Хормен ән айту тәрбиесі – оқу пәні


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

1. Практикалық сабақ

Хормен ән айту тәрбиесі - оқу пәні

  1. Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері
  2. Хордың даму тарихы

1. Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері

Хормен ән айту тәрбиесіндегі негізгі мақсат балалардың хормен ән айтуды мәдениетті орындай алуын жетілдіру, нота сауатын меңгерту болып табылады.

- балалардың хор айтуға деген ынтасын, қызығушылығын қалыптастыру:

  • олардың хормен ән орындауын дағдыландыру:
  • бастауыш мектепке арналған әндерді үйрету:
  • әр сабақта өткізілетін жеке айтуға арналған әндердің мазмұнын түсіндіре отырып, оның музыкалық өнерде қалай орындалуға тиісті екенін көрсету:
  • сабақта әнді шығарушы - автор және оның шығу тарихын қысқаша хабарлау, әннің идеялық образы мен көркемдік ерекшелігіне көңіл аударып, лайықты орындауына бақылау жасау:
  • жеке әндерді орындағанда музыкалық аспаптармен бірлестігін, үндестігінқадағалау (әсіресе мектеп бағдарламасына арналған әндердің дұрыс орындалуына зер салу) :

хор айту дағдысын теориялық қортындылармен ұштастыра отырып, басқа да музыкалық пәндермен байланыстыра білу.

Хордың даму тарихы. Ертедегі және орта ғасырдағы хор өнері. Хормен ән айту өнері музыка мәдениетінің ерте дамыған түріне жатады. Тарихи әз дамуында, басқа өнерге қарағанда, халықтың материалдық даму процесімен тығыз байланысты. Этнографиялық ғылыми зерттеулер мен осы уақытқа дейін сақталган ескерткіштерге сүйенсек, хор әнері алғашқы қауымнан бастап дамыгаи. Біртіндеп халықтың әл-ауқаты, өндірістің үдемелі дамуына байланысты, хор және жеке ән айту процесіне күрделі әзгерістер еніп. Ритмикалық түрақтылық, нақтылы ырғақпен ладотональдық айырмашылық, мәнерлілік сияқты қасиеттер жинақталады. Өнердің қоғамдық міндеті артты. Халық әдет-ғұрыптары, халықтык ойындардың негізі ән болып саналып, көп дауысты ән айту түрлері шыға бастады.

Кәсіпшілік хор әнері кештеу дамыды. Оның негізгі міндеті шіркеу салт-жоралары мен сарай мерекелерінің кәркемдік жағын дайындаушы болады. Тарихи ескерткіштерге қарағанда шығыс цивилизациясы дәуірінде хор өнерінің түрлері дамыган. Египет жөне Вавилонда халықтық бөлімдерде /сценаларда/ хорлар айтылды. Сол сияқты ертедегі Индия әуендері би жөне аспаптық сүйемелдеушілікпен тығыз байланысты болды. Үнді хандары мен раджилер /жергілікіт өкімет иелері/ арасынла әйелдер хоры жоғарғы профессиоиалды шеберлікпен көзге түсті.

Ертедегі Грек елінде хор өнерінің дамуы ерекше қызгылықты және тарихи маңызды, болды. Хор өнеріне жастарды тәрбиелеудің негізгі көзі ретінде көңіл бөлінді. Білім алудың негізгі жолы деп есептелініп, «білімсіз»- яғни «хорда айта алмайтын адам»- деген ұғым қалыптасты. Атақты грек философы Платон: «музыка дегеніміз хорды басқару мәдениеті»- деп хормен ән айту өнерін өте жоғары багалады. Грек елінде хор өнері халықтың егіншілік шаруашылығына байланысты болған мерекелерінде орындалды. К, алалық және мемлекеттік регионда көпшілік жарыстары өткізілді. /Хор ансамбльдерінен/.

Негізінен Грецияда хор айту өнері бір дауысты /унисонды/ болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Олардың әрқайсысына тон репертуарлар белгіленеді. /Ерлер, әйелдер, ересек балалар/. Негізінен лирикалық әндерді әйелдер хоры, /партении Алкамана/ қошеметтік қарсы алу әндерін қалғандары орындады. Әсіресе Грек традегиясы хорына көп көңіл бөлінді. Бүл жыр б. э. д. ҮІ г. Болды. Хор 12-15 ерлер дауысынан қүралды. Оларга арналған белгілі алаң болған, осы алаңда қайғылы жағдайдың куәгері ретінде, ән айту өнерімен болган уақиға хабарланды. Әннен басқа трагедияда хор мен жеке әнші /солист/ диалогі /коммос/ және жеке әндер сүйемелдеумен айтылады.

Ертедегі Грецияда дауыс классификациясы былай бөлінді:

  1. пеіоійе- жоғарғы дауыс, вертуоздар үшін қажет дауыс;
  2. те$оійе- орташа дауыс, хорга арналған дауыс;
  3. ігаіоійе- төменгі актерлер дауысы

Ертедегі грек философ ~ музыканттарының теориялық ізденістері, хор өнерінің тәрбиелік ролін жоғары багалауы, гармониялық, акустикалық, ладтық заңдылықтарын ашуы хор мөдениетінің дамуына үлкен маңызы болды. Ертедегі Грек елінде ән айту өнері, дүние жүзінде мәдениеттің дамуына тарихи із қалдырды. Ертедегі грек әндері басқа мемлекеттерде христиан шіркеуіндегі музыканың дамуына күшті ықпалын тигізді.

Феодализм дәуірінде хор мәдениеті Византияда жоғарғы дәрежеде дамыды. /ҮІ-ҮІІ г. г. / Әсіресе Византияда гимндер ерекше көзге түсті. Олар ығгақты композициялық қүрылымымен /структүрасы/ ерекшеленді. Гимн - шығыс литүргиясының негізі, сондықтан гимндерді орындау мереке-мезеттерінің негізгі бөлімі болып есептеледі. Византияда қүдайға қүлшылық еткен хор қүрамы бір жарым, екі жүзге дейін барады. Олардың ішінде өншілермен қоса, ән мүғалімдері, ән шығарушылар /магистр/ қатысты.

В. Металлов айтқандай: “византиялық хордың өзіндік айту ерекшелігі бар, орындаушылық кезінде кейде өте шулы қатты айқайласа, кейбір сәттерде әзер қүлаққа естілетіндей тыныш орындалады. Бүл қасиеті қазіргі ән айту әдістеріне жақындатады “.

Батыс Европа елдерінде орта ғасырдагы кәсіби хор мәдениеті толығымен католик шіркеуінің қарамағына айналды. /1054 ж. Христиан дініндегі шіркеу межелеп 2 бөлінді: 1. шығыс провослави. хр. дін. шіркеуі. 2. батыс-котоликтер шіркеуі/

ҮІ ғасырда бүл өнер тар шеңберде дамыған діни негізде болды. Ұзақ талдаудан соң “антифанарий” деген шіркеулік ән айту формасы шықты. Орта ғасырлық ладпен жазылған қатал, бояусыз болганмен әуені жагымды болды.

Алғашқы шыққан ән айту формаларының бірі григорияндық ән айту формасы псалмодия - деп аталынды. Діни мағынада латын текстісімен әндетіп айтылатын көркем сөз - /речетация/. Диапозоны өте қысқа, белгілі ритмикалық ұзақтығы жоқ, тек қана орфоэпиялық, логикалық екпіндермен ерекшеленді.

Ырғақ жағынан дамыған, құрылым тұрақтылығы бар сол кездегі гимндер болды. Гимн - халықтың ән мәдениетінің қайнар көзі бола түрып, сол уақыттағы католиктік діни мерекелердің негізгі музыкалық-көркемдік бөліміне айналды.

Гимн 5 бөлімнен қүралды: /Ү - ғасырдан/

  1. «Киііе еіеіаоп «- «Төңір жарылқасын «
  2. «Үіогіо»- «Алланың даңқы артсын»
  3. «Сгесіо»- «Тәңіріме сенім артамын»
  4. «Запсіт»- «Тәңірімді ардақтаймын»
  5. «ВепеШкіш»- «Бата беремін, қолдаймын»

Орта ғасырдаеы кәсіби хор өнерінің орталығы монастырлер мен соборлар болды.

Италия - Рим, Милан

Франция - Париж, Меца, Шартра

Швецарияда - Сен-Галлена т. б.

Осы монастырлер мен соборларда жоғарғы дөрежелі әншілер мектебі болды. Мектеп жеке әншілерді, регенттерді /дирижерлар/ дайындаумен қатар хормен ән айтудың жаңа түрлерін дамытты Шартра, Лиможа монастрлерінде ІХ-Х г. Көп дауысты хормен айту түрлерінің ескерткіштері табылды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі ән айту өнері. ХІҮ-ХҮІ ғасыр хор өнерінің қарқынмен жедел үдей дамыған дөуірі. Бүл кезеңде полифониялық музыка стилінің дамуымен қатар, хорда кәсіби көпдауыстылық шыга бастады. Хормен ән айту өнерінің саяси-қоғамдық ролі артып, халықтық демократиялық қозгалыстарында хор айту өнері, оларды азаттық күреске біріктірудің символы болды. Франция, Италия, Германиядагы крестық көтерілістерінде халық өздері шығарган ән-гимндерін айтты.

Әсіресе, Италия қалаларындагы майда шаруалар /ремесленниктер/ арасында ерекше лирикалық гимн лаудалар /Ьаийагс мақтаныш/ тарала бастады. /мақтаныш, салтанатты әндер/.

Францияда - бүл кезеңде ерекше көзге түскен жанрдың бірі «сһатот», «кансонс»- мазмүны мен формасы жағынан /өзгерген/ түрленген көпдауысты ән.

Италия, Англия, Польшада- ауқатты, ақсүйектер қоғамының арасында әйгілі болған ~ хроматикалық мадригал деп аталатын өн айту үлгісі, орындауға өте қиын, көп дауысты полифониялық ырғақта жазылды. Кейбір хорлар осы мадригалды айтуға арналып дайындалды. Эволоюциялық дамуы діни мағынада болганмен, келешектегі кәсіби хор мәдениетінің жалпы музыкалық шеберліктің дамуына көп үлесін қосты. Өзіндік кең, кәркем-философиялық мазмунымен месса- /литүргия/ ірі жоспардағы полифониялық хорлардың шығуына мүмкіндік жасады. Бірақ мүндай көп дауысты ірі шығармаларды тек қана кәсіби музыканттар жазып жөне орындай алатын еді. Сондықтан діни басшылар капелла мен әншілер мектебін қайта құрып, оның құрамын нығайтты. Осындай атақты ескі мектеп римдік әншілер мектебі болды.

Бертін келе ол «Секстиналық капелла» деп аталынды. 24-30 әншіден құралды. Бұл хорға әншілер мұқият іріктеліп алынды. ХҮІ ғасырдың екінші жартысында капелла жұмысына атақты шебер музыканттар Дюфай, Жоскен, Палестина /1571-1594/ т. б. араласты.

Венецияда қайта өрлеу дәуірінде хордың /полихоралъды/ көп хорлы түрі тамаша дамыды. Венеция хорлары ашық колориті және тембрлік, динамикалық қарама-қарсылығымен ерекшеленді. Әсіресе қала халқының музыкалық өмірінде қасиетті Марка соборының хоры үлкен роль атқарды. Хордағы әншілер үшін орган аспабы әкелінді, бүл хор өнерінің үдей дамуына әсерін тигізді. Қайта әрлеу дәуірінде хор өнері Нидерландия қалаларында-Амстердам, Атвернен, Бюгте жандана түсті. Кәсіби хор өнері халық мейрамдарымен, фольклормен тыгыз байланыса бастады. Хор жанрлары - месса, шықты. Нидерландияда ашылған әншілер /приюты-школы/ қабылдау мектептері немесе-метриздер хор әнерінің дамуына үлкен көмегін тигізді. Бүл мектептерде 20-30 жас балалар қабылданып, ән айту өнеріне, орган аспабына ойнауга үйретіліп, теориялық музыкалық жөне жалпы білім берілді. Метризде атақты нидерланд музыканттары: Г. Дюфай, И. Огекем, Я. Обрехт, Жоскен Депре т. б. жүмыс жасады. Нидерланд шеберлері хор жанрларын полифониялық стилде дамытып оның канон, полифониялық баллада, бургундық кансонс - «сһатот» деп аталатын түрлерін таратты.

Қайта әрлеу дәуірінде Рим, Венеция, Нидерланд мектептерімен қатар француз, ағылшын, неміс, испан, поляк, чех мектептері де өз хорларымен даңқы шықты. Бүл елдердегі ХҮ-ХҮІ ғасырда музыка мәдениетінің жемістері бүкіл Европаның игілігіне айналды. ХІҮ ғасырда неміс халқының ән-хор мәдениетінде азаттык күрес әуені анық бейнеленді. Халық әндері кәсіби хор жанрының негізі болды.

ХҮІІ-ХҮІІІ-ХХ ғасырдағы хор өнері. ХҮІІ ғасыр алғашқы операның шығу дәуірі, сонымен қатар хор өнеріне оратория жанры, кейіннен қантаталардың шығуымен сипатталады.

ХҮІІ ғасырдың басында діни концерттер кеңінен таратылды. Әрине, бүл концерттер дінді уағыздау мағынасында болды. Ірі формалы хорлармен қатар аспаптық музыкалар да орындалды. Бүл концерттер Италия, Англия шіркеулерінде әткізілді.

Неополь және Венецияда шіркеу жанынан жабық түрдегі арнаулы музыканттар даярлайтын оқу орындары ашылды. /консерватория-прют/. Мүнда кедейдің балалары және жетім балалардың музыкаға қабілеттілері таңдалып алынып, олар аспапта ойнауға, шіркеу хорында ән айтуға және оркестрде ойнауга үйретілді.

Мұндай қабылдау орындары ерлер жөне әйелдер болып бөлек оқытылды. Әйелдер тек қана әйелдер монастыріне жіберілді. Басқа шіркеулерге ән айтуға тиым салынды. Сопрано, алът дауыстарын ұл балалар орындады.

ХҮІІІ ғасырдың аяғындагы ұлы француз революциясы хор өнеріндеғғана емес, бүкіл қоғам өміріне үлкен өзгеріс енгізді. 90-шы жылдары Париждегі хор өнері жаңа азаматтық кескіндегі халықтық күшке айналды. Бұл хорларды 10 мыңдаган халықтар айтты, бұл патриотизмге шақырган саяси магналы әуендер болды. Француздардың кұдіретті революциялық қаруына айналды. Француз революциясы көптеген тамаша ән-гимндер, революциялық шығармалар туындады, сондықтан хор өнері бурынғыша қалуына болмайтын болды.

Хор бірлестіктері Германияда XIX гасырдың басында құрыла бастады. 1809 жылы Берлинде педагог, композитор Карл Фридрих Целтердің басқаруымен бірінші хор бірлестігі ұйымдастырылды. Негізгі құрамы әртүрлі саладагы жұмысшы адамдар болды.

  1. гасырдың 60-шы жылдары өн бірлестіктері Чех қалалары мен селоларында өркендеді. 100-ден аса хор коллективтері қурылды. 70-шы жылдардагы әндер революциялық патриоттық сыйпатта болды. Бүл хорлардың авторлары П. Крыжишковский, Б. Сметана, А. Дворжак т. б. болды.
  2. гасырдың басында /1908 ж. / Чехияда тамаша хорлар ұйымдастырылды. «Сметана» хоры, «Ферстер» хоры т. б. Чехославакияда неміс фашист окупанттарынан өз жерлерін азат еткеннен кейін, хор өнері де жақсы жолға қойылды.

XIX гасырдың ортасында Болгарияда хор бірлестіктері ұйымдастырылып, халық клубтары, мектептер ашылды. Әсіресе хор коллективтерінде ақын-революционер Христо Бөтевтың сөзіне жазылган халық әндері, баллада кеңінен тарала бастады. Бұл әндер халық куресінің жалауы болып, әлі күнге дейін болгар халқының суйікті әні болып есептеледі.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері.
  2. Ертедегі Грек еліндегі хор өнерінің дамуы.
  3. Хор өнерінің шіркеумен байланысы.

АНАДАЙ АСЫЛ МЕКТЕБІМ (практикалық сабақта өтетін ән)

Тоқсандағы әр сабақ «Музыка қандай сезімді білдіреді?» деген тақырыпқа сай жүргізіледі және оқушыларды музыкалық шығармалардың сипатын ажырата білуге, оның эмоциялық мазмұнын түсінуге баулуды мақсат етеді. Сонымен қатар жекелеген әндердің мазмұнына байланысты әр сабақтың тікелей өз мақсаты болуы тиіс. Ол негізгі үш талапқа - тәрбиелік, оқулық, әрі дамытушылыққа негізделіп жүргізіледі. Мысалы, «Анадай асыл мектебім» әнін үйреткенде, бүлдіршіндердің жүрегінде мектепке деген сүйіспеншілік сезімін, оқуға құштарлықты ояту көзделеді.

Әннің бірінші шумағын үйретпес бұрын оның музыкасымен таныстырамыз. Әрине, алты жасар балалар өздігінен әннің сипатын бейнелейтін сөздерді таба алмайды. Сон-дықтан кіріспе әңгіме өткізіп, музыка адамның әр түрлі көңіл-күйін, сезімдерін білдіреді деп түсіндірген жөн. Ал өмірде адамдардың мінез-құлқы әрқалай келеді, тіпті бір адам-ның өзі көңіл күйіне байланысты бірде көңілді, жайдары болса, енді бірде жабырқау, мұңға батып жүреді. Сол сияқты музыкалық шығармалар да көңілді, ойнақы, жігерлі, салтанатты, сабырлы немесе мұңды, сазды т. б. болады деп түсіндіре отырып, мынадай сұрақ қоюға болады: бұл әннің сипатына қандай сөз түра келеді? Оқушылар «сабырлы», «асықпай» деген жауап беруі тиіс. Енді әннің мазмұнын талдау басталады. Сөзін түгел оқып шыққан соң, қойылатын сұрақтар:

- Әнде мектепті кімге және неге теңейді? (Анаға, оның нұрлы құшағына, көктемге. )

- Оны қалай түсінесіңдер? (¥стаздар аялап білім үйретеді, жақсы қасиеттерге тәрби-елеп, еңбекке баулиды, үлкен өмірге дайындайды. Ал балауса балалық шақ адам өмірінің көктеміндей, біз оны мектепте өткіземіз. )

Оқушыларға «өмірдің аттап өткелін» деген сөздердің мағынасын түсіндіру керек. Адам баласы есейіп, саналы азамат болу барысында бірнеше кезендерден, яғни өткелдер-ден өтеді. Ал мектеп бітіру - сол өткелдердің бірі.

Балалардың жас ерекшелігін ескеріп, әнді алдымен өте қысқа интонацияларға бөліп айтқызып, содан соң бір жолдан тұтас үйреткен дұрыс. Мысалы «Анадай асыл» деген сөздерді (квинта интонациясы) бірнеше рет қайталатып, содан соң «мектебім» деген сөзді бөлек үйретеміз. Мұндағы лигамен әндетіп айтылатын бірінші буынға балалардың назарын аудару керек. Келесі жол да осы әдіспен үйретіледі. Әсіресе үшінші жолға ұқыпты қарау керек, онда биік ноталар, әндетпелі буындар кездеседі.

Өнді тұтас орындау кезінде мүмкіндігінше үн тазалығына, ырғақтың дәлдігіне көңіл бөліп, балаларға дұрыс тыныс алу керектігі жөнінде түсінік бере кетеміз.

№ 2-3 Практикалық сабақ

Ресейдегі хормен ән айту мәдениетінің дамуы

  1. Ресейдегі ХҮПІ гасырдың басына дейінгі ән айту өнері

2. ХҮШ - гасыр және XIX гасырдың басындагы профессионал хорлар

3. Синодальді хор

4. XIX гасырдың II жартысы XX гасырдың басындагы әуесқой хорлар мен хор бірлестіктері

  1. Ресейдегі ХҮПІ гасырдың басына дейінгі ән айту өнері. Орыс ән-хор мәдениеті көп ғасырлық даму тарихы нәтижесінде, ұлттық мәдениеттің сарқылмас қазынасына айналды. А. М. Горкий "Орыс әні-орыс тарихы" деп дұрыс бага берген. Бізге жеткен славян әндерінің мазмуны, сол кездегі халықтың муддесін, көзқарасын олардың табигаттың дүлей күшіне сыйынуын бейнеледі. Лирикалық әндерден патшалық Ресейдегі қарапайым халықтың ауыр өмірін, ой сезімін жақсы түсінуге болады. ХІХ-ХХ ғасырдагы азаттық курестің тамаша естелігі декабристердің әндерін, каторжниктердің әндері, жалпы көпшілік революциялық он-гимндерді алуга болады. Орыс косіби хор мәдениетінің дамуында халық өнері ерекше роль атқарады. Жергілікті жердің он айту дәстүріне суйене отырып, әншілік мектептерде өн орындау өдістері қалыптасты.

Хор онерінің дамуында негізгі ролъ атқарган славян халықтары болды - украин, беларусъ, чех, славян, болгар, орыс т. б. өзіндік ән айту формалары дамыды. Славян халықтарын "Ән сүйгіш" халық деп бекер айтпаган. ХІ-ХІІ ғасырда орыс монастырлерінде шіркеулік-әншілік мектептер ашылды.

Профессионалъды хормен ән айту өнері алгаш Киев Русінде жарық кәрді, себебі христиан діні мемлекеттік дін ретінде қабылдануына байланысты, шіркеулік діни жоралар қалыптастырылды. Кейбір оқулықтарда бірінші ән үйрету мекемесі ретінде Киев князі Владимир алып келген византиялық хор жөне Десятина шіркеуінде ұйымдастырылган әншілік мектебі деп есептелінген. Християндық храмдарда X ғасырдагы деректер сақталмагандықтан, музыка тарихын зерттеушілер әнер шеберлерінің әте қарқынмен өскен уақытын XI гасыр деп есептеді.

Орыстың шіркеулік ән айту формасының негізі 1. Әннің белгілерімен айтылуы /знаменный роспев-ХН-ХҮП г. г. /

Бұл ән айту формасының ерекшелігі басқа да шіркеулік әндер сияқты бір дауысты болып, аспабпен сүйемелденбеді. 70-ке жақын белгілер /крюки/ болды. Осы белгілерді сөздің үстіне қойып музыка шыгарды. Белгімен ән айту - сегіз дауыстылық - /осмоглас/ лад жүйесіне негізделді. Ертедегі славян музыкасында 4 негізгі және 4 қосымша ладтарга бөлінуге байланысты, шыққан шіркеулік лад системасы. /әрбір дауыс өзіндік әнімен ерекшеленді/ еді. Сонымен қатар Киевте - кондакарлы ән айту формалары болды. Кондак-мақтаныш-гимндер орындау негізінен Византиялық шіркеулік жанр болып есептелінеді. /поэзия мен музыканың байланысы/.

Кондакты ән айту көп шумақты болды.

1-ші шумақ - кіріспе деп аталады.

2-ші шумақ - драмалық сюжет

3-ші шумақ талдау, қорытындылау магынасында болды.

Кондакты ән айту белгілермен орындалды. Бүл форманың ерекшелігі /әсемдеу/ көркемдеу белгілері өте көп, хроматизм, ладтық модуляциялар кеңінен қолданылды. Негізінен қалалық ақсуйектер қогамында қолдау танытты, бірақ узақ қолданылмады. XII ғасырда хор мәдениетінің негізгі ордасы: Новгород, Владимир, Псков, Суздаль, Чернигов қалалары болды. Осы қалалардың шіркеулеріндс хор және әншілік мектептері ашылды. Мәдениеттің ең ірі орталы, ч, і Новгород қаласы болды. Бүл жердегі саяси-экономикалық жагдайдың біршама қолайлылыгы мәдениеттің жан-жақты өсуіне әсерін тигізді. Әдебиет, жазу өнері, қуыршақ театры т. б. дамьіды. Өзінің творчестволық шеберлігі жөнінде Новгород әншілік мектептсрі басқалардын озық шықты.

ХҮІ ғасырда хор мәдениетінің негізі Москваға ауыстырылды Осы жерде барлық саяси, мәдени күштер шогырланып, әсіресе ән айту жүмысына ерекше көңіл бөлінді. ХҮІ гасырдың аяғында патриархты хор /діни хор/ үйымастырылды. Дін қызметкерлері митрополит, эпископ, архиэпископтардың өз хорлары болды. ХҮІІ ғасырда княз, боярлардың хоры үйымдастырыла бастады. Көп дауысты шумақты ән ашну формасы ХҮІ гасырдың 1-ші жартысында пайда болды, он жазу ХҮІ гасырдың 11-ші жартысыдеп есептелінді. Шумақты өн айту түрі 3 дауыстан қүралды. Негізгі мелодияны алып жүретін орта дауыс: I "Жол "- путь деп аталады

2. Жоғарғы дауыс - /вверх/

3. Төменгі дауыс - /низ/ болып бөлінді.

ХҮІІ гасыр шіркеулік хор айту өнерінде 5-сызықты нота жазуы енгізілуіне байланысты, партесті ән айту формасы өріс ала бастады. Хор дауыстарга бөлінді. ХҮІІ ғасырдың 60-шы жылдары Москвада партесті стилъде жазылган 4-дауысты шіркеулік көп қатарлы әндер шыға бастады. Ән айтуда партестік концерттер үлкен жетістікке жетті. Ірі вертуозды а'сарре11а хорларын жазу үшін, күшті гормониялық және полифониялық үйлесімділіктер қолданылды. Бүл концерттер өзіндік сазымен, ритмикалық жагымдылығымен айрықшаланды. Салтанатты, көрнекті көп дауысты концерттері /12дауысқа дейін болды/ В. П. Титов, С. И. Давыдов, НВавыкиндср жазды, ХҮІІІ ғасырда орыс композиторлары М. Березовскиіі. Д. С. Бортнянский жазған концерттер жаңа үлгілер болып есептелінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Музыка өнері және оның тәрбиелік тұғырлары
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесі
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Балалар дауыстарының теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Әңгімені талдау
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz