Жол белгілері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жол белгілері

Жол белгілері - көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

  • Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары«Жол белгілері мен сигналдары туралы»Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
  1. ескерту белгілері
  2. басымдылық белгілері
  3. тыйым салу белгілері
  4. міндеттеу белгілері
  5. ақпараттық-көрсеткіш белгілері
  6. қызмет көрсету белгілері
  7. қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) .
  • Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

  • Тыйым салу белгілеріжолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
  • Міндеттеу белгілерібір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
  • Ақпараттық-көрсеткіш белгілерқозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны - 12.
  • Қосымша ақпараттық белгілер(тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.

Жаяу жүргіншіге арналған жадынама

1. Жаяужүргіншіжаяужол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жол мен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.

2. Елді-мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;

3. Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жолтаңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяужол жиегі бойымен, ал олардың аралағында - жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;

4. Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;

5. Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяужүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;

6. Жаяу жүргінші жолдан өтіп баражатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиісе мес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;

7. Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяужол немесе жол жиегінде тосқан жөн.

Жаяу жолда жүру тәртібі

Жеке жүрсең:

1. Жаяужолдың оң жағымен жүр;

2. Жүгірме, асықпай адымда;

3. Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;

4. Жаяужол үстіндегі кедергілерді көлікжолға шықпай айналып өт;

5. Жаяужолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;

6. Жаяужол үстінде ойнап, алыспа;

7. Әлдеқандай затыңды көлікжолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;

8. Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.

Топпен бірге жүрсең:

1. Қатардан шықпа;

2. Алысып ойнама;

3. Жүгірме, секірме, итеріспе;

4. Шуылдама;

5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;

6. Әлдеқандай затыңды көлікжолға түсіріп алсаң, жаяужол үстінде тұрып ересектерден жәрдем сұра.

Жолды жаяу жүргінші арқылы өту ережесі

1. Жаяужолдың шетіне барып, жаяу жүргінші өтпесіне жақындап, жол жиегінен баспай тоқта;

2. Солға және оңға қарап ал: жолдың біржақты немесе екі жақты қозғалыста екенін анықта;

3. Жақын келе жатқан көлікті өткізіп жібер;

4. Жаяу жүргінші өтпесіне қарай артқа жүріп келе жатқан көліктің жоқ екеніне көз жеткіз;

5. Жолдан өтуді келе жатқан көлікпен арақашықтық қауіпсіз болған жағдайда ғана баста. Қашықтықты анықтағанда жолда кідіру мүмкіндігін ескерген жөн;

6. Көлікжолдан өткенде жүгірме, бірақ жылдам адымда!

7. Жолдан өткен кезде алдымен сол жақта келе жатқан көлікке, ортасынан асқан соң оң жақтағы көлікке қара. Біржақты қозғалыстағы жолда жүріп келе жатқан көлік түрлерін бақыла;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол қозғалысын ұйымдастыруға арналған жол белгілерімен сілтемелері
Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары
Айналмалы қозғалысты ұйымдастыру. Қозғалысты реттеудің техникалық құралдары
Жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер
Желіні күйге келтіру
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері
Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Жүктердің таңбалануы. Ыдыс пен ораманы қолданудың тиімділігі жайлы
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері және белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz