Тұлғаның жеке-дара өзгешеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

1. 1. Тұлға туралы түсінік . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім. Тұлғаның жеке-дара өзгешеліктері

2. 1. Темперамент туралы жалпы ұғым . . . 4

2. 2. Мінездің адам өміріндегі маңызы . . . 9

2. 3. Қабілет . . . 19

Қорытынды. . . . 23

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 25

Кіріспе.

Тұлға туралы түсінік.

Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда, «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

«Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.

Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым - «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы -«жекелік». Индивид - адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам -индивид.

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымға мынадай анықтама береді:

Тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.

Тұлғаның дамуы.

Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, А. ЯКоменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, Л. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дью, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, Б. Б. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т. б. ) .

Тұлғаның дамуы дегеніміз оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.

Тұлғаның дамуы дегеніміз - адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі.

Сонымен адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыты - биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады

2. 1. Тұлғаның жеке-дара өзгешеліктері.

Темперамент, мінез, қабілет.

Қазіргі кезде темпераменттің сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик деп аталатын типтері туралы пси-хологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігері ғалым Гален (129-199) тем-пераменттің саньш көбсйтіп, он үшке жеткізді. Ол темперамент түрлерін Гиппократтан өзгеше, яғни оның фи-зиологпялық ерекніеліктеріне коса, психологиялык, тіп-тен адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапа-лармен байланысты деп түсіндірді.

Ал медицина ғылымының ерте замандағы өкілдері темперамент жайындағы ілімді ықшамдап, оның бұрын-ғы төрт типін сол күйінде қалдырды. XVIII ғасырда атақты неміс фнлософы И. Кант (1724-1804) 1798 жы-лы жарық көрген «Антропология» деген еңбегінде тем- пераменттің, төрт түріне сипаттама беріп, оларды тек психологиялық қасиеттер деп анықтады. Темперамент туралы ілім жаңа дәуірге дейін, негізінен, психологиялық қасиет деп саналып келді. Осы көзқарасқа сәйкес енді темперамент типтері жайындағы түсініктердің мазмұн-мәнісі де өзгере бастады. Темперамент түрлерін тек физиологиялық қана емес, психологиялық ерекшеліктері тұрғысынан қарастыруға баса мән берілетін болды. Бұл мәселеге келгенде И. Кант-сезім күйінің әрқилы болуы-мен бірге адам өз іс-әрекетінің белсенділік деңгейі ара-сындағы қатынастарға тәуелді болып отырады деген пі-кір айтты. Ал XIX ғасырдың соңында әйгілі неміс психологі В. Вундт темпераменттер адамның «жан дүние тебі-реністерінің» күш-қуаты мен жылдамдығының арақаты-настарына тәуелді болады деп есептеді.

Мұндай пікірлер темперамент типтеріне түрліше си-паттама беріп, олардың түрлерін әркім өзінше анықтау-ға тырысты. Мәселен, Гален темпераменттің төрт түрі-нің басқа да бірнеше түрі болады десе, өзге зерттеуші-лер алты, тіпті сегіз типі болады деген пікірлер айтты

И. Канттан басқа ла бірсыпыра оқымыстылар темпера-мент ерекшеліктерін адамның жеке басына тән мінез-кұлық сипаттарынан бөліп қарастыра бастады. Алайда, темперамент пен адамның даралық сипаттарын білдіре-тін психологиялық өзгешеліктерді анықтап көрсетудің нақтылы тіректері мен өлшемі ұзақ жылдар бойы ай-қындала қоймады.

Темперамент туралы ілімнің тарихын сөз еткенде, оның типтерін түсіндіру барысында екі түрлі бағыттың тартысы болғандығын ескерген жөн. Оның бірі - неміс психологі Кречмер мен американ психологі ІІІелдонның темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санауы, ал екінші бағыт - И. П. Павловтың жүйке жүйесі типтерінің қызметі жайындағы ілімі. Бұл ілім темперамент типтері жайындағы түсінікті ғылыми тұрғыдан дәйектеп, сара жолға салды.

Темперамент жайындағы бұл зерттеулерден басқа неміс анатомы Гейне мен көрнекті орыс педагогі П. Ф. Лесгафттың (1837 -1909) көзқарастарын да атап өткен жөн. Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыстың антропо-лог ғалымы Зеланд мұндай әр түрлілік ми қабықшасын-дағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен бір-көлкілігіне байланысты дейді. Ал П. Ф. Лесгафт темпераменттер қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деген тұжырым айтады.

Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын сәулелендіреді және жүктелген іске, адамдарға қарым - қатынасынан көрініп отырады.

Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ер жүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез құлық адамына (жеке адамның ерік сапалары) қатысты аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моралдық-еріктік қасиеттері жатады.

Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады.

Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса (от басынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез қалыптасады. «Егер осы индивид өмір сүріп тұрған жағдайлар, - деп жазды К. Маркс пен Ф. Энгельс, - оның барша басқа қасиеттерінен тек біреуінің сыңар дамуына мүмкіндік беретін болса, егер жағдайлар тек жеке қасиеттің дамуына уақыт пен материал беретін болса, онда осы индивид сыңар, кемтар дамитын болады». Керсінше, адам айналасынан жан-жақты әсер алатын болса, қоғамдық міндеттерді шешуге белсенді араласса, ол жарқын өмір сүреді, оның өмірінің басқа жақтары сияқты ойлауы да жан-жақты жетілген болады.

Бала мінезінің қалыптасуына семья мен мектеп өмірінің моральдық-психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді. Буржуазиялық қоғамда адам жөргегінен бизнесменнің, не итаршы малайдың, не жұмысшы мен ұсақ қызметкердің, фермердің психологиясын бойына сіңіре өседі. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған социалистік қоғамда совет адамдарының бойында коллектившілдік, сергектік, ілтипаттылық, мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қастеттер қалыптасып отырады.

2. 1. Темперамент туралы жалпы ұғым

Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттері мен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады ), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б. ) эмоция сезімдерінен де ( біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б. ) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде - ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356 ) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - шырын (слизь ), құрғататын - бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ ) . Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық, заттың бір-бірінен аз - көптінгіне байланысты деп түсіеген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық ( латынша «сангиус» - қан ), ал шырын басым болса ( грекше «флегма» - шырын ), флегматик темперамент деп; ол организмде қара өт басым болса меланхолик ( грекше (мелай - нахоле» - қара өт ), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше «холе» - өт ) темпераменті деп аталған.

Гиппократ организмдегі сұйық заттардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де болады деді, ол мидың рөлін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл - адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Рим дәрігері Гален темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылулық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатындығын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжәрибеге көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс піеірге берілген үлкен соққы еді.

Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологик ерекшеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант ( 1724-1804 ) өзінің « Антропология» деген еңбегінде темрпераметтің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарының бір -біріне балама ретінде қарастырады.

Темперамент туралы теориялар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темперамент-тердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тону сына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.

Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің ( күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы ) жиынтығынан құрастырылады.

Жүйке процестерінің күшіне - ми қабығының жұмыс істеу қабілеттігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Жүйке жүйесінің тепе -теңдігі деп қозу мен тежелудің бір - біріне тең келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттігін айтады.

Сөйтіп, И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі - ұстамсыз тип - жұмыс ісиеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын ) ерекшке қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі - ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі - қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип.

Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип мөрт «сынып» кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді - ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холерикті - ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегмотиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе, мелонхоликтерді - жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттайды.

И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозу мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын ), сонымен қатар қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: «Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидуумның барлық әрекетіне белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы».

Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б. М. Тепловтың (1896-1965) лабараториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Егер, И. П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б. М. Теплов пен оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекшк маңыз алатын, бірден- бір ғылыми теория екендігі тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі В. Д. Небылицин (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетінін анықтап берді.

Темпераменттер-дің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша)
Жүйке жүйесі- нің типтері (Павлов терми- нологиясы бойынша)
Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері
күші
тепе -теңдігі
қозғал- ғыштығы
Темпераменттер-дің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша): Холерик
Жүйке жүйесі- нің типтері (Павлов терми- нологиясы бойынша): Ұстамсыз типі
Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері: Күшті
Тең емес
Темпераменттер-дің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша): Сангвиник
Жүйке жүйесі- нің типтері (Павлов терми- нологиясы бойынша): Ширақ тип
Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері: Күшті

(Қозуы теже-ліуінен басым)

Тепе - тең

Қозғал-ғыш
Темпераменттер-дің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша): Флегматик
Жүйке жүйесі- нің типтері (Павлов терми- нологиясы бойынша): Баяу тип
Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері: Күшті
Тепе - тең
Баяу қоз-ғалады
Темпераменттер-дің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша): Меланхолик
Жүйке жүйесі- нің типтері (Павлов терми- нологиясы бойынша): Әлсіз тип
Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері: Әлсіз

2. 2. Мінездің адам өміріндегі маңызы.

Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын сәулелендіреді және жүктелген іске, адамдарға қарым - қатынасынан көрініп отырады.

Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ер жүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез құлық адамына (жеке адамның ерік сапалары) қатысты аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моралдық-еріктік қасиеттері жатады.

Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады.

Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса (от басынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез қалыптасады. «Егер осы индивид өмір сүріп тұрған жағдайлар, - деп жазды К. Маркс пен Ф. Энгельс, - оның барша басқа қасиеттерінен тек біреуінің сыңар дамуына мүмкіндік беретін болса, егер жағдайлар тек жеке қасиеттің дамуына уақыт пен материал беретін болса, онда осы индивид сыңар, кемтар дамитын болады». Керсінше, адам айналасынан жан-жақты әсер алатын болса, қоғамдық міндеттерді шешуге белсенді араласса, ол жарқын өмір сүреді, оның өмірінің басқа жақтары сияқты ойлауы да жан-жақты жетілген болады.

Бала мінезінің қалыптасуына семья мен мектеп өмірінің моральдық-психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді. Буржуазиялық қоғамда адам жөргегінен бизнесменнің, не итаршы малайдың, не жұмысшы мен ұсақ қызметкердің, фермердің психологиясын бойына сіңіре өседі. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған социалистік қоғамда совет адамдарының бойында коллектившілдік, сергектік, ілтипаттылық, мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қастеттер қалыптасып отырады.

Олай болса, нақты адамның мінезіне талдау жасағанда ол өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайды еске алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытын да ескеріп отырған дұрыс, өйткенні бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі.

Мінез - жеке адамның өзіне тән қылық - әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.

Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға проблемасы
Этнопсихологияда жеке тұлғаның эмоционалды-танымдық сферасы тіл және мәдениет
Этнопсихологияда жеке тұлғаның эмоционалды-танымдық сферасы
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Темперамент түрлері және олардың ерекшеліктері
Қазақстанда психологияның даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым
Мінез ұғымын оқып үйрену, ұғымдарға түсініктеме беру, баланың мінезінің дамуында маңыздылығын көрсету
Психиканың даму және қалыптасу заңдылығы
Тұлға және даралық
Тұлғаның қоғамдағы алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz