Қазақ жырауларының педагогикалық идеялары



Асан қайғы
Қазтуған жырау
Шалкиіз Тіленші ұлы
Жиембет жырау
Ақтамберді жырау
Үмбетай жырау
Бұқар жырау
Шал жарау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке Би
Асан қайғы-15 ғасырда өмір сүрген атақты қазақ ақыны, философы. Ол алғашында Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында, кейін Қазан қаласындағы Ұлы Мұхамметханның қасында беделді де ықпалды билерінің бірі болған. 1445 жылы ұлы Мұхамметхан (Ормамбет хан) өліп, Алтын орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып, қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның (1456-1473) жырауы және ақылшысы болған. Асан үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап, қайғырып жүргендіктен, жұрт оған “қайғы” деген лақап қосып “Асан қайғы” деп атап кеткен.Асан қайғы жайын көп зерттеген Шоқан Уәлиханов оны “көшпелі ноғай, қазақ ұлысынң философы” деп атайды. Асан қайғы өз заманында көптеген нақыл сөздер, афористік, философиялық толғаулар шығарған.Асан қайғы өз заманында қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын –аш-жалаңаштық, жұт-апат, өзара қырқысқан жаугершілік, әлеуметтік теңсіздікті көріп қайғырады, өз кезіндегі қоғамдық өмірге наразы болады. Олардың мекен еткен қоныстарын менсінбейді. Ол халықтың қамын, елдің болашағын ойлап, халықты ауыр-азаптан құтқарып, мәңгілік бақытқа бөлеудің жолы- “жерұйыққа” жету деп тұжырымдайды.Асан қайғының “жерұйықты” іздеуі жөнінде аңыз қазақ халқының таңғажайып жарқын, бақытты болашақты аңсаған армандарының туындысы еді. Асан қайғы арман еткен “жерұйық” бейне ағылшын ойшылы Томар Мордың “Утопия” аралы, италиялық Томазо Кампанеланың “Күн қаласы” сияқты утопиялық ойдың жемісі екені даусыз. Әрине, бұл 15-ғасырдағы көшпелі қазақ халқының қоғамдық болмысынан туылған утопиялық идея. “Бұл-Асан қайғының бақыт мекені “жерұйық” жайлы утопиялық шығармасының ауыздан-ауызға көше келе, өзгерістерге түсіп, аңызға айналып кеткен нұсқасы деп шамалауға да негіз бар”. (Қазақ совет энциклопедиясы, 1-том, 502 бет.). “Жерұйық “ жайындағы аңыздың қазақ халқының философиялық ой-пікір тарихын зерттеуде маңызы мол.Асан қайғы желмаяға мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен: Ұзын аққан Ертісті көргенде: “Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер”,- екен депті.Түндікті өзенін көргенде: ”Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен”,- деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан “Үш қара “ атанған екен таудың аты. Баянауыл тауын көргенде: “Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен”,-депті.Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. “Неге үндемейсің?”-дегенде, аз тұрып: “Өлеңтінің суы-май, Шідертінің шөбі-май”,-деп жүре беріпті.
Қазтуған жырау (ХУ ғасыр). Ол өзін “Айдаса қойдың көсемі”, “Сөйлесе қызыл тілдің шешені”, “Бидайықтың көл жайқаған жалғызы” деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскер басы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған жырларының арқауы-туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға қосады. “Салп-салпыныншақ анау үш өзен. Салдуалы менің ордам қонған жер”, “Жабасы менен тайы тең, нары менен сайы тең”. Туған жеріне перзенттік қатқысыз сезімін еміріне өрнектейді. Ақын өз жырларында батырлықты, ерлікті, елдікті дәріптейді. Оның жырындағы:
Балдағы алтын құрыш болат,
Сусыным қанға қанар деп,
Азамат енердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп,- деген жолдардан мұңын байқау қиын емес. Өзі де қылышын “сары күн оққа толтырған” батыр болған.
Шалкиіз жырау (1465-1560). Тіленшіұлы Шалкиіз жырау батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгері. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай Ордапсының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Көшпелі шоңжарлар ортасынан шыққан жырау еш таршылық көрмей өседі. Бұл жағдайлар оның тұлға ретінде қалыптасуына және поэзиясына ықпал етті. Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орны ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған.
Жыраудың шығармашылығынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы. Осы азғантай мұрасының өзі-ақ сирек кездесетін дарын иесі екенін айғақтайды. Шалкиіз туындылары орыс тіліне тәржімаланған ақын –жыршылардың бірі. Темір биге айтқандары әр түрлі жинақтар мен басылымдарда төрт рет қайта басылды.
Шалкиіз Тіленші ұлының толғаулары қазақтың суырып салма өнерінің негізін қалаушы ретінде классикалық үлгі болып табылады.
Көрнекті жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны туралы мәшһүр жазушы-ғалым М.Мағауин “бес ғасыр жырлайды” жинағына (“Жазушы”, 1 том, 1989 жыл) беташарында былай деп пікір түйген: “Өзінің ұзақ өмірінде Дешті-Қыпшақтың төрт бұрышын түгел шарлаған, заманының бірінші ақыны танылып, үлкен даңққа бөленген. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, кезегін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпінді қуатымен ерекшелінеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы-тұз тұрғынның дүниетанымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері, моралдық, этикалық қағидалары анық аңғарылады”.
Жақсының жақсылығы сол болар
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар етер;
Жаманның жамандығы сол болар,
Сөйлесе бетін дәйім қара етер;
Бір жақсыға басың қосып сөз айтсаң,
Сол жақсы жаманлығың жақсылыққа жыр етер.
Бір жаманға басың қосып сөз айтсаң,
Сол жаман сырың сақламай,
Әрдайым дұшпаныңа әр ісіңді қор етер.
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиеттер:
1. Ж. Ә. Әбиев Педагогика тарихы: оқу құралы А. 2006.
2. Ә. Табылдиев Қазақ этнопедагогикасы (оқу құралы).- А.: 2001.
3. Қ. Бержанов педагогика тарихы: қысқаша курс. Оқулық А.: 1984.
4. Қ. Жарықбаев Қазақ тәлім- тәрбиесі: қазақ ұлттық падагогикасы мен психологиясының тарихы. Оқу құралы А.:1995.
5. А.К. Игибаева История педагогической мысли и обоазовательной сисиемы Казахстана: учебнле пособие Усть-Каменогорск.-2004.
6. Абай Құнанбаев 2 томдық шығармалар жинағы А.: 1986
7. Ы. Алтынсаринның таңдамалы педагогикалық мұралары А.: 1991.
8. Ы. Алтынсарин Таңдамалы шығармалар А.: 1955.
9. Ш.Уалиханов Таңдамалы А. 1980.
10. Ш.Құдайбердиев Шығармалары: өлеңдер, дастандар, қара сөздер А. 1988.
11. С. Көбеев Орындалған арман (Әңгімелер) А.: 1951.
12. С. Торайғыров Адасқан өмір. Кедей. Кім жазықты А.: 1992.
13. Восточный Казахстан в цифрах. – Усть-Каменогорск, Управление статистики ВКО, 2000.
14. Агентство РК по статистике. Краткий статистический ежегодник Казахстана, 1997.
15. Агентство РК по статистике. Краткий статистический ежегодник Казахстана, 2005.
16. Антология педагогической мысли Казахстана / Сост. К. Б. Жарикбаев, С.К. Калиев . – Алматы, 1995.
17. Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР с древнейших времен до конца XVII в. / отв. Ред. Э.Д.Днепрова. –М., 1989.
18. Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР с древнейших времен до конца XIX-XXв. / отв.Ред. Э.Д.Днепрова. –М., 1991.
19. Кубесов А. Педагогическое наследие Аль-Фараби./А.Кубесов.-Алма-Ата: "Мектеп",1989.
20. Храпченков Г.М. История школы и педагогической мысли Казахстана / Г.М.Храпченков, В.Г.Храпченков.-Алматы."Кайнар",1998.-168 с.
21. История педагогики. В 2-х частях // Под ред. А.И. Пискунова - М., 1997
22. История философской и общественной мысли Казахстана.- Алматы, 1997.
23. И. Алтынсарин Собрание сочинений: В 3-х т. - Алматы, 1975-1978
24. Тажибаев Т.Т. Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине Х1Х века /Т.Т.Тажибаев.- Алма-Ата: Казахстан,1965.-164 с.
25. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг. – Алма-Ата, 1991.
26. Бержанов К.Б. Русско-казахское содружество в развитии просвещения/ К.Б.Бержанов.- Алма-Ата, 1965.

Қосымша әдебиеттер:
27. Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары.-Алматы.-1992.
28. Шешендік шиырлары: (Шешендік сөздер,нақылдар мен толғаулар жинағы /Құраст. Есхожин.-Алматы: Қайнар.-1993.
29. Адамбаев Б. Халық даналығы /Б.Адамбаев.-Алматы “Рауан”.-1996.
30. ХУ-ХУІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы.-Алматы: Ғылым,-1982.
31. Мадин И.Б. Совет дәуірі кезіңдегі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің дамуы жөніндегі методикалық талдау /И.Б.Мадин.-Алматы.- 1976.
32. Бержанов К.Б Оқу-ағартудағы халықтар достығы / Қ.Б.Бержанов.-Алматы.-1976.
33. Бес арыс: Естеліктер, эсселер және мақалалар. Құраст. Д.Әшімханов.-Алматы: Жалын, 1992.
34. Құнантаева Қ. Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917-1990ж.ж.( Оқу құралы) /Қ.Құнантаева.-Алматы.-1998.
35. Ғабитов Т.Мәдениеттану негіздері: Оқулық./Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева.-Алматы: Дәнекер, 2000.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ жырауларының педагогикалық идеялары
 
 Асан қайғы-15 ғасырда өмір сүрген атақты қазақ ақыны, философы. Ол алғашында Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында, кейін Қазан қаласындағы Ұлы Мұхамметханның қасында беделді де ықпалды билерінің бірі болған. 1445 жылы ұлы Мұхамметхан (Ормамбет хан) өліп, Алтын орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып, қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның (1456-1473) жырауы және ақылшысы болған. Асан үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап, қайғырып жүргендіктен, жұрт оған “қайғы” деген лақап қосып “Асан қайғы” деп атап кеткен.Асан қайғы жайын көп зерттеген Шоқан Уәлиханов оны “көшпелі ноғай, қазақ ұлысынң философы” деп атайды. Асан қайғы өз заманында көптеген нақыл сөздер, афористік, философиялық толғаулар шығарған.Асан қайғы өз заманында қоғамдық өмірге үңіле қарап, халықтың тартып отырған ауыр азабын –аш-жалаңаштық, жұт-апат, өзара қырқысқан жаугершілік, әлеуметтік теңсіздікті көріп қайғырады, өз кезіндегі қоғамдық өмірге наразы болады. Олардың мекен еткен қоныстарын менсінбейді. Ол халықтың қамын, елдің болашағын ойлап, халықты ауыр-азаптан құтқарып, мәңгілік бақытқа бөлеудің жолы- “жерұйыққа” жету деп тұжырымдайды.Асан қайғының “жерұйықты” іздеуі жөнінде аңыз қазақ халқының таңғажайып жарқын, бақытты болашақты аңсаған армандарының туындысы еді. Асан қайғы арман еткен “жерұйық” бейне ағылшын ойшылы Томар Мордың  “Утопия” аралы, италиялық Томазо Кампанеланың  “Күн қаласы” сияқты утопиялық ойдың жемісі екені даусыз. Әрине, бұл 15-ғасырдағы көшпелі қазақ халқының қоғамдық болмысынан туылған утопиялық идея. “Бұл-Асан қайғының бақыт мекені “жерұйық” жайлы утопиялық шығармасының ауыздан-ауызға көше келе, өзгерістерге түсіп, аңызға айналып кеткен нұсқасы деп шамалауға да негіз бар”. (Қазақ совет энциклопедиясы, 1-том, 502 бет.). “Жерұйық “ жайындағы аңыздың қазақ халқының философиялық ой-пікір тарихын зерттеуде маңызы мол.Асан қайғы желмаяға мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен: Ұзын аққан Ертісті көргенде: “Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер”,- екен депті.Түндікті өзенін көргенде: ”Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен”,- деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан “Үш қара “ атанған екен таудың аты. Баянауыл тауын көргенде: “Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен”,-депті.Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. “Неге үндемейсің?”-дегенде, аз тұрып: “Өлеңтінің суы-май, Шідертінің шөбі-май”,-деп жүре беріпті.
Қазтуған жырау (ХУ ғасыр). Ол өзін “Айдаса қойдың көсемі”, “Сөйлесе қызыл тілдің шешені”, “Бидайықтың көл жайқаған жалғызы” деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскер басы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған жырларының арқауы-туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға қосады. “Салп-салпыныншақ анау үш өзен. Салдуалы менің ордам қонған жер”, “Жабасы менен тайы тең, нары менен сайы тең”. Туған жеріне перзенттік қатқысыз сезімін еміріне өрнектейді. Ақын өз жырларында батырлықты, ерлікті, елдікті дәріптейді. Оның жырындағы:
Балдағы алтын құрыш болат,
Сусыным қанға қанар деп,
Азамат енердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп,- деген жолдардан мұңын байқау қиын емес. Өзі де қылышын “сары күн оққа толтырған” батыр болған.
Шалкиіз жырау (1465-1560). Тіленшіұлы Шалкиіз жырау батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгері. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай Ордапсының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Көшпелі шоңжарлар ортасынан шыққан жырау еш таршылық көрмей өседі. Бұл жағдайлар оның тұлға ретінде қалыптасуына және поэзиясына ықпал етті. Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орны ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған.
Жыраудың шығармашылығынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы. Осы азғантай мұрасының өзі-ақ сирек кездесетін дарын иесі екенін айғақтайды. Шалкиіз туындылары орыс тіліне  тәржімаланған ақын –жыршылардың бірі. Темір биге айтқандары әр түрлі жинақтар мен басылымдарда төрт рет қайта басылды.
Шалкиіз Тіленші ұлының толғаулары қазақтың суырып салма өнерінің негізін қалаушы ретінде классикалық үлгі  болып табылады.
Көрнекті жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны туралы мәшһүр жазушы-ғалым М.Мағауин “бес ғасыр жырлайды” жинағына (“Жазушы”, 1 том, 1989 жыл) беташарында былай деп пікір түйген: “Өзінің ұзақ өмірінде Дешті-Қыпшақтың төрт бұрышын түгел шарлаған, заманының бірінші ақыны танылып, үлкен даңққа бөленген. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, кезегін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпінді қуатымен ерекшелінеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы-тұз тұрғынның дүниетанымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері, моралдық, этикалық қағидалары анық аңғарылады”.
Жақсының жақсылығы сол болар
Жаманменен бас қосып,
Сөйлемекке ар етер;
Жаманның жамандығы сол болар,
Сөйлесе бетін дәйім қара етер;
Бір жақсыға басың қосып сөз айтсаң,
Сол жақсы жаманлығың жақсылыққа жыр етер.
Бір жаманға басың қосып сөз айтсаң,
Сол жаман сырың сақламай,
Әрдайым дұшпаныңа әр ісіңді қор етер.
Жырау жырларында адамгершілік туралы толғаныстар мол. Ол адамды жақсылыққа сүйсіндіріп, жамандықтан бездірген. Ақын жақсы деген немене, жаман деген немене, ізгілік, парасаттылық неде, адамгершілік қасиет адамның қандай әрекет, қылық-мінезінен көрінеді, міне осы тақырыпта жыр толғаған, ұрпағына өсиет қалдырған. Ақын жырларындағы сол тақырыптарға байланысты жолдар  парасаттылық ой тереңдігімен ерекшелінеді. Онда ақын жастарды адал достыққа, қалтқысыз жолдастыққа үндеген. Осы бір пікірлер-оның жырының өзегі. Ақын жамандықтың бір белгісі опасыздық деп білген. Жырау ел билейтін басшының қауым, әулиет өміріндегі орнын да дұрыс бағалай білген. Ел билейтін адам “ғаділ төре, ел бастар” деп ел тағдыры, болашағы әділ басшыға байланысты деп даналық ой түйген.
 Жиембет жырау (ХУІІ ғасыр). Жиембет жырау әрі әскер басы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік мінезі, ерен батырлығы айқын көрінеді.  Жиембет батыр алған бетінен қайтпайтын өжет, қайсар, батыр хан болған. Хан-әкімдерге бас имеген. Айтарын батыл  айтқан, бас кесер деп, тіл тартпаған. Жыраудың туған жеріне шынайы сүйіспеншілігі оның толғауларында айқын көрінген.
Жиембет толғаулары көркем де өткір. Мұнда әсіресе халықтық нәрлі теңеулер арқылы бейнелі көрністер жасау, образды ойлар білдіру тәсілі өнімді орын алады.
Меніңменен, ханым , ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай,
Өрлігімді сұрасаң
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Ақтамберді жырау (1675-1768). Ақтамберді жырау басынан талай қилы-қилы кезеңдерді кешірген. Қолына желекті найза ұстап, жаулармен шайқастарға қатысқан, ерлік көрсеткен. Ол соғыстарда өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырларымен де көзге түскен, қазақ жерін жаулап, аман алып қалуда ерен қызмет еткен. Ақын өзінің  барлық өмірін елі, халқына, оның елдігін, бірлігін сақтап қалу жолына арнаған. Жыраудың “ел-жұртты қорғайлап өлімге жүрміз бас байлап” деген жолдарынан мұңын айқын аңғарамыз. Ақтамберді де толғауларында батырлықты, ерлікті жырлаған . Өйткені елдің елдігін сақтар, сыртқы жаудан қорғар батыр ұлы. Ақынның әйгілі батыр Бөгембайға жыр арнауы да осыған байланысты.
Ақтамбердінің толғаулары:
Ағайының көп болса,
Ұлы шерік қолмен тең.
Білімді туған жақсылар
Аз да болса көппен тең,
Жақсысы кеткен ауылдың
Артынан жақсы шықпаса
Өртеніп кеткен жермен тең,
Қайырлы болса баяжан
Дария шалқар көлмен тең,
Қайырсыз болса жаман бай
Ел қонбаған шөлмен тең,
Мінезді болса жолдасың
Күнде сонар қызбен тең,
Жаман болса жолдасың
Астыңнан өткен сызбен тең.
Үмбетай жырау (1706-1778ж). Үмбетай Тілеуұлы қазіргі Ақмола облысы, Ерментау ауданында көшпелі шаруа адамның жанұясында дүниеге келген. Жыраудың философиялық-дидактикалық сарындағы толғау жырлары сақталмаған. Біздің түсінігіміздегі Үмбетай бейнесі Бөгембай батырдың есімімен байланысты. Үмбетайдың Бөгембайға қатысты екі ұзақ жыры бар: Мұның біріншісі - Бөгембайды жоқтауда, екіншісі Бөгембай өлімін  Абылай ханға естірту. Ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген. Үмбетай жырау  елінің  қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен.
Үмбетай жырау- дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашқы ұстазы-өз әкесі болған. Ол халықтың ауыз әдебиетін, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болған. Сонан соң халық шежірелерінен, шешендік сөздерінен, халық дастандарынан көп тағлым алған.
 ХІІІ ғасырдағы қазақ халқының рухани мәдениетінің көрнекті  өкілінің бірі Қалқаман ұлы Бұқар жырау (1693-1781жж.). Бұқар жырау-әдебиетімізде аты әйгілі, ірі тұлға. Оның өмірі мен шығармалары туралы деректер тым шағын. Бұқар жырау-ХУІІІ ғасыр поэзиясының көрнекті өкілі, жыраудың поэзиялық мұрасы жайында  бұл кезге дейін көп жазылды, алуан түрлі пікірлер айтылды.
Бұқардың арғы дәуірлердегі жырауларға біраз ұқсастығы да бар, айырмашылығыда жоқ емес. Бұрыңғы жыраулар көбіне ру басыларының маңында болып, руды, тайпаны сыртқы жаудан қорғау жөнінде тікелей қайрат жасаған болса, Бұқар ханның төңірегінде өмір кешіп, оның ең жақын ақылшысының, кеңесшісінің бірі болған. Демек, Бұқар бұрынғы батыр жыралардың ісін кейінгі тұста ақылшы, шешен жыраудың “қызметімен” жалғастырған.
Бұқар негізінен 1723 жылғы оқиғадан кейінгі тарихи кезеңнің адамы болғандықтан сол дәуірдің өзекті проблемасын көтермей кете алмады. Ол қазақ халқының басын қосып ел болу, сыртқы жаулардан қорғану мәселелері еді. Халық өз алдына бірігіп, ел болсын дегенде де ол мәселеге билеуші ірі феодал тобының тілегі тұрғысынан келді.
Бұқар жырау өмірінің ел тарихында “Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама” аталған қатерлі заманда халық көсемі Абылайдың қасында өтіп, оның қиын сәттерде ақыл-кеңес беретін қабырғалы биі аталған. Осындай ел тағдыры шешілер ауыр күндерде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, азаттық пен тәуелсіздіктің биік қорғаны болып отырған.
Бұқар творчествосының негізгі тақырыбы-Абылай болуы кездейсоқтық емес. Жырау қоғамдық өмірдің даму бағыты мен 1723 жылдың тарихи сабағы ретінде туып отырған біртұтас ел болу мәселесін  Абылай бейнесі арқылы шешуді көздейді.
Бұқар  толғау жанрын тақырып  жағынан едәуір байытты, әлеуметтік мазмұнын біраз тереңдетті, өмір мәселелеріне араласу белсенділігін арттырды. Жыраудың біраз толғаулары феодалдық қоғамдағы адам мен отбасының, отбасы мен қоғамның амандығы мен арманы, моралі мен этикасын сөз етеді. Бұл толғаулардың көркемдігін  былай қойғанда, аталған мәселелер жайында Бұқар дәуіріндегі үстем көзқарастарды, ұғым-түсініктерді танып білуге көп көмегін тигізеді (“Бірінші тілек тілеңіз”, “Ай не болар күннен соң”, “Жал құйрығы қаба деп”,т,б.).
Адамның жасына байланысты өмір мен өлім туралы шығармалар жасау шығыс поэзиясында атам  заманнан келе жатқан дәстүр, үлкен көркемдік түр (арғы кезді айтпағанда, Рудакидің “Кәрілік туралы элегия” дастанынан бергі дәуірде мұндай туындылар ондап, жүздеп саналады).
Бұқар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен дараланады. Кейбір тығырыққа тығылған саяси мәселелерге орай хан алдында ешкім батып сөйлей алмағанда, жырау ғана қиядан қисын, қиыннан жол тауып беретін болған. Ел тағдыры таразыға түскен ауыр кездерде ханның әділдігі мен ақыл-парасатына, көрегендігіне ден қойып, оның ерлігі мен еңбегін жоғары бағалады (“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде Сығылып аққан сен едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің”..).
Жыраудың жұртты татулық-бірлікке, адамгершілікке үндеген-насихаттық жырлары да сан алуан. Бұларда ол халқымыздың ертеден келе жатқан жол-жоралғысы мен салт-дәстүрін негізге ала отырып, мұсылман дінінің қағида-шарттарын да үлгі ете білді.
ХУІІІ ғасырдың аяғындағы Қазақстанның қоғамдық ой-пікірлерінің нақты өкілдерінің бірі.
Шал жарау (Тілеукеұлы) Күлейкеұлы (1748-1814ж.ж). Ақын өзінің шығармаларында қазақ қоғамының әлеуметтік өмірі мен тұрмысының түрлі жақтарын ашуға ұмтылды.
Шал эпик ақын да болғанға ұқсайды. “Шал қазақтың пайда болғанына дейінгі аңыздарды көп жырлаушы еді дейді және Алаштан тараған хандар мен ру басылардың, тайпалардың генеологиясын Құдайберді батырға дейін таратып айтады екен... Бірақ менің қолымда бұл эпос жоқ”,-деп жазды Шоқан. (Валиханов Ч.С. Указ .работа, тІ, 1961,с.211.)
Шал ақынның өлеңдері тақырыбы жағынан өте кең. Ескі қазақ ауылының алуан түрлі тіршілік-тұрмысына қатысты жайлар, этика, мораль мәселелері ақын өлеңдерінің негізгі нысанасы. Азаматық мотив-адамдық, арлылық, адалдық, намысшылдық, т.б. ақын шығармашылығының өзекті желісі, жүйесі болып табылады. Өтірік пен өсек, еңбексіздік әйел үшін де арзан, азғын  қасиеттердің басы ретінде сипатталады. Шал өлеңдеріне тән жеңіл юмор, зілсіз сықақ, әсіресе, оның аталған тақырыптағы туындыларынан сәтті байқалады. Ақын бір жағынан жыраушыларша жақсылық пен жамандықты, не жақсы жігіт пен жаман жігітті қатар алып салыстыра отырса да, көбіне  жалаң тақпақтау, ашық дидактика жағына бармайды.
Ақынның жырлаған тақырыптарының бірі - кедейлік. Ақын кедейден гөрі кедейлікке көбірек назар аударып, шама келсе, одан алдын-ала қашуды, қайткенде оны болдырмауды насихаттайды. Одан құтылудың бірден-бір жолы ретінде еріншектікке бой алдырмауды, демек, еңбек етуді ұсынады.
Ақын  әр жастың қызығы мен қиындығын өзінше тауып, оларды жанды суреттер арқылы тыңдаушының көз алдына келтіре бейнелейді.
Кәрі өлсе соққан дауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ.
Жігіттер, жас уақытты бос өткізбе,
Дағдыр деген көз ашып жұмғандай-ақ.
Біреуді алдап келер дүние саяр,
Сөйтіп жүріп адамға уын жаяр,
Қолыңды жарты сағат босатпайды,
Бірін тапсаң тұрады бірі даяр.
Ақын халық поэзиясының жақсы дәстүрлерін көркемдік түрлерін пайдаланып қана қоймай, оны әрі қарай жалғастырды, дамытты. Адамның мінез-құлқындағы, қоғамдық өмірдегі әр алуан көрністерді, құбылыстарды, қылықтарды суреттеуде ол өзіне дейінгі поэзияның  тәжірибесін жақсы мағынасында орнықтыра, тұрақтандыра түсті.
Қазақ-сөз қадірін өз қадірім деп білген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ойшылдарының (XV-XVІІ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану
Қазақ би-шешедері және олардың еңбектеріндегі негізгі идея
Ұлттық поэтикалық шығармашылығын бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР (ҮІ-ХУІІ ғ.ғ)
Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы
Жыраулар
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Салт - дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі
Ұлттық құндылықтарды тасымалдаушы ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім мен тәрбие берудің рөлі
Пәндер