Мектеп жасына дейінгі балаларға гимнастиканың тигізетін ықпалы


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейінгі балаларға гимнастиканың тигізетін ықпалы.

Гимнастика-дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамту жаттығулары-спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы таң ертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т. б. адам бойындағы барлық қабілет-қасиеттерінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптауы. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз-адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.

Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүргізіледі.

Біріншісі-гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізігі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.

-Гигиеналық гимнастика-денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жаттығуларының жиынтығы, сондайақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.

-Ырғақты гимнастика-негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалу.

-Атлетикалық гимнастика-жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен-жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.

Екіншісі-спорттық гимнастика. Спорттық гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекелеген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары-керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары-бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.

Спорттық акробатика-жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса ккүрделі жаттығу.

Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көрекем гимнастикасының орындауы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалсымен бірге билеп жүріп орындалады.

Гимнастика сабағының қауіпсіздік ережесі

Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрету керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білу қажет. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті.

1. Гимнастикалық жабдықта белгілі бір уақытта бірнеше адамның жаттығу орындауына болмайды.

2. Тіреліп секіру кезінде спортшының жүгіретін жолында және секіріп түсетін жерінде тұруға болмайды.

3. Спорт жабдықтарында жаттығуды орындайтын жерге секіріп түскенде міндетті түрде екі аяқты бүгіп түсу керек.

4. Арқан бойымен төмен түскенде екі аяқпен деміпм, екі қолмен кезек ұстап асықпай түсу керек.

5. Қандай да болсын құрал-жабдықта орындалатын жаттығуларды мұғалімнің рұқсатынсыз бастауға болмайды.

6. Гимнастикалық таяқшасы немесе секіртпемен жаттығу орындалғанда жақын тұрған әріптесіне тигізіп алмауы мұқият қадағалаук керек.

7. Спорт құралдарында мұғалімнің немесе әріптесінің көмегінсіз күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

8. Спорт құралдарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың жарамдығы тексеріледі. Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды.

9. Сабақ үстінде және басқа да орындарда мұғалімнің ақыл-кеңесін мұқият тыңдап алмай күрделі жаттығулар орындауға болмайды.

10. Гимнестика сабағында міндетті түрде арнаулы спорттық киім киеді.

11. Спорт құралдарында жаттығу орындаған кезде әріптесіне көмек көрсету және сақтандыруды әр жаттығушы білуі керек. [Төтенай Базарбек Дене тәрбиесі оқулығы Астана Фолиант, 2008ж]

Сәби және мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесі негіздері

Сәби және мектептжасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне байланысты дене дамуы мен қуаты дайындығы

Биологиялық белгілеріне байланысты мектепке дейінгі балалрдың жастары мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1. Жана туған сәби-алғашқы 1 ай өмір уақыты;

2. Емшектегі сәби-1 айдан 1 жасқа дейінгі уақыт;

3. Балбөбек немесе ясли жасы кезеңі-1 жастан 4 жасқа дейінгі уақыт;

4. Мектепке дейінгі кезең-4 жастан 7 жасқа дейінгі уақыт;

Балалардың ағзасы осы сәби және мектепке дейінгі кезеңде үнемі өсіп дамуда болады. Ағзадағы клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Өсумен қатар ағзада даму үрдісі жүріп жатады. Даму-сапалық көрсеткіш. Ағзаның дамуы деп, сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Ағзаның дамуы екі түрлі болады:дене дамуы және функциялық даму.

Дене дамуының көрсеткіштері:адамның бойы мен салмағы, кеуде клеткасының көлемі, дене мүшелерінің ұзындығы т. с. с.

Функционалдық дамудың көрсеткіштері мүшелердің атқаратын қызметтеріне байланысты әр түрлі болады. Мысалы, жүректің қызметтік дамуын анықтау үшін қан қысымын, жүрек соғу жиіліін, жүктеме бергенен кейінгі қалпына келу уақытын өлшейді.

Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірге баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес:баланың бойы қыста нашар, жазда тез, күндіз аз, түнде көбірек өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохондылығы дейді ( гетерос-әр түрлі, хронос-уақыт) .

Сәби және мектепке дейінгі жас кезінде бала ағзасы тез, өседі дамиды. Оның бойы, салмағы өте тез қарқында өсіп дами бастайды. [Уанбаев Е. К. Уанбаева. Ф. Ж Мектеп алды даярлық №4 2009ж] .

Сәби және мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің негіздері

Сәби және мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі сабақтарының, жаттығуларының түрлері

Таңертеңгілік гимнастика. Таңертеңгілік гимнастика бала ағзасын белсенділінуіне, жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға, дұрыс мүсін түзулігін қалыптастыруға бағытталады. Оның амалдары:қарапайым түрдегі жаттығулар, су процедурасы, шынығу, массаж. Таңертеңгілік гимнастика ұзақтығы 2-ден 4 жасқа дейінгі балаларға 5 минуд, 4-тен 5 жасқа дейінгі балаларға 6-8 минуд, 6 жастағы балаларға 8-10 минудке созылады. Таңертеңгілік гимнастиканың құрылысы мынадай болуы мүмкін:жүру, жүгіру жаттығулары-қол және иық жаттығулары, кеууде, арқа, іш бұлшық еттеріне арналған жаттығулар, аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар, қысқа жүгіру және ағзаны қалпына келтіретін жүру жаттығулары. Таңертеңгілік гимнастика жаттығулары балаларды жалықтырып жібермеуі үшін 7-10 күнде жаттығулар кешеніне 2-3 жаңа жаттығулар кіргізіп отырған дұрыс болады.

Дене тәрбиесі сабақатары. Дене тәрбиесі сабақтары балалар бақшасында 3-6 жастағы балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің негізгі түріне жатады. Сабақтың мақсаттары:жаңа қозғалыстарға үйрету, алдыңғы сабақтарда меңгерген әрекеттерді жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі сабағы тәрбиешінің басшылығымен жетісіне 2-3 рет жүргізіледі.

Өз беттерімен дене жаттығуларын орындау. Балалардың өз беттерімен, өз еріктерімен, өз ұсыныстарымен дене тәрбиесі жаттығуларын таңдауы олардың қозғалыс тәжірибелерін көрсетеді. Тәрбиешіге балалардың қандай қозғалыс түрлеріне икемділіктері, құштарлықтары бар екенн анықтауға көмектеседі. Өз бетімен дене жаттығуларын орындау арқылы, бір-біріне үйренген жаттығуларын көрсету арқылы балалардың қозғалыс тәжірибелері кеңейеді, өздеріне сенімділігі артады.

Сәби және мектепке дейінгі жастардағы балалрдың дене тәрбиесі кезінде барлық дене қуаты қасиеттерін дамыту міндеттері орындалады. Біріншіден, ептілік, қимыл үйлесімдігі қасиеттерін дамытуға назр аудару керек болады. Олар:тепе-теңдікті ұстай білу, дәлділік, ырғақтық, әр түрлі қозғалыстар үйлесімділігі.

Жаңа жаттығуларды меңгеру кезінде бөлшктеп емес толық үйрету әдісін қолдану қажет. Жаттығулар техникасын бөлшектеп көрсеткенде бала мғнасын ұқпай қалады. Мағынасын ұқпаған соң ол жаттығуға деген қызығушылығы жоғалады. [Уанбаев. Е. К, Уанбаев. Ф. Ж Мектепалды даярлық №3, 2009ж] .

Дене мәдениеті -қоғам мәдениетінің бөлігі

Дене мәдениеті дегеніміз өзінің ілімі және тарихы, өз маманы мен мекемесі әдебиетімен оқу базасы бар күрделі құбылыс. Дене мәдениетінің қоғамдағы орны мен мәнін дұрыс ұғыну үшін жалпы адам мәдениеті жайлы ұғымды білу керек. Мәдениет дегеніміз не?Қоғамның дамуына қарай мәдениет деген ұғым, жаңа мазмұнда толықтырылды. Жалпы көпшілік қолданыста мәдениет-жеке адамның жүріс-тұрысы, киім киюдегі эстетикалық талғамы, ұқыптылығы, білімділігі, мінез-құлқы, кішіпейілдігі, өз-өзін ұстамдылығы және қоғамдық, кәсіби, сауда, өндіріс жұмыстарындағы мәдени қызметі.

Адам мәдениет кеңістігінде мына үш аспектіде әрекет-қимыл жасайды:

-мәдениетті ұғады, өткен адам ұрпақтары тәжірибесі негізінде қалыптасып құрылған жанды және бағалы материалдық дүниені меңгереді;

-өзі жаңа мәдени байланыстарды табады, құрады сөйтіп ол мәдениеттің одан әрі дамуына негіз болады;

-мәдениеттің одан әрі даму, өркендеу қоры болатындай жаңа мәдени құндылықтарды өзі жасап, өзі жүзеге асырады;

Сонымен мәдениет дегеніміз-бұл жасампаз адамның шығармашылық еңбегі.

Адамның дене және ой-сана қабілетінің дамуы, олардың өнегелік пен әсемдік қасиеттерінің сапасын, мәдени-тарихтың даму негізін және мазмұнын құрайды. Сондықтан қоғамның материалдық және рухан мәдениеті, мәдениеттің ажырамас, міндетті құрамдас бір бөлігі болып табылады.

Дене мәдениеті, дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыстары арқылы, сонымен бірге табиғаттың табиғи күштерін, тазалығын және еңбек тәртібін, тұрмысын, демалысын ескере және тиімді пайдалана отырып, адамдарды өмірге және еңбекке баулып дайындауға бағытталған. Дене мәдениеті және спорт белгілі бір мағынада бүтін бір қоғамның жағдайыны әсер етеді және оның әлеуметтік саяси және адамгершілік құрылымын көрсететін бір тобы болып табылады.

Сонымен дене мәдениеті қызметінде тәжірибенің жинақталуы мне оның кейінгі ұрпаққа таралып отыруы, жаңа әдістердің, амалдар мен тәсілдердің жарыққа шығып жүзеге асырылуы, адамдардың ақыл-ойына психологиясына ықпал етілуі үнемі айқын көрінетіні байқалады.

Дене мәдениетінің адам қызметтерінің әр түрлі саласымен күрделі әрі жан-жақты байланысы, өзінің ой-санасы мен даму заңы, өзара ішкі күрделі байланысы мен өзара тәуелділігі, өзінің әдәсә мен тарихы бар.

Дене мәдениеті материалдық қарым-қатынас пен еңбек өнер мен дәстүр мәдениеттері сияқты, адамның дүниеге келуі мен қалыптасып жетілуі қоғамында пайда болады жәәне дамиды. [Мұхамеджанов. Б. К Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Шымкент «Ғасыр-III»2006ж]

Гимнастикамен шұғылдану мәртебелі, абыройлы іс деп саналды, Олимпиада ойындарының абыройлығы соншалықты-оларды өткізу кезеңдерінде гректердің мемлекеттері, қала арасында бір ай бұрын соғыстар тоқтатылса, ал олимпиада ойындары кезінде қатысушылар мәртебелі сайыстар өтетін жерге қару-жарқсыз таза пиғылмен келетін болған.

Қайта жаңғырту дәуірінде дене тәрбиесіне қызығушылық тез артты. XVII ғасырдың екінші жартысында Дж. Локк бірінші болып дене тәрбиесінің теориясын өңдеп, дайындады. Денсаулықты нығайту мен ептілікті дамыту балалардың таза ауада ойнауын, олардың жүзу, атқа міну, семсерлесуді, саяхат жасауды, билеу, ағзаларын шынықтыруды талап етті.

XVIII ғасырдың екінші жартысында Ж. Ж. Руссо балалардың баолық адамгершілік пен өнегелік қасиеттердің дамуын дене тәрбиесі мен өзінің жеке тәжірибесіне сүйеніп, адамды еркін тәрбиелеу теориясымен байланыстыртыруды ұсынды.

Швед гимнастика(негізін қалаушы П. Г. Линг) төот түрге бөлінеді:педагогикалық, әскери, дәрігерлік және эстетикалық. Бұл гимнастиканың негізінде жеке тұлғаның функционалдық дене дамуы мен анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сұнқарлық(сокольская) гимастика (негізін салушы Тырш, XIX ғ. ) неміс гимнастикасына ұқсайды. Оның ерекшеліктері-жаттығуды топпен орындау.

XIX ғасырда ырғақты-пластикалық гимнастика пайда болды. (негізін салушы Дельсарт) Бұл гимнастиканың мәні пластикалық дене қозғалысымен байланысты, эстетикалық бағытталғандығынан тұрады.

XIX ғасырдың екінші жартысында денеге білім беру жүйесі жасалды. Ол жаттығуларды орындауды саналы түрде, ойланып басқаруды талап етті. Жүйенің әдістемесі бойынша тәндік білім беру әдісі, ақыл-ой білімін беру әдісімен бірдей:талдау және салыстыру жолымен сыртқы әсер, пікір, ақыл-ой қызметіне өтеді, сосын назарды бұрған бейнелер мен ұғымдар түрінде пайда болады. П. Ф. Лескаф дене жаттығуларының алдында дене жаттығулар ақыл-ой жаттығуларына әкелетін интеллектуалдық-білім беру сипатындағы міндеттерді ұсынды.

XX ғасыр әлеуметтік-таптық және мемлекеттік деңгейдегі көзқарас қайшылықтарының шиеленісуімен ерекшеленеді. Адамдар арасындағы қатынас мәдениеті мәселесі күрделенеді. Дене мәдениеті арнайы пән ретінде жалпы білім беру мекемелерінің оқу жоспарына енеді.

Дене тәрбиесі құралдарының санына мыналарды жатқызды:

-гимнастика(таңертеңгілік-гигеналық, спорттық, өндірістік, емдік)

-ойындар(қимылдық, спорттық)

-туризм(сейілдеу, асяхат, жорық)

-спорт шеберлігіне және рекордтық нәтижелерге бағытталған қозғалыс қызметі ретінде.

В. А. Сластенин негізгі дене тәрбиесі құралдарына мыналарды жатқызады:

-дене жаттығулары(гимнастика, ойындар, туризм, спорт)

-табиғаттың қозғаушы күштері(күн, ауа, су)

-гигеналық қозғаушы күштер(күн тәртібі, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы)

-мектептегі спорт[Абусейітов Б. З, Исаев А. И. Оқушылардың дене мәдениеті мен спортқа қызығушылық құндылық бағыттарын қалыптастыру негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Түркістан 2009ж]

Дене мәдениетіндегі өзара байланыстар жүйесі

Жалпы денені жаттықтырудың таңертеңгілік жаттығулар жиынтығы

Денені жаттықтырудың таңертеңгі жаттығулар жиынтығын атаза ауада жасаған дұрыс және иықтар мен кеуде бұлшық еттерінің жұмыс жасауына ықпал ететін жан-жақты жаттығулармен ұластыра отырып, жаяу жүрістен бастаған жөн. 3-5 минуд жаяу жүрістен кейін жайлап жүгіріске көшіп, жүгіру уақытын 10 минудқа дейін созуға одан соң баяу жүріске ауычтыруға болады. Жаттығулар әр-түрлі бұлшықеттерге, оның ішінде, тыныс жүйесіне қатысты бірнеше жаттығулар жасау керек. Таңертеңгілік жаттығулар жиынтығының ұзақтығы 10-20 минуд егер бос уақыт болса. баяу жүгіріспен жалғастыру керек.

Сөйтіп, таңертеңгі дене тәрбиесі жаттығуларының жиынтығы студенттердің жүрек-қан тамырлары мен тыныс жүйенлерінің, жалпы ағзасының тірішілік қызметін жақсартуға емес сонымен бірге, тәртәп сақтау, еңбек сүйгіштік, табандылық, қиындықты жеңе білу, белгілінген күн тәртібін(уақытында тұру, ауа райының қолайсыздығына қарамастан жаттығу жасауды үзбеу) сақтау сияқты қасиеттерге тәрбиелеуге бағытталған.

Жалпы дене тәрбиесі таңертеңгі жаттығулары жиынтығының жобасы

I. Жан-жақтыжаттығулармен жалғасқан жаяу жүріс;

а) Әр адам сайын екі қолды жеткеніншеартқа сермеу;

б) төртке дейін екі қолды алға-артқа дөңгелете сермеп отыру;

в) әр адым сайын кеудені алға иіп, екі қолды аяққа, жерге тигізу(аяқ түзу тұру керек) ;

г) Қ. Ж. екі қолды жоғары көтеріп, кеудені алға созылған аяқтарға қарай иігу;

д) Қ. Ж. екі қолды алға созып, бөксені көтере жүру;

2. Жылдам жүріс.

3. 5-10 минөт және одан да көп уақыт баяу жүгіріп, жай жүріске ауысу.

4. Жан-жақты және тыныс көңіту жаттығулары:

А) Қ. Ж. -«бір»дегенде-сол аяқтыбасу, екі қолды жоғары кейін кезек сермеу, «екі»дегенде-3, 4 дегенде-сол жағдайды оң аяқпен қайталау керек:

Б) Қ. Ж. -Н. Қ. -аяқтарды талтайтып, екі қолды бүйірге тіреп, «бір»дегенде кеудені-оңға. «екі»дегенде-Қ. Ж., -3-4 дегенде-солға бұрылу крек.

В) Қ. Ж. -Н. Қ. -1 дегенде-отыр, 2 дегенде-Қ. Ж.

Г) Төртке дейін баяу дем шығару, кеудені алға еңкейту, екі қолды босаңсыту керек.

Дене тәрбиесі жаттығуларымен таңертең арнайы айналысу

Оның негізгі мақсаты:

А) ауру түрлеріне қарай арнаулы оқу бөлімдеріндегі студенттердің мүсін кемістігі мен денсаулығы жағдайының ауытқуынан арылту;

Б) негізгі оқу бөліміндегі студенттердің дене тәрбиесі дайындығының дәрежесін арттыру;

В) таңдаған спорт түрі бойынша шұғылдану мүмкіндігі мен дене тәрбиесі сапасын жетілдіру.

Сабақтың тәсілдері мен әдістері дене тәрбиесі оқытушысы және таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушымен кеңесу барысында айқындалады. . Ал спорттағы қазіргі жетістіктерге келетін болсақ, дене тәрбиесі жоғарғы оқу орындарының студенттеріне қолайлы бола бермейді. Өйткені ол күніне екі рет оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді талап етеді. Өзі қалаған дене жаттығуларымен таңертеңгісін арнайы айналысу спорттық жаттығудың дара да қажетті бөлігі болып табылады. [Иванов. Г. Д. Қарқов. А. Қ, Дене тәрбиесі(Оқулық) Алматы, 1995ж]

Ертеңгілік гигиеналық гимнастика - таңертең ұйқыдан кейін организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары. Ұйқы кезінде адамның орталық нерв жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босап, организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық нерв жүйесі мен әр түрлі органдардың қызмет белсенділігі арта бастайды. Алайда белсенділікке көшу процесі ұзаққа созылып кеткен жағдайда оның жұмыс қабілетіне (дене және ой еңбегінде де) елеулі әсер ететіні ақиқат. Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел-сал күйде жүреді, ашушаң болады. Ал дене жаттығуларын орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар орталық нерв жүйесін белсенді жұмыс істеуге ыңғайлайды. Сонымен қатар ішкі органдардың жұмыс істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Таңертең дене тынықтыру үшін радио мен телевизиядан берілетін жаттығулар жүйесін пайдаланған ыңғайлы. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса, өз бетінше қарапайым жаттығулар жүйесін ойластырған тиімді. Мұны мынадай принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең бастысы - жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек қозғалысқа түскені дұрыс. Жаттығулар бірте-бірте күрделене түсуге тиіс: бірақ бұл алғашқы жаттығуларға қатысты емес. Әйтсе де жаттығу комплексін аяң жүрістен бастайды. Аяң кезінде адам организміне үлкен күш түспесе де, жүйке орталықтары біртіндеп қалыпты деңгейге келеді де, тыныс алу органымен жүрек өз қызметін қайтадан жандандырады. Жаттығуды керілуден бастауға да болады: бұл вариант көбіне денсаулығы нашар, қартаң адамдарға дұрыс. Мұндай жағдайда аяңдау екінші жаттығудың орнына жүреді. Одан кейінгі жаттығулар анатомиялық прин- цип бойынша бүкіл дененің бұлшық еттерінің әр түрлі бөліктеріне қаншалықты әсер ететіндігіне қарай таңдалып алынады. Төменде дене тынықтыру жаттығуларының неғұрлым дәстүрлі варианттары ұсынылып отыр.

  • Аяң. Аякдан (бірқалыпты) жүру (бір орында тұрып жүруге де болады) .
  • Керілу жаттығулары . Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желнеге қойып, содан кейін бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жайға қарай созады, одан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Бұл жаттығу тыныс алу органының жұмысына жақсы әсер етеді. Жаттығу кезінде екі иық пен басты артқа қарай шалқайта тұрып, дененің барлық бұлшық еттерін қозғалысқа келтіру қажет. Жаттығу барысында қолды жоғары көтерген сәтте саусақ ұшына қарап тұрған жөн. Керілу кезінде аяқтың ұшымен тұру арқылы жаттығуды күрделілендіруге болады. Жаттығу баяу, ақырын жасалуға тиіс. Ырғақ: 1-2 - керілу - тыныс алу; 3-4 -бастапқы қалыпқа оралу дем шығару.
  • Қол және иыққа арналған жаттығулар :

жайға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ию және қайтадан жазу;

осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау;

қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау;

түзу тұрған қолды айналдыру;

қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; #бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де, осы қимылдар бірнеше қайталанады; #екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді («бокс») ;

қолды жоғары көтеріп тұрып төмен түсіру, керісінше қайталау; қолды түзу ұстап, алға, жоғары, төмен т. б. түрлі бағыттарға созу. Мұндай қозғалыстарды барлық бағытта істеген жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Дене тәрбиесі теориясының пәні
Дене жаттығуларының техникасы
Дене тәрбиесінің міндеттері мен дене жаттығулары
Дене жаттығуларының жіктелуі
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңертеңгілік гимнастиканың маңызы
Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz