Орта Азиядағы діни ахуал



Ж О С П А Р

1. Орта азиядағы діни ахуал
2. Халықаралық террористік және экстремистік ұйымдар интеграциясы
3. Халықаралық терроризм мәселесі
4. Қазақ исламының идеологиялық негізінің нақты аспектісі
5. Пайдаланған әдебиеттер
Соңғы кездері Орталық Азия әлемдегі радикалды ислам қозғалысы орталықтарының біріне айналды. Иран, Пәкістан, Ауғаныстан сынды мемлекеттердің билік басында тек теократиялық режимдер орын алып қана қоймай, сонымен қатар экстремизмнің теориясы мен практикасын уағыздайтын көптеген ислам ұйымдары әрекет етуде. Мұндай ұйымдардың бірі – Хизбут-Тахрир партиясы. Иорданияда пайда болған партия қысқа уақыттың ішінде аймақтағы ықпалы өте мықты ұйымға айналды. Бұл қозғалыстың ең мықты позициялары Өзбекстан мен Тәжікстанда орналасқан. Қырғызстанда да, бірінші кезекте этникалық өзбектер арасында Хизбут-Тахрир қолдаушыларының саны өсуде. «Хизбут-Тахрир партиясы қырғыз филиалының құрамы бойынша көбіне жастар және негізінде, республиканың оңтүстігіндегі халықтың өзбек бөлігінің арасында қолдау табуда. Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің мәліметтері бойынша, ұйым мүшелерінің 90 пайызын өзбектер, 10 пайызын қырғыздар құрайды». Қозғалыстың өз қолдаушылары Қазақстанда да бар, әсіресе оңтүстік облыстарда.
Орталық Азия аймағына төнетін террористік сипаттағы қауіптерді шамамен 30 жыл жүріп жатқан индо-ауғандық аймақтан туындайтын оңтүстік-батыс, шығыс, негізін ұйғыр сепаратистері құрады және Кавказдағы конфликтермен байланысты солтүстік-батыс деп шартты түрде бөлуге болады.
Соңғы екі қауіп, әсіресе «Шыңжаң – ұйғыр проблемасы» көп көрші елдердің қауіпсіздік мәселелеріне әсер ететін созылмалы этноконфессионалдық және әлеуметтік-саяси жанжалдардың нағыз мысалын көрсетеді. Былайша айтқанда ислам мемлекетін құруға, соның ішінде зорлық әдістерімен, құқықтарын жариялайтын сепа¬ратистік және діни күштердің ресми билікке қарсылығының көпғасырлық тарихы бар, бірақ соңғы онжылдықтарда ерекше өзекті болуда.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Структурные и динамические характеристики современного религиозного экстремизма. г. Ростов, 2006.
2. Ашимбаев М.С. Проблемы релиогозного экстремизма и терроризма в Центральной Азии. А: 2003.
3. Дін-религия. Шымкент, 2006.
4. Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы ( Шанхай, 2001. 15 маусым ).
5. Мировые религий и религиозные течения. http: // www. calc. ru.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

Орта азиядағы діни ахуал
Халықаралық террористік және экстремистік ұйымдар интеграциясы
Халықаралық терроризм мәселесі
Қазақ исламының идеологиялық негізінің нақты аспектісі
Пайдаланған әдебиеттер

Орта азиядағы діни ахуал

Соңғы кездері Орталық Азия әлемдегі радикалды ислам қозғалысы орталықтарының біріне айналды. Иран, Пәкістан, Ауғаныстан сынды мемлекеттердің билік басында тек теократиялық режимдер орын алып қана қоймай, сонымен қатар экстремизмнің теориясы мен практикасын уағыздайтын көптеген ислам ұйымдары әрекет етуде. Мұндай ұйымдардың бірі – Хизбут-Тахрир партиясы. Иорданияда пайда болған партия қысқа уақыттың ішінде аймақтағы ықпалы өте мықты ұйымға айналды. Бұл қозғалыстың ең мықты позициялары Өзбекстан мен Тәжікстанда орналасқан. Қырғызстанда да, бірінші кезекте этникалық өзбектер арасында Хизбут-Тахрир қолдаушыларының саны өсуде. Хизбут-Тахрир партиясы қырғыз филиалының құрамы бойынша көбіне жастар және негізінде, республиканың оңтүстігіндегі халықтың өзбек бөлігінің арасында қолдау табуда. Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің мәліметтері бойынша, ұйым мүшелерінің 90 пайызын өзбектер, 10 пайызын қырғыздар құрайды. Қозғалыстың өз қолдаушылары Қазақстанда да бар, әсіресе оңтүстік облыстарда.
Орталық Азия аймағына төнетін террористік сипаттағы қауіптерді шамамен 30 жыл жүріп жатқан индо-ауғандық аймақтан туындайтын оңтүстік-батыс, шығыс, негізін ұйғыр сепаратистері құрады және Кавказдағы конфликтермен байланысты солтүстік-батыс деп шартты түрде бөлуге болады.
Соңғы екі қауіп, әсіресе Шыңжаң – ұйғыр проблемасы көп көрші елдердің қауіпсіздік мәселелеріне әсер ететін созылмалы этноконфессионалдық және әлеуметтік-саяси жанжалдардың нағыз мысалын көрсетеді. Былайша айтқанда ислам мемлекетін құруға, соның ішінде зорлық әдістерімен, құқықтарын жариялайтын сепа¬ратистік және діни күштердің ресми билікке қарсылығының көпғасырлық тарихы бар, бірақ соңғы онжылдықтарда ерекше өзекті болуда.

Халықаралық террористік және экстремистік ұйымдар интеграциясы

Халықаралық террористік және экстремистік ұйымдар интеграциясының қазіргі уақытта қалыптасқан тенденциясы ұйғыр сепа¬ратистерінің қызметінде нақты көрінеді, олардың Аль-Каида, Өз¬бекстанның ислам қозғалысы және Хизбут-Тахрирдағы әріптестерімен тығыз байланыстары ұйғыр террористік топтарының қызметінің СҰАА тыс алыс¬қа таралуына ықпал етеді. Бұл жағдайда СҰАА шыққан экстремистер шығыс флангтағы тұрақсыздықтың доғасын құрайды. Саяси география теориясымен сәйкес, Шыңжаң – Ұйғыр автономдық ауданы (СҰАА) Қазақстан Республикасымен шекаралас және де негізінде барлық Орталық Азия мемлекеттерінде ұйғыр диаспорасының үлкен контингентінің өмір сүру жағдайы мықты негативті факторлардың бірі болып табылады. Бұл факторлар орын алып отырған үлкен геосаяси ойынның ұсақ тиынына айналуы мүмкін.
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы ұлтаралық және діни негізде ауыр конфликтілер болмаған жалғыз мемлекет. Тәуел¬сіздік жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында аса ірі террористік көріністер тіркелмеген. Дегенмен, беделді тәуекелдерді бағалаудың эксперттік тобын (ARG) басқаратын Д. Сатпаевтің айтуынша, Қазақстан үшін тікелей қауіпті ұйғыр факторы төндіреді. Республиканың аумағында төрт заңсыз ұйғыр террористік ұйымдары қызмет етеді, олар Шыңжаңдағы қытай билігіне қарсы қастық қызмет жүргізеді. Оларға: Шығыс Түркіс¬танды босатудың ұлттық фронты, Шығыс Түркіс¬танның тәуелсіздігі үшін қозғалыс, Ұйғырстандық еркіндік ұйымы және Шығыс Түркістандық қоры жатады. Бұл ұйымдар, кейбір эксперттердің пайымдауынша, антиқытайлық әрекеттердің өсуіне мүдделі мемлекеттер – Түркиямен және Америка Құрама Штаттарымен қаржыландырылады.
Д.Сатпаевтің айтуынша, республиканың аумағында басқа потенциалды терроризмнің көзі күрдтік ұйымдар, соның ішінде Күрдістанның жұ¬мысшы партиясы болуы мүмкін. Ұйғырлар жағдайы сияқты бұл қауіптер Қазақстанда жеткілікті үлкен күрд диаспорасының өмір сүруімен байланыс¬ты, ол Қазақстан мен Түркия арасындағы тығыз байланыстарға өте сақ болуда.

Халықаралық терроризм мәселесі

Халықаралық терроризм мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында ауыр қауіптердің бір – заңсыз миграция проблемасы болып табылады. Бұл арна террористік ұйымдармен жоспарланған акцияларды орындаушыларды жеткізу үшін қолданылуы мүмкін, сонымен қоса, Қазақстанның аумағын қолдана отырып, бұл, мысалы, Орталық Азия моджахеттерінің Жамаат террористік тобымен жүзеге асырылды.
Оперативті мәліметтерге сәйкес, қазіргі сәтте Қазақстан Республикасының аумағында террорис¬тік көріністер үшін нақты алғышарттар жоқ. Бірақ дегенмен халықаралық террористік құрылымдарымен өздеріне жақтастар жасақтауға бағытталған сыртқы ықпал етудің әрекеттері жоққа шығарылмайды. Солай, халықаралық терроризмнің және экстремизмнің белсендігінің артуымен байланысты Орталық Азиядағы қалыптасқан жағдай өте қауіпті болып тұр.
Біріншіден, Ауғаныстандағы террористік инфроқұрылымды жою бойынша әскери операция аяғына дейін жеткізілмеген. Бұдан әрі, Талибан қозғалысында бұрынғыдай елде өзінің көп жақтас¬тары бар, ал басқа ауғандық террористік ұйымдардың қалдықтары Орталық Азия мен Кавказдың бірқатар жасырын экстремистік ұйымдардың лидерлерімен байланыстарды қалпына келтіруге тырысуда.
Екіншіден, Өзбекстанның ислам қозғалысы, Хизбут-Тахрир атты террористік және экстремис¬тік ұйымдардың Орталық Азиядағы қызметі белсендігінің артуы туралы мәліметтер пайда болды, бұл ұйымдардың лидерлері Аль-Каида мен Талибанның басшыларымен байланыстарды қалпына келтіруге, аймақтағы өзінің іс-әрекеттерінің координациясын қалпына келтіруге тырысуда. Әлемде халықаралық террористік ұйымдардың интеграциясы жүріп жатқанымен бұл жағдай ті¬келей байланысты. Талибан экстремистері мен Өзбек¬станның ислам қозғалысынан бастап шешен сепаратистері мен қытайлық Шыңжаңның тәуел¬сіздігі үшін күресшілердің тығыз өзара ықпалдас¬тығы мысал бола алады.
Үшіншіден, Терроризм мен экстремизмнің қауіпті есірткінің заңсыз айналымымен тығыз байланысты, оның көздерінің бірі Ауғаныстан болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының эксперттік тобының мәліметтеріне сәйкес бұл елдің үлесіне шикі апиын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни басқарма тұсында
Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары
Діни экстремизммен күрес
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуы: ланкестікпен күрес тәжірибесі
Саясат - бүкіләлемдік құбылыс
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
Тәуелсіздіктен бұрынғы ислам дінінің ахуалы
Дін және руханият
Тәңірлік дін
Ақш-тың Орталық Азияға қатысты геостратегиясы
Пәндер