Хизбутшылар дінге де, елге де қарсы



1 ХИЗБУТШЫЛАР ДІНГЕ ДЕ, ЕЛГЕ ДЕ ҚАРСЫ
2 “Хизб . ут Тахрир ал.Ислами” діни.саяси партиясы
3 (ИАП (Ислам азаттық партиясы)
Соңғы жылдары Аллаһ Тағаланың рахымын қабыл-дамай, қасиетті Құран мен Пайғам-барымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне қайшы іс-әрекеттері арқылы ислам ілімі мен оның асыл құндылықтарына зиянын тигізіп жүрген және Ислам атын жамылған діни ағымдардың жұмысы қынжылтады. Сондай ағымның бірі “Хизбут Тахрир” партиясы. Әсіресе, бүгінгі күндері елдің, жастарымыздың дінге бет бұрғанын, еліміздегі дін бостандығын пайдаланып, егемендігімізге нұқсан келтіруге тырысып жатыр. Өкінішке орай, кейбір жастарымыз мәселенің мән-жайына бармай, теріс үгіт- насихатқа көзсіз көбелектей ілесіп, олардың қатарына қосылып қалғанын аңғармай жүр.
“Хизбут- Тахрирдің” толық аты – “Хизбут-Тахрир-аль-ислами”, ал оның мағынасы “ислам- азаттық партиясы” дегенді білдіреді. “Хизбут- Тахрир” партиясының негізін Палестинада 1952 жылы қалаған заңгер Тақиуддин Набахани (1909-1977). Партияның төрағалығына 1979 жылы палестиналық Абдул Қадим Заллум отырды. “Хизбут-Тахрир” партиясының берген хабарларына сүйенсек А.Заллум өлген соң 2003 жылы Шейх Ата Абурушта партияның басшысы болып сайланған. Бұл партия алғашында араб елдерінде, кейін басқа да мұсылман елдерінде, содан кейін Европада өзінің бөлімшелерін ашып, халықаралық ұйым деген атқа ие болды. Әрбір мұсылман мынаны ойлауы керек: “Осы “Хизбут-Тахрирдің” алға қойған мақсаты мен мүддесі ислам дінінің заңдарына сай келе ме, жоқ па?” соны анықтау керек .
Бұл өте күрделі мәселе, бұған әрбір мұсылман баласы бұл партияның жұмысына осы тұрғыдан баға беруге тиіс.
“Хизбут-Тахрир” партиясының үйренетін ақидасы және саяси жағынан түсіндіретіні исламға сай болып бет пердесін көрсетеді, бірінші оқыған адам оның әрбір сөзі Құран мен хадиске сүйене отырып, исламға шақыру және шариғат үкімдеріне бойұсынуға шақыратын болып көрінеді. “Хизбут-Тахрир” мүшелері өздерінің жақтастарына немесе басқа мұсылмандарына “Хизбут-Тахрир” дегеніміз Ислам, ал ислам дегеніміз “Хизбут-Тахрир” деп бұл партияның мақсатын шама шарқынша исламға сүйеніп түсіндіруге тырысатыны соншама “Хизбут-Тахрир” партиясының негізін қалаған басшылары өздерінің кітаптарында ислам дінінің негізгі мәселелерін, әсіресе Құран аяттары мен Пайғам-барымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне, өз қалауынша, түсінік-мағына беріп, Ислам дінінің адамгершілік пен мәдениеттіліктің, бірлік пен ынтымақтың, ағайыншылық пен достықтың діні екеніне қарамастан, керісінше келіспеу-шілік пен қарама-қарсылық, басқа ағымдарды жоққа шығаратын дін ретінде көрсеткісі келеді. “Хизбут-Тахрир” партиясының бұл әдеттері ислам үшін ең қауіпті болып есептеледі, оны төмендегі бірнеше мысалдардан анық байқауға болады.
1. “Хизбут-Тахрирдың” ұғымы бойынша Ислам дінінде басшыларды сайлау деген болмау керек, яғни демократияға қарсы. Партияның негізін қалаған Тақиуддин Набахани өзінің “Демократия – бұл күпірліктің белгісі” кітабында адамдардың сайлауға қатысуын және өзінің саяси басшыларын сайлау, сол сияқты мәжіліс, парламент сайлауын жоққа шығарады, дұрыс емес деп есептейді. “Хизбут-Тахрир” партиясының түсінігі түбегейлі сайлау туралы шариғат үкімдеріне қайшы. Ал, Құран Кәрімде, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде мұсылман-дардың өз арасында пікір алмасуын және көпшілікпен бірге ақылдасып шешуін, көңіл бөліп, пікірлесуін бұйырған. Құран Кәрімдегі “Шура” сүресінде: “Келіссөздер жүргізу, пікір алысу – ислам дінінің негізі”,- делінген.
“Тәңірі шақырған нәрселерге үн қоса алатындарға, намаз оқығандарға, әр нәрсені кеңесіп істейтіндерге, Біз ризық етіп берген нәрселерді Құдай үшін жұмсайтындарға...”.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ХИЗБУТШЫЛАР ДІНГЕ ДЕ, ЕЛГЕ ДЕ ҚАРСЫ 
Соңғы жылдары Аллаһ Тағаланың рахымын қабыл-дамай, қасиетті Құран мен
Пайғам-барымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне қайшы іс-әрекеттері арқылы ислам
ілімі мен оның асыл құндылықтарына зиянын тигізіп жүрген және Ислам атын
жамылған діни ағымдардың жұмысы қынжылтады. Сондай ағымның бірі “Хизбут
Тахрир” партиясы. Әсіресе, бүгінгі күндері елдің, жастарымыздың дінге бет
бұрғанын, еліміздегі дін бостандығын пайдаланып, егемендігімізге нұқсан
келтіруге тырысып жатыр. Өкінішке орай, кейбір жастарымыз мәселенің мән-
жайына бармай, теріс үгіт- насихатқа көзсіз көбелектей ілесіп, олардың
қатарына қосылып қалғанын аңғармай жүр.
“Хизбут- Тахрирдің” толық аты – “Хизбут-Тахрир-аль-ислами”, ал оның
мағынасы “ислам- азаттық партиясы” дегенді білдіреді. “Хизбут- Тахрир”
партиясының негізін Палестинада 1952 жылы қалаған заңгер Тақиуддин Набахани
(1909-1977). Партияның төрағалығына 1979 жылы палестиналық Абдул Қадим
Заллум отырды. “Хизбут-Тахрир” партиясының берген хабарларына сүйенсек
А.Заллум өлген соң 2003 жылы Шейх Ата Абурушта партияның басшысы болып
сайланған. Бұл партия алғашында араб елдерінде, кейін басқа да мұсылман
елдерінде, содан кейін Европада өзінің бөлімшелерін ашып, халықаралық ұйым
деген атқа ие болды. Әрбір мұсылман мынаны ойлауы керек: “Осы “Хизбут-
Тахрирдің” алға қойған мақсаты мен мүддесі ислам дінінің заңдарына сай келе
ме, жоқ па?” соны анықтау керек .
Бұл өте күрделі мәселе, бұған әрбір мұсылман баласы бұл партияның жұмысына
осы тұрғыдан баға беруге тиіс.
“Хизбут-Тахрир” партиясының үйренетін ақидасы және саяси жағынан
түсіндіретіні исламға сай болып бет пердесін көрсетеді, бірінші оқыған адам
оның әрбір сөзі Құран мен хадиске сүйене отырып, исламға шақыру және
шариғат үкімдеріне бойұсынуға шақыратын болып көрінеді. “Хизбут-Тахрир”
мүшелері өздерінің жақтастарына немесе басқа мұсылмандарына “Хизбут-Тахрир”
дегеніміз Ислам, ал ислам дегеніміз “Хизбут-Тахрир” деп бұл партияның
мақсатын шама шарқынша исламға сүйеніп түсіндіруге тырысатыны соншама
“Хизбут-Тахрир” партиясының негізін қалаған басшылары өздерінің
кітаптарында ислам дінінің негізгі мәселелерін, әсіресе Құран аяттары мен
Пайғам-барымыздың (с.ғ.с.) хадистеріне, өз қалауынша, түсінік-мағына беріп,
Ислам дінінің адамгершілік пен мәдениеттіліктің, бірлік пен ынтымақтың,
ағайыншылық пен достықтың діні екеніне қарамастан, керісінше келіспеу-шілік
пен қарама-қарсылық, басқа ағымдарды жоққа шығаратын дін ретінде көрсеткісі
келеді. “Хизбут-Тахрир” партиясының бұл әдеттері ислам үшін ең қауіпті
болып есептеледі, оны төмендегі бірнеше мысалдардан анық байқауға болады.
1. “Хизбут-Тахрирдың” ұғымы бойынша Ислам дінінде басшыларды сайлау деген
болмау керек, яғни демократияға қарсы. Партияның негізін қалаған Тақиуддин
Набахани өзінің “Демократия – бұл күпірліктің белгісі” кітабында адамдардың
сайлауға қатысуын және өзінің саяси басшыларын сайлау, сол сияқты мәжіліс,
парламент сайлауын жоққа шығарады, дұрыс емес деп есептейді. “Хизбут-
Тахрир” партиясының түсінігі түбегейлі сайлау туралы шариғат үкімдеріне
қайшы. Ал, Құран Кәрімде, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде мұсылман-
дардың өз арасында пікір алмасуын және көпшілікпен бірге ақылдасып шешуін,
көңіл бөліп, пікірлесуін бұйырған. Құран Кәрімдегі “Шура” сүресінде:
“Келіссөздер жүргізу, пікір алысу – ислам дінінің негізі”,- делінген.
“Тәңірі шақырған нәрселерге үн қоса алатындарға, намаз оқығандарға, әр
нәрсені кеңесіп істейтіндерге, Біз ризық етіп берген нәрселерді Құдай үшін
жұмсайтындарға...”.
Осы сияқты Аллаһ Тағала Құрани Кәрімінде “Имран” сүресінің 159 аятында
Пайғамба-рымыз (с.ғ.с.): “Жаратқаннан жарылқау тіле, әр істе олармен
ақылдасып отыр, яғни мемлекеттің басқаруындағы істерге көппен ақылдасып
үкім шығар”,- деген.
Осы Құранның айтқандарына қарсы келіп, “Хизбут-Тахрир” көсемдері қандай
негізбен исламда ақылдасу, пікір алмасу, сайлау дегендерді жоққа шығарады?
Бұл пікірлері ашықтан- ашық Құран аяттарына қарсы келу болып есептеледі.
2. “Хизбут Тахрирдың” ұғымы бойынша ислам ешқандай бостандықты, әсіресе
жеке бастың бостандығын мойындамайды. Набахани өзінің кітабында былай деп
келтіреді: “Демократияда төрт түрлі бостандықтар бар. Олар: сенім
бостандығы, әрекет жасау бостандығы, мүлік иесі болудың бостандығы, жеке
бастың бостандығы”. Бұлардың ешқай-сысы исламда жоқ. “Хизбут-Тахрирдың”
баяндауында былай делінген: “Мұсылман адамға жеке мүлік иесі болуға тиым
салынған, ол ешқандай мүлікке иелік ете алмайды, тек Аллаһ Тағала тарапынан
оған мүлік берілген.
...Исламда жеке бастың бостандығы жоқ, мұсылман адам өзінің жеке бастың
істерінде басшылық ете алмайды, бұл ислам заңдарына қайшы...”
“Хизбут- Тахрир” өз пікірінде исламның заңдарына қарсы шығып отыр. Ал
керісінше Ислам діні осындай барлық жеке адам басындағы бостандықтарды адам
баласы үшін алдын ала түсіндіріп, міндеттеп берген. Ислам адам жеке
басындағы мүлік иесі болуды қорғап, оған ешқандай қиянат жасауға жол
бермей, өзінің шариғат заңдарымен оны қорғайды.
Аллаһ Тағала Құрани Кәрімінде “Ниса” сүресінің 32 аятында осы туралы былай
деген: “...Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне және әйелдердің
еңбектерінің тиесісі өзіне тән”.
Осы аятпен Ислам діні мүлік иесі болуды ер мен әйелдерге 1300 жыл бұрын
берген. Керісінше Еуропада ХІХ ғасырдың соңында, Испанияда генерал Франко
өлген соң, ХХ ғасырдың орталарында әйел адамға заңды түрде мүлік иесі
болуға рұқсат еткен.
3. “Хизбут-Тахрир” партия-сының түсінігі бойынша Ислам басқа діндегі
адамдар мен өзгерістерді, түрлі мәдени іс- әрекеттерді жоққа шығарады,
мұсылман адам басқа адамдардың түсінігімен ешқандай байланысы болмау керек
екендігін айтады. Партияның көсемдері осындай діндераралық және ұлтаралық
түсіністіктерді жоққа шығарып, исламда ешқандай ондай түсіністіктер жоқ
деп, теріске шығарады.
Ислам әрқашанда тыныш-тықты, достықты, басқа діндегілермен жақсы қарым-
қатынаста болуды, ұлтаралық қатынастарымызды жақсы жолға қоюымызды
бұйырған. Аллаһ Тағала Құрани Кәрімінде былай деген: “Әй, мұсылмандар!
Аллаһ Тағала дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарынан
шығармағандарға жақсылық жасауларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды.
Аллаһтың әділ жандарды жақсы көретіні даусыз” (“Мумтаһина” сүресі, 8-аят).
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: “Кімде-кім
мұсылман елінде тұратын бір басқа діндегі адамға зұлымдық жасаса, оның қал-
қадіріне қарамастан оған ауыр жұмыс бұйырса немесе зорлықпен бір нәрсесін
алса қиямет күні сол адам үшін мен жәбірленуші ретінде әділдікті іздеймін”.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өздері басқа діннің өкілдерімен жақсы қарым-
қатынаста болған. Мысалы, еврейлер исламның алғашқы кездерінде қатты
дұшпандық жасағандарымен, пайғамбарымыз оларды жеңгеннен кейін олардың
барлығын кешірді. Басқа діннен келген қонақтарды қабылдайтын, басқа діндегі
адамдарға иудей мен христиандардан қарыз алатын, өзінің мүліктерін оларға
уақытша сенім артып қалдыратын. Бірде Наджраннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жат діндер жарға жықпасын
Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының шаралары, мақсаттары мен бағыттары
Тәуелсіздіктен бұрынғы ислам дінінің ахуалы
Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Ислам діні жайлы
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздері (Орталық Азия мемлекеттері мысалынан)
Қазақстанның өркениеттік даму ерекшеліктері. Діни мәдениеттің қазақстандық қоғамдағы алатын орны
Пәндер