Шетелдер мектебі педагогикасының тарихы



1 Алғашқы қоғамдағы тәрбие
2 Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп.
3 Феодалдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп.
4 Қайта өрлеу дәуіріндегі мектеп және педагогикалық ойлар. (ХIV.XVI ғасырлар)
Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы-рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болады. Ф.Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және жанұяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндірілді. Ал қарапайым еңбек құралдарын жасау, оны пайдалануды менгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді. Ф Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке жанұя болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің болған коллективтік жұмысы болды. Еңбек процесінде ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгеретін халықтың әдет ғұрпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдармен өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.
Алғашқы қоғам болды,соған сәйкес тәрбие де барлық адамдардың бәрі бірдей болды. Алғашқы қоғамның алғашқы сатысында тек ер бала не қыз балаларға берілетін тәрбиелерге ғана кейбір айырмашылықтар кездеседі. Ер балалар ер адамзаттармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қол өнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінін дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар , тәрбие күрделене түсті, ол жан- жақты және жоспарлы іске айналды. Рулық қоғамда балалармен мал бағуға, егін егуге қол өнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеуге ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертедегі ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну тағы басқа шыға бастады. Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі– рулық қоғамда тәрбиенін қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Шетелдер мектебі педагогикасының тарихы
Алғашқы қоғамдағы тәрбие

Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың
саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде
пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы-рулық қоғамға дейін адамдар
табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам
қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болады.
Ф.Энгельс Мемлекеттің, жеке меншіктің және жанұяның шығуы және
Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі атты еңбектерінде адамның
өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын
жасаудан басталады деп түсіндірілді. Ал қарапайым еңбек құралдарын
жасау, оны пайдалануды менгеру ересек адамдар тарапынан жастарды
үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.

Ф Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені
жеке жанұя болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу
де алғашқы қоғам мүшелерінің болған коллективтік жұмысы болды.
Еңбек
процесінде ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар
өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгеретін
халықтың әдет ғұрпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдармен
өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.

Алғашқы қоғам болды,соған сәйкес тәрбие де барлық адамдардың
бәрі бірдей болды. Алғашқы қоғамның алғашқы сатысында тек ер
бала не қыз балаларға берілетін тәрбиелерге ғана кейбір
айырмашылықтар кездеседі. Ер балалар ер адамзаттармен бірге қару-
жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар
әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты. Алғашқы
қоғамның дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қол өнер
кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінін дамуымен және адамдардың
еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар , тәрбие күрделене
түсті, ол жан- жақты және жоспарлы іске айналды. Рулық қоғамда
балалармен мал бағуға, егін егуге қол өнеріне үйретілді. Осыған
сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеуге
ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертедегі ойын және өлең ол
дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің
алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну тағы басқа шыға
бастады. Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі–
рулық қоғамда тәрбиенін қоғамдық еңбектің бір саласына айнала
басталғандығын көрсетеді.

Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке семьяның шығуына байланысты алғашқы
қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар жеке семья тәрбиесі
шықты.Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар
пайда болып олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесін бөле
бастады.Жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала болжау, адамдарды емдеу т.б.
сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп өздерін ерекше адамдар етіп
көрсеті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол
мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ал еңбекшілердің балалары
ата – аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен қанағаттанатын болды.

Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп.

Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдық
қоғам пайда болды. Сол түстік Африкада Египеттен бастап Оң түстік Азияда
Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлеккеттер
пайда болып, ертедегі мадениет дамыды. Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия
жерінде алғашқы мектептер құрылып онда үстем таптың балалары
тәрбиеленді.Қолдан суарып егін егумен шұғылданған жергілікті халық
өзендердің суы таситын мезгілдерін дұрыс пайдалануға тырысты.Жыл
мезгілдерді санау арқылы алдын ала болжау су бөгеттерін салу әртүрілі
ғылымдардың (астрономия, геометрия, арифметика, медицина) дамуына себеп
болды. Діни мектептермен қатар кітап көшірушілер даярлайтын мектептерде
пайда бола бастады. Сол дәуірден сақталған кейбір қол жазбаларда тәрбиенін
мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез – құлқы жөнінде
құнды пікірлер айтылған. Осы Ежелгі Шығыс мәднниеті Ежелгі Греция және Рим
мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Ежелгі Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ
мемлекеттен құралды. Ішіндегі ірілері Аттика (орталығы Афины) және Лакония
(орталығы Спарта) болды.Спартада құлдарды қатал қанауға негізделген егін
шаруашылығымен кәсіп етті.Сондықтан бұл елде құлдардың көтерілісін қатал
күшпен басатын әскери шыңдалған құл иеленушілер даярлауға көп көңіл
бөлінді. Спартада үстем тап балаларына әскери тәрбие берілді. Құл
иеленушілердің балалары 7 – 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде
тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді.Балардың
денесін шынықтыру, аштыққа, суықа, шөлге, қиындықа шыдамды етіп жаттықтыру
әскери жаттығуларға үйрету (жүгіру, секіру, күрес, жекпе – жек, әскери
әндер айту, найзаласу) ойны жүргізілді. Әскери ойындар ұйымдастырылды,
музыка, ән айту және діни билер үйретілді.Мұнда оқу және жазуға үйретуге
өте аз көңіл бөлінді. Спарта тәрбиесінің мақсаты қатаң тәртіпке және
құлдарға деген қайрымсыздыққа тәрбиелеу болып табылды.Моральдық және саяси
тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылық жөнінде арнаулы әңгімелер
жүргізілді. Балалар анық және қысқа сөйлеуге үйретілді.18-20 жастағы
жігіттер әскери қызметке алынды.Қыз балаларға да әскери және дене тәрбиесін
беруге көп көңіл бөлінді.Афинда біздің жыл санауымызға дейінгі V-IV
ғасырларда ғылым және мәдениет едәуір дамыды.Әсіресе,
жаратылыс,математика,тарих,скульпту ра,құрылыс өнері өркендеді. Бұл Афинаның
ертедегі Шығыс елдерімен тығыз сауда жасауына байланысты болды. Афинада
дене тәрбиесімен қатар басқа тәрбие түрлеріне де көп көңіл бөлінді. Құл
иеленушілердің балаларына жан-жақты тәрбие (ақыл-ой, моральдық, эстетикалық
және дене тәрбиесі берілуі керек деп есептелінді. Құл иеленушілердің жеті
жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды. Қыз балалар семьяда ғана
тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді.Ер балалар 7-ден 13-14 жасқа дейін
грамматист және кифарист мектептерінде оқыды.Бұл мектептерде оқыды.Афинада
мектептерде жеке адамдар ашып,балаларды оқытқаны үшін ақы алатын
болды.Грамматист мектебінде оқуға,жазуға және санауға үйретті,Кифарист
мектебінде музыкаға,ән,тақпақ айтуға жаттаттырды.13-14 жасында ер балалар
палестра(күрес) мектебіне көшірілі,онда 2-3 денешынықтыру жаттығуларының
жүйесімен (жүгіру,секіру,күрес және найзаласу) таныстырылды, жүзуге
үйретілді. Мектепте саяси және моральдық тақырыптарға әнгімелер өткізілді.
Ерекше семиялардың балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат
әдебиетпен танысып, мектептік басқару ісіне араласу үшін белгілі дайындық
алды. 18 және 20 жастағы жастар әскери дайындық алумен қатар саяси
білімдерін дамытты. Олар бекіністер салу, қала гарнизонында әскери қызмет
атқару, теңізде жүзу ісімен шұғылданды. Құл иеленушілерден басқа жай
халықтың (демостың) өз балаларын мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі
болмады. Олар балаларын қол өнерге үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен
ғана қанағаттанды. Ал құлдар тек (сөйлейтін құрал) ретінде
бағаланды.Ертедегі грек ғалымдары мен философтары Платон және Аристотель
өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құнды пікір қалдырды.
Олардың бұл пікірлері педагогика ғылымының дамуына себеп болды. Көрінекті
грек философы Плотон (біздің заманымызға дейінгі 427-347 жылдары өмір
сүрген) тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Өзінің
педагогикалық ол Спарта және Афины тәрбиесін ұштасттыруға тырысты. Платон
мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3-тен 6 жасқа дейінгі
балалар тәрбиешілердің басқаруымен уақытын ойын алаңдарында өткізуі тиіс
деп санады. Мектепке дейінгі тәрбиеде Платон ролін өте жоғары бағалады.
Сонымен бірге балаларға айтылатын әңгімені мазмұн жағынынан іріктеп алуды
талап етті. Платон қыз балалардың дене тәрбиесіне ерекше мән берді, жақсы
үлгі арқылы тәрбиелеуді жақтады .Мемлекет тарапынан тәрбие берудің жүйесін
ұсынды. Афины аристократиясының өкілі Платон құлдардың балаларына білім
беруге қарсы болды, жалпы дене еңбегі құлдардың төл ісі, сондықтан болашақ
философтар мен әскерлер дене еңбегі туралы мүлде ойлауы керек деп есептеді.
Атақты грек философы және ғалымы Аристотель (б.з.д384-322) мемлекеттің
түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді
мемлекеттік іс деп санады Ол қоғамдық тәрбиемен семьядағы тәрбиенің өзара
байланысты болуын жақтады. Адамнын туғаннан даму мүмкіндігі болады. Ал ол
даму тәрбиенің нәтижесінде жүзеге асырылады. Аристотель барлық адамдарға
тәрбие беру мемлекеттің мақсаты дегенде құлдарды ескермеді, оларды
сөйлейтін құралдар деп санады. Аристотель ең алғаш рет баланың дамуын
белгілі кезеңдерге бөлді (жеті жасқа дейін жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен
21 жасқа дейін) Жеті жасқа дейінгі дәуірде бала үйде тәрбие алады.
Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде Аристотель кейбір
құнды материал ұсынды . Жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене
қозғалысының қажеттілігі, дене шынықтыру баланың тәрбие алатын
ортасы ескере көрсетілді. Жеті жастан бастап ер балалардың
мемлекеттік мектепке баруы онда алдымен дене тәрбиесіне көңіл
бөлуі талап етілді. Дене тәрбиесінде жаттығулардың жеңіл, балалардың
күшіне тимейтіндей болғаны дұрыс деп санады.

Аристотель тәрбиенің әр түрлі салаларының (дене, ақыл-ой және моральдық
тәрбиенің) байланысты болуын жақтады. Дене тәрбиесімен қатар оқуға, жазуға,
сурет салуға, музыкаға үйреткен дұрыс. Мектепте бала елеулі білім алуы
керек: әдебиетті, грамматиканы, тарихты, философияны, математиканы,
астрономияны, музыканы оқуы керек деп есептеді. Мұндай дәрежеде әйелдерге
де білім беру қажет деп санамады. Моральдық тәрбие беруде Аристотель
моральдық дағдылар мен мінез-құлыққа жаттықтыруға үлкен мән берді.
Моральдық тәрбиенің үш көзі- табиғи нышандар, моральдық дағдыларды және
сананы дамыту керектігін айтты. Моральдық тәрбие беруде семьяның ролін ол
өте жоғары бағалады. Тәрбие жөндегі Аристотельдің пікірлері кейінгі
дәуірлерде педагогикалық ой пікірлердің дамуына үлкен әсер етті. Ежелгі Рим
мемлекетінде құл иеленудің дамуы халықтың үстем тапқа және қаналушы тапқа
бөлуіне әкеп соқты. Осыған сайкес мектептер, элементарлық және одан
жоғарырақ грамматикалық болып екіге бөлінді. Элементарлық мектептерде
құлдардан басқа еркін халықтың (плебейлердің) балаларда оқитын болды. Бұл
мектептерде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Үстем таптың өкілдері
балаларына алғашқы білім беруді ұйде ұйымдастырып, бірден грамматикалық
мектептерге берді. Бұл мектептер жеке адамдар ұйымдастырған, оқу ақысын
төлеуді керек ететін мектептер болды. Грамматикалық мектептерде латын
тілінің грамматикасы, грек тілі, риторика (әдебиет және тарих мәліменттерін
бере отырып, шешендікке баулу) оқытылды. Кейінірек риторика мектептері
пайда болды. Бұл мектептерде өте жоғары оқу ақысына риторика, философия,
заң, грек тілі, математика және музыка сабақтары оқытылатын болды. Осы
мектепті бітірушілер жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға қажетті
дайындық алды. Ежелгі Рим педагогтарының ең көрнектісі Марк Фабий
Квинтилиан болды ( біздің заманымыздың 42-118-жылдры өмір сүрген.) Ол
–Шешендікке тәрбиелеу туралы деген еңбектің авторы. Квинтилиан өз
дәуіріндегі грек, рим ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы ғылым ретінде
Педагогика тарихының негізгі ұғымдары
Советтік педагогиканың қалыптасуы
Шетелдік педагогикадағы тәрбие
Қанипа Бітібаева - жаңашыл ұстаз
Білімнің мазмұны және оның ғылыми негіздері туралы
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс
Ертедегі грек тарихшылары
Кәсіби технологияны таңдауы
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
Пәндер