Туристік жорықтар



Туристік жорықтар
Олардың түрлері
Туристік жорықтар-адамдар үшін қолайлы формаларының бірі.Олар халық арасында кең таралған және ұйымдастыру,өткізу жағынан,материалдық шығындар жағынан тиімді.Туристік жорықтарды кез келген дерлік уақытта(туризмнің жорықтарға байланысты жеке түрлері бойынша)және кез келген жерлерде жүргізе беруге болады.
Туристік жорық дегеніміз алдын-ала дайындалған жаңа немесе белгілі маршрут бойынша,әр түрлі танымдық,сауықтыру,спорттық,оқу жаттығу үшін т.б.мақсатпен жүріп өтуге бағытталған жұмыстар.Туристік жорықтар ұзақтығына қарай бір немесе екі күндік және көп күндік болып,туризмнің түрлеріне және қозғалыс түрлері мен құралдарына байланысты жаяу,шаңғы,тау,су,вело-,автомато- және спелео –(үңгір) жорықтары болып бөлінеді.Көп күндік жорықтар категориялық спорттық және категориялық емес болып ажыратылады.Категориялық жорықтардың туризмнің жеке түрлері бойынша кестесі төмендегідей.Бұл кесте жеке категорияларға қажетті ұзақтық(күнмен есептелінгендегі)жеке ұзындық(км-мен есептелінгендегі) көрсетілген.

Туристік жорықтардың ерекшеліктері-оларды кемінде 4-6адамнан тұратын туристік топтың қатысуы.Туристік топ құрамы,туристер саны жорық түріне,өткізіліп отырған ауданға,маршруттың күрделілігіне байланысты.Жорықтарға байланысты екінші ерекшелік түрлі табиғи кедергілерден өту қажеттілігі. Кедергілер сипаты туризмнің жеке түрлерімен(жаяу,тау,велосипед,су туризмі т.б.)анықталады.Жорықтарды өткізуге ауа-райы жағдайлары әсер етеді.Туризмнің жеке түрлері бойынша жорық өткізу үшін өткізілгелі отырған ауданның табиғи ерекшеліктері бойынша белгілі-бір қолайлы мерзім таңдалып алынады.Бұл сол ауданның климаттық ерекшеліктеріне,ерекше маусымдары бойынша ау-райымен тығыз байланысты.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Туризм және өлкетану негіздер.Оқу туралы
2. О.Б.Мазбаев.,Б.Н.Атайбеков.,Б.К.Асубаев.-Алматы ҚАЗҰПУ 2006-99 бет.
3. www.sayahat.kz

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Туристік жорықтар, олардың түрлері
Туристік жорықтар-адамдар үшін қолайлы формаларының бірі.Олар халық арасында кең таралған және ұйымдастыру,өткізу жағынан,материалдық шығындар жағынан тиімді.Туристік жорықтарды кез келген дерлік уақытта(туризмнің жорықтарға байланысты жеке түрлері бойынша)және кез келген жерлерде жүргізе беруге болады.
Туристік жорық дегеніміз алдын-ала дайындалған жаңа немесе белгілі маршрут бойынша,әр түрлі танымдық,сауықтыру,спорттық,оқу жаттығу үшін т.б.мақсатпен жүріп өтуге бағытталған жұмыстар.Туристік жорықтар ұзақтығына қарай бір немесе екі күндік және көп күндік болып,туризмнің түрлеріне және қозғалыс түрлері мен құралдарына байланысты жаяу,шаңғы,тау,су,вело-,автомато- және спелео –(үңгір) жорықтары болып бөлінеді.Көп күндік жорықтар категориялық спорттық және категориялық емес болып ажыратылады.Категориялық жорықтардың туризмнің жеке түрлері бойынша кестесі төмендегідей.Бұл кесте жеке категорияларға қажетті ұзақтық(күнмен есептелінгендегі)жеке ұзындық(км-мен есептелінгендегі) көрсетілген.
Туризмнің түрлері
Жорықтар күрделілігінің категориялары
1
2
3
4
5
6
Кез келген туризм түрі бойынша күнмен есептегендегі ұзындығы (кемінде)
Жаяу туризм км-дегі ұзындығы(кемінде)
Шаңғы туризмі
Тау туризмі
Су туризмі
Велосипед туризмі
Мототуризм
Автотуризм
Спелеотуризм(үңгірлердің саны)

6

130
130
100
150
250
1000
1500
5

8

160
160
120
160
400
1500
2000
4

10

190
200
140
170
600
2000
2500
5

13

200
250
150
180
800
2500
2500
1

18

250
300
160
190
1100
3000
3000
2

20

300
300
160
190

1
Туристік жорықтардың ерекшеліктері-оларды кемінде 4-6адамнан тұратын туристік топтың қатысуы.Туристік топ құрамы,туристер саны жорық түріне,өткізіліп отырған ауданға,маршруттың күрделілігіне байланысты.Жорықтарға байланысты екінші ерекшелік түрлі табиғи кедергілерден өту қажеттілігі. Кедергілер сипаты туризмнің жеке түрлерімен(жаяу,тау,велосипед,су туризмі т.б.)анықталады.Жорықтарды өткізуге ауа-райы жағдайлары әсер етеді.Туризмнің жеке түрлері бойынша жорық өткізу үшін өткізілгелі отырған ауданның табиғи ерекшеліктері бойынша белгілі-бір қолайлы мерзім таңдалып алынады.Бұл сол ауданның климаттық ерекшеліктеріне,ерекше маусымдары бойынша ау-райымен тығыз байланысты.
Жорықты өткізу мерзімін таңдап алу оған дайындық кезеңінде жүргізілетін көптеген жұмыстардың бірі.Жалпы жорықтыұйымдастырып,өткізу үш кезеңге бөліп қарастырады.Олар-дайындық,өткізу және қорытынды кезеңдер.Жорық мерзімін таңдаудағы негізгімақсат адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Жорықтың табысты өтуі оған деген дайындық жан-жақты,жақсы болуына байланысты.Дайындық кезеңіндегі жүргізілетін екінші жұмыс-жорық маршрутын құру.Егер маршрут бұрыннан белгілі болса ондағы болған өзгерістер жайлы соңғы әр түрлі информациялық көздерден деректержиналады,олар талданып,жорық жоспарына ,календарлық графикке түзетулер енгізіледі.
Календарлық график-графиктік не таблицалық(кестелік)түрде берілетін маршрут бойынша жүріп өтудің жеке кезеңдерін уақытқа,жеке күндерге байланыстыжалғаспалы түрде болу.Календарлық график алдын- ала жасалынатын болса жеке үндер бойынша маршрут бөліктерін жүріп өту жоспарланады,түнейтін орындар мен демалыс орындары анықталады,отын және су мәселелері,табиғи апаттар мен қиындықтардан сақтану жағдайлары қарастырылады.Яғни,календарлық график құру мен маршрутты дайындау қатар жүргізілетін жұмыстар.
Календарлық график жорық кезінде немесе ол аяқталған соң да жасала береді,жорық жайылы есепке енгізіледі.Календарлық график құру кезіндегі маңызды мәселе контрольдық және календарлық уақыттардың көрсетілуі. Календарлық уақыт-алдын ала жоспарланатын жеке күндер бойынша маршрутты жүріп өтуге уақыты. Бақылаулық уақыт –маршрутты жүріп өтуге қажетті уақыттан басқа,адамдардың демалысын ұйымдастыруға,адам ауырған жағдай үшін,құрал-жабдықтарды жөңдеу және нашар ауа-райына байланысты,сондай-ақ календарлық уақыт өткен кезде туристік топты іздеуді ұйымдастырудың мерзімін белгілеу үшін қажетті уақыт.Жорық маршрутын құру кезінде маршрут сызығының қандай жерлермен өтетіндігі анықталып,ол жеке күндер бойынша бөліктерге бөлінеді.Жорық мерзімімен маршрут анықталынып,құрылып болған соңғы дайындық жұмыстарының келесі тобы-адамдарды жорыққа дайындауға және жорық құжаттарын жасауға,әзірлеуге бағытталады.Ең алдымен орындалатын жұмыс-туристік топты жасақтау.Топ құрамына жорық тәжірибеге жеке дайындығы бар,жарамды,денсаулығы жорық жағдайына мүмкіндік беретін адамдар алынады.Топ құрамы анықталып болған соң топ кезінде топ мүшелері жорық маршруты ерекшеліктерін ескере отырып,арнайы және толық шыдамдылықты қалыптастыратын дайындықтан өтеді.Ол үшін әр түрлі дене жаттығулары бар.Техникадық дайындық маршрутта кездесетін кедергілерден өту үшін арнайы жаттығулар және бір күндік жаттығу жорықтары түрінде,арнайы құрал-жабдықтары қолдана отырып жүзеге асады.
Дайындық кезеңінде орындалуы тиіс келесі жұмыс-топ мүшелерінің жорыққа жарамдылығы анықтау үшін медициналық тексеруден өтуі.Тексеруден өту нәтижесінде олар өздерінің денсаулығы туралы анықтама қағазды тұрғылықты жерлері бойынша тіркелген медициналық пункттен алады.Ол құжатты жорықты ұйымдастырушы ұйым,спорттық жорықтарда Маршруттық-квалификациялық комиссия (МКК) талап етеді.Медициналық тексеру екі рет жүруі тиіс: 10-15 күн бұрын және жорыққа шығар алдында.
Дайындық кезеңінде жорық құжаттары дайындалады.Ұйымдастырушы ұйымды топ мүшелерінің тізімі жасалып,бекітіледі,топ жетекшісі тағайындалады.Ол үшін арнайы бұйрық шығарылады.Жорықтың қзіндік құжаттары маршруттық кітапша не маршруттық кітап деп аталынады.Маршруттық кітапша алыс қашықтықтарға жасалынатын категориялық спорттық жорықтар үшін,ал маршруттық парақ спорттық жорықтар үшін де көп күндік категориялық емес жорықтар үшін де пайдаланады.Бұл құжаттарда жорық өтнтін аудан,жорық маршруты мен оның жеке бөліктері,жорықтың өткізілу уақыты,қатысатын адамдар (аты-жөндері,мекен-жайлары,туған жылы мен күні,денсаулығының жарамдылығы,жорықта атқаратын міндеті) жайлы мәліметтер жазылып,маршрут бөліктерінен өту жеке күндер бойынша көрсетіледі (календарлық график),маршрут схемасы сызылады.
Аталынған құжаттар бірнеше жерде тіркелуі тиіс.Жорықты ұйымдастыратын ұйымда,жорыққа деген дайындықты тексеріп,оған рұқсат беретін маршруттық-квалификациялық комиссияда (спорттық туризм федерацияларындағы) және бақылаулық-құтқару қызметінде.Жорық құжаттарында оның бақылаулық уақыт біткеннен соң туристік топ оралмайтын болса,құжаттарда көрсетілген жорық мәліметтері бойынша(жорық өтетін аудан,жорық маршруты,календарлық график және жорық маршрутының схемасы)жоғарыда көрсетілген құжаттар тіркелетін орындарда туристік топты іздестіру ұйымдастырылады.Жорық құжаттарының бір данасы туристік топ жетекшісінде болуы тиіс,өйткені ол бұл құжатты маршрут бойында мүмкін болатын тиісті табиғат қорғау,шекаралық т.б.орындар өкілдерінің тексерілуі кезінде көрсетеді.
Дайындық кезеңінде атқарылатын жұмыстардың келесі тобы жорықты материалдық жағынан және қажетті нәрселермен қамтамасыз етуге бағытталады.Азық-түлік мөлшері жорыққа баратын адамдар санымен және жорық күндері санымен анықталады.Азық-түліктің тізімін жасау кезінде,алғаш бір адамға қажетті азық-түліктің салмағы анықталынып (бір күнге қажетті),ол жалпы адам санына көбейтіледі.Бұл бір күнге және барлық адамға қажетті азық-түлік мөлшері.Шыққан санжалпы күн санына көбейтіледі.Алайда,алынған сан нағыз қажетті азық мөлшерін көрсетпеуі де мүмкін,өйткені азық- түлік түрлері әр түрлі болғандықтан,олар бір күнде бір рет қана пайдаланылады деп есептелінеді де,3-ке бөлініп 13-і қалтырылады(негізгі пайдаланылатын азық-түлік түрлері бойынша).Мысалы,100 г Х 20=4000 г Х7 күн =28 000г3=9333г.Азық-түлік тізімі кесте түрінде жасалынады да,онда жоғарыда көрсетілген мәселелерге байланысты фалардан басқа азық-түліктердің сол кездегі бағалары бойынша бір азық-түліктің бір килограмының және барлық мөлшерінің бағалары көрсетілген графалар болады.Азық-түліктердің барлық жалпы салмағын және жалпы барлық бағасын анықтау үшін салмақтары және жалпы бағалары көрсетілген графалар бойынша келтірілген сандардыбір-біріне қосып,тиісті графалардың аяқ жағына алынған сандарды жазып қою керек.Алынған азық-түлікті тасымалдау үшін оның белгілі—бір мөлшерін асыра тасымалдау(заброска)қолданылады,яғн и көлікті пайдалана отырып,азық-түлік мөлшері маршруттің кейінірек жүріп өтілетін бөлігіне апарып, белгілі—бір жерде сақтай тұру ұйымдастырылады.Немесе алынған азық-түлік мөлшерін топ мүшелеріне тасымалдау үшін болып береді.Мысалы барлық азық мөлшері 100кг,ал топ мүшелері саны 10болса,әрқайсысының арқақабына 10 кг-нан азық болуы керек.Арқақапқа салынатын азық-түлік түрлері бүдінбес үшін,оларды ортаңғы және беткі жатқарға орналастырады.Майысатын ыдыстағы азық-түлік арқақап түбіне салынбауы тиіс.Жалпы қолма-қол керек болып қалатын заттар арқақап бетіне жақын тұрғаны дұрыс.Арқақапты асынған кезде оның таспалары бос болмай,арқаға жабысып тұруы керек.
Жорықты материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталатын екінші жұмыс-жорыққа қажетті құрал- жабдықтарды дайындау.Жалпы жорықтар үшін керекті құрал- жабдықтарды 3 түрге бөліп қарастыруға болады.1)Маршруттағы кедергілерден өту үшін қолданылатын арнайы құрал- жабдықтар (арқан,альпеншток,мұзойнағыш,караби н т.б).2)Туристік топқа ортақ құрал- жабдықтар (шатыр,балта,компас,карта,тамақ пісіретін ыдыстар мен ошақ құралдары т.б).3)Жеке адамдарға арналынған құралдар(киім-кешек,жуынатын заттар,арқақап,жатын қап т.б.)құрал жабдықтардың жеке түрлері бойынша толық тізімдері осы оқулықтың қосымшаларында беріледі. Құрал- жабдықтар дайындығына әсер ететін жағдайлар-адамдар саны,жорық өтетін ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктері. Құрал- жабдықтардың кейбіреулері жорықтар бойынша туризмнің барлық түрлерінде қолданылса,кейбірі жеке туризм түрінің өзіндік ерекшеліктеріне сай сол турі бойынша ғана өткізілетін жорықтардақолданылады.(Мысалы,шаңғы туризіміндегі примус,пеш,немесе су туризміндегі судан,суықтан қорғайтын комбинезон,құтқару киімдері т.б).құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар-олардың көлемінің шағындығы,сенімділігі,жорық жағдайларындағы қолайлығы,жеңілділігі
Жорыққа дайындық кезеңінде жорық шығыны анықталынады.Ол үшін жұмсалынатын шығындар(азық-түлікке,көлікке, құрал- жабдықтарды жалға алуға,шығындар)жеке-жеке есептеп алып,оларды бір-біріне қосу арқылы жалпы жорық шығынын шығарады.Жорық шығынын есептеу(смета)жорықты өткізуді алдын-ала жоспарлау үшін де керек.
Бұл тұрғыда шығындар маршруттың көліктік бөлігін қосып алғандағы барлық жеке бөліктері есептелінеді.
Туристік жорықтарды ұйымдастырып,өткізудің дайындық кезеңінен кейінгі екінші кезең-өткізу кезеңі.Жорық кезінде топ мүшелері колонналық тәртіппен,яғни бірінен-кейін бірі жүруі керек.Алдымен топ бастаушы жүреді.Ол туристік топқа қажетті белгілі-бір жүру жылдамдығын сақтайды,ең қолайлы және қауіпсіз жолды таңдап алады,қажет болған жағдайда қалған туристер өту үшін,басқалардың көмегіне сүйене отырып,жол дайындайды (мысалы,шаңғы жолын салады,сақтандыру арқандарын іледі,мұздық болатын жерлердішауып әзірлейді т.б.),өзінен кейінгі келе жатқандарды жолдағы кедергілер мен қауіп-қатерлер туралы ескертеді,жүру мен қысқы демалыстар ұзақтығына бақылау жасайды,демалыс үшін орындар таңдап,іздестіреді.Жай уақытта топ бастаушы туристік топтағы барлық туристер үлгеретіндей,бірқалыпты жылдамдықты ұстайды. Алайда,кедергіден өткен соң (мысалы бұлақтардағы,өзендердегі көлденең бөренелердін т.б) топ мүшелерінің араларының алшақтануы себепті ал қалғандары келіп жиналғанша жылдамдықты бәсеңсітеді,қозғалыс кезінде ал, егер біреу-міреу қалып қойған жағдайда топты дер кезінде тоқтату үшін топ соңындағы адаммен ұдайы байланыста болады. Топ соңындағы адам да тәжірибелі,дене күші жағынан мықты тристер қатарынанболуы тиіс.
Бағдарлау мүмкін болмай қалған жағдайда топ бастаушының жолдастарымен не жергілікті тұрғындармен кеңескені дұрыс. Ол бұндай кездерде жақын тұрған биік жерге не ағаш басына шығып, белгілі бағдарларды табуға тырысады, болмаса жан-жаққа 2-3 адамнан,белгілі-бір келісілген мерзімге барлауға жібереді. Бұл кезде қалған адамдар алыстан жақсы байқалатын бағдар жанына барлаушылардың топқа қайтып оралуын жеңілдету үшін орналасуы тиіс. Топ бастаушы күн сайын маршутқа шығу, белгілі-бір бағдардан немесе кедергіден өту,қысқа демалыстарға тоқтау және одан әрі жылжу уақыттарын белгілеп отырады. Жорықтар кезінде көбінесе топ бастаушының рөлін топ жетекшісі атқарады.
Топ мүшелерінің арасындағы арақашықтық туризмнің жорықтары бойынша жеке түллерінің ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болады. Жорық кезінде сонымен қатар туристердің жүру жылдамдығы мен бір күндік жүріп өту қашықтығы,жүріс пен демалыстардың уақытпен есептелгендегі ара-салмағы және туристік топ мүшелеріне түсірілетін күш(арқақап салмағы,бір күндік қашықтық)әр қалай болады.оларға әсер ететін факторлар мыналар:адамдардың жас ерекшелігі,маршруттың жалпы ұзындығы мен ұзақтығы,жергілікті қашықтық,жүру жылдамдығы мен жүріп өту қашықтығы,жүріс пен демалыс ара-қатынасы оқу бағдарламасы бойынша.
Туризмнің техникасы мен тактикасыжәне Туристік-өлкетану жұмысы әдістемесіпәндері бойынша толығырақ қаралады.
Жорықтар кезінде түскі үлкен үзіліс және түнгі түнеу үшін бувуак (бивак) ұйымдастырылады.Бивуак-жорықтар кезіндегі туристердің тамақтану мен демалысын қамтамасыз етуге қажетті орындар.Туристік топ мүшелері,әдетте,бивуакта тәулігіне 10-14 сағаттай болады.Олар шатыржай құрып,оны жабдықтайды,тамақ әзірлейді,киімдер мен құрал-жабдықтарды жөндеуден өткізеді,келесі күнге дайындалады,демалады.Бивуакта тегістеу,құрғақ алаңдар мен алаңқайларды,тастар құламайтын,сел,су тасқындары,қар көшкіні болмайтын,найзағай тікелей түспейтін жерлерге құрады.Тұрақ орны желден жақсы қорланған және жабдықтауға жеңіл болуы тиіс.Бивуак орнына жақынырақ жерде ауыз су көзі болуы керек.
Таулы жерлерде бивуакты талдар мен жар тастардың шығыңқы жерлеріне,төбелі жерлер мен тік беткейлердің астына науашықтар (кулуары)мен олардың шығатын жайылма жерлеріне (конусы выноса кулуаров),жылжымалы немесе мұз беткейлерде жатқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік саяхаттарды медицмналық қызметтермен қамтамасыз ету
Экскурсияның белгілері мен функциялары
Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турлар ұйымдастыру жолдары
Туристік саяхаттың мәні және мазмұны
Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс - тәсілдер негізі
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары туралы
Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы
Айқаспалы туристік байлауы
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Пәндер