Қоғамдық сана ұғымы


Жоспар
- Қоғамдық сана ұғымы
- Қоғамдық сананың формалары
- Пайдаланылған әдебиеттер
Қоғамдық сана ұғымы
Қоғамдық сана- адамдардың рухани өмiрi, яғни адамдар өздерiнiң практикалық iс-әрекетiнде басшылыққа алатын идеялар, теолриялар мен көзқарастар жиынтығы.
Қоғамдық сана ұғымы көлем жағынан аса кең философиялық категория болып келедi. Өйткенi ол коғамның рухани өмiрiнiң барлық жақтарын, шындықтың адам ойлаунда бейнеленуiнiң барлық формаларын қамтиды: идеялар, теориялар, көзқарастар (саяси, құқықтық, адамгершiлiк, эстетикалық, ф-қ, дiни т. б. ), ғылыми бiлiмдермен қатар, әлеуметтiк сезiмдер мен көңiл күйлер, әдет-ғұрыптар, мiнез-құлықтар, дәстүрлер, (таптар, ұлттар) халықтар кейiп ерекшелiктерi де кiредi.
Бiрақ бұл екi категорияның арақатынасында келесi үрдiс байқалады: қоғамдық сана материалдық өндiрiстiн, еңбек қызметiнiң негiзiнде, (қоғамдық болмыс) қажеттi түрде шығады. Адамның табиғатқа мақсатты түрде әсер етуi, табиғатты өз қажеттiлiктерiне бейiмдеу, яғни еңбек процесiнде өндiруге тиiстi заттар мен құбылыстардың қасиеттерi жайындағы бiлiм деңгейi өседi.
Маркс пен Энгельс өз философияларында бұл категориялардың арақатынасы жайында келесi тұжырым жасап- қоғамдық болмыс бiрiншi, ал қоғамдық сана оған тәуелдi, оның туындысы екенiне келесi дәлел келтiрдi: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т. б. айналасу үшiн алдымен сусын iшуi, тамақ жеуi, киiнуii баспанасы болуы тиiс, ал бұлар болу үшiн оларды өндiру қажет. Осы қарапайым ақиқаттың астарында қандай мән жатыр? Адамның бүкiл өмiрi, тiршiлiгi сайып келгенде материалдық игiлiктер өндiру тәсiлiне тәуелдi. Олай болса, бүкiл қоғам өмiрiнiң негiзi-еңбек. Өндiрiстiк еңбексiз қоғам өмiр сүре алмайды, тiптi пайда болмаған да болар. Сонымен, не алғашқы деген сұрақтан, келесi жауап туады: көғамдық сана қоғамдық болмыстан туады, соның бейнесi болып табылады, қоғамдық болмысөзгергеннен кейiн сана да өзгередi. Бiрақ, адамның санасы әрекетшiл, белсендi қоғамдық күш болып табылады және тарихи дамудың жетекшiсi; ал тарихи дамудың негiзiн қоғамдық практика құрады. Адамның еңбек қызметiнiң практикалық iс-әрекетiнiң белсендiлiгi, сананың жасампаздығын, активтiлiгiн тудырады (К. Маркс «Фейербах туралы тезистерi») .
Сондықтан, қоғамдық санажәне қоғамдық болмысарақатынасы бiркелкi емес, қоғамдық болмысбiлеушi, шешушi болғанымен кейбiр жағдайларда қоғамдық санаөз дербестiгiн, өз даму заңдылықтары бар екенiн байқатады:
1) қоғамның көптеген мүшелерiнiң санамы болмысқа сәйкес келмеуi, яғни артта қалып қоюы мүмкiн (Қазақстанда социализмнiң құлағанына ондаған жылдар өткенiмен, көптеген адамдар ескi сана қалдықтарынан әлi арыла алға алмады, зейнеткерлер)
2) қоғамдық сана қоғамдық болмысозып кетуi де ықтимал. Бұл процесс қоғамдық санақ/болмысты өзгерту қажеттiгiн алдын ала бейнелендiрiп, оның өзгеруiне көмектесу керек болған жағдайларда болады. (көрнектi қоғам қайраткерлерi, ғалымдар, өнер қайраткерлерi т. б. қоғамдық дамудың болашақ бағытын алдын ала болжап, құбылыстардың сырт көрiнiсiнiң iшкi мәнiң ашқанда; Ж. Ж. Руссо «Қоғамдық шарт» еңбегiнде буржуазиялық қоғамды дәрiптеп, алдын ала болжады. )
3) қоғамдық санамен қоғамдық болмыс сабақтастық байланыста болады: әрбiр жаңа тарихи дәуiрдiң құқық идеялары мен теориялары жоқтан пайда болмайды, өткен дәуiрлердiң идеяларымен сабақтастық байланыстың негiзiнде туады. (социалистiк утопистiк идеялар)
Өткен дәурлердiң озат философиялық құқық теорияларында, өнерi мен моралiнде жалпы адамдық мазмұны бар. Қоғамдық санабатлық формаларының өзгеруi мен дамуы сайып келгенде ғана материалдық өндiрiстiң дамуымен, экономикалық базиспен айқындалатының көрсетедi. Экономика қоғамдық сананың даму бағытын айқындап бередi.
Қоғамдық сананың формалары
Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, ғылым да шындықтың адам санасында бейнеленуі. Ғылымның мәнін түсіну үшін оның шығу себептерін, шындықты бейнелеу ерекшеліктерін және қоғам дамуындағы ролігі білу қажет.
Ғылым дегеніміз табиғат және қоғам құбылыстары мен процестері жайындағы теория түрінде бір жүйеге келтірілген білімдер. Бірақ ғылым дегеніміз тәжірибеде тексерілген теориялық білім ғана емес. Ол сонымен қатар, жаңа білімдер алуға бағытталған қызметті де, эксперимент жүргізу базасын, түрліше прибор, аспаптар сияқты таным құралдарын да қамтиды.
Сондықтан, оқушылар мына жағдайды ескерулері қажет ғылыми қоғамдық сананың бір формасы ретінде қарастырғанда біз оны шындықты бейнелендірудің формасы, дүниетанудың формасы ретінде ғана аламыз.
Дүние - ғылыми бейнелендірудің ерекшелігі неде, Оның қоғамдық сананың басқа формаларынан, мәселен өнерден, діннен айырмашылығы неде? Бұл жөнінде жоғарыда жеткілікті айтқанбыз, бірақ тағы да айта кетсек артық болмас. Дін сыртқы дүниенің бұрмаланғану жалған бейнесі ал ғылым - дәл, ақиқат бейнесі. Өнер шындықты көркем образ, типтік образ түрінде бейнелендіреді, яғни жалпыны жеке, нақты образ арқылы көрсетеді.
Ғылым шындықтың абстракциялық формада, ұғым, категория, заң түрінде - бейнеденуі. Ғылым дүниені білудің негізгі формасы болып табылады.
Ғылымның ерекшелігі ең алдымен оның пәнімен анықталады. Адамды қоршаған сыртқы дүние - табиғат пен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың да объективтік заңдары бар. Ғылымның міндеті - міне осы заңдарды танып білу. Адамның мақсатты қызметі үшін, материалдық өндірісті жүзеге асыру үшін ғылым заңдарында бейнеленетін сыртқы дүниенің объективтік заңдарын білу қажет.
Дүние-біртұтас дүние оның бірлігі материалылығында. Олай болса, ғылым да біртұтас материалдық дүние туралы өзара байланысты, біртұтас, үнемі дамып отыратын білімдер жүйесі. Бірақ ғылым сонымен қатар, көптеген білім салаларына, яғни нақты I ғылымдарға бөлінеді. Нақты ғылымдардың бір-бірінен айырмашылғы олардың объективтік шындықтың қай жатан, материя қозғалысының қай формасын зерітейтініне қарай айқындалады. Демек, нақты ғылымдардың көп түрлілігінің негізін, идеалистер сияқты, адам санасының қасиеттерінен іздемей, обиъективтік дүниенің қасиеттерінен, материя қозғалысы, формаларының көп түрлілігінен іздеу керек.
Ғылым қоғамдық-өндірістік практиканың қажеттерінен туындайды. Ф. Энгельс 1894 ж. 25 қаңтарда В. Боргауске жазған хатында ғылымның өндіріске тәуелділігін ашып көрсете келе: «Егер, Сіз айтқандай-, - техника айтарлықтай дәрежеде ғылымның жағдайын тәуелді болса, онда ғылым техниканың күйі мен қасиетінен әлде қайда көбірек тәуелді. Егер қоғамда бір техникалық қажет туса, онда ол ғылымды ондаған университеттерден гөрі қөбірек алға бастырады», - деп жазды. Энгельстің бұл айтқаңдарын ғылымдардың даму тарихы толық дәлелдеді.
Ғылымның практикаға өндіріске тәуелділігін атап көрсете отырып, тарихи материализм сонымен қатар біріншіден, ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестікті және, екіншіден, ғылымның практикаға, өндірістің дамуына тигізетін кері әсерін де мойындайды.
Ғылымның дамуы сайыл келгенде "ғана қоғамдық-тарихи практиканың, өндірістің қажеттерімен анықталады. Бірақ оның дамуының өз ішкі логикасы бар: ғылым өзінің ішкі қайшылықтарының негізінде дамиды, өйткені эксперименттің, тәжірибенің жаңа мәліметтері мен ескі теориялардың арасындағы қайшылықтардың нәтижесінде ғылымда жаңа проблемалар, гипотезалар (ғылыми жорамалдар) туып отырады. Ал бұл соңғылар дүниені бұрынғыдан тереңірек танып білу қажетін тудырады. Мәселен, ғылымның көптеген ұлы жаңалықтары, (айталық, атомдық физиканың ашқан жаңалықтары) өңдірістің қажетінен тікелей туған жоқ, ең алдымен ғылымның ішкі даму заңдылықтарының нәтижесіңде туып, адамдар оларды практикада пайдаланудың жолдарын кейін ғана тапты. Оқушылар ғылым дамуының бұл диалекгикасын ұғына білуі тиіс, өйткені дүниетанудың дамуындағы әрбір жаңа қадам жаңа проблемалар тудырады. Ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестік дүниетанудағы сабақтастық байланыстан айқын көрінеді. Ғылым қоғамның бүгінге дейін қол жеткен біліміне сүйене отырып қана дами алады. Мұңсыз қоғамдық прогресс жүзеге аспас еді.
Ғылымның дамуындағы салыстырмалы дербестік оның өндіріске тигізетін кері әсерінен ерекдій айқын көрінеді. Ғылым қоғамдық өндірістің дамуында қуаныш күш болып табылады, өйткені ғылымның күші, адамның ақиқатын танып білуден күш-қуат практикада "ғана айтқан көрінеді. Ол өндіріс құрал, техникасының дамуында, қоғамның бүкіл өңдіргіш күштерін жетілдіруде аса зор роль атқарады. Маркс ғылымды өндірістің және, тұтас алғанда, бүкіл қоғамның дамуының рухани күш-қуаты деп атады. Ол өзінің бір қолжазбасында былай деп жазды:». Табиғат машиналар, паровоздар, темір жолдар, электр телеграфтарын, сельфакторлар т. б. жасамайды. Мүның бәрі адам миының адам қолымен жасаған органы, білімнің затқа айналдырылған күші.
Бірақ ескеретін бір жағдай, бұл айшылғандардан ғылымның маңызы мен ролін асыра бағалаушылық сияқты теріс қорытыңды жасауға балмайды. Ондай асыра бағалау буржуазия социологиясына тән. Қөіптеген буржуазия, социолистары қазіргі атом қуаты мен кибернетика дәуірінде ғылым мен техника қоғамнан жоғары тұрған, қоғам тағдырын билейтін бірден-бір қуатты күшке айналды деп дәлелдейді. Олардың пікірінше, ғылым қоғам өмірінің жетекші және шешуші күші, өңдірісті де, экономика мен саясатты да айқындап беретін сол, ғылым мен техниканың құдіретті күші адамдарды "дәрменсіз, әлсіз тобылған" айналды. Олай болса, тарихтың тағдыры, олардың пікірінше, ғалымдардың және ғылым мен техника жасаған барлық құралдардың иесі - дәулетшілердің қолында.
Мұндай идеалистік көзқарас, түсініктердің әлеуметтік түптамыры бар: монополистік буржуазияның идеологтары ғылым мен техниканы асыра дәріптеу арқылы капиталистердің саясатын ақтауға, капиталйстік қасиеттер тудырып отырған жұмыссыздықты, экологиялық дағдарысты т. б. қасіретті жағдайларды осы күнгі ғылым мен техника дамуының қажетті нәтижесі деп түсіндіруге тырысады. Олар, сөйтіп, ғылыммен техниканы адамға, бүкіл адамзат дамуына қарсы қояды:
Қазіргі кезде ғылымның дамуының өндіріс пен техника үшін шешуші маңызы бар, өйткені ғылымның даңқы өндірістің дамуынан алда келеді, сөйтіп осының негізінде өңдірісті түбірінен қайта құруға, сапа жағынан жаңа техника жасауға мүмкіндіктер туады. Қазіргі ғылым мен техника адамзат мүддесіне қызмет жасауда, еңбекті жеңілдетіп, тұрмысты жақсаруда. Рас, буржуазияидеологтары айтып отырғандай, ғылым мен техниканың теріс нәтижелері де жоқ емес, бірақ ол нәтижелсрді тудырып отырғам ғылым мен техниканың дамуы емес, оларды пайдаланудың капиталистік әдістері. Шынында да, ғылым мен техниканың жаңалықтары капитализм жағдайларында барынша мол пайда табу мүддесіне қызмет етіп, еңбекшілердің мүддесіне қарсы келеді, өйткені оларды өндіріске енгізу жұмыссыздықты молайтады. Жалпы алғанда, антагонистік қоғамда
ғылымның дамуы қайшылықты сипатта жүзеге асады. Мұңы түсіну үшін қазіргі кезде жүзеге асып отырған ғылыми-техникалық революцияның мәнін, оның түрлі қоғамдардан ерекшеліктері мен әлеуметтік нәтижелерін білу керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz