Ислам және дәстүр


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Ислам және дәстүр
  2. Негізгі ұстанымдары

Ислам және дәстүр.

Көптеген бауырларымыз салт-дәстүрлердің барлығы тыйым салынған деп санайды. Сондықтан, егер олар халық жасап жүрген бір істі көрсе, әрі оның ата-бабаларымыз ұстанып келген дәстүрі екенін білсе, бірден қарсы шығып, оның Исламға сай немесе сай еместігін тексермей, көптеген проблеммалардың туындауына себепші болады.

Алайда, әдет-ғұрыптардың барлығы бірдей емес. Сол үшін, оларды бір жақты қарастыруға болмайды. Себебі, салттардың ішінде тыйым салынғаны да бар, сонымен қоса рұқсат етілетін, тіпті орындау қажет болып табылатындары да бар. Әрі шариғатта, «әл-`урф» (ғұрып) және «әл-`ада» (әдет) деп аталатын, салт-дәстүрлер мен адамдар арасында қалыптақан нәрселерге сүйенетін үкімдер көп. Сондай-ақ, «әл-қоуа`ид әл-фиқһия әл-кубра» деп аталатын, бүкіл ғалымдар бірауыздан келіскен, шариғаттың бес ұлы қағидаларының бірінде: «Әдет-ғұрыпқа хақысы беріледі» (әл-`ада мухаккамә), - деп айтылған.

Бұл, Исламда өте үлкен тақырып болып саналады, әрі бұл мәселеге байлынысты көптеген еңбектер жазылған. Бірақ, Аллаһтың қалауымен бұл мәселені қысқаша түсіндіргім келеді.

Қағида: «Егер салт-дәстүр шариғатқа қайшы келмесе, онда оған артық көңіл бөлінеді». Бұл ережені Аллаһ Тағала Құранда, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетте бекіткен, әрі оны имамдар (ғалымдар) жиі айтқан!

Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Кішіпейілдік таныт, жақсылықты (әл-`урф) бұйыр да, надандардан бет бұр!» (әл-А`раф, 199) .

Имам әл-Жассәс өзінің тәфсирінде: «”Әл-ма`руф” сөзі - бұл, ақыл оны орандауды жақсы деп есептейтін, әрі ақыл-есі дұрыс (адамдардың) алдында ол айыпты болып саналмайтын нәрселер», - деп айтқан (Қараңыз: “Әхкәм әл-Қуран” 4/214) .

Имам Әбу әс-Су`уд Аллаһтың: «әл-`Урфті бұйыр» деген сөздері жайлы былай деген: «Яғни, жақсылықты, істердің ішіндегі жақсы болып саналатындарды, өйткені осындайларды адамдар қабылдайды да, оны теріске шығармайтын болады» (Қараңыз: “Тәфсир Әби әс-Сууд” 2/456) .

Имам әл-Қарафи осы аятты келтіріп: «Салт-дәстүр нұсқайтын әрбір нәрсенің айрықша орны бар», - деді (әл-Фуруқ” 3/194) .

Аллаһ Тағала тағы да былай деді: «Аллаһ анттарыңды бос сөзді есепке алмайды. Алайда біле тұра істеген анттарыңнан жауапкер етер. Оның төлеуі: үй- іштеріңе жегізетін орта есеппен он міскінді тамақтандыру, не оларды киіндіру, немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу, үш күн ораза ұстау» (әл-Мәида, 89) .

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтқан: «Аллаһ Тағала адамдардың өз жанұяларына жегізетін орта есеппен он кедейді тамақтандыруды бұйырды. Орта есеппен тамақтандыру қалай анықталады деген осы мәселеде ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар: ол шариғатқа сай өлшенеді ме, әлде салт-дәстүрге қайтарылады ма? Сол сияқты, олардың арасында әйелді асырау тақырыбын да да қарама-қайшылықтар болған. Ал бұның барлығы адамдар арасында қалыптасқан әдет-ғұрыпқа қайтарылады деген пікір, ең дұрыс болып табылады» (Қараңыз: “Мәджму’ул-фатәуа” 26/113) .

«Әй мүміндер! Меншіктеріңдегі қүл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, осы үш мезгілде (жандарыңа) рұқсат сұрап кірсін: Таң намазының алдында, киімдеріңді шешкен түскі уақытта және кешкі намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де оларға да айып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша Алла, сендерге аяттарын баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі» (Нұр, 58) .

Хафиз әл-`Аләи осы аят хақсында «әл-Мажму`» кітабында былай деген: «Әдетте осы үш уақытта адамдар киімдерін шешетініне байланысты, Аллаһ Тағала рұқсат сұрауды әмір етті. Бұл мәселедегі шариғи үкім адамдардың дәстүрі болып табылатын нәрсеге сай бекітілген еді!».

Тура соны, имам әл-Қуртуби де өзінің тафсирінде айтқан 12/304.

«Әй мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың халал емес. Және бергендеріңнің бір бөлімін алып қалу үшін оларды зорламаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе басқа. Сондай-ақ олармен бірге ғұрыпқа сай өмір сүріңдер!» (Ниса, 19) .

Тағы да Аллаһ айтты: «Ал кімнің баласы туылса, шешесін тамақ және киіммен, дәстүрге сай асырауға тиіс» (Бақара, 233) .

Шейх Ибн әл-Қайим «әр-Рауда әл-мухиббин» кітабында: «Күйеуі, қалыптасқан әдетке сәйкес әйеліне (мал-дүниесін) жаратып, оны киіндіретіні сияқты, өз әйелімен қалыптасқан дәстүрге сай жыныстық қатынасқа да баруы керек».

Сүннетке келер болсақ, онда одан да салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың заңдастырылғанына дәлелдер таба аламыз. `Айша айтқан: «Бірде Әбу Суфьянның әйелі Хинд, пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Негізігде, Әбу Суфьян - сараң адам, егер мен оның рұқсатынсыз алмасам, өзі маған және балама жететіндей нәрсені бермейді». Сонда ол: «Өзіңе әрі балаңа әдетке сай жететін нәрсені ал!», - деп жауап қайтарды» (әл-Бухари 5364, Муслим 1714) .

Осы хадитің пайдаларын атап өтіп, имам ән-Нәуәуи: «Шариғаттың нақтылауы келмеген мәселелерде, салт-дәстүрге сұйену керек», - деді (“Шарх Сахих Муслим” 2/8. ) .

Имам әл-`Изз ибн `Абдус-Сәләм былай деген: «Бұл хадис, әдет-ғұрыптың заңдылығына дәлелдердің бірі» (Қараңыз: “Қауә’ид әл-ахкәм” 1/61) .

Тағы да салт-дәтүрге дәлел ретінде, Ибн Мас`удтың келесі сөдерін де келтіруге болады: "Бүкіл мұсылмандар жақсы деп есептейтін нәрсе, Аллаһтың алдында да жақсы. Ал бүкіл мұсылмандар жаман деп есептейтін нәрсе, Аллаһтың алдында да жаман болып табылады" (Ахмад 1/379, Таяласи 23, Бәззәр 130. Хаким, Заһәби, Ибн Хаджар, Сахауи және шейх әл-Әлбәни сахих деген) .

Сахабаның бұл сөздері, адасу болуы мүмкін емес мұсылмандардың бір ауызды пікіріне (ижма`) дәлел болып табылады. Себебі, бүкіл мұсылмандар жаманды жақсы деп немесе жақсыны жаман жеп есептеуі мүмкін емес, өйткені хадистерде айтылғандай олардың барлығы түгелдей адасуда жиналмайы. Алайда, Ибн Ма`удтың бұл сөздерін, әс-Суюти мен Ибн Нужәйб, және де әс-Сархаси сияқты ғалымдар айтпақшы, көптеген имамдар салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың заңдылығына дәлел етіп алды (Қараңыз: «әл-Ашбаһ», «әл-Мәбсут» 12/45) .

Сонымен, жоғарыда аталғандардың барлығы, адамдар арасында жалпылай қалыптасқан нәрселердің және шариғатқа қайшы келмейтін дәстүрлер мен ғұрыптардың маңыздылығы мен олармен санасу керектігіне нұсқайды.

Имам әл-Кәсәни айтқан: «Шариғатта тікелей нұсқауы жоқ нәрсе, салт-дәстүрге қайтарылады, өйткені дәстүр дәлел болып табылады!» («Бадәи’ әс-сәнаи’» 5/223) .

Имам Ибн `Абидин былай деген: «Шариғатта, әдет-ғұрыптармен санасады, сол үшін оның оған қайтарылатын үкімдері бар». Сондай-ақ ол, имам әс-Сархасидің келесі сөздерін жеткізді: «Әдет-ғұрыппен бекітілген нәрсе мен шариғатпен бекітілгенмен тең!» (“Расәил Ибн ‘Абидин” 2/114) .

Әдет-ғұрыпқа айрықша орын бергенде, орындалатын кейбір шарттар:

1. Салт-дәстүр, Құран мен Сүннеттің мәтіндеріне, ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне (ижма`) немесе шариғатта бекітіліп қойған үкімге қарама-қайшы келмеіге тиіс.

Имам әс-Сархаси: «Құран мен Сүннетке қарсы келген кез-келген салт есепке алынбайды», - деп айтқан (“әл-Мәбсут” 1/146. ) .

2. Әдет-ғұрып, сирек кездесетін емес, бірақ кең тараған болу керек.

Имам әс-Суюти айтқан: «Салт-дәстүрмен тек, егер ол кеңтараған (бәрімен мойындалған) болса ғана санасады, ал егер ол анықсыз болса, есепке алынбайды» (Қараңыз: “әл-Әшбахһ уә-ннәзаир” 87) .

3. Ол, баяғыда істеліп жүрген емес, бірақ қазіргі таңда іске асырылып жүрген дәстүр болу керек. Өйткені, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар уақыттан уақытқа, мекеннен мекенге, халықтан халыққа ауыса береді.

Бұл жайында имам әш-Шатыби «әл-Муәффақат» кітабында 2/220 айтқан.

Ғалымдар салттарды екіге бөлген: дұрыс және бұрыс.

Жақсы әрі дұрыс салт дегеніміз - бұл, (белгілі қоғамдағы) барлық адамдарға әйгілі, Құран мен Сүннеттің мәтіндеріне және ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне (ижма`) қайшы келмейтін, әрі игі істен жіберіп алу мен зиянға апаруға себеп болмайдын әдет-ғұрыптар (Қараңыз: “Нәзария әл-‘урф” 36-37) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исламның ұлттар дәстүрлерімен қатынасы
Ислам мәдениетіндегі дәстүр
Қазақ халқының исламмен байланысқан салт - дәстүрлері
Исламдық салт-дәстүрдің өзіндік ерекшеліктері
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
Ислам мейірімділік пен қамқорлық діні
Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі
Ислам мен дәстүр бір-біріне қайшы ұғымдар емес
Қазақ халқының ислам дініне дейінгі діни сенім - нанымдарының зерттелу тарихы
ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДИНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz