Ойлау сипаттамасы. Ойлау процесі


Ойлаудың түрлері:
- Формасы бойыншазатты-әрекеттік
көрнекі-бейнелі
абстрактілі-логикалық
- Сипаты бойыншатеориялық
практикалық
- Көлемдік ауқымына
интутивтік
- Қайталанбастығына орайрепродуктивті
продуктивті
затты-әрекеттік- қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертуге бағытталған іс-әрекет. (3 жасқа дейінгі балаға тән)
Көрнекі бейнелі-ойлау заттар мен құбылыстардың өздері емес, пайымдаумен орындалады
абстрактілі-логикалық-ойлау тілдік құралдарға сүйенеді.
Теориялық-психологияда көп заңдылықтарын ашуға арналған ойдың теориялық жағы ғана ескеріліп келді.
Практикалық-теориялық ойдың іске асырудың бастауы.
Дискурсивтілік-өз кең кезегімен дамыған ойлау
Интутивтілік-Мазмұны толық ұғынылмаған ойлау процесі.
Репродуктивті-дайын білімдерді қолданып, ескі сүрлеумен жүреді.
Продуктивті-жаңа идеяларды туындатуға бағытталады.
Ойлау танымдық іс-әрекеттің жоғарғы формасы ретінде: белгілер, ойлау формалары, ойлау операциялары.Ойлаудың бастапқы формасы болып- ұғым - заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымдар жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы ұғым бірыңғай заттар мен құбылыстарды білдіреді. Мысалы: «стол», «Ғимарат». Дара құбылыстар қандайда бір затты білдіреді. Мысалы: «Енесей», «Венера». Шындықтағы заттың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір дегеніміз - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлау формасы. Ойлаудың күрделі формасының бірі- ой қорытындылары- ол бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке, бір-бірімен байланыстыруымыз керек. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Ой қорытындысының 3 түрі болады: Дедукциялық - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Индукциялық - жекеден жалпыға қарай жүретін ой қорытындысы. Аналогиялық - ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасау.
Ойлаудың негізгі белгісі - түсіну. Түсінудің 2 түрі болады . 1. Тікелей түсіну- жанама ой операциясын керек етпейтін қабылдауға ұқсас процесс. 2. Жанама түсіну- бірнеше аралық басқыштардан тұратын ой операцияларын керек ететін, нәрсені анық, айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой түйіндерін талап ететін процесс. Ол сұрақ қоюдан басталады. Ойлау дегеніміз - мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне білу деген сөз. Жанама түсіну жаңа затты құбылысты белгілі ұғымға жанастыра барып түсіну деген сөз.
Ойлау операциялары:
Салыстыру - шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция. Анализ -ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т. б. білуге мүмкіндік береді. Синтез - ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету. Ол анализге қарама-қарйшы операция жерде жатқан затты көріп, біз оны түсінеміз. Оның қалай жұмыс істейтінін білеміз. Анализ бен синтез негізінде салыстыру пайда болады. Ойлау операцияларының күрделі түрі-абстракция мен нақтылау. Абстракция-шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар туралы ой. Мысалы: қандайда бір затты елестету керек болса, біз оны алуан түрлі белгілерімен елестетеміз. Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел, жұмыс үстелі т. б.
Шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау механизмдері. Психологтар адамның ерекше, жаңа шығармашылық тапсырмаларды қалай шешу қажет екенін түсіну үшін көп күш жұмсаған. Шығармашылық ойлау дегеніміз не деген сұраққа алғаш жауап бергендердің бірі болған ДЖ. Гилфорд болған. Шығармашылыққа арнаған жұмыстарында, ол креативтіліктің даму деңгейін анықтайтын адам ойлауындағы 4 ерекшелікті көрсететін концепциясын ұсынды:- Интеллектуалды жаңалыққа ұмтылу, айтылған ойдың ерекше және оргениалды болуы. Шығармашылыққа қабілетті адам әрқашан және барлық жерде өз шешімін табуға тырысады.
- Шығармашылық адам семантикалық иілгіштігімен айрықшаланады, яғни обьектіні жаңа бұрышынан қарай білу, жаңа қолдануды таба білу.
- Шығармашылық ойлауда әрқашан образды бейімделген икемділік болады, яғни обьектіні қабылдауды оның жаңа жабық жақтарын көре алатындай өзгерту қабілеті
- Шығармашылық ойлауын адам басқа адамға қарағанда түсініксіз жағдайда әртүрлі идеяларды талдай алады. Шығармашылық ойлаудың бұл қабілетін Дж. Гилфорд семантикалы, спонтанды гипность деп атады.
Шығармашылық ойлаудағы кедергілерді көрсеткен Линдсит, К. Холл және Томпсон болған. Олар шығармашылық қасиеттің кедергі болған тұлғалық қырлар, сонымен қатар комформизм, басқаның алдында күлкілі болып қалам ба деген сезім және т. б.
Сонымен, ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау процесі бір мәселелі жағдайлар пайда болғанда, сол мәселені шешу керектігінде айқын көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz