Хазар қағандығы


Жоспар
1 Территория
2 Ескерткiштер
3 Тарихы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Хазар қағандығы
Хазар қағандығы (650-969) - хазарлар құраған, орта ғасырлық мемлекет.
Батыс-түрік қағандығынан бөлініп шыққан. Солтүстік Кавказ, Ортанғы және төменгі Жайық ағысын, қазіргі Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігін, Азов маңын, Қырымның шығыс бөлігін, және Шығыс Еуропаның Днепрге дейінгі даласы мен орманды-даласын мекендеді.
Ескерткiштер
Хаза́р
Көптеген жазба деректер, тарихи зерттеулер Хаза́р қағандығы-ның Беленжер, Семендер, Варачен (Сарашен), Итиль, Саркел, т. б. ірі қалалары бар, халықар. сауда, көпсалалы шаруашылық гүлденген іргелі мемлекет болғанын көрсетеді. Мемлекеттің ұйтқысы болған этн. топтың қалыптасуын “ко-са” тайпасымен байланыстырады. Тарихи зеттеулер бойынша түркілердің осы тайпасы Солт. Кавказдың шығыс жағын мекендеп, түркі тілдес “савирларды” (Сібірден шыққан, түркілермен ассимиляцияға ұшыраған, арғы түбі угор-финдік тайпалар) және ирандық, кавказдық шағын топтарды өзіне қосып алған. Бірнеше этн. топтың бірігіп, түркілік ассимиляцияға түсуі нәтижесінде пайда болған хазарлардың осы ерекшеліктері сол кездің жазба деректерінен көрініс тапты. Мысалы, әл-Истахри, ибн-Хаукал хазарлардың екі топқа (“синфқа”) бөлінетінін жазады. Олар мұның бірін өңі қаралығына байланысты “қара хазар” деп атаса, екіншісін өңі аққұба, өзгеше адамдар ретінде атайды.
Хаза́р қағандығы Қазақстаннан Қара теңізге дейінгі жерлерді иеленген Батыс Түрік қағандығы ыдыраған соң, Солт. Кавказдың шығысында 7 ғ-дың ортасына қарай жеке саяси құрылым ретінде бой көтерді. Мұсылман жылнамалары Дағыстан өлкесіндегі хазар билеушісін 6 ғ-дың 90-жылдардан бастап “малик”, яғни патша деп атады, ал 7 ғ-да хазар әміршісі Батыс Түрік қағандығына тек шартты түрде ғана бағынып, іс жүзінде дербес саясат ұстанды. Хазарлар көп ұзамай Батыс Түрік қағандығының қиыр батыстағы бүкіл иеліктерін өзіне қаратты. 8 ғ-дың ортасынан бастап, мемлекеттің негізгі иеліктері Солт. Кавказдан Еділ, Дон өлкелеріне ауысты. Дамудың неғұрлым гүлденген тұсына тап келген осы кезеңде мемлекеттің аумағы анағұрлым кеңейді. Қағандық құрамына Шығыс Қырым, Азов өлкелері енді, Еділ болғарлары, буртастар, солт-тегі шығыс славян тайпалары: полян, северян, радимич, вятичтер бағынды, қаған билігі батыста Дунайға дейін жетті. 9 ғ-дың басында хазар иеліктері солт-те Десна, Сейм, Сула, Сож өзендері алқаптарын қамтыды. Құрамына хазарлардан басқа алан, болғар, славян, т. б. тайпалар енген көп ұлтты мемлекетте дінге деген кеңшілік айрықша орын алды. Тәңіршілдік, ислам, христиан дінін ұстанған топтар бірге өмір сүрді.
Сонымен қа-тар иудей дінін ұстанған еврей қауымдары кеңінен тарап, уақыт өте келе көбейе түсті. Елді қаған басқарып, оның айналасындағы ықпалды бектердің беделі жоғары болды, бұдан төмен әскери тархандар тобы тұрды. Бағынышты елдер мен аймақтарды қаған тағайындайтын тудундар басқарды. Ондай елдерден түрлі алым-салық түсіп отырды. Мысалы, Еділ болғарлары түтін басы 1 бағалы аң терісін төлесе, славяндар “әрбір соқадан” 1 күміс ақша - “щеляга” берді. Жақсы қаруланған хазар әскері Шығыс Еуропадағы шешуші күш ретінде танылды. Ғалымдар хазарлар 100 мыңнан асатын әскер шығара алған деп санайды. Қарулы жасақтың саны көп болғанымен, онда тұрақты жалақы алатын ауыр атты гвардия аса маңызды рөл атқарды. Олардың саны 7 - 12 мың аралығында болды. Бекіністі қалаларға шабуыл жасалғанда тас ататын машиналар қолданылды. Хаза́р қағандығының тарихы сыртқы жаулардың шапқыншылығына қарсы ұйымдастырылған немесе оларға жорық ретінде жүргізілген толассыз соғыстардың жылнамасы іспеттес. Зерттеушілер қа-ғандықтың ұзақ уақыт бойы өзінен әлденеше есе күші басым жауларға төтеп беріп отырғанының себебі кәсіби әскер деңгейіндегі қарулы күштердің болуы деп санайды.
ХАЗАР ЕСКЕРТКІШТЕРІ
-Хазарқағандығының құрамына енген тайпалардың археологиялық ескерткіштері (7 - 10 ғ-лар) . Негізінен Дағыстан өлкесінде, Төм. Еділ, Дон өзендері алқаптарында, Азов т. маңында кеңінен тараған (қ. Салтов-маяцк мәдениеті) . Үлкен аумаққа тарағандықтан Х. е. бірнеше жергілікті нұсқаларға бөлініп қарастырылған. Алғашқы қазба жұмыстарын Салтов қорымында1900ж. орта мектеп мұғалімі В. А. Бабенкобастады. Арнайы білімі мен дайындығы жоқ бұл адамның өз бетімен, ешқандай әдістемесіз жүргізген қазбалары іс жүзінде жерлеу ғұрпына байланысты көптеген маңызды деректердің ғылым аясынан тыс қалуына әкеп соқтырды. Мұнан соң, зерттеу жұмыстарын В. А. Городцов, А. И. Милютин, Н. Е. Макаренкоқолға алып, Қазантөңкерісінен кейінгі негізгі ізденістерге М. И. Артамонов, И. И. Ляпушкин, П. А. Раппопорт, Н. Я. Мерперт, С. А. Плетнева, М. Г. Магомедов70 м. Қара т-дегі қалалар арасынан хазар мәдени қабаты Фанагория, Таман қалашықтарында анықталды. Антик. дәуірінде өркендеген көне Гермонесса қонысының жұртында бой көтерген Таман қалашығының мәдени қабатының жалпы қалыңд. 12 м-ден асады. Б. з. б. 4 ғ-дан бастап 18 ғ-ға дейін өмір сүрген бұл қаланың хазар кезеңіне жататын мәдени қабаты 2 м тереңдікте аршылған. Зерттеулер ортағасырлық орыс жылнамаларында Тмутаракань деп аталатын қаланың дәл осы ескерткіш екенін көрсетті. Плетнева бұл қаланың хазарлар арасындағы өз атауы Таматарха болуы мүмкін деген пікір ұсынды. Қоныс, қалаларда жүргізілген археол. қазбалар барысында хазарлар үй-жайларының бірнеше түрі болғандығы анықталды (киіз үй тәріздес дөңгелекше баспаналар, жеркепелер, жер үстіндегі тас қабырғалы үйлер) . Салтов, Дмитриев, Зливкин, Маяцк, Ютанов, Төм. Лубянск, Багаев, Крым сияқты көптеп зерттелген зираттардан алынған мәліметтер бойынша жерлеу орындары бірнеше түрге жіктеледі. Катакомбалы қабірлер, обасыз шұңқыр қабірлер, оба астындағы лақатты немесе лақатсыз шұңқыр қабірлер кең тараған. Мүрдені өртеп жерлеу үрдісі де кездеседі. Х. е-нен алынған заттай деректер санының молдығы, әр түрлілігі, ақпараттылығы жағынан аса бағалы ғыл. олжа болып табылады. Түрлі құралдар, қару-жарақ, тұрмыстық бұйымдар, алтын, күміс, қола, шыны әшекейлер хазар қоғамының пәрменді экономикасын, өнерін сипаттауға мүмкіндік берді. Мұның арасында, темірден соғылған соқа тістері мен орақ, кетпендердің, тас диірмендердің көп табылуы, сондай-ақ қазбалардан бидай, тары, арпа дәндерінің, жүзім сүйекшелерінің, бақша дақылдары тұқымдарының жиі кездесуі егіншіліктің биік деңгейін айғақтайды. Айрықша топты біз, кескіш, қайшы, тескіш, шапқы, балға, төс сияқты қолөнер құралдары құрайды. Қарудан қылыштар, қанжарлар, ауыр садақтың бөлшектері, садақ пен найза жебелері, айбалталар көптеп табылған. Хазар жауынгерінің тұрақты әлеум. белгісі - қола, күміс (кейде алтын жалатылады) қапсырмалы белдіктер арнаулы орынға ие. Ат әбзелдеріне жататын ауыздықтар мен үзеңгілер, айылбастар мен түрлі әшекейлі бұйымдар белгілі. Қыш ыдыстың түрлері көп, металл, ағаш ыдыстар да бар. Кейбір бұйымдарда, тастарда кездескен жазу үлгілері хазар қоғамында түркі халықтарында кеңінен тараған руна жазуы пайдаланылғанын дәлелдеп берді. Саркелді, т. б. қалаларда, кейбір қабірлерде табылған теңгелер арасында араб дирхемдері, византиялық мәнеттермен қатар, хазарлар өздері соғып-пайдаланған мәнеттердің де болуы маңызды жаңалық болды. Ғалымдардың пікірінше, ескерткіштердің таралуында бірнеше мәдени нұсқалардың болуы хазар одағына бірнеше этн. топтардың, яғни тайпалардың кіруімен байланысты. Мыс., кеңес ғалымдарының зерттеулерінде катакомбалы қабірлер алан тайпаларымен сәйкестендірілсе, обасыз қабірлер болғарларға, ал оба астындағы жерлеулер хазарларға жатқызылды. ×200 м, қабырғалары шикі кірпіштен қаланған. Ортасына таман орналасқан цитадельдің аум. 70×120 м, қалыңд. 4 м. Қала іші үш бөлікке бөлініп, мұның екеуінде тұрғын үй-жайлар, шаруашылық құрылыстары орналасса, үшіншісінде мініс аттары қа-малатын болған. Донға құятын Сал өз. жағасындағы Семикаракор қалашығы формасы жағынан шаршы пішіндес, аум. 200×80 м, ал оның айналасын көлемді қоныс алып жатыр. Төм. Дондағы Оңжағалаулық Цимлян қалашығының пішіні үшбұрышты келген, шеттерінде және ортасында мұнаралары бар қабырғаларының ұз. 100×, т. б. ғалымдар елеулі үлес қосты. Жалпы саны 200-ден асатын, көп зерттелген Х. е. бірнеше түрге бөлінеді. Көлемі тым шағын уақытша тұрақтары, жалдармен күшейтілген қоныстары, тас қабырғалы бекіністі қоныстары, қорғанды қалалары, сондай-ақ антик. дәуір қоныстарының жұрттарында бой көтерген Қара т. бойындағы қалалар көп. Тарихи деректерде аты аталатын бұл қорғанды қалалар арасынан Саркел зерттелген. Сонымен қатар басқа да көптеген қалалары тікелей археол. ізденістер нәтижесінде белгілі болды. Хазар мемлекетінің алғашқы қалыптасу кезеңі ерекшеліктерін анықтауда Дағыстаннан табылған ескерткіштер аса маңызды. Мұнда Сулак өз. алқабындағы Чир-Юрт а. маңында ауд. 16 мың м2 аса ірі қала табылған. Ғалымдар хазарлардың алғашқы астанасы тарихи Беленжер осы қала болуы мүмкін деп есептейді. Бұған қоса Махачкала маңында, Терек өз. бойында (Ақташ, Азар, Некрасов), Солт. Кавказдың басқа да таулы және жазықты өлкелерінде көптеген қала орындары ашылған. Тихая Сосна өз-нің Донға құяр жерінде орналасқан Маяцк бекінісі тас қабырғаларының қалыңд. 7 м-ге барады, бекіністің аум. 80
Тарихы
Тарихының алғашқы кезеңін маңайлас Кавказ елдерімен соғыспен бастаған хазарлар 626 ж. Кавказ Албаниясын бағындырды. Византиямен бірігіп, Тбилисиді басып алды. Арменияға жасалған 684 жылғы шабуыл өте жойқын болып, Григорий патша өлтірілді. Араб жаулап алу жорықтарының қақ жолында орналасқан хазарлар олармен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. 654 ж. Дағыстанжеріндегі үлкен орталық Беленжерге бағытталған араб шабуылы тоқтатылды. 8 ғ-дағы араб-хазар соғыстары ауыспалы жеңіспен жүрді. 730/731 ж. болған ең ауыр шайқаста хазарлар Ардебиль қ-н шауып, арабтың 25 мыңдық қолын талқандады. Хазар әскері Мосулға дейін жетті. 737 ж. қолбасшы Марван 120 мыңдық араб әскерімен келіп, ел астанасы Семендерді басып алды. Бұл қағандықтың басты орт-тарының Еділ мен Дон алқаптарына қарай жылжуына, ал Дағыстан жерінің бұдан былай мемлекеттің оңт-тегі қиыр аймағына айналуына әсер етті. Хазарларға үнемі арабтар ислам дінінің, ал византиялықтар христиандықтың түпкілікті енуіне ықпал жасауға тырысты. Араб-хазар қатынастарының ымырасыздығы исламның хазарларға түбегейлі тарамауына әсерін тигізді.
9 ғ-дың басында Обадия қағанның өз әулетімен иудей дінін қабылдап, оны жалпы мемлекеттік дін ретінде күштеп жариялауы ел ішіндегі наразылықты күшейтті. Өлкелер қаған билігіне қарсы шықты. Бұған дінбасылардың әуелі христиандықты, іле-шала исламды қуғындауы әсер етті. 9 ғ-дың ортасына қарай ішкі-сыртқы қайшылықтардың әсерінен мемлекеттің аумағы кішірейді. Шығыстан печенег және оғыз тайпаларының шабуылы күшейді. Византия түркі көшпелілерінің басын қосу арқылы қағандыққа қарсы коалиция ұйымдастырды. Көптеген славян тайпаларының өзіне емес, хазарларға бағынышты болып, алым-салықты соларға төлеп тұрғанына наразы Киев князіСвятославта осы кезде қағандыққа қарсы көтерілді. Печенегтердің үзіліссіз шабуылынан қатты әлсіреген, ішінен де бүлініп, ыдырау алдында тұрған қағандықтың ірі орт. Саркелді Святослав 965 ж. басып алып, қала мұнан кейін орыс жылнамаларында Белая Вежа аталды. Мемлекетдербестігінен айрылды. Исламдінін қабылдап, Хорезмнен көмек сұрауға бағытталған әрекет нәтиже бермеді. Бірте-бірте шығыстан келген құман (половец) тайпалары хазар жерін толығынан иемденді. 11 ғ-дың 2-жартысында деректерде соңғы рет аты аталған хазарлар жекелеген топтар болып құ-мандарға, славяндарға, т. б. сіңіп кетті.
Зерттеушілер Х. қ-н Ғұн мемлекетінің мұрагері деп санайды. Бірақ ғұндар мен хазарлардың байланысы дәйекті түрде зерттелмеген. Көптеген ғалымдар Х. қ. ШығысЕуропахалықтары үшін көп жағдайда “қалқан” қызметін атқарды деп бағалайды. Мұндай пайымдаулар бойынша хазарлар араб халифатының Дербент арқылы Шығыс Еуропаға бағытталған экспансиясын тоқтатқан және шығыстан ағылған түркі көшпелілерін ұзақ уақыт тежеп тұруы арқылы шығыс славян тайпаларының үлкен аумақтарды иемденіп, іргесін көтеріп алуына жағдай жасаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz