Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы түсінік


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі .
Соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуі, оның ішінде ауыр қылмыс жасаушылар санының өсіп отырғандығы белгілі. Бұл құбылыстар қоғамдағы өмір жағдайын жалпы түрде айқындап, жасөспірімді оқытуда, тәрбиелеуде, олардың арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу, сақтандыру жұмыстарында өзіндік өзгешеліктер саны аймағына орай болатынын көрсетеді.
Жасөспірім, тәртібінің ауытқуына тіпті қылмыстық жағымпаз әрекеттеріне де, сол сияқты жағымды әрекеттеріне де қоршаған орта арқылы немесе жағдай жасаушы қоғамдағы экономикалық әлеуметтік-мәдени жағдайлар себепті. Жастарды, қоғамда өмір сүру құқығы бар мүшесі қалыптастыру қоршаған орта әсерінің маңызы бұл мәселені мемлекет мәселесі ретінде қарап, қоғамдағы барлық биліктердің бақылауында болуына және мұндай жауапкершілік тәрбие жұмысына қатысты барлық адам міндетті болуына талап етеді. Жастарды тәрбиелеу деген сөз кең мағынада, тәртіп бұзушылықтан сақтанудағы тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін сан түрлі шаралардың жиынтығы. Жасөспірімдердің тәртіп бұзушылығы фактілерінің себептері мен басқа да жағдайларды қарағанда әртүрлі әлеуметтік топтағы, әр түрлі деңгейдегі балалардың шағын орталарының бір-біріне жағымсыз ықпал әсерлеріне топтағы, әртүрлі деңгейдегі балалардың шағын орталарының бір-біріне жағымсыз ықпал әсерлеріне детальді түрде талдау жасауды талап етеді. Жасөспірімнің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру алдыңғы орында жанұя тұрады.
Балаларды тәрбиелеудегі күрделі әр ұзаққа созылатын құбылыстар оларды әлеуметтік бақылауға алуға қиындықтар мен олардың бойындағы кертартпалық, мойындамаушылық тіптен қылмыстық тәртіп бұзушылыққа осы ортада дағды алады. Жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылыққа жүргізілген талдауда бір анасы ғана бар толық емес жанұядан шығып тәртіпсіздік жасаған балалардың үлесі әлдеқайда көп болып отыр. Қазақ мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» маңызды заң қабылданғаны белгілі. Бұл құжатта: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қазақстан халқының еркін білдіру отырып, адам құқықтарының жалпыға бірдей», декларациясында халықаралық құқықтық жалпы жұрт таныған ізге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі билей құқық растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясат жүргізе отырып, ядролық қаруды таратпау принципімен қарусыздану процесіне адалдығын мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды» - делінген.
Осыған сәйкес 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және адам тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды бекітіп берді. Оның 1 - бабында айтылғандай:«Қазақстан Республикасы ізін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды». [1] Осы негізгі қағидаларды іске асыра бастау арқасында біз Біріккен ұлттар ұйымының толық мүшесі болып, басқа да ертеден белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең ел есебінде танылдық. Мемлекет тарихында әлі де болса, этатизм мен құқықтық мемлекет идеялары ұзақ уақыттар бойы бір-бірімен арпалыста өтуі әбден мүмкін. Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толық та тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр.
Социалистік өмір мен қағидалардан дереу бастыру, бүкіл қоғамдық формацияны күрт өзгерту, сонымен бірге жаңа қоғамдық қатынастарға көшу және осыған байланысты туындаған күрделі өзгерістер қарапайым халықтың өмірінің нарықтық қатынастың қатал қыспағына түсуіне және үнемі ауысып жатқан саяси өзгерістерге тәуелді болуларына әкеп соқтыруда. Осының салдарынан тек идеология саласында ғана емес, сонымен бірге ең маңызды экономика саласында да дағдарыс туды.
Экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлемеу сияқты келеңсіз жағдайлар етек алды. Казір көршіліктің көзі жеткендей, елімізде қоғамдық және құқықтық тәртіптің деңгейі едәуір төмен түсті. Қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң тәртәбән бұзушылық, әсіресе қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Шындыққа көз жұмбай тікесін айтатын болсақ, республикамызда қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы, сонымен қатар қылмысқа қарсы күрес жүргізу тиімділігінің төмен түсуі қоғамда мемлекеттік биліктің азаматтардың жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың конституциялық құқыларын қорғау қабілетіне күмән туғыза бастады. Сөзімді растайтын мына көрсеткіштерге көңіл аударуларыңызды өтінемін:
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтарын жалпы тұрғыдан алып қарасақ, 2009 жылы 8028, 2008 жылы 6810; ал Жамбыл облысы бойынша 2009 жылы 397, 2008 жылы 320. Кәмелетке толмағандардың қылмысы казіргі таңда облыста 11 ай есепке алынғаны, яғни көрсеткіш 277 құқық бұзушылықтан 243 -ке азайды. Дегенмен, кісі өлімі көп. Ұрлық қылмысы - 141-ден 108 -ге азайды, тонау қылмысы - 17-ден 27- ге өсіп отыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10 бабына сәйкес, ауыр қылмыс, орташа қылмыс, кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында көбейіп отыр. Жалпы қылмыстылықтың өсіп келе жатқаны жастарға аса қауіпті әсерін тигізетіні ақиқат.
Республика бойынша жалпы алғанда кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстарының үлес салмағы 1961 - 1981 жылдар аралығында, яғни 20 жылда шамамен 9 процентті құраған болса, ол көрсеткіш соңғы 11 жыл ішінде 14 процентке жақындап отыр. Жасы 18-ге толмағандар саны еліміздегі жалпы адам санының 33 процентін құрайтын болса, аталған көрсеткіш деңгейінің қаншалықты зор екенін байқау киын емес.
Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыстылықтың ең бір қауіпті де айқын ерекшілігі оның ұйымдасқан немесе топтасқан жағдайларда жасалынуында. Тағы бір баса назар аударар жай - әсіресе соңғы кезеңде етек ала бастаған ересек қылмыскерлердің ықпалымен қылмыс жасап ұсталатын жасы кәмелетке толмағандар жиі кездеседі. Өте қажетті мәселенің бірі - кәмелетке жасы толмағандардың қылмысы бойынша жаза тағайындаудың көп жағдайларда заңға сәйкес жүргізілмеуі және осы проблема жөнінде Қазақстанда қылмыстық құқық тарихында монография деңгейінде арнайы зерттеудің жүргізілмегенін айту керек. Осыған байланысты маңызды мына үш жағдайды біз ескере кету, ол артық болмас деп ойлаймын.
Біріншіден, жаңадан күшіне енген (1998 жылғы қантардың 1 жұдызында) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жазаның түрлеріне едәуір өзгерістер енгізілген. Екіншіден, жаңа заңдағы қарастырылған қылмыстық жазаның әрбір түрлерінің жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлерге тағайындауда едәуір ерекшеліктері бар, үшіншіден, сот тәжірибесінде жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісі бойынша жаза тағайындау кезінде жіберілетін қателіктер мен олқылықтар әлі де аз кездеспейді.
Ал жастар арасындағы қылмыстылықпен күресуде жасалған қылмысты заңға сәйкес дәрежелеу ғана емес, соған сәйкес қылмыскерге жазаны әділ түрде тағайындаудың маңызы зор. Өйткені қылмыскер өз жазасының дұрыс тағайындалғанына көзі жетіп, соны ұғынса, оны әділ деп тапса, жазаның ойдағыдай өтелуіне ғана емес, сонымен қатар қылмыскердің қайталап қылмыс жасамауына үлкен әсер етеді. Біздің қоғамымыздың соңғы кездерде кезіккен проблемаларының бірі жастардың құқықтық санасы дәрежесінің төмендігі болып отыр. Құқық бұзушылықтың айтарлықтай жасарып келе жатқаны өкінішті - ақ. Бұның бәрі алаңдаушылық тудырмай қоймайды. Осыған қарағанда жастарға, бәрінен бұрын оқушыларға құқықтық білім берудің маңызы ерекше екендігі көрінеді.
Осы орайда ел Президентінің «Қазақстан - 2030, барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы атты республика халқына Жолдауындағы Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз» деген сөзін басшылыққа алуымыз керек. [2] Қоғамымыздың қылмыс жайлап, мемлекетімізді құрдымға жетелеймін десек, болашақ жас ұрпаққа сапалы да саналы тәрбие беруде ұлттық дәстүрге баулу, олардың бойына ізгі сезімдер мен отанға деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиетттерді дарыту қажет.
Мемлекет ұл-қыздарына қол ұшын бүгін берсе, ертең олар оны ұмытпай, болашақта мемлекеттің көркеюіне үлес қосуға тырысары сөзсіз. Кез келген адам өз бетінше әрекет етуге, өзін -өзі реттеуге, тәрбиелеуге қабілетті, өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде таныла отырып, тәрбиелеудің тек объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып танылады. Сондықтан, кәмелетке толмаған баланы жай оқытып және тәрбиелеп қана қою аз. Сондай-ақ оны өзін-өзі тәрбиелеумен саналы түрде айналысуға үйрету қажет.
Зерттеу объектісі - кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына туындайтын қоғамдық қатынастар.Диплом жұмыстың мақсаты - бұл зерттеу еңбегінің мақсаты кәмелетке толмағандар қылмыстылығының теориялық мәселелеріне талдау жасап, бұл бағыттағы барлық барлық нормативтік актілерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың тиімділігін арттырудың негіздерін ашу, жетілдіру, зерттеу болып табылады.
Зерттеу әдістері - жұмыстың зерттеу әдістерін кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын алуға, оны болдырмауға байланысты шараларды ары қарай дамыту сұрақтары бойынша ғалымдардың теориялық қорытындылары мен ұсыныстары құрайды. Зерттеу базасын Қазақстан Республикасының нормативтік актілері, заңгер-ғалымдардың, құқық теоретиктерінің еңбектері, ондағы тұжырымдар назарға алынды.
Тақырыптың зерттелу жағдайы - д иплом жұмысы кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасы және жаза тағайындау ерекшеліктеріне заңгер ғалымдардың көптеген еңбектерінің көзқарастары қаралды. Заңгер ғалымдар бұл тұрғыда біраз зерттеулер жасап, жарыққа шыққан біраз еңбектері бар. Алайда, қазіргі таңдағы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына тосқауыл болатындай біраз ұсыныстарды заңдастыруды қажет етеді. Жұмыс барысында көптеген ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Нормативтік негізі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы[3], Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі[4], Балалар құқықтарының Конвенциясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы[5], Қазақстан - 2030 ҚРО Президентінің жолдауы[6], ҚР Қылмыстық құқығы, жалпы бөлімі[7], Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы қаулысы қолданылды[8 ] .
Диплом зерттеудің мақсаты мен міндеттері - бұл зерттеу еңбегінің мақсаты кәмелетке толмағандар қылмыстылығының теориялық мәселелеріне талдау жасап, бұл бағыттағы барлық нормативтік актілерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, олардың тиімділігін бұзушылықты жою, оның алдын алу негіздері мен шараларын, ол туралы жәйттерді зерттеу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін зерттеу мақсаттарына мыналар кіреді:
-кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық ерекшеліктері және олардың жаза тағайындаудағы орнын;
-қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері; психикалық жағдайлары мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалатын жаза түрлері;
-жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жеке тұлғасы мен психикалық ерекшелігін, белгілерінің тобын құрау;
-кәмелетке толмаған қылмыскерге және оның ата-анасына педагогикалық психологиялық кеңестер, сараптама, тест жүргізіп отыру;
-тәрбиелік және медициналық сипаттағы мәжбірлеу шараларының қылмыстық жазамен ұқсастығы, ерекшелігі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - ж асөспірімнің тәрбиесі, оның жақсы не жаман әдеттері отбасында басталады. Бұл еңбегімде тапқан жаңалығым - олардың қылмысын анықтауда қылмыстың себептеріне, қылмыскердің тұлғалық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-психологиялық мінездемесіне, демографиялық көрсеткішіне, жаза қолдану ерекшеліктеріне аса мән бере отырып қылмыстың алдын алу шаралары ұсынылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы - ж ұмысты зерттеу нәтижесінде келтірілген ұыныстар, тұжырымдар соттардың кәмелетке толмағандарға қатысты жаза тағайындау кезінде себеп болуы мүмкін, үкімет жастарға арнлаған бағдарламаларды қабылдауына, олардың құқықтарын қорғайтын заңдарды жетілдіру бойынша шараларды құруына септігін тигізуі мүмкін. Бұл ғылыми жұмыс қылмыстық құқық пәні сабақтарына оқу құралы ретінде дайындалып, қолданылуы мүмкін.
Қорғауға шығарылатын негізгі жағдайлар: алдымен кәмелетке толмағандардың қылмыс істеу себептерін анықтап, қылмыскер тұлғасына мынадай мәселелер бойынша мәліметтер енгізуге болады:
1) әлеуметтік;
а) демографиялық көрсеткіш, аты-жөні, білімі, ұлты, әлеуметтік жағдайы және т. б.
б) баланың отбасындағы тәрбиесі жөнінде мәліметтер /ата-анасы, олардың мінез ерекшеліктері, бала тәрбиесіне қатынасы, отбасындағы балалардың саны, материалдық жағдай үйдегі басқа мүшелері;
в) баланың оқуға ынтасы, үлгерімі жөніндегі мәліметтер;
г) құрбы-құрдастары арасындағы орны /қарым-қатынасы, алғырлығы немесе бағыныштылығы, қоғамға қарсы топпен қарым-қатынасы/
2) медициналық - әлеуметтік; психологиялық;
3) қылмыстық мінез құлық пен тергеу барысындағы мінез құлық жолдарының ерекшеліктері;
4) кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық ерекшеліктері және олардың жаза тағайындаудағы орнын;
5) қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері; психикалық жағдайлары мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері;
6) жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жеке тұлғасы мен психикалық ерекшелігін, белгілерінің тобын құрау;
7) кәмелетке толмаған қылмыскерге және оның ата-анасына педагогикалық-психологиялық кеңестер, сараптама, тест жүргізіп отыру;
8) тәрбиелік және медициналық сипаттағы мәжбірлеу шараларының қылмыстық жазамен ұқсастығы, ерекшелігі.
Дипломдық зерттеудің методологиясы - жұмыста келесі әдістер қолданылған: социологиялық, системалық, салыстырмалы әдістері.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі - ж ұмыс құрылымы негізгі мақсатқа сай келеді, және кіріспеден, сегіз параграфты қамтитын үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған арнайы материалдар мен нормативтік актілер тізімінен тұрады. Диплом көлемі 70 беттен. Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, тиісті мәселенің бүгінгі таңдағы зерттелу деңгейі, жұмыстың міндеті мен мақсаттары, зерттеудің ғылыми жаңалығы және қорғауға шығарылатын ұсыныстары мен қорытындылары көрсетілген.
Алынған нәтижеле -диплом құқықтық зерттеу нәтижесінде кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмысының алдын алу мақсатында олардың іздеріне және ата-аналарына психолого-педагогикалық тәрбие, кеңестер, тест жүргізу туралы ұсыныстар енгізілді.
Нәтижеден алынған жаңалығы - менің ойымша, жасөспірімдердің тәрбиесі, оның жақсы не жаман әдеттері ең алдымен отбасында басталады. Бұл еңбегімде тапқан жаңалығым - олардың қылмысын анықтауда қылмыстың себептеріне, қылмыскердің тұлғалық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-психологиялық мінездемесіне, демографиялық көрсеткішіне, жаза қолдану ерекшеліктері аса мән бере отырып қылмыстың алдын алу шаралары ұсынылды.
Бұл тұрғыда қылмыспен күресу үшін, ең алдымен отбасы, оқу орындары, еңбек ұжымы жасөспірімдердің уақытты тиімді пайдалануына бақылауды барынша күшейту керек. Сол сияқты жасөспірімдер жөніндегі инспекцияның қызметін жандандырып, олардың штатын ұлғайтып, арнаулы тәрбиелік функцияларды іске асыруына жағдай туғызу керек. Клубтарда спорт, демалыс оқу орындарында, лагерьлерде жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелейтін әрекеттерді нығайту қажет. Жасөспірімдер арасындағы құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиені күшейту қажет, жасөспірімдер заң негіздерін оқып-үйрену, қандай іс-әрекеттердің құқық бұзушылыққа жататынын жете түсіну керек. Ол үшін құқықтық білім беруді, құқықтық тәрбиені бастауыш мектептен бастап оқу пәні ретінде енгізу орындары болар еді. Бақылаусыз қалған, жетім қалған жасөспірімдерді қылмысқа ұрындырмау үшін оларға арналған арнайы мектеп, . Интернат, тәрбие мекемелерін өркениетті елдердегіше қайта құру қажет.
Жасөспірімдерді қылмысқа тартатын, итермелейтін ересектердің іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту қажет. Оқу-тәрбие мекемелерінің бұл істегі жауапкершілігі мен міндетін өмір талабына сай қайта қарап, оларға ерекше мән беру керек.
Тәуелсіз еліміз іргесінің берік болуы - білімді мамандардың ғана емес, алдымен отаншыл, ұлтжанды, рухани дүниесі кемел азаматтардың қолында. Осы тұрғыда ұлы ұстаз Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген болатын. Ел боламыз десек, осыны естен шығармауымыз керек.
Мемлекетіміздің алға қарай қарышты қадам басуын қамтамасыз ету үшін Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиясын белгілегені баршаға аян. [9] Бұл стратегияда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу мәселесі жас ұрпақтың екіншісіне жүктеліп отыр. Демек, жастар мен жасөспірімдердің міндеті мемлекетті дамытып, гүлдендіру, ел мәртебесін арттыру және тәуелсіздік қазақ елінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сондықтан мемлекеттің ерекше қамқорлық көрсету объектісі - жас жеткіншектер болып табылады. Ал олар өмір сүріп отырған ортаны жақсартып, жастардың маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік сияқты теріс құбылыстарға бой алдырмауы үшін жан-жақты тәрбие жұмысын үздіксіз жүргізіп отыру қажет. Десек те, жастар мен жасөспірімдердің өнегелік, құқықтық және дене тәрбиесіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей отыр. Бұған дәлел - жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс сияқты кері құбылыстың етек алуы.
Жасы кәмелетке толмағандардың қылмысына жасы 14-пен 18-дің арасындағы адамдардың жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекеттері жатады. Жасөспірімдер қылмысы жылдан-жылға өсе түсуде. Еліміз бойынша орта есеппен әрбір он екінші қылмысты жасөспірімдер жасайды, оның ішінде 14-15 жастағы жастардың қылмыстық көрсеткіші 16-17 жастағы жасөспірімдердің іс-әрекетіне қарағанда едәуір белсенділікті байқатады. Жасы кәмелетке толмағандар жасайтын қылмсытың жекелеген түріне келсек, олардың орта есеппен 60 пайызы ұрлық, 8-9 пайызы тонау, 7 пайызы бұзақылық іс-әрекеттер. Ал қасақана кісі өлтіру, адамның денесіне ауыр зақым келтіру, зорлау сияқты өте ауыр қылмыстардың көрсеткіші 1 пайыздан аспайды. Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыскерлердің адамдарды кепілге алу, қару-жарақ, нашақорлық заттармен алыпсатарлық жасау, ақша, бағалы қағаздарға байланысты алаяқтық, компьютерлік қылмыс және жасаған жасөспірімдердің әрбір бесіншісі бұрын қылмыс жасап сотталғандар, осы тұрғыдағы қылмыскерлер қылмысты көбінесе топ болып жүзеге асырады (65 пайыз) некен-саяқ болса да ұйымдасқан қылмыстық топқа біріккендер де кезедеседі. [10]
Жасы кәмелетке толмағандар ересектердің қылмыстық іс-әрекеттерінің қылмыстық әрекеттерге тарту фактілері де жылма-жыл өсе түсуде. Бұрынырақта жасы кәмелетке толмағандар қылмысы негізінен «көшелерде» жасаған іс-әрекеттер болса, соңғы кездегі олардың қылмыстық іс-әрекеттер болса, соңғы кездегі олардың қылмыстық іс-әрекеттері қоғамдық орындарды, көлікте, бөтенннің үйінде, оқу орындарында, жатақханаларда жүзеге асырыла бастады.
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы
1. 1. Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының жас және психологиялық ерекшеліктері және олардың жаза тағайындаудағы орны
Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін ірге бастырар жас жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқара іс-әрекеттерінің түп-тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Жаңа ҚР Қылмыстық Кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген. [11]
Мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Қылмыс жасаған адамның жеке басының ерекшелігін анықтау қылмысты тергеу барысында кінәлінің жауаптылық дәрежесін белгілеу үшін өте қажет. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.
Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу.
Егер кәмелетке толмаған адам Қылмыстық Кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес (15-бап, 3-бөлігі) .
Егер кәмелетке толмаған адамның (14, 16жас) есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды, бірақ бұл мән-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жай ретінде ескереді және ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады (ҚК-тің 17-бабы, 1, 2-бөліктері) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz