Феодалды францияның мемлекеті жəне құқығы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Феодалды Францияның мемлекеті жəне құқығы . . . 4
2. Мемлекеттік құрылыс . . . 8
3. Құқықтың негізгі сипаттары . . . 9
Қорытынды . . . 11
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12
Кіріспе
Каролингтер империясы құлағаннан кейін Француз патшалығы құрылды. 843 жылғы Верден қаласында құрылған шарт бойынша Франк мемлекеті үшке бөлінді: Франция, Германия, Италия. ІХ ғасырдың соңында феодалдық қатынас әлеуметтік-экономикалық қатынаста үстемдік құрды. Х ғасырдың соңында Францияда 1-дай феодалдық иеліктер болған. Феодалдық қатынас дами келе, феодалдық мемлекеттіліктің дамысын анықтайды. Демек, Францияның феодалдық дәуірін: феодалдық бөлшектену кезеңі (ІХ-ХІІІ ғ. ғ. ), өкілетті- сословиялық монархия кезеңі (ХІҮ-ХҮ ғ. ғ. ) және абсолютты монархия кезеңі деп қарастырамыз.
Шаруалардың көбі сервтер мен вилландар.
Вилландар дегеніміз жеке басы тәуелді емес шаруалар, яғни олар өздерінің парцельдерін сатуға немесе бөтенге беруге құқылы. Бұл жағдай оларды сеньоралдық міндеттемелерден босатуға көмектеседі. Егер виллан өзінің барлық феодалдық міндеттемелерін орындаса, сеньор вилланның тиесілі жерін күшпен тартып ала алмайды, ол вилланның мұрагеріне көшеді.
Сервтер өз қожайынына жеке басы мұрагерлік қағида бойынша тәуелді топ. Олар қожайынына біршама салықтар мен төлемдер төлейді. Шаруаларды кедейлендіретін жағдайлардың бірі - сеньорлардың меншік монополиялық құқығы - боналитет, яғни шаруалар қожайынның бекіткен ақысын төлеп пайдалануға міндетті нан пеші, ұн диірмені және т. б. Ірі феодалдар өздерінің билігін шаруаларға жүргізу үшін сословиялық иерархияға негізделген сюзернитеттік- вассалиттеттік қатынасты дамытты. Яғни, феодалдардың өздері бір-біріне тәуелді болған.
1. Францияның мемлекеті жəне құқығы
Францияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең - феодалдық ыдырау кезеңі (IX-XII ғ. ғ. ) ;
2 кезең - сословиеліде өкілдік монархия кезеңі (XIV-XVғ. ғ. ) ;
3 кезең - шексіз монархия кезеңі (XVI-XVIII ғ. ғ. ) .
Француз мемлекеті Каролингтер империясы құлаған соң пайда болды. Негізгі антагоникалық топтар болып феодалдар мен феодалдық - тəуелді шаруалар табылды. Өзінің таптық мəні бойынша мемлекет феодалдар диктатурасы болып табылды.
а) Феодалдық ыдырау кезеңі
Қоғамдық құрылым . Өндірістің негізгі құралы жер үстемдік құрушы таптың монополиялық меншігіне айналады. Шаруалардың тұрақты пайдалануында, ал кейбір жағдайларда иелігінде қожайын жерінің аздаған учаскелерінің - порцеллолар ғана болды.
Феодалдық-тəуелді шаруалардың негізгі тобы болып серволар (өз қожайынына жеке жəне мұрагерлік тəуелділікте болған, сол үшін бірқатар міндеттерді атқарған жəне салықтар мен төлемдер төленген) мен виллондар (жеке бас бостандығы бар, өз парцеллосын басқа тұлғаға сата алған, сеньорлық міндеттерден босатылған) табылған. [1]
Мемлекеттік құрылым . Мемлекеттің басында патша тұрған, оның билігі сайланбалы болған (патшаны оның вассалдары мен шіркеудің жоғарғы иерархтары сайлаған) . Мемлекеттегі жағдайға əсер ететін жалғыз жалпы мемлекеттік орган ретінде патша куриясы (Ұлы кеңес) қызмет еткен, ол патшаның вассалдары мен шіркеудің жоғарғы иерархтарынан құралған. Ұлы кеңес съезд нысанында жұмыс істеген, ол патшаның төрағалық етумен жиналып отырған. Бұл кезеңде басқарудың арнайы органдары болған жоқ.
Лауазымды тұлғалар министериалар болып патша сарайының шаруашылығын басқаратын сарайды басқарушылар табылды. Патшаның иеліктері домен деп аталды. Бүкіл домен округтарға превотаждарға бөлінді, олардың басында волар тұрды. Орталықтағы министериалдар мен жергілікті жерлердегі преворлар патша тағайындайтын жəне олар патшаның
өкімдерін бұлжытпай орындайтын.
Сот. Əрбір еркін адамның «теңдік соты» арқылы соттасуға құқығы болатын, нақты бір адамның соттылығы оның қоғамдағы əлеуметтік жағдайына қарай анықталатын. Жоғарғы сот болып Патша куриясы табылатын. Жергілікті жерлерде сенвориалдық юстиция үстемдік құрған, ал жоғарғы рангілі сенворлар үлкен сот билігін -«жоғарғы юстицияны» иеленген, бұл өнім жазасымен жазаланатын қылмыстарды тергеуді білдіретін.
Екінші кезеңнің (сословиелік - өкілдік монархияның) бастапқы кезінде патша билігі күшейе түсті, ол мынадан көрініс тапты: патша билігін сайлау жойылды; «менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» қағидасы жойылады, барлық рангідегі вассалдар адалдық антын тікелей патшаға беретін болды; Людовик IX - ның реформалары жүргізілді, олардың мəні мынада болды: сот реформасы - патша доменінде жеке соғысқа тыйым салынды, дауларды шешу үшін екі жақ тек патша сотына жолдануға міндетті болды; жергілікті жерлерде «патшаның 40 күні» енгізілді, бұл кезде феодалдарға жеке соғысты бастауға тыйым салынған; Патша куриясынан ерекше сот патшасы - Париж парламенті бөлініп шықты, ол жоғарғы аппеляциялық инстанция болып табылады; қаржы реформасы негізгі есептесу бірлігі ретінде патшаның алтын тиыны
енгізілді; Патша куриясынан қаржылық басқарудың жоғарғы органы ретінде есеп палатасы бөлініп шықты.
ə) Сословиелік - өкілдік монархия кезеңі
Қоғамдық құрылым . Шаруалардың арасында сервалардың (жеке тəуелді шаруалардың) орнына цензитариялар - жеке бостандығы бар шаруалар мен цензивалар - мұрагерлік жер үлесін ұстаушылар келді. Негізгі үш сословияның қалыптасуы аяқталды, олар: дін қызметкерлері, ақсүйектер жəне «үшінші сословия», бұл сословиеге халықтың қалған барлық бөлігі кірді жəне олар салықтар төлеп, əртүрлі міндеттерді атқарды.
Мемлекеттік құрылым . Саяси ыдыраушылық жойыла бастады. Мемлекет сословиелік - өкілдік монархия нысанын иеленді: қатысты түрде қуатты патша билігі сословиеннің өкілдігі - жоғарғы кеңесуші кеңеспен - Бас штаттармен үйлеседі. Барлық үш сословие - Бас штаттарда жеке палаталар ретінде орнығады. Барлық сұрақтар палаталарда жеке қарастырылатын болды, шешім дауыстардың көпшілігімен қабылданып, шешімді бекіту барлық палаталардың бірлескен жиналысында жүзеге асты.
Мемлекеттік басқару органдарына мыналар жатты: мемлекеттік кеңес - басқарудың жекелеген салаларына жалпы жетекшілік пен бақылауды жүзеге асырды, есеп палатасы қаржылық басқарудың жоғарғы органы жəне Парламент жоғарғы сот.
Лауазымды тұлғалардың арасында ерекше маңызды мыналар иеленді: канцлер - лауазымды тұлғалардың қызметіне ағымдағы басқару мен бақылауды жүзеге асырды; коннетабль патша əскерінің қолбасшысы; камерарий - патша қазынасын басқарады; палатиндер - патшаның ерекше тапсырмаларын орындайтын патша кеңесшілері жəне легистер рим құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.
Жергілікті басқару . Патша доменінің аумағы бірдей əкімшлік бірліктерге - бальяждарға бөлінді, олардың басында патша тағайыдайтын шенеуніктер - бальялар тұрды. Бальяждар превотаждарға бөлінді, ал оларды преволар басқарды. Преволардың қолында округтағы əскери, əкімшілік, қаржы жəне сот билігі үйлескен болатын. Қалаларда қалалық өзін өзі басқару органдары - коммундар болған.
Сот. Жоғарғы аппеляциялық сот болып Парламент табылған, ол бірнеше палаталардан тұрған: үлкен(сот), тергеу палатасы жəне сұраныстар палатасы. Жоғарғы шіркеу соты болып рим куриясы соты, одан кейін кординал соты, архиепископ соты табылған. Төменгі инстанция ретінде епископтың арнайы өкілетті тұлғалары официалдар соты қызмет етті.
б) Шексіз монархия кезеңі
Қоғамдық құрылым . Бұл кезеңдегі тарихтың негізгі сипаты болып феодолизмнің қойнауында капиталистік өндірістік қатынастардың туындауы табылады. Осыдан барып, негізгі қанаушы тап феодалдардан басқа, қанаушылардың жаңа табы буржуазия пайда болды, ол қалалық атрициаттан бай саудагерлерден құралды. Бұрынғыдай мемлекет халқы үш сословиеге бөлінді, дін қызметкерлері мен ақсүйектер өз артықшылықтарын сақтап қалды, ал үшінші сословиенің құрамына шаруалар енді.
Мемлекеттік құрылым . Шексіз монархия заң шығару, атқарушы жəне сот биліктерінің мемлекеттің мұрагер басшысы патшаның қолына шоғырлануымен сипатталды. Бұл Бас штаттардың қызметінің тоқтатылуына алып келді, парламенттің құқықтары бірден шектелді, шіркеу толығымен патшаға бағынады. Мемлекеттік басқарудың орталық органдары əртүрлі кезеңдерде құрылған түрлі мекемелердің жиынтығынан құралды. Оларға мыналар жатты: Мемлекеттік кеңес - патшаның жанындағы жоғарғы кеңесуші орган; Қаржылық кеңес, Хабарламалар кеңесі, Құпия кеңес - кейбір іс санаттарын кассациялық қайта қараумен айналысты; канцлер аппараты. Бұл органдардың барлығын Қаржыларды бас басқарушы мен төрт мемлекеттік хатшылар (əскери, шетелдік, теңіз жəне патша сарайы істері бойынша) басқарды, олардың барлығы патшамен бірлесе отырып кіші патшалық кеңесін құрады.
Жергілікті басқару. Патшалықтың аумағы генералитетке, губернаторлықтарға, диоцездерге, бальяждарға жəне интенданттықтарға бөлінді, олар қаржылық, əскери, шіркеулік, сот жəне əкімшілік мекемелердің аумақтық бөлімшелеріне сəйкес келеді. Жергілікті жердегі басқаруды интенданттар - патшалық үкіметінің аса өкілетті тұлғалары жүзеге асырды.
Сот. Қарастырылып отырған кезеңде бір мезетте бірнеше сот жүйелері қызмет етті: патшалық, сеньориалдық, қалалық жəне шіркеулік соттар, алайда олардың құдіретті нақты ажыратылмайтын. [2]
2. Мемлекеттік құрылыс.
Франция патшалығы көптеген фьефтер - феодалдық иеліктерден (герцогтік, графтік және т. б. ) құрылған, бұлар формальды түрде патшалықтың бөлігі ретінде саналғаны болмаса, нақты түрде жеке дара саяси құрылымдар болған. Жергілікті жерлерде патша билігі әлсіз дәрменсіз күйде болды.
Вассалиттетік қатынас барлық үстем класты қамтыды. Король вассалы - Норманды, Бургунды, Аквитанскілік герцогтар, Тулуз графы және т. б., олар өздеріне домендік жер қалдырып, қалған жер иеліктерін виконт, барондарға фьефаға береді. Мінеки осылай, ең төменгі ұсақ феодалдарға дейін бұл қатынас дамыған.
Вассалитеттік қатынас алғашқы мақсатын орындай алмады. Себебі сеньорлар бейбітшілік кезінде вассалдарын өздеріне тәуелді ету үшін неше түрлі амалмен ұстап отырған. Шын мәнінде сеньорларға, олардың сословиялық мүддесіне қауіп төнген кезде, әскери күшсіз каламыз ба деп қорқақтаған үстем топ бұл қатынасты қолдап отырған.
Мемлекеттің басқару органдарының құзыры мынадай:
Король сайланбалы. Король өлген соң, оның вассалдары мен француз шіркеуінің ірі иерархия өкілдері жаңа корольді сайлайды.
Жалпы мемлекеттік сипаттағы жалғыз орган Корольдік курия немесе Ұлы кеңес. Бұл елдің ең рі феодалдарының сіезі, бұнда вассалдардың корольге міндеттеп жүктейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қарастыратын.
Жергілікті басқару жүйесі Франк мемлекетіне ұқсас. Король доменіөте ұлкен емес, территориялық көлемі бойынша оның шаруашылығымен сай келетін, сондықтан оның сарай басқрушылары министериал қызметін атқарады. Министериал (орталықта) және прево (жергілікті жерде) корольмен тағайындалады, тек оның алдында жауапты.
Француз соты орта ғасыр юстициясымен сипатталады. Кез келген адам өзімен тең адаммен соттасады. Король вассалын тек король вассалдары соттай алады, яғни Король куриясы.
Орта ғасырлық құрылысқа сай төмен тұрған феодалдар үшін де, қала тұрғындары үшін де «тең соты» сақталуы тиіс. Шын мәнінде, сеньорлар жергілікті юстицмяны өз қолына бағындыру үшін бұл тәртіпті бұзатын жәйіттер кездесетін. Негізгі себебі, сот баж салығын иемдену мүмкіндігі. [3]
3. Құқықтың негізгі сипаттары .
Феодолизм таратылғанға дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың аумақтық əрекет ету қағидасы орын алған болатын, яғни, халық өзі өмір сүретін аумақта қалыптасқан құқықтың нормаларға бағынатын. Феодалдық - ыдырау кезеңінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет ғұрып нормалары кутюмдер табылды. Сословиелік өкілдік монархия кезеңінде кутюмдердің бірінші жинағы - «Қасиетті Людовиктің Мекемелері» пайда болды, мұнда Париждің, Орлеанның, Турдың, Анжудың жəне Мәнның кутюмдері жинақталды. Шексіз монархия кезеңінде əдет- ғұрып жинақтарымен бірге құқықтың қайнар көздеріне патша билігінің актілері жататын болды, олар: жарлықтар, әдиктілер, ордонанстар. Францияның оңтүстігінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып рим құқығы табылды. Францияның феодалдық құқығының негізгі институты болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод, бенефиций нысанында болды. XI ғ. бенефецийлер мұрагерліктің объектісіне айналды, X ғ. ал феод деп атала бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz