Бейнелеу өнері сабақтарын мектепте оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 . Бейнелеу өнері сабақтарын мектепте оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері

1. 1. Оқушыларға бейнелеу өнерін оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың маңыздылығы . . . 7

1. 2. Бейнелеу өнерін оқытуда интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолданудың тиімділігі . . . 13

1 . Мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы көркемдік қабілеттерін арттырудың әдістемесі

2. 1. Сызу және бейнелеу өнері сабағында ақпараттық технологияны пайдаланудың әдістері . . . 19

2. 2. Бейнелеу өнері сабақтарында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың көркемдік қабілеттерін арттырудың әдістері . . . 34

Қорытынды . . . 51

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 53

Қосымша

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXІ ғасырда сәтсіздікке ұшырайды», - деп атап көрсетті. Осыған орай еліміздегі білім саласын дамытуға арналған іс - шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ұйымдарының, әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттігі туындайды.

Заман талабына сай білім беру әр оқу орнының алдына қойған мақсаты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті -жастардың білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету.

«Әрбір ұстаз - білікті маман, ал әрбір студент - ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.

Инновация-ол тамыры тереңде жатқан термин, латын тілінің «жаңару», «өзгеру» сөздерімен баламаланып, «бұрын болмаған жаңалық», «қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі» деген түсініктерді білдіреді. Ал ағылшын тілінен аударғанда, «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.

Инновация-құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен білім мазмұнына, оқытушы мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген оқытушылар мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесінен пайда болады.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру инновациялық педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал инновациялық педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.

Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап, тәжірибеде сынап байқаудың маңызы зор.

Ақпараттық-коммуникативтік технология өміріміздің барлық саласында, оның ішінде білім беру ісінде өте маңызды орын алады. Кейінгі жылдары оқыту процесінде кеңінен қолданыла бастаған компьютерлік технология зор мүмкіндіктерге ие болып отыр. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда АКТ мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланбай, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес.

Қазіргі компьютерлер қуатты құрал екені даусыз, ал осындай компьютерлік ортақ бір желіге біріктірілгенде, оның мүмкіндігі еселей түспек, ресурстарды (ақпараттық та, бағдарламалық та) ортақ пайдалану, кез келген қажетті ақпаратқа қолжетімділік-мұның бәрі білім беру ісінде орасан зор жетістіктерге жетуге жол ашады.

Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары ұйымдастырған электрондық оқыту (e-leaming) жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат-білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең мүмкіндікте қол жеткізуін қамтамасыз ету болмақ. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтандыру енгізуге жағдай жасау қажет.

E-leaming (Electronic leaming қысқартылған) -электрондық оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық және электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминдерінің синонимі.

ЮНЕСКО мамандары «E-leaming» ұғымына «Интернет пен мультимедия көмегімен оқу» деген анықтама берген.

Ол бірнеше мағынаға ие:

-Жеке компьютерді, ұялы телефонды, теледидарды пайдалану арқылы электрондық мәліметтермен жұмыс;

-Жеке әдіскерден ақыл-кеңес алу, қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігін пайдалану;

-Ортақ қызметтес пайдаланушылардан тұратын анықталған ұйым құру;

-Заман талабына сай электрондық мәліметтерді үзіліссіз пайдалану;

-Ақпараттық технологияларды меңгеру және топ меңгерушілерінің ақпараттық мәдениетін арттыру және қалыптастыру;

Жаңа мыңжылдық - бұл өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт.

«Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялары» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электрондық оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалыпта жатыр.

Қазіргі мектептерге шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан оқытушыны қажет етеді. Ол педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сондықтан, оқытушылар жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін қолданып, оқыту құралы ретінде пайдалануы керек.

Қазіргі заман талабына сай, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін ақпараттық қоғамды қалыптастырудың қажетті шартына айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру-қоғамның алдында ең басты міндет.

Қорыта келе, жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу -тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру бейнелеу өнері пәні оқытушысының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп тұжырым жасайды. Сондықтан бейнелеу өнері оқытушысы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.

1 . Бейнелеу өнері сабақтарын мектепте оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері

1. 1. Оқушыларға бейнелеу өнерін оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың маңыздылығы

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі - талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.

Жас ұрпақтың білім алуының бірден-бір шарты - мұғалімнің жаңашыл болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық әдіс-тәсілдерін, педагогикалық білімдерін жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек.

Қазіргі кездегі қоршаған ортадағы өзгерістер ақпараттық - коммуникативтік технологиялар саласында болып жатқаны белгілі. Бұл саладағы маңызды өзгерістер білім беру саласына да оң ықпалын тигізіп отырғаны бүгінгі білім ордасындағы ұстаздар қауымына кеңінен таныс. Жаңа ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың адам, қоғам өміріндегі орны туралы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында білім ордаларын жаңа технологиялармен қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіретіндігін атап өткен болатын.

Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар бүгінгі күні біздің қоғамымызға кеңінен енді. Компьютерлік технология мен мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде. Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтардың шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіріп, оларды жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.

Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ - ды математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу - танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.

Оқушылардың жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген. Сол үшіде оқшының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әртүрілі, жан - жақты болуы қажет.

Сабақ мазмұнының теориялық - практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғаілмнің әрбір сабағы оқушы сезіміне ынта - ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістері мен мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгерудің әдіс тәсілдері сан алуан. Оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру - мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.

Өз іс - тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін:

Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

Оқушылармен жекелей, топпен жұмыстар жүргізу;

Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;

Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту.

Сабақтың параметрі

АКТ - ны қолданатын сабақ

Дәстүрлі сабақ ақпаратты беру оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануы жұмыс қарқыны әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады мұғалім сыныптағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады оқушымен кері байланыс түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады.

ағымдық бақылау

АКТ - ны сабақтарымның келесі кезеңдерінде іске асырамын:

  • Үй жұмысын тексеруде;
  • Жаңа сабақты түсіндіргенде;
  • Қайталау, бекіту сабақтарында;
  • Сабақ барысында оқушылардың білімдерін тексеруде.

Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттен іздеу жүйесі арқылы информатикалық қызықты оқиғалар, сандардың пайда болуы, өмірбаяндық материалдар, фото құжаттар, көрнекіліктер табылады. Әрине, табылған ақпараттар тексеруді, түзетуді талап етеді.

АКТ - ны технология, бейнелеу өнері және сызу сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды - адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.

Жаңа материалды игеру кезеңінде графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндіреді. Бейнелеу өнері сабағында түстік байланыс тақырыбында paint, сызу сабағында графикалық жұмыс кезінде Kompas-3D бағдарламасымен, сонымен қатар презентацияларды түрлі бағдарламаларда жасауға тырысады. Ол үшін арнай интернет беттерінен қосымша мағлұматтар алып, өз беттерімен жаңа бағдарламаларда жұмыс жасауды үйренеді.

Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру кезеңінде сабақтарымда интерактивті тақтаны сонымен қатар ноутбук, планшеттерді қолданған дұрыс. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Білімді бақылау. Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді) . Интернеттегі әр түрлі тестілерді қолдануға болады. Осы айтылғандардан бейнелеу өнері сабақтарында компьютерді қолдану кезінде күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға болады:

  • информатикамен пәнаралық байланысын дамыту;
  • компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру;
  • оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмыстарын дамыту;
  • оқушылардың ақпараттық мәдениетін, іс-әрекетінің шығармашылық стилін қалыптастыру;
  • білім алуда ақпараттық технологияларды және басқа да ақпараттық құрылымдарды қолдануға оқушылардың дайындығы;
  • жеке және тұлғалық - бағдарлы ыңғайды іске асыру.

Сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда оқытудың техникалық құралдарын қолданудағы қауіпсіздікке және оптималды пайдалану тәртібіне тәуелді. Сондықтан техникалық құралдарды қолданудың ұзақтық мерзімін ескеріп отыру керек.

Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен, бейнелеу өнері пәнін оқыту жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану - келесі нәтижені береді:

  • Электронды оқулықтармен жұмыс істеуге үйрету;
  • Интернет желісінен алған ақпаратты тиімді қолдануға үйрету;
  • Ақпараттық технологиялар арқылы, білім сапасын көтеру;
  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
  • Ақпараттық көркемдік мәдениетті дамыту;
  • Әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашу;
  • Сабақта уақытты үнемдеу.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Қазіргі заманғы дамытудың талаптарына лайық ақпараттық - компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.

Ақпараттық орта кең ауқымды әрі өте бай. Қазіргі заманда ақпарат көздерінен мына мәліметтерді алуға болады:

-интернет көздерінен: кітапханалар, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, авторлар, белгілі адамдар, табиғат құбылыстары, т. б. туралы;

-электронды оқыту бағдарламалары, электронды кітапханалар, сөздіктер, анықтамалар, бейне және DVD фильмдер;

-кітаптар (әдеби шығармалар, өмірбаяндар, очерктер, мақалалар) ;

-музыкалық және бейнелеу өнері шығармалары.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізі компьютер болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі -интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары.

Соңғы жылдары ақпараттық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу жұмыстары байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен таралуда. Осы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін барлық оқытушылар, компьютерлік сауатты болулары керек. Оқу-тәрбие үрдісіне электрондық оқыту ресурстарын енгізу, электрондық оқулықтарды пайдалану, әр пәнді оқытуда мультимедиа мүмкіншіліктерін қолдану, демонстрациялау әдісін компьютер негізінде жабдықтау, оқу және жобалау бағдарламаларын енгізу қажеттілігі туындады. Осылардың негізінде оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандырудың жұмыстары басталды. Ақпараттық технология және жүйелік бірігу түрлі мүмкіндіктерге жол ашады.

Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.

Оның маңыздылығы:

-оқу-тәрбиелік үрдістің сапасын арттыру; оны ғылыми-техникалық прогрестің осы заманғы деңгейіне көтеру;

-бейнелеу өнерін оқыту үрдісіндегі жекелеп, саралап оқыту идеяларын дамыту;

-білім, дағды, қабілет деңгейін қалыптастыру;

-білімнің тереңдігі;

- бейнелеу өнері сабағында техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

-оқытушының педтехнологияны игеруі, сонымен қатар оқушылардың білімін шындалуы;

-тексеру түрлері, бағалауы;

-оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруы;

-практикалық дағдыларды игеруін арттыруы;

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Халықты халықпен теңестіретін-білім» деп, атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп-өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім-ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ елімізді гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Ал сол білімді шәкірт санасына себуші-ұстаз. Ендеше, оқытушылар жаңалықтардан қалмай, жасы мен қызметіне қарамай үнемі білім алып, ақпараттық дәуірдің белсенді мүшесі болуы керек. Бұл орайда мемлекетіміздің білім беру жүйесін модернизациялаудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген «Өмірлік білімнен-баршаға өмір бойы игерілетін білім» қағидасы оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологияларды қолдану ісіне өз көрінісін табуда.

Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты-жаңа бағыттағы оқытушының кәсіби шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілік арттыру, тәжірибесін рефлексиялауға үйретеді. Әрбір жаңашыл оқытушы ақпараттық технологиялардың ғылыми-теориялық негізін меңгеріп, әрбір баламен ғылымның жаңалықтарымен ой бөлісіп, жұмысында қолдануға тырысуы керек.

Технологиялық оқыту оқушының белсенді жағдайда қойып, оның субьектілігін қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес.

Оқытушылар мен оқушылардың интернетке енуі олардың қажеттіліктері мен іскерліктерін жұмсау аймағын анықтауда мүмкіндік береді.

Білімді арттыруда қазіргі қолданыстағы педагогикалық технологияларды пайдалануға болатынын өз тәжірибемізге сүйеніп толық айта аламыз. Олардан басқа жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізу, оқытудың интерактивті әдістерін арттырады.

Тәжірибеде интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді жиі қолдану қажет. Егер интерактивті тақта интернет жүйесіне қосылса, жаңа сабақты бекітуде және сабақ үстінде тақырып бойынша көптеген жаңа ақпараттар алуға да болады.

Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық технологияларды толық меңгерген педагог қана оқушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

XXI ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану
Сызуды оқыту әдістемесі
Төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары
Бастауыш мектепте электронды оқыту жүйесін қолдану ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz