Еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың түсінігі



Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың түсінігі
2. Еңбек қорғау пәннің мазмұны
3. Еңбекті қорғау саласының мақсаты мен міндеті
4. Еңбекті қорғау саласының қағидалары және субъектілері
5.Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесіне көп көңіл бөлінген. Барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт екені айтылған. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында да біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз. Қазақстан оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру.
Еңбекті қорғау дегеніміз – бұл құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдік-профилактикалық, сауықтыру және басқа да шаралар мен құралдарды қосқандағы еңбек қызметі процесіндегі жұмысшының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
«Еңбекті қорғау» пәні Еңбек құқығы пәнінің құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Осы пәнді жақсы игеру үшін мына курстарды білу керек - мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, халықаралық құқық, халықаралық жеке құқық, ҚР азаматтық құқығы, ҚР еңбек құқығы ҚР азаматтық-іс жүргізу құқығы т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. В.И Скала.-Алматы: LEM 2002 Охрана труда и техники безопасности в практической деятельности субьектов РК
2. Абузярова Н.А. Обеспечение законности в трудовых отношениях. Алматы. Жеті жарғы.1997.
3. Абузярова Н.А.Комментарий к закону «О труде в Республике Казахстан»-Алматы.:Жеті жарғы, 2001.
4. Абузярова Н.А. Трудовое право:Учебник.-Алматы:ЮРИСТ, 2002.-264с.
5. Айымханова Н.М. Қазақстан Републикасының еңбек құқығы:Оқу құралы-Алматы:Жеті жарғы, 2002.-240б.
6. Нурбаев Д А Трудовое право Республики Казахстан-Бастау Алматы,2004

Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 30.08.
2. Қазақстан Республикасының 15.05.2007 жылғы N251 Еңбек кодексі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың түсінігі
2. Еңбек қорғау пәннің мазмұны
3. Еңбекті қорғау саласының мақсаты мен міндеті
4. Еңбекті қорғау саласының қағидалары және субъектілері
5.Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесіне көп көңіл бөлінген. Барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт екені айтылған. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында да біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз. Қазақстан оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру.
Еңбекті қорғау дегеніміз – бұл құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдік-профилактикалық, сауықтыру және басқа да шаралар мен құралдарды қосқандағы еңбек қызметі процесіндегі жұмысшының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Еңбекті қорғау пәні Еңбек құқығы пәнінің құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Осы пәнді жақсы игеру үшін мына курстарды білу керек - мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, халықаралық құқық, халықаралық жеке құқық, ҚР азаматтық құқығы, ҚР еңбек құқығы ҚР азаматтық-іс жүргізу құқығы т.б.

1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың түсінігі

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Еңбекті қорғау пәні – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау 1) құқықтық, 2) медициналық, 3) экономикалық 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.
1) Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.
2) Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
3) Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.
4) Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.
Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады:
еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан;
ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан;
әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан;
өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен;
қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.
Қазіргі таңда Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, оның орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалынуда. 2007 жылы Қазақстан Республикасында тұңғыш рет Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді. Бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң жобасы жасалынды. Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі көптеген онжылдықтар бойы қалыптасты. Егер осы жылдар ішінде ие болған бағалы тәжірибе жөнінде айтар болсақ, онда бұған қызметкерлерді оқытуды, жауапкершіліктің көп сатылы жүйесін, қорғану құралдарын пайдалануды, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді жатқызуға болады, сонымен қатар, еңбекті қорғау қызметін ретке салатын жаңа нормативтік актілер қабылданды. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.
Қазіргі уақытта республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нормаларын сақтау үлкен мәнге ие болып отыр, себебі оған қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, олардың денсаулығы мен өмірлерінің сақталуы тікелей байланысты.
Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғаудың түсінігі. Дәріс
Еңбек қорғаудың түсінігі
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Еңбекті қорғау түсінігі
Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Еңбекті қорғау пәнінен семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқау
Еңбекті қорғаудың түсінігі
Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Еңбек қорғау пәнінен дәрістер
Пәндер