Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері


Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.

Жоспар:

1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтері.

2. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері.

3. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібі.

4. Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу.

5. Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы.

Лекция мақсаты: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түсінігі мен құрамдас элементтерін, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін, экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептесу тәртібін, экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеуді, экологиялық аудиттің құқықтық жағдайын оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні.

1 . Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері жобалау алдындағы және жобалау материалдарының ажырамас бөлігі болып табылатын құжат түрінде рәсімделеді. Қоршаған ортаға жасалатын әсер бағаланбайынша, оған ықпал жасайтын жобаларды әзірлеу мен іске асыруға тиым салынады.

Қызметі атмосфераға ластағыш шығарумен байланысты кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, өздерінің іске қосылған уақытына қарамастан, атмосфераға шығарылған заттарды тазалайтын құрлығылармен, жабдықтармен, аппаратурамен және шығарылатын ластағыш заттардың мөлшерін әрі құрамын бақылайтын құралдармен жарақаттандыруға тиіс.

Экологиялық талаптарды қанағаттандырмайтын және атмосфераға шығарылатын заттарды бақылаудың техникалақ құралдарымен қамтамасыз етілмеген жабдықтар, өнер табыстар, рационализаторлық ұсыныстар, жаңа техникалық жүйелер, заттар, материалдар, шетелден алып келген жабдықтар мен басқа да объектілер пайдалануға жатпайды. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді жобалау кезінде, сондай-ақ технологиялық процестер мен жабдықтарды жасау және жетілдіру кезінде атмосфералық ауаны өндірістік мұқтаждар үшін қажетті аз мөлшерін пайдалануды қамтамасыз ететін болуы тиіс.

Қоршаған ортаға теріс әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді қайта бейімдеу, уақытша тоқтатып қою, меншігін ауыстыру және тарату қоршаған ортаны қорғау жөнінде арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау жөнінде жүргізілген тексерулерінен анықталған жолсыздықтар жойылғаннан және келтірілген зиянның мөлшері белгіленген тәртіппен толықтырылғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

Сонымен қоршаған ортаға әсерді бағалау мемлекет тарапынан басқару жүйелері арқылы бірінші кезекте шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын бастапқы экологиялық талап. Оның шаруашылықтар мен қызметтің ыңғайына қарай түрлері бар. Оларды шаруашылыққа, қызметке, тауарларға, материалдарға қойылатын талаптарға бөлуге болады. Шаруашылықтың қызмет түрлеріне қарай қойылатын талаптары да заңда көрсетілген. Мысалы: жердің жай-күйіне жасалатын теріс әсерді және жерді қорғау жөнінде көзделген іс-шаралардың тиімділігін бағалау мемлекеттік экологиялық сараптаманың, өзге де мемлекеттік сараптамалардың нәтижелері бойынша жүргізіледі, олардың оң қорытындысы болмайынша, жаңа техника мен технологияларды жүргізуге, жерді мелиорациялау бағдармаларын жүзеге асыруға, үйлер және басқа да объектілер салуды (реконструкциялауды) қаржыландыруға тиым салынады.

Қоршаған ортаға әсер - шаруашылықтың (қызметтің) дамуы туралы дайындық пен шешімдер қабылдау жүйесіндегі экологиялық талаптардың құрылымдық жүйесі.

Экологиялық бағалау тіршілік ортасының ахуалы-жағдайы немесе белгілі бір фактордың оған ықпалын анықтау шаруашылық пен қызмет жүйесінде қоршаған ортаға аса қауіпті объектілері мен түрлері бар. Осындай шаруашылықтар мен қызмет түрлеріне олардың қоршаған ортаға әсерін толық бағалау жүргізілуі тиіс. Оларды шаруашылыққа, қызметке, тауарларға, материалдарға қойылатын талаптапрға бөлуге болады.

2. Жерді және жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандар және өзге де өсімдіктерді, жануарлар дүниесін, экологиялық ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектілерін, ерекше ұорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар заңдармен өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.

Табиғи экологиялық жүйелердің бүлінуін, адамның, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің генетикалық қорларының жойылуын, қоршаған ортаның адам қмірі мен денсулығына қауіпті өзгерістерін туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке тиым салынады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң талаптарына сәйкес қорық режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бөлінген учаскелерде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаны табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тиым салынады. Заказник режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе арнайы бқлінген учаскелерде шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір маусымда, белгілі бір мерзімде ғана, мұның өзі мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтіндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргізілуі мүмкін. Жер кодексінде жердің жай-күйіне әсер ететін үйлерді (құрылысташрды, ғимаратарды) және басқа да объектілерді жобалау мен пайдалануға беруге қойылатын экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптар қаралған.

Табиғи ресурстарды пайдалану кезінде экологиялық талаптың ішінде ҚР аумағын карантиндік объектілерден қорғау ерекше орын алуы керек. Оның экологиялық екі түрлі мәні бар. Біріншісі - ҚР аумағын, оның ішінде аыл шаруашылық жерлерді зиянкестерден қорғау, тазарту, екінші - өсімдіктер дүниесін зиянкестерден қорғау, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлерінде, ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау және оның алдын алу шаралары. Жердің жай-күйіне теріс ықпал ететін жаңа және қайта құрылатын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау мен пайдалануға беру кезінде, жаңа техника мен технологияларды енгізу кезінде жерді қорғау жөніндегі әс шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, экологиялық, санитариялық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптардың (нормалардың, ережелердің, нормативтердің) сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.

Табиғи ресурстар ішінде жер қойнауы ерекше орын алады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар осы тараудың соңында қаралады.

3. Заңды тұлғаны - табиғат пайдаланушыны тарату мен қайта ұйымдастыру кәсіпорындардың жай-күйін тексеру және экологиялық сараптама деректерінің негізінде экологиялық талаптар ескеріліп, олардың нәтижелерін заңды түлғаны қайта ұйымдастырдың тиісті нысаны кезінде жасалатын тарату барысында міндетті көрсете отырып жүзеге асырылады.

Таратылған немесе қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның экологиялық жай-күйін тексеру мемлекттік экологиялық сараптама органының қатысуымен жүзеге асырылады. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде жаңа меншік иесінің болу балансына сәйкес экологиялық міндеттеме жөніндегі құқыққа несие берушілердің экологиялық міндеттемелер жөніндегі мүдделері ескеріле отырып таратылады.

Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерге қойылатын талаптар:

А) Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді орналастыру кезіндегі экологиялық талаптар.

Бұл объектілерді орналастыратын органдар қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молықтыру және ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелерін сақтау, аталған объетілер қызметінің экологиялық зардаптары ескеріле отырып, белгіленеді. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді орналастыру кезінде күзетілетін, санитарлық-қорғаныс және өзге де өңірлер белгіленеді.

Б) Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салу мен қайта құру кезіндегі экологиялық талаптар.

Бұл талаптармемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда және қоршаған ортаның сапалық нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бекітілген жобаны немесе жұмыс құнын қоршаған ортаны қорғауға зиян келтіретіндей етіп өзгертуге жол берілмейді. Құрылыс жұмыстарын атқару кезінде жерді қалпына келтіру (рекультивациялау), табиғи ресурстарды молықтыру мен ұтымды пайдалану, аумақты көркейту және қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар қолданылуға тиіс.

В) Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді пайдалануға беру және пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптар.

Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді пайдалануға беру жобада көзделген барлық экологиялық талаптар толық көлемде орындалған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласында арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен құрылатын қабылдау комиссиясының актілері бойынша жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау жолдары
Қазақстандағы табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі
Экология құқығының дәрістері
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz