Microsoft Power Point программасы. Шаблон құру және оны пайдалану


Шаблон құру және оны пайдалану

Microsoft Power Point программасы презентациялық материалдар дайындауға арналған. Оның көмегімен мекеменің ашылу салтанаты, конференцияға, жиналысқа және семинарларға түрлі есептер мен баяндамаларды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып дайындауға болады. Power Point файлы слайдтардан құралған. Слайдтарды мөлдір таспада, қағазда, 35-миллиметрлік слайдта бастырып алуға немесе монитордың экранында не болмаса проектордың көмегімен тақтада көрсетуге болады. Сонымен қатар конспектілерді әзірлеп, материалдарды тыңдаушығаларға таратуға мүмкіндік береді.

Power Point программасы тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Іске қосу→ Программалар→Microsoft Power Point қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Officе бумасындағы Microsoft Power Point жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.

Power Рoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұқбат терезе ашылады .

  • Автомазмұн шеберіауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.
  • Презентациялар шаблоныауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.
  • Бос ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкіндігін береді.
  • Презентацияны ашуауыстырғышы бұрын құрылып, сақталып қойылған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады.

Автомазмұн шебері көмегімен:

  • Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
  • Қызмет бабы бойынша баяндамалар;
  • Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат;
  • Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп-қисаптар;
  • Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft Power Point программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезедеАвтомазмұн шеберіөрісін таңдап, ОКбатырмасын шертеміз. Осы кездеАвтомазмұн шеберііске қосылады.

Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1-ші қадамда Презентацияның түрі , яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері , презентацияның баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатынын немесе көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын опцияларының бірін таңдау қажет;

3-ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы , қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет;

4-ші қадамда Қосымша мәліметтер : презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.

Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері презентацияны дайындайды. Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын батырмасын шертеміз.

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл→Құру командасын орындап, ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. Power Point программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түріне алмастыруға болады.

Презентацияны шаблондар көмегімен кұру. Power Point программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы Презентациялар дизайндары Презентациялар Web-парақтар астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұхбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбат терезесі шығады. Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.

Бос презентация құру . Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:

  • Power Point программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұхбат терезенің Презентация құру өрісіндегіБос презентацияопциясын таңдау арқылы;
  • Файл→Құрукомандасын орындағанда ашылған сұхбат терезеніңЖалпыастарлы бетіндеЖаңа презентациянышарт белгісін тандау арқылы;
  • Стандарттар саймандар тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады.

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын тандау әрекетін Слайд құру сұхбат терезесінде жүзеге асыруға болады.

Power Point программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін тандаған соң ОК батырмасын шертеміз.

Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу. Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы тандап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады. Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тышқанды бір рет шертсек тақырып еңгізіледі т. с. с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т. б. өзгертуге, яғни пішімдеуге болады. Пішімделетін мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Пішім→Қаріп командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде немесе пішімдеу саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Пішімдеу әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрінде жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Пішім→Маркер командасын орындаймыз. Маркерлер сұхбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімдерден кез келгенін таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы маркер ретінде қолдануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Microsoft PowerPoint программасы туралы түсінік
Автомазмұн шебері терезесі
Презентация құру сұхбат терезесі
PowerPoint программасына жалпы сипаттама
Диаграммаға тақырып енгізу
Презентацияны шаблондар көмегімен құру
Microsoft PowerPoint программасы Презентациялар құру
Кестені енгізу сұхбаты терезесі
Берілгендерді ұяшыққа енгізу
Microsoft excel электронды кестелердi өңдеу бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz