Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі



Жоспар

Кіріспе

1. Азаматтың әкімшілік.құқықтық мәртебесі
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік.құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе

Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің бірнеше ерекшеліктері бар.
Біріншіден, оның күрделі кешенді сипаты бар және онда адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін конституциялық, азаматтық, қаржы және басқа құқық салаларының нормалары көрініс табады.
Екіншіден, нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек құқықтар ғана (мысалы, азаматтың қандай да болмасын бір инстанцияларға ұсыныс, арыз және шағым беру туралы өтініш жасау құқығы), не тек міндеттер ғана (мысалы, жол жүру ережелерін сақтау), не құқықтар мен міндеттер болады (мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған кезде азаматтың іс бойынша қабылданған қаулыға шағым беруге құқығы бар және оған салынған айыппұлды белгіленген мерзімде төлеу міндетін атқарады).
Үшіншіден, азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің мазмұны бір жағдайларда қандай да болмасын бір адамның қалауына байланысты болады (мысалы, азамат аң аулау мылтығын алу үшін ішкі істер органдарына рұқсат алуға өтініш жасайды), ал озге жағдайларда ол оның қалауына қарамастан қалыптасады (мысалы, ұсақ бұзақылық жасаған азамат әкімшілік ұстауға тартылады да полицияға жеткізіледі).
Төртіншіден, азаматтың әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін жалпы болып табылатын құқықтар мен міндеттерді (мысалы, өрт қауіпсіздігі ережерелін сақтау міндеті), азаматтардың тек қандай да болмасын бір санатына ғана тиісті болатын құқықтар мен міндеттерді (мысалы, автомобиль көлігін жүргізушілерге, кәсіпкерлерге, аңшыларға), сондай-ақ нақты жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды (мысалы, босқындар немесе амалсыздан қоныс аударғандар болып табылатын адамдар).
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі күрделі заңдық құрылым болып табылады. Ол әр түрлі төрт маңызды құрамдық элементтерден тұрады.
Бірінші, құқықтар мен міндеттердің аса маңызды бөлігі тұлғаның, адамның әкімшілік құқықтың субъектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі болып саналады. Қазақстан мемлекетінде тұлғаның, адамның жағдайын құқықтық реттеу негізгі, басым орын алуєа тиіс, ойткені құқық пен мемлекет, оның органдары мен лауазымды адамдары қоғамға, әрбір тұлғаға, әрбір адамға қызмет етеді деген идеяны білдіреді. Дәл осы пікір Конституцияның 1-б-да бекітілген ҚР-ның «ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» дегеннен көрініс тапқан.
Конституцияның 1-ші және басқа баптарында тұжырымдадған тұлға мен мемлекеттің қарым-қатынастарының сипаты дүние жүзінің көптеген мемлекеттері үшін жалпы танылған болып табылады, ол Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропалық ұйымдардың қабылдаған аса маңызды актілерінде бекітілген.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Баянов Е “Әкішілік құқық” 1991жылы
2. Жоғ.Кеңес Жаршысы, 1991жылы
3. Егеменді Қазақстан, 2005 жылы
4. ҚР-ның азаматтық іс жүргізу кодексі.А.1999 жылы
5. Егеменді Қазақстан, 2003 жылы
6. ПҮАЖ, 2000 жылы
7. Жоғ.Кеңес Жаршысы, 1995 жылы
8. Парламент Жаршысы, 1999 жылы
9. Егеменді Қазақстан, 2004 жылы
10. Халық кеңесі, 1995 жылы
11. Егеменді Қазақстан, 2007 жылы
12. Баянов Е “ Азаматтық құқық туралы” 1991жылы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық
мәртебесінің ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің бірнеше ерекшеліктері бар.
Біріншіден, оның күрделі кешенді сипаты бар және онда адам мен қоғамның,
азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін
конституциялық, азаматтық, қаржы және басқа құқық салаларының нормалары
көрініс табады.
Екіншіден, нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек құқықтар ғана
(мысалы, азаматтың қандай да болмасын бір инстанцияларға ұсыныс, арыз және
шағым беру туралы өтініш жасау құқығы), не тек міндеттер ғана (мысалы, жол
жүру ережелерін сақтау), не құқықтар мен міндеттер болады (мысалы,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған кезде азаматтың іс бойынша
қабылданған қаулыға шағым беруге құқығы бар және оған салынған айыппұлды
белгіленген мерзімде төлеу міндетін атқарады).
Үшіншіден, азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің мазмұны бір
жағдайларда қандай да болмасын бір адамның қалауына байланысты болады
(мысалы, азамат аң аулау мылтығын алу үшін ішкі істер органдарына рұқсат
алуға өтініш жасайды), ал озге жағдайларда ол оның қалауына қарамастан
қалыптасады (мысалы, ұсақ бұзақылық жасаған азамат әкімшілік ұстауға
тартылады да полицияға жеткізіледі).
Төртіншіден, азаматтың әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде құқықтық
мәртебесі барлық азаматтар үшін жалпы болып табылатын құқықтар мен
міндеттерді (мысалы, өрт қауіпсіздігі ережерелін сақтау міндеті),
азаматтардың тек қандай да болмасын бір санатына ғана тиісті болатын
құқықтар мен міндеттерді (мысалы, автомобиль көлігін жүргізушілерге,
кәсіпкерлерге, аңшыларға), сондай-ақ нақты жеке адамдардың құқықтары мен
міндеттерін қамтиды (мысалы, босқындар немесе амалсыздан қоныс аударғандар
болып табылатын адамдар).
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі күрделі заңдық құрылым болып
табылады. Ол әр түрлі төрт маңызды құрамдық элементтерден тұрады.
Бірінші, құқықтар мен міндеттердің аса маңызды бөлігі тұлғаның, адамның
әкімшілік құқықтың субъектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі болып саналады.
Қазақстан мемлекетінде тұлғаның, адамның жағдайын құқықтық реттеу негізгі,
басым орын алуєа тиіс, ойткені құқық пен мемлекет, оның органдары мен
лауазымды адамдары қоғамға, әрбір тұлғаға, әрбір адамға қызмет етеді деген
идеяны білдіреді. Дәл осы пікір Конституцияның 1-б-да бекітілген ҚР-ның ең
қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
дегеннен көрініс тапқан.
Конституцияның 1-ші және басқа баптарында тұжырымдадған тұлға мен
мемлекеттің қарым-қатынастарының сипаты дүние жүзінің көптеген
мемлекеттері үшін жалпы танылған болып табылады, ол Біріккен Ұлттар Ұйымы
мен Еуропалық ұйымдардың қабылдаған аса маңызды актілерінде бекітілген.

1. Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі

ҚР-ның Конституциясы және соған негізделген заңнамалар бойынша тұлға,
адам оның Қызмет, қоғамдық немесе мүліктік жағдайына, ұлтына, діни
сеніміне, т.б. қарамастан, қазақстанда құқықтың барлық салаларының
субъектісі болып табылады, сол үшін тұлғаның құқықтық мәртебесінің
негіздері Конституцияда бекітілген, сонымен бірге адамның бұл мәртебесінде
әкімшілік құқық нормалары да маңызды орын алады.
Тұлғаның құқықтық мәртебесін құрайтын және қандай да болмасын бір шамада
әкімшілік-құқықтық реттеудің аясында болатын негізгі құқықтар мен
бостандықтардың ішінде, мысалы, мыналарды атауға болады: әркімнің өмір
сүруге құқығы (15-6), әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы (16-6),
әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауы, өзінің және отбасының құпиясына, ар-
намысы мен абыройлы атының қорғалу құқығы (18-6), әрбір адам, заңда
көрсетілгеннен басқа реттерде, ҚР-ның аумағында еркін жүріп-тұруға және
тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға, Республикадан тыс жерлерге
кетуге, Республика азаматтарының Қазақстанға кедергісіз қайтып оралуына
құқығы (21-6), тұрғын үйге қол сұғылмайтын құқығы (25-6).
Конституция тұлғаның құқықтарын ресми түрде жариялай отырып, адам үшін
белгілі бір міндеттер мен тыйымдар тағайындайды, мысалы, занды түрде
белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу
(35-6), табиғатты сақтау және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау (38-6),
еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс
жағдайында ғана жол беріледі (24-6), монополистік қызмет заңмен реттеледі
әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады (26-6).
Сонымен бірге Конституция (39-6. 1-т.) адамның және азаматтың құқықтары
мен бостандықтарының ерекше жағдайларда және тек заңмен ғана шектеліуі
мүмкіндігін бекіткен, әрі тұлғаның құқықтарын шектейтін құқықтық нормалар
әдетте әкімшілік-құқықық сипатта болады. Мысалы, тұрғын үйге қол
сұғылмаушылық құқықты ҚР-ның ішкі істер органдары туралы 1995 ж-ғы 21-
желтоқсандығы заңның (11-б. 1-т) қылмыскерді іздегенде, егер пәтерде не
тұрғын үйде адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын қылмыс
немесе қоғамдық тәртіпті бұзушылық жасалынса, өрт болған және өзге де
жағдайларда полиция қызметкерлері шектеулері мүмкін.
Әкімшілік-құқықтық мәртебенің екінші құрамдық бөлігі ҚР-сы азаматының
мәртебесі больш саналады. Әрбір азаматғын әкімшілік құқықтың субъектісі
ретінде өзінің азаматтық құқықтық мәртебесі бар.
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайтын әкімшілік құқықтың
нормалары оның мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі құқықтары мен
міндеттерін белгілейді. Бұл бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар,
митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдаріға тұру
құқығы (Конституция-ның 32-бабы), мемлекет ісін басқаруға қатысу туралы
нормалар (33-б), әскери қызмет атқару міндеті (36-6), т.б. Одан кейін - бұл
азаматтың шаруашылық - еңбек қызметіндегі әкімшілік-құқықтық мәртебесін
белгілейтін нормалар, мысалы, Республикада жеке меншік, оның ішінде жерге
де танылады және ол мемлекеттік меншікпен бірдей қорғалады (6-бап. 1,3-т.),
занды тұрде алған қандай да болмасын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады,
сонымен бірге соттың шешімінсіз ешкімді де оз мүлкінен айыруға болмайды (26-
6. 1,3-т), әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген
заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығы (26-6, 4-т), еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы (24-6, 1-т). Ақыр
соңында, азаматтың қоғамның мүдделерін қозғамайтын жеке немесе отбасы
аясындаєы јкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілейтін нормалар, олардың
ішінде әдебиет, сурет, ғылыми, техникалық шығармашылықтарға құқығы,
фамилиясын өзгертуге құқығы.
Жеке адам тұлға, сосын азамат мәртебесін алған кезден бастап оларға
әкімшілік-құқықтық мәртебенің үшінші элементі-әлеуметтік қосылады. Ол
азаматтың нақты кәсіпкерлік еңбек қызметімен айналысу, оқу, Қарулы Күштер
құрамында қызмет атқару, т.б. үшін қажет. Бұл жерде де азаматтың әкімшілік-
құқықтық мәртебесінің әлеуметтік элементі ретінде жұмысшының, қызметшінің,
оқушының, әскери қызметшінің, зейнеткердің, т.б. құқықтық мәртебесін бөлуге
болады.
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің төртінші элементін ерекше
мәртебе деп атайды, ол азаматтардың өздерінің тек жеке қажеттіктерін
қанағаттандыру үшін өзінің қалауымен, жеке ынтасымен иеленетін құқықтар мен
міндеттерді қамтиды. Бұл, мысалыэ әуесқой-аң аулаушылар, әуесқой-
жүргізушілер, кәсіби емес - спортшылар, туристер, коллекция жинаушылар,
т.б. Олардың барлығы таңдаған ісімен айналысу үшін ресми құжат алады,
сонымен бірге әрбір ерекше субъект үшін белгілі бір топ құқықтар мен
міндеттер тағайындалєан.
Жеке адамның демократиялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ
олардың міндеттерінің кешенін тек бір ғана ресми түрде жариялау азаматтың
құқықтық мәртебесінің проблемасын әлі толығынан шешпейді. Бұл мәртебе
күнделікті өмірде іс жүзінде жүзеге асыруды, ірі оның шынайы кепілдіктерін
қажет етеді.
Осыған байланысты азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары
мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнінде атқарушы биліктің
рөлі туралы мәселе қою сөзсіз туады. Бұған барлық қажетті негіздер бар.
Ең алдымен атқарушы биліктің атқаратын қызметін ескере отырып былай деп
айтуға болады, мемлекеттік басқару аясы қолданылып жүрген заңнамалармен
бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін өте үлкен
кеңістік болып табылады. Өйткені атқарушы биліктің негізгі функциясы —
аткару, яғни заңдардың талаптарын жүзеге асыру.
Сосын, атқарушы биліктің механизмі - мемлекеттік аппараттың күнделікті
және қоғамдық өмірдің нағыз әр түрлі салаларында қызмет атқаратын ең көп
санды және тармақтанған бөлігі. Осы себепті нақ осы тиісті атқарушы билік
органдарымен (лауазымды адамдармен) және азаматтардың арасында көптеген
нақты әкімшілік-құқықтық қатынастар қалыптасады, олар азаматтардың
субъективтік құқықтарын жүзеге асыру жөнінде жиі туындайды.
Тағы бір маңызды жағдай. Атқарушы биліктің субъектілері мемлекеттік және
мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелердіә қызметін реттейді, олардың
құрамында мыңдаған адамдар жұмыс істейді. Тап осы кәсіпорындар мен
мекемелерде еңбек, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету,
тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық пен тұрмыстық-қажет қызмет көрсету,
мәдениет, т.б. салаларында азаматтарға берілген субъективтік құқықтар
жүзеге асырылады.
Одан соң, атқарушы билік механизміне арнаулы құқық қорғау органдары
кіреді, олардың негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін әрі бақылау жасау, әрі
оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Осының бәрі азаматтардың қандай да болмасын құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз ету, егер негізінен болмаса да, едәуір шамада мемлекеттік
басқыру аясында жүзеге асырылатындығын дәлелдейді. Бұл шындығында да солай.
Мысалы, жұмысқа тұру үшін, яғни өзінің еңбек ету құқығын жүзеге асыру үшін,
азамат кәсіпорынның, мекеменің әкімшілігіне өтініш жасауға тиіс, ал жұмысқа
не қызметке алу әкімшіліктің бұйрығымен, яғни басқарушылық актімен
рәсімделеді. Азаматтың зейнетақы алуы да оның зейнетақы тағайындауға
өкілетті тиісті атқарушы органдарға өтініш беру керектігін болжайды, т.с.с.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру механизмі, сонымен,
әдетте, екі міндетті сатыдан тұрады:
а) азаматтың ерік білдіруінен;
ә) өкілетті атқарушы органның (лауазымды адамның) бұл ерік білдіруге
ресми көңіл бөлуінен.
Соңғы саты шешуші рөл атқарады, өйткені бұл орган азаматтың ынтасы
бойынша пайда болған мәслелені біржақты заңдық биліктік тәртіппен шешуге
құқылы.
Әрине азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруда атқарушы билік органдары ерекше рөл атқарады деп түсінуге болмайды.
Мемлекеттік — биліктік механизмнің өзге буындары (мысалы, сот билігінің
субъектілері), сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер де бұл процеске
белсенділікпен қатысады. Дегенмен де нақ сол атқарушы органдардың қолында
бұл үшін қажетті ұйымдық - құқықтық сипаты бар тетіктер тікелей
жинақталған.
Егер конституциялық нормаларда азаматтың жалпы мәртебесі өзінің саяси-
зандық көрінісін табатын болса, онда әкімшілік-құқықтық нормалар, құқықтың
өзге салаларының нормалары жеке адамның, мысалы, азаматтық-құқықтық, еңбек
және өзге қатынастардағы, мәртебесін ресімдеу сияқты, олардың нақты-заңдық
мәртебесін бекітеді. Осылай жалпы құқықтық мәртебені нақтылау іске
асырылады, ол өзінің көрінісін, мысалы, азаматтың әкімшілік-құқықтық
мәртебесінен табады. Соңғы конституциялық құқықтар мен бостандықтардың,
сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік басқару аясында заңдармен және заңға
тәуелді актілермен берілетін және солармен кепілдендірілетін өзге де
құқықтардың жиынтығынан құралады.
Сонымен, біріншіден,әкімшілік-құқықтық нормалар қолданылатын аяда
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары нақтыланып,
айқындалады және, екіншіден, бұл нормалар олардың ең елеулі және күнделікті
кепілдіктерінің жүйесін құрайды.
Азаматтардың әкімшілік құқық субъектілігінің жалпы сипаттамасы осы
оқулықтың 2-тарауында берілген болатын. Бұл жерде тек мынаны ғана еске
салайық. Бұл сияқты құқық субъектілігі деп мемлекеттің танитын азаматтың
нақты әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектісі бола алатын, әкімшілік-
құқықтық сипаты бар субъективтік міндеттер мен құқықтарды иеленетін және іс
жүзінде асыра алатын шынайы мүмкіндігі түсініледі. Ол азаматтың туған
кезінен бастап пайда болады да, өлгеннен соң тоқтатылады. Азаматтың
әкімшілік құқық және әрекет қабілеттіліктің көлемі мен мазмұны әкімшілік
құқық нормаларының көмегімен белгіленеді және өзгертіледі. Сонымен бірге
құқық қабілеттілікті иеліктен алуға немесе басқа біреуге беруге болмайды.
Өз еркімен одан бас тартудың күші болмайды. Бірақта қолданылып жүрген
заңнамаларда қаралған жағдайларда және белгіленген тәртіппен ол ішін ара
немесе уақытша шектелуі мүмкін (мысалы, қылмыс немесе әкімшілік құқық
бұзушылық жасаған кезде).
Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігі өздерінің жеке іс -
әрекеттерімен мемлекеттік басқару аясында оларға жүктелетін әкімшілік-
құқықтық міндеттерді жүзеге асыруды және құқықтар иеленуді болжайды.
Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігінің пайда болатын кезі біркелкі
белгіленбеген (16-18 жас шегінде). Адамды ішін ара немесе толығымен әрекет
қабілетсіз деп тану мүмкін (психикалық ауру, ақыл-есі кем).
Әкімшілік-құқықтық қатынастарда азаматар әр түрлі рөлде болулары мүмкін.
Бұл сияқты құқық қатынастар мыналарға:
а) азаматтардың заң бойынша өздеріне тиісті субъективтік құқықтарын жүзе
асырумен;
ә) заңмен оларға жүктелген міндеттерді орындаумен;
б) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін атқарушы органдардың
(лауазымды адамдардың) бұзуымен;
в) азаматтардың мемлекеттік басқару аясындағы өздерінің құқықтық
міндеттерін бұзуымен байланысты пайда болуы мүмкін.
2. Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы құқыұтары мен
міндеттері
Бұл жөнінде мынаны ескеру керек, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
не атқарушы билік субъектілерінің қызметі аясында тікелей жүзеге асырылады,
не осы билік субъектілерінің практикалық қызметімен табиғи байланысты, не,
конституциялық құқықтар мен бостандықтардан туындайтын болғандықтан, олар
өздерінің мемлекеттік — басқарушылық қызмет аясындағы іс-қимылдарына
байланысты ие болады. Осыған сәйкес аталған аяда көрініс табатын
азаматтарды құқықтары мен бостандықтарын нақты білдіретін төмендегі түрлер
туралы айтуға болады.
1. Жеке адамның жалпы құқықтық мәртебесіне жататын және мемлекеттік
басқару аясында жүзеге асырылатын конституциялық құқықтар мен бостандықтар.
Бұл жерде мынадай құқықтар мен бостандықтар көзделіп отыр, олардың
шындығында болатындығы атқарушы билік механизмінің қандай да болмасын бір
буынын іске қосумен кепілдендіріледі. Бұлар, мысалы, еңбек етуге
(Конституцияның 24-6), әлеуметтік қамсыздандыруға (28-6), денсаулық
сақтауға (29-6), білім алуға құқығы (30-6), т.б.
Бұл орайда ең маңыздысы мынада, бұл сияқты құқықтарды жүзеге асыру
азаматтың тиісті мемлекеттік - басқарушылық инстанцияға өтініш жасау
қажеттігін болжайды, оның мақсаты заңдық биліктік шешім алу (мысалы,
қызметке тағайындау туралы бұйрық, зейнетақы тағайындау туралы шешім, пәтер
беру туралы шешім, т.б.). Білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, т.с.с. мекемелері мен ұйымдарының жүйесін мемлекет құрады және
тікелей атқарушы органдардың қарауында болады. Ал бұл түрдегі мемлекеттік
емес мекемелер мен ұйымдар туралы сөз болатын болса, онда олардың
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға
байланысты қызметі мемлекеттік органдар жағынан бақылауда (қадағалауда)
болады.
Атқарушы органдардың еншісіне азаматтардың конституциялық құқықтарын
жүзеге асыру процесінде пайда болатын дағдарыс жағдайларды жеңіп шығу да
жатады. Мысалы, халықты жұмыспен қамту қызметі жұмыссыздарды жұмыспен
қамтамасыз ету туралы, жұмыссыздықтың жағымсыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебе
Азаматтық әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Әкімшілік құқық туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
ҚР-ның орталық атқарушы билік органдарының негізгі қызметтері мен мақсаттары
Прокурорлық қадағалау
Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ, БИЛІК ЖҮЙЕСІ
Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету жолдары
Пәндер