. Азаматтық кодекс (Ерекше бөлім) 1999 ж.1 шілде «Юрист» Алматы
4. Адалсыз бәсекелестік туралы Қ.Р. заңы 1998ж. 9шілде №232
5. Шынайы монополиялар туралы Қ.Р. заңы (өзгертулер мен толықтырулар) 1998 ж.9 шілде №272 – 1
6. Жеке кәсіпкерлік туралы заң-1997 жылғы 19 маусымдағы ҚР Заңы.
№135-ІІ.
7. Сот ісін жүргізу бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтыруларулар негізу туралы заңы.2001ж.11 шілдедегі №238.
Сот сараптамасын жүргізумәселелері бойынша ҚР. Заңы2001ж.6 қарашадағы №251-ІІ.
8. Жер кодексі-ҚР-ның Парламенті 2003 ж. 9 шілдеде қабылданған №477-ІІ.
9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы сот тәжәрбиесінде қолдану туралы. ҚР-ның Жоғарғы Сот Пленуінің қаулысы.25 шілде 1996 ж. №7.
10. ҚР Конституциясының 5 бабының 2 тармағына ресми түрде талдау жасау туралы. ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысы. 29 сәуір 1997ж. №8/2.
11. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақ ССР жүзеге асыру тәртібі туралы.Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің қаулысы. 5 шілде 1991ж. №641-ХІІ.
12. Қазыналық кәсіпорындардың қызметі мәселелері бойынша ҚР заңы.1999 ж.4 қараша №472-І.
13. Тұрғын үй қатынастар туралы ҚР заңы. 1997 ж.16 сәуірдегі №94-
Ғылыми әдебиеттер:
1. Комментарий к ГК РК ч. 1 //под ред. Басина Ю.Г. – М.,1995
2. Азаматтық құқық 1 том. Жоғарғы оқу орындарына арналған басылымы.//Жауапты ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин Алматы, 2003 ж.
3. Төлеуғалиев Ғ. Қ.Р.Азаматтық құқығы..Жоғарғы оқу орындарына арналған академиялық курс.1 том.- Алматы.. «Жеті Жарғы», 2001ж.
4. М.К.Сулейменов «Вещные права по гражданскому законодательству РК»..Сборник.Алматы,2004 ж.
5. Скрябин С.В. ҚР меншік құқығы (Уго Маттйдің «Меншік құқығының негізгі принциптері» атты кітабына салыстырмалы құқықтық түсініктеме) Алматы, 2000
6. Айтжан Б.Е.,Хусайнова А.М. Рим құқығы (мәтін оқу құралы) /пікір жазған Т.С. Ордалиев, Ғ.А.Жайлин – Алматы.Жеті Жарғы 2005ж.
7. Ынтымақов Советжан Азаматтық құқық (мәтін) практикум.Жалпы бөлім /ред. Б:Б.Базарбаев Алматы – заң әдебиеті 2004 ж. 222 бет
8. Суханов Е., Сергеев А. Меншік құқығы мен азаматтық құқық тәсілдері – Москва 2000

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І.Kіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ.Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
1.1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .4
1.2. Азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... .11
2. Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсілдері
2.1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың нақты тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... .20
2.2. Залалдарды өтеу азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсілі ... ... ... ... ... ...26
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Kіріспе
Азаматтык айналымның тиісті деңгейде қалыптасуы тек субъектілердің азаматтық құқықтарын мойындаумен ғана байланысты емес, сонымен қатар бұл құқықтарды құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен байланысты. Ғылымда қалыптаскан дәстүрлі түсінік азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Бұған тек құқықтық шаралар ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық сипаттағы субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған баска да шаралар жатады.
Азаматтық құқықтарды қорғау – бұл азаматтық және азаматтық ic жүргізу құқығы теориясындағы маңызды категориялардың 6ipi болып табылады. Бұл категорияның мәнін ұғынбау азаматтық, құқықтық санкциялардың сипаты мен ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық, құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын өзге де мәселелерді түсінуге қиындьқ туғызады.
Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды.
Бұл зерттеудің маңыздылығы мынада көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады. Қазіргі Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады.Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6 – шы бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.

1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол бермейтіндей жағдай жасайтын қоғамдьқ қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету принціпі, оларды сот арқылы қорғау азаматтьқ заңның негізгі бастауы ретңде айтылады (АК-тің 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиic емес, сонымен 6ipre олар субъективтік құқықтық бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзеуге мүмкіндіктер береді. Бұл тұрғыда профессор. В.П.Грибановтың мынадай niкipi көңілге қонады: құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді.
Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бipгe осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.
Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері. Азаматтық кодекстің 15-тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы
меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу қажет. Кең мағынада мeншiк мүддесін қорғау екі негізгі нысанға бөлінеді: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түpi субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемлекеттік немесе басқа да құзіретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағынды, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған
құқықты қалпына келтіру және бұзушылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады.
Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенде тіреледі. Меншік, бұл зат та емес, мүлік те емес. Бұл - белгілі бір экономикалық қатынас.
Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлуметтік – экономикалық мәнін білдіреді.Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады.Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді-алғашқы қоғомдық және ғылыми жобалаған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.
Меншік қатынастарының өзгеруі - қоғамның негізгі қозғаушы күші және барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік қатынастарының өзгеруі қоғамды прогреске де, регреске де әкелуі мүмкін.Өзгерістердің тиімділігін анықтау қиын емес, ол үшін тиісті кезеңдердегі мемлекет пен азаматтардың экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін салыстырса жеткілікті.
Профессор.Ә.Ералидың айтуы бойынша Меншік ұғымының пайда болу жолдарына ерекше мән бердім. Осыдан кейін қазақтың әдеттік құқығындағы ен, енші, еншік, меншік ұғымдарының пайда болуы на ден қойдым. Мұндағы қазақтың жайлау, күздеу, қыстау, көктеу деп жыл мезгілдерінің аталған жеріне билік құруға себепші болған төрт түлік малына салынған таңба түріндегі меншік ұғымы екендігіне көз жеткіздім -дейді.
Меншік термині әртүрлі мағанада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда мынау менің (оның) меншігім (меншігі) деуде болады .Екінші жағдайда- меншік иемдендім (бердім) дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік-экономикалық, ал меншік құқығы – заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншіктің экономикалық санат арқылы дұрыс білдірмейді.Сонымен, қатар меншік нысанмен (мысал, орындықпен,мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. Мына зат маған меншік құқығы бойынша тиесілі немесе Ол сатып алу – сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді. Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.
Ресейдің заң әдебиеттерінде меншік, адамдар арасындағы мемлекеттік қатынастардан гөрі, адамның заттарға өзінікі, өз меншігі ретіндегі қатынасы болып табылады деген пікір айтылған. Бұл қағида қате.Ешқандай құбылыс тек өзі арқылы түсіндірілмейді. Адам өзіне ұнаған басқаның мүлкіне өз меншігіндей қарағанмен, егер заңды титулы болмаса ол оның меншік иесі бола алмайды ,яғни оны иемдене алмайды. Олай болған жағдайда қолына зат ұстағанның бәрі меншік иесі болар еді.
Енді меншік құқығы ұғымына тоқталсақ, М.К.Сүлейменов пен Ю.Г.Басинның көз-қарасы бойынша Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиісілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. -деп түсіндіреді.
Ал, Ресей ғалымдары М.Б. Смоленский мен А.А. Новикованың пікірі бойынша Меншік- бұл, не зат, мүлік емес. Бұл – құқықпен реттеліп, рәсімделетін және нақты анықталған экономикалық қатынас -деп көрсетеді.
Меншіктің экономикалық қатынас.
Біріншіден, белгілі мүлік үшін туындайтын азаматтар арасындағы қатынас. Бұл қатынастың негізі, мүлік нақты тұлғаға беріледі және өз мүддесі үшін қолданыла алады. Ал, басқа тұлғалар бұған кедіргі келтірмеуге тиіс.
Екіншіден, иемденген мүлікке тұлғаның меншік ретіндегі қатынасы деп түсіндіреді.
Ғ.Төлеуғалиевтің көз-қарасы бойынша Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек -деген.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді - табиғаттың өнімдері мен еңбекті - меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.
Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.
Англияның атақты ойшылы И.Бентрам былайша тұжырымдаған. Оның айтуы бойынша Меншік құқығы мен заң бірге туып, бірге құриды. Заң шықпайынша, меншік құқығы да болмақ емес -деген.
Ал,егер жалпы құқық немесе англо-саксондық құқық меншік құқығы заттардың жиынтығын сипаттайды, айналадағылар бір заттың белгілі бір тұлғаның меншігі екендігін сол арқылы біледі, құқық институт жүйесінде ол қозғалмайтын мүлікке қатысты болған. Сондықтан оны сөзсіз және шектеусіз меншікке құқық – деп түсіндірген.
Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс,заңдар мен басқа да нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда - шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз.
АК-тің 188-бабыныда меншік құқығына мынадай анықтама берілген: Меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге тиесілі деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзнің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек.Осы жөнінде М.К Сүлейменов былай өте дұрыс айтқан: меншік құқығының анықтамасындағы ең бір түйінді сөз тіркесі өз қалауынша деген. Яғни, субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы.Германия азаматтық заңының 903-тарауында меншік иесі ... өзнің затына өз қалауы бойынша билік етеді делінген. Швейцарияның Азаматтық кодексінде заттың меншік иесі болып табылатын тұлға... затқа өз қалауы бойынша билік ете алады деп көрсетілген. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге,билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқығы бар. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес.Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мындай құқықты немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айталық, меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (ҚР АК-тің 188-бабының 4-тармағы).
Азаматтық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құқығының иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен қорғау да ескерілген. Мұндай құқық өзгенің құқығына тәуелді емес, меншік иесі өзінің мүлкін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына құқығы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың орнын толтыруға құқылы.
Азаматтық кодекстің 188-бабы 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексінің көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Осы жайлы ғалымдар А.Б. Ерсұлтанұлы мен Хусайнова А. М. пікірінше Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қозғалмайтын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы -дейді.
Иелену құқығы - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзүге асыруды заң қамтамасыз етеді. Иелену - мүліктің нақтылы иесінде болуы. Адам өз мүлкіне ие деп саналады. Басқалар мүлікті иесінен келесім бойынша алып, пайдалануы керек. Бұл сәтте оларда иеленуші болады, бірақ негізгі иеленуші емес. Титулдық иеленуші мүлікті жалдау, сауда, аманат,тасымал келісімдер арқылы иеленуі мүмкін. Егер мүлік меншік иесінен оның өз еркімен шықты, мүлікті алған заңды иеленуші болады, ал егер мүлік басқаға ұрлау, жоғалту арқылы көшсе, иелену заңсыз болып табылады. Пайдалану құқығы - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда- кіріс, өсім және өзге де түрде болуы мүмкін.
Билік ету - мүліктің тағдырын шешу болып табылады және меншік құқығының мерзімі шексіз.- деп талқылаған.
Жалпы бұл рим құқығында триада деп қарастырған. Толығырақ тоқталатын болсақ,триада (jus utendi, jus fruendi, jus abutendi), меншік иесінің өкілеттіктерінің сипаттамасы болып табылады, рим құқығының ортағасырлық заңгерлері еңбектерінде оны кездестіре аласыз, ал шын мәнінде римдік жеке құқық меншік иесі өкілеттіктерінің тұтастай тізімін бере алған жоқ. Қазіргі ағылшын-саксон құқығы меншік иесінің 11 өкілеттігін қарастырады.
Бұл өкілеттіктер меншік құқығының қажетті элеметтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкіліттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала береді. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді.
Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктен де айырлады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржы алуға құқылы, сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету өкілеттігі қалпына келтірледі.
Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігі заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғашарт жасайды. Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөлінеді. Егер мүлікті иелену заңды негізгде жасалса, онда мол заңды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты немесе заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп,оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі. Сондай-ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса,онда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің талабын дәлел де мейінше, зат иеленуші адал алушы қатарына жатады (АК-тің 261-бабы). Ал, керісінше, егер де мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынатып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса, мүлікті мешшік иесі немесе мешнік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғатқан не мұның екуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.
Азаматтық кодекстің 188-бабында иеленудің әр түрі туралы айтылмаған, тек аталған баптың 3-тармағында ғана бөтеннің затына құқық ретінде иеленудің жасалу жолы мен тәуелділігі көрсетіледі. Сонымен бірге заңда ерекше негіз бар. Иелену мерзіміне жол беріледі АК-тің 20-бабында көзделеді. Иеленудің мұндай құқығы меншік құқығынан тұлғаның затты өз билігінде нақты түрде ұстауымен ерекшеленеді. Бұл иеленудің заңдық салдары болады, яғни иеленуші мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оны басқалардан қорғауға құқылы (АК-тің 240-бабы, 2-тармағы), ал екінші жағынан, осы баптың нормалары негізінде өзінің иелігіндегі затты меншіктенушіге құқық алады. Сонымен, иеленудің мерзіміне мынадай белгілер тән: а) ол иелік ететін мүлікке нақты үстемдік етеді; ә) осы тұлғаның затқа адал ашық және үздіксіз түрде нақты үстемдік етуі. Демек, иеленудің мерзімі иелену құқығынан меншік құқығының құрамдас бір бөлігі ретінде ерешеленеді. Оған қоса бұл иелену түрі затты иелену құқығын өзгеге бергенімен, меншік иесі болып қала береді, мысалы, кепілдік шарты бойынша.
Пайдаланудың өкіліттік құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс,төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін АК-тің 188-бабы 2-тармағы.
Пайдаланудың өкілеттік құқықының жай пайдалануды ажырату білу керек. Пайдаланудың өкілеттік құқығы - затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқығы субъектісінің өкілеттігі. Пайдалану - осы құқықты жүзеге асыры болып табылады, яғни затты нақты пайдаланып немесе оны қашан кіріс алғанша тұтыну.
Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығын қалай жүзеге асыруды өзі шешеді. Бірақ та, Конституцияның 6-бабын бұрмалауға тиіс яғни меншікті пайдалану қоғамдық игілікке қарсы келмеуі тиіс. Демек, қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланғанда меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауына тура келеді. Мысал ретінде қазақ өнерінің көрнекті шығармаларын, айталық мұрагер меншік иесі ретінде бөлдірмеуге міндетті. Меншік иесі басқа тұлғаға өзінің пайдалану құқығын беруіне құқылы , мысалы, жалға, арендаға беру және тағы басқалар.Пайдалануға өкілеттік алған тұлға оны өзі үшін пайдалана бастайды, мысалы, затты пайдалану, өнім алу.Мұндай жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттігіне сәйкес табысты жанама жолмен түсіреді, айталық, затты пайдаланудан түскен кірісті иеленеді, немесе белгілі бір пайызды еншілейді.
Заң негізінде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі өкілеттігіне айырылуы не құқығы шектелуі мүмкін.Мәселен, тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы жүзеге асады. Бұл Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 4-бабында көрсетілген.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдарын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі ҚР АК-188-бабының 2-тармағанда белгіленген.
Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты мәмілелер жасауға өкілетті. Мысал келтіретін болсақ, меншік иесі өзінің меншік құқықын өзгеге беріп, кепілдік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса,онда ол билік құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде өтеді. Мысал,арендаторға иелік ету және пайдалану құқытары беріледі. Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдар беруі болып табылады. Нарықта өз орнын табу үшін меншік иесіне билік ету қажет. Әдетте тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі.Ауыстыру кезінде меншік иесінің құқығы сатушыдан сатып алушыға ауысады. Содықтан да сатушы тауардың меншік иесі ретінде меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік алуы тиіс. Билік ету құқығын жүзеге асыру мақсаты меншіктің әр түрлі түрлеріне сәйкес келеді.
Әдетте меншік иесі өзінің билік өкілеттігін қалай да жүзеге асыруды міндетті деген ереже жоқ. Шешімді қалай қабылдайды, қалай билік етеді- оны бір өзі шешеді. Осылай бола тұра, ол бұл арада заңды бұрмалауға жол беруге тиіс емес. Әрине, кейбір жағдайда меншік иесі өзінің құқығын қоғам мүдделі болғанда жүзеге асыруға міндетті. Заң мен басқа да құқықтық негіздерге орай меншік иесінің билік ету құқығы алынуы не тоқтатылуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда билік ету құқығы тек мемлекеттің келісімімен жүзеге асады. Мысал келтірсек, әрекет ету қабілеті шектеулі адамдармен билік ету құқығын асыру үшін келісім жасаған кезде заңды өкілінің рұқсаты талап етіледі.
Билік ету құқығы затқа меншік иесі болып табылмайтын тұлға арқылы да жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқауымен болады, немесе меншік иесімен жасалған келісім шарт негізінде болады, мысалы, теміржол жүкті иесіне беруге мүмкіндік болмаған жағдайда басқа тұлғаға тапсырады.
Меншік иесі өз меншігінің игілігін көріп қана қоймай, меншігіндегі мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы да жүктеледі. Айталық, күрделі жөндеу жүргізіп, сақтандыру шараларын жүзеге асырады. Егер заңда қаралмаған болса, өзіне түсетін ауыртпалықты үшінші біреуге жүктеуіне болмайды. Егер мүлік заңды түрде үшінші жақтарда болса, олардың өзгенің мүлкін күтіп ұстауға жұмсалған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншік иесіне өтеуге тиіс. Мысал ретінде айтсақ, оған қараусыз кеткен малды ұстап, баққанға кеткен шығынды айтуға болады.
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылыс ретінде өзінше дербес болады.
Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Соған байланысты, сондай - ақ мәселені зерттеу тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы. Оны түсінудің екі қырына тоқталайық. Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылады, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға берілгендік немесе тиесілік жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды. Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді.

1.2. Меншік құқығын қорғаудың жалпы ережелері.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы барлық салалармен тығыз байланысты.
Жалпы дәстүр бойынша қорғаудың құқығы күші кез келген субъективтік азаматтық құқық құрамына кіреді, ал, егер оны қорғауды осылайша қамтамасыз етпесе, онда құқық өзінің бар болуы шартты түрде айтылады.
Уго Маттей деген шетел ғалымының айтуы бойынша меншік құқығына мен өзге де заттық құқықтарды, азаматтық және жалпы құқық елдерінде бар қорғау құралдарының ерекшеліктерін атай отырып, азаматтық дәстүр сот жүйесінің: әкімшілік соттар және жалпы заңдық соттар деп аталатын дуализміне негізделетінін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі үшін сот жүйесінің бөлінуіне дәлдік қажет. Бүгінгі таңда, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот органдарының қылмыстық, азаматтық істер бойынша нысандары Жоғарғы сот пен областық соттардың шаруашылық дауы бойынша алқалары бар бірыңғай жүйесі қызмет жасайды. Әйтсе де, азаматтық іс жүргізуде азаматтық немесе әкімшілік заңға жататындығы айқын ажыратылмаған. Ал, материалдық құқық нормалары (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа салалар) меншік иелері мен өзге де заттық құқық иелеріне өздеріне тиесілі құқықтарын қорғаудың әртүрлі әдістерін қарастырады. Осында жалпы меншік құқығын қорғаудың азаматтық заңнамада қарастырған әдістеріне ғана тоқталайық.
Жалпы меншік құқығын қорғау ісінде азаматтық құқық нормалары бірдей рөл атқармайды. Себебі, олардың бірі материалдық игілікті қайсыбір құқық субъектісіне белгілейді немесе тиянақтайды деп айтуға болады. Бұған бірінші кезекте меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болады және игілікті тоқтату туралы ережелер жатады. Олар егер шартта немесе заңда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиесілі.
Мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерге, өнімге, табысқа, меншік құқығы АК- нің 123- бабына сәйкес алады. Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу - сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Егер азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немсе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мирасқорларына-заңды тұлғаларына көшеді -деп.
Меншік иесінің мүлкін меншік иесінің еркінен тыс басқа тұлғаға беруге АК- те көзделгеннен, басқа реттерде жол берілмейді. АК- те көзделген реттер мен тәртіп бойынша тұлға меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке, не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке меншік құқығын алу мүмкін.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заң қабылданған ретте ұлт меншігіне алу АК-тің 266-бабында белгіленген тәртіп бойынша оларға шығындар өтеледі.
Ережелердің енді біреулері меншік иесі өзіне тиесілі құқықты, мысалы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қажеттігін иеліктен мүмкіндігін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді. Үшіншілері, меншік құқығын затты барлық үшінші тұлғалардың ықпалынан тікелей қадағалайды және қорғайды. Осыған меншік иелеріне келтірілген материалдық шығындарға жауапкершілікті тағайындайтын нормаларды жатқызуға болады. Оған қоса, азаматтық құқықта меншік құқығын тікелей қорғау туралы арнайы нормалар да бар. Осыған байланысты О.И.Иоффе азаматтық құқықта қалыпты экономикалық қатынастардың дамуын кең мағынада қамтамасыз ететін азаматтық құқықтардың барлық нормаларының жәрдемімен меншік құқықтарын сақтау мен құқық қатынасына қарсы құқық бұзуға байланысты пайдаланылатын азаматтық- құқықтық тетіктердің жиынтығы - меншік құқығын қорғауды ажыратуды ұсынады.
Қорғау мен сақтау түсініктерін ажырату қажет. Меншік құқығын сақтау осы құқықтың бұзылу фактісіне дейін жүзеге асып, алдын ала сақтандыру,ескерту сипатында болады. Меншік құқығын қорғау азаматтық-құқықтық қорғаудың нақты әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет болғанда және бір нәрседе меншік құқығының бұзылуы немесе сондай бұзылу айқын төніп тұрғанда қолданылады. Сол себепті меншік құқығын қорғау және сақтау түсініктерін теңбе- тең деуге болмайды.
Профессор Ғ.Төлеуғалиевтің құқықты қорғау түсінігіне тоқталсақ. Ол сөздің кең мағанасында алғандаға құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жай берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық, қатнастар тәртібін мемлекеттің қолданылуын айтамыз- деген.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтары қалпына келтіруді қамтамасыз ету принцепі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады (АК- тың 2-бабында көрсетілген).
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар, тек қана, нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіреді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндіктер береді.
Бұл тұрғыдан профессор В.П.Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады. Құқықты қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмүнының өзімен белгіленеді. Заң ғылымдарының докторы, профессор М.К.Сүлейменов пен заң ғылымдардың доктары Ю.Г.Басин меншік құқығын қорғауға байланысты пікірлеріне тоқталсақ. Меншік құқығын және өзгедей заттық құқықтарды меншік иесінің заттық құқық иесінің құқықтары деп қорғауды кең мағанада алсақ ол азаматтық құқықтардың, барлық субъектілерін қорғаудағы барлық тәсілдермен жүзеге асырлады. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар субъективтік азаматтық құқықтарға жатқандықтан, олар субъективтік азаматтың құқықтарымен бірдей қорғалады, азаматтық құқықтарды қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субъективті азаматтық құқық ретінде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады деп көрсетеді.
Азаматтық құқықтың тар мағанасында алсақ, меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз - азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары дейміз. Жалпы профессор Скрябинің көз-қарасы бойынша қолданыстағы азаматтық заңнама негізінде меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық төрт әдісін бөліп қарастырған. Олар:
1) заттық-құқықтық талап.
2) міндеттемелік-құқықтық талап.
3) меншік құқығын қорғаудың өзге әдістері.
4) меншік құқығын бұзатын мемлекеттік орғандарға талап болып табылады.Меншік құқығын қорғау түсінігі осыған дейін заттық - құқықтық және міндеттемелік- құқықтық әдістерін қамтып келді.Қорғаудың осы әдістерін басқа теорияда меншік құқығын қорғаудың өзге азаматтық-құқытық әдістері де қарастырады.Оған, атап айтқанда, хабар - ошарсыз кетен немесе өлді деп жариялаған адамдардың тірі оралуынан тауындайтын жағдайлар туралы нормалар жатады. Қазақ КСР-сінде меншік туралы заңның, одан кейін КСР Одағы мен республикалардың 1991 жылғы Азаматтық заңнамалары негізінің қабылдауына байланысты меншік құқығын қорғаудың нақты азаматтық- құқықтық әдістері саласындағы актілерде мемлекеттік органдарға, олардыңменшік құқығын бұзатын шешімдерін даулау үшін талап қою мүмкіндігі қарастырылды. Меншік құқығын қорғаудың жоғарғыда келтірген әдістердің бірде-біреуіне жатпайтын, меншік құқығын қорғаудың жаңа әдісі пайда болды.
Осыны Е.А.Суханов азаматтық-құқықтыңқ қатнастардың тең құқығы қатысушыларына емес, мемлекеттік органдардың биліктік өкілеттігін иемденгенге қарсы бағытталған талап табиғатымен байланыстырады. Қазіргікезде шарттан тыс талаптардың осы категориясы ҚР-ның , сондай-ақ РФ-ның заңнамаларында бар. Мысалы ҚР-ның АК-тің 267-бабы, 9-бабының 1-тармағы; РФ АК-тің 12-бабы айтуға болады.
Жалпы қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: Бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды абсалюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шартың немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады.
1)заңсыз тартып алған заттарды қайтару
2)бүлінген заттарды жөндеу
3)затты пайдалануға кедіргіні жою
Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсалюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.
Меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік әдістерінің ерекшелігі сонда, мүлкі заңсыз алынған немесе бүлінген меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне мүліктің құны төленеді немесе бүлінгені өтеледі, яғни келген зиян – шарттан тыс міндеттемелерден туындаған шығын төленеді.
Сонымен, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінде мүлік зат түрінде қалпына келтірледі, ал міндеттемелікте – ақшалай өтеледі.
Заттық – құқықтық тәсілдерді қолданудың ерекшелігі сонда – мүлік зат түрінде болады, ал бүлінген мүлік қалпына келтіріледі, олай болмаған жағдайда меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік - құқықтық тәсілдері қолданылады.
Меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік - құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады:
1) Мемлекеттік басқару органының, жергілікті өкілдік органның меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқықтарын бұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтік-құқықтың немесе жеке актісінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне келген шығындардың орнын толтыру.
2) Мемлекеттік басқару органның, жергілікті басқару немесе өкілдік органның, не лауазымды адамның актісін заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтың актіні қолбанбау туралы талап қою.
3) заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтоғанда оны қорғау.
Жалпы профессор Скрябин меншік құқығын қорғаудың 4 әдісін толық атап өттік. Ғ.Төлеуғалиев нақты – бұл, азаматтық-құқықтық қорғауды көздейтің мақсаты меншік иесінің заңсыз айырылған мүлкін өзіне қайтару немесе өзінің затын пайдаланудағы кедергілерді жою болып табылады - дейді.
Меншікті азаматтық – құқықтық қорғаудың кең көлемі қоғамның экономикалық қатынастарының кедергісіз дамуын және жақсы қамтамасыз етілуіне бағытталған азаматтық құқықтық нормамен көзделген барлық әдіс – тәсілдердің жиынтығы болып табылады.
Меншікті азаматтық-құқықтық қорғаудың тар көлемі деп бұзылған заңды мүдделерді қорғау және де меншік құқығын тану немесе қалпына келтіруге бағытталған әдіс-тәсілдер мен заңда көрсетілген шаралардың жиынтығын айтамыз.
Бұл мәселе Қазақстанның цивилистік доктринасында мүлдем шешілменен. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Азаматтық кодексі титулдық иемденуді адамның өз иелінін меншік иесінен де қорғауға құқығы бар.
Ал, іс жүзінде иемденуді азаматтық кодексттің 240-бабының 2-тармағында, мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүмкіндей иеленуші азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға құқылы деп көрсетілген.
Бұнда қорғау туралы еске салғаны болмаса, иемденуді қорғау мәселесін тиянақтайды.
ҚР-нің қазіргі азаматтық құқығы меншік құқығы мен өзге де заттық құқықты қорғау тетіктерінің осындай дуализмін қарастырмайды.ҚР АК 15 тарауының меншік құқығын мен өзге де заттық құқық құқықтарды қорғау туралы ережелері тек затқа титулдық иеленуді қорғауғауға арналған іс жүзінде иеленудің яғни, иемденудің мындай қорғау тетіктеріні жоқ.
Титулдық иемденуді меншік құқығына қарама-қарсы салыстыра отырып, бөгде затқа құқық ретінде анықтауға болады. Оны қорғаудың мүмкіндігі мен жалпы ережелері ҚР АК- нің 265 бабында меншік иесі болмағанымен, шаруашлық жүргігу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негізбен мүлікті иеленушінің де құқықтары болады.Бұл адамның өз иелігін меншік иесінен де қорғауға құқығы бар -деп тиянақталып, онда меншік иесі болмағанымен, заңда немесе шартта көзделгендей мүлікті иемденетін, өз иелігін меншіктенушіден де қорғауға құқығы болатын тұлғалардың мүліктік құқығын қорғауға құқық беріледі.
Заңды, ең дұрысы титулдық иемденушілердің құқықтарын қорғау туралы талаптардың болу қажеттілігін былайша негіздеу керек. Алдымен, титулдық иемденушіге анықтама береміз. Ол заттық құқықты иеленуші болады да, өзінің субъективтік құқығын мүлікті меншік иесімен заңнамалық актілерде не шартта қарастырылған негізде жүзеге асырады. Кейбір жағдайда затты меншік иесі оны шаруашылық пайдалануды тікелей жүзеге асырады. Әйтсе де, азаматтық реттеу ісі субъективтік меншік құқығын жүзеге асырудың басқа, тіпті неғұрлым тиімді әдістерінің болатындығын көрсетіп отыр. Олардың схемасы оңай түрде былай болады. Мүлікке меншікт иесі заң немесе шарт негізінде меншік иесі затты шаруашылық пайдалану құқығын береді. Мүліктік құқықты осылай берудің мақсаты меншік иесінің өзі затты дәл солай пайдаланғандағыдан гөрі көп табыс алуға кеп тіреледі. Осы жағдайда меншік иесінде,оның басқа тұлғаның иелігіндегі мүлкі меншік иесінің өзінде болатын секілді, заңмен сенімді қорғалатындай белгілі бір құқықтық кепілі болуы тиіс. Қарастырылып отырған ахуалда титулдық иемденуші ең алдымен затқа өз құқығын қорғайтыны белгілі жай. Бірақ бұл жоғарыда айтылғанға қайшы келмейді, керісінше, оны үйлесімді толықтырады. Меншік иесінің өз өкілеттігінің бөлігін басқа шаруашылық субъектісіне беру тұжырымдамасы ірі, мемлекет сияқты меншік иелері үшін өте - өте өзекті, өйткені, оның өз меншік құқығын дербес жүзеге асыруына ешбір мүмкіндігі болмайды.
Титулдық иемденуді қорғау әдістері меншік құқығын қорғау әдістеріне көп жағынан ұқсас болып келеді. Әйтсе де, олардың ерекшелігін атап өткен жөн. Біріншіден, титулдық иемденуші бұзылған құқығын қорғау үшін, дербес анықталған затқа өз иемденуін дәлелдеуі немесе құқықтық негізін (титулды) көрсетуі тиіс. Әдетте, дәлел ретінде, тиісті мүлікті меншік иесімен жасалған шарт танылады. Екіншіден, жоғарыда атап өткендей, титулды иемденуші өз иелігін тіпті оның меншік иесінен де қорғауға құқығы болады. Мұндай жағдай меншік иесінің әрекеті титулдық иемденушімен шартқа негізделмеген болса, немесе қолданыстағы заңнама тараптарына сай келмегенде орын алады. Басқаша айтқанда,титулдық иемденушіге меншік иесінің құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғануға мүмкіндік беріледі. Мұндай қорғау иемденушіге, меншік иесінің әрекетінің дұрыс еместігі дәлелденгенен кейін ғана, иемдену мерзімі ішінде беріледі. Егер меншік иесінің араласуын сот заңсыз деп тапса, онда оның қорғау құқығы болмайды. Үшіншіден, өз иелігін қорғай отырып, иемденуші басқа тұлғаның да меншік құқығын қорғайды. Бұл жерде заңды иемденушілердің талабы көмегімен меншік құқығын жанама, аралық қорғауы туралы айтуға болады.
Осы тұрғыда шетел ғалымы У.Маттейдің тұжырымы біз үшін дұрыс боп табылады, яғни кейбір жағдайда титулдық иемденушінің құқығы меншік иесінің құқығына қарсы тұрып, тіпті одан басым түсуі де ықтимал. Бірақ, затты іс жүзінде иеленуді қорғау, өзге титулдық иемденуші секілді меншік иесі құқығын қорғаудың алдында басымдыққа ие бола алмайды. Сол себепті оны бөлек қарастыру керек.
Біз жоғарыда атап өткендей, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында іс жүзінде иеленуді қорғау қарастырылмаған. Осы ережеге тек Азаматтық кодекстегі иелену көнелігіне қатысты 240 бап иелену мерзімі қағиданы қосуға болады, ал оның түсінігі мен заң жүзіндегі құрылымын жеке қарастырған жөн. Ол мына себептерге байланысты:
1)Біз дің азаматтық құқық үшін осы түсініктің салыстырмалы жаңашылдығы яғни оны теориялық тұрғыда туйсіну қажет болады;
2)Иелену көнелігі мерзімі ішінде иемденуші өз иелігін қорғау жөнінде белгілі бір құқыққа сөзсіз ие болуы тиіс.
Шын мәнінде, сөз, Азаматтық заңнамасында иелену және иемделенушілік қорғау институттарының пайда болғандығы туралы болып отыр. Әрі, иемдену меншік иесінің құқығы күшінің құрамдас бөлігі, немесе затты титулдық иемденуі ретінде емес, қайта, затқа ие болудың іс жүзіндегі айырықша ахуалы және соған сәйкес осы ахуалды қорғаудың ерекше әдісі туралы айтылып отырғанын атап көрсету қажет. Өкінішке орай, бұл мәселе қайта қабылданған Азаматтық кодексте көрініс тапқанымен, одан ары дами алмады.
Скрябиннің көз-қарасынша, заттық іс жүзіндегі тиісілі екені ретінде иемденудің мына ерекшеліктерін атап өтуге болады. Біріншіден, іс жүзіндегі осы ахуал тұлғаның затқа құқығына тәуелді болмайды әрі сәйкес затқа құқық, тек ұйғарыла отырып, оның негізін құрамайды.Екіншіден, осы факті күллі үшінші тұлғаларды қарама-қарсы қоюы мүмкін, себебі, талаптың ерекше категориясының - иемденушілік көмегімен заң жүзінде қорғау мүмкіндігі туындайды.Скрябинның атап өткендей, Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасы мұндай категорияны көрсетпейді, тек жалпы ереже қарастырылады, онда иелену көнелігі мерзімі ішінде иемденушінің затқа құқығы болмайды.Үшінші тұлғаларға қарсы иелігін қорғау құқығы болады.Демек, осымен заң шығарушының өзі иелену көнелігі кезіндегіиемденуді, ол құқықпен жүзеге асқанда, басқа титулдық иемденуге қарсы қояды.Үшіншіден,осы іс жүзіеде ахуалдың белгілі бір заңды салдары болады. Олар, айтып өткендей, тұлғаның затқа құқығының пайда болуымен, немесе, айталық, титуылдық иемденушінің затқа іс жүзінде иемденушіден зат өнімдерін сақтауға құқығын талап етуімен, затты іс жүзінде иелігінде туындаған шығынның орнын толтыруымен тиянақталуы мүмкін.Белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдері
Авторлық құқық негiзгi жағдайлары
Азаматтық құқықтарды қорғау жолдары
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Жеке мүліктік емес қатынастарды қорғаудың түсінігі және әдістері
Азаматтық құқықтарды қорғауды зетрреу
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Талап қою арқылы іс жүргізу
Пәндер