Еңбек қатынастарындағы тараптардың жауапкершілігі, оның түсінігі мен жалпы ережелері


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Еңбек қатынастарындағы тараптардың жауапкершілігі, оның түсінігі мен жалпы ережелері.
2. Тараптарды еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту негіздері
3. Жұмыс беруші мен қызметкерлердің жауапкершіліктерінің түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық деп - Еңбек процесі жағдайында қызметкерлердің еңбек нормалары бұзған үшін қолданылатын жазалау шаралары болып табылады. ҚР «Еңбекті қорғау туралы» заңында еңбекті қорғауға қатысты заң шығарушылық ж. не өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Бұл жауапкершілікті шартты түрде к. сіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің жауапкершілігі деп бөлуге болады. Кәсіпорындар еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз етпегені үшін және еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін, өндірістік мақсаттағы өнімді шығарғаны және өндіргені үшін экономикалық жауапкершілікке тартылады.
Еңбекті қорғау туралы заңдарды бұзушылықтарды қадағалау және бақылау органдары анықтаған кезде, кәсіпорындар өздерінің қаражаты есебінен еңбекті қорғау қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған тәртіпте және мөлшерде айыппұл төлейді. Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы, технологияларды, өндірістік объектілерді жасаған және дайындаған кәсіпорындар да экономикалық жауапкершілікке тартылады және әлеуметтік сақтандыру органдарына және тұтынушыларға осы құқық бұзушылықтарды жоюға қатысты, сонымен қатар, қайғылы оқиғаның және кәсіптік аурудың нәтижесінде жәбірленгендерге өтемақы төлеумен қатысты шығындарды өтейді. Шығындардың мөлшерін арбитраждық сот белгіленген т. ртіп бойынша анықтайды және өндіреді. Еңбекті қорғау талаптары мен нормаларын бұза отырып, жаңа технологиялар мен өндіріс құралдарының жобаларын жасаған және оларды енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу және жобалау-құрастыру ұйымдары тапсырыс берушіге осы құқық бұзушылықтарды жоюға қатысты келтірілген шығындарды өтеуге міндетті. Шығындардың мөлшерін арбитраждық сот белгіленген тәртіп бойынша анықтайды ж. не өндіреді.
- Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігі.
Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау заңдарында еңбекті қорғауға қатысты заң шығарушылық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды, еңбекті қорғау туралы ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл жауапкершілікті шартты түрде кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің жауапкершілігі деп бөлуге болады. Кәсіпорындар еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз етпегені үшін және еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін, өндірістік мақсаттағы өнімді шығарғаны және өндіргені үшін экономикалық жауапкершілікке тартылады. Еңбекті қорғау туралы заңдарды бұзушылықтарды қадағалау және бақылау органдары анықтаған кезде, кәсіпорындар өздерінің қаражаты есебінен еңбекті қорғау қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған тәртіпте және мөлшерде айыппұл төлейді.
Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы, технологияларды, өндірістік объектілерді жасаған немесе дайындаған кәсіпорындар да экономикалық жауапкершілікке тартылады және әлеуметтік сақтандыру органдарына және тұтынушыларға осы құқық бұзушылықтарды жоюға қатысты, сонымен қатар, қайғылы оқиғаның және кәсіптік аурудың нәтижесінде жәбірленгендерге өтемақы төлеумен қатысты шығындарды өтейді. Шығындардың мөлшерін арбитраждық сот белгіленген тәртіп бойынша анықтайды және өндіреді.
Еңбекті қорғау талаптары мен нормаларын бұза отырып, жаңа технологиялар мен өндіріс құралдарының жобаларын жасаған және оларды енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу және жобалау-құрастыру ұйымдары тапсырыс берушіге осы құқық бұзушылықтарды жоюға қатысты келтірілген шығындарды өтеуге міндетті. Шығындардың мөлшерін арбитраждық сот белгіленген тәртіп бойынша анықтайды және өндіреді. Егер бұлар еңбекті қорғауға қатысты нормалардың, стандарттардың және ережелердің талаптарына қайшы келсе, өнімдерді өндіру, жарнамалау және сату, соның ішінде шетелдерден . келінген өнімдерді жарнамалау және сату заңсыз болып табылады. Кәсіпорынның мұндай қызметтің нәтижесінде тапқан пайдасы еңбекті қорғау қорына алып қойылады. Кәсіпорындар өндірісте жапа шеккен қызметкерлердің немесе қызметкерлер қайтыс болған жағдайда олардың жақын туыстарының алдында материалдық жауапкершілікте болады. Өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде еңбекке қабілетін толығымен немесе ішінара жоғалтқан қызметкерге немесе оның жақын туыстарына кәсіпорын не оның құқықмирасқоры бір жолғы жәрдемақы төлейді және заңдарда белгіленген тәртіпте және мөлшерде қызметкердің өміріне не денсаулығына келтірілген зиянды өтейді. Бір жолғы жәрдемақының мөлшері ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталады және мыналардан кем болмауы тиіс:
- өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың салдарынан қайтыс қайтыс болған қызметкердің жылдық жалақысының он еселік мөлшерінен;
- еңбектегі жарақаты немесе кәсіптік ауруы салдарынан бірінші не екінші топ мүгедегі ретінде танылған қызметкердің жылдық жалақысының бес еселік мөлшерінен;
- еңбектегі жарақаты немесе кәсіптік ауруы салдарынан үшінші топ мүгедегі ретінде танылған қызметкердің жылдық жалақысының екі еселік мөлшерінен;
- еңбекке қабілеттігі толығымен жоғалды деп танылған және оған қатысты мүгедектік тобы тағайындалмаған қызметкердің жылдық жалақысы мөлшерінен.
Жылдық жалақыны есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкімет анықтайды. Егер қызметкер емдеу және әлеуметтік шараларды қажет етсе, кәсіпорын жәбірленген қызметкерге емделуге, протездеуге және медициналық және әлеуметтік көмектің өзге де түрлеріне қатысты шығындарды өтейді. Қажет болған жағдайда кәсіпорын медициналық қорытындыға сәйкес жәбірленген қызметкердің кәсіби сауығуын, қайта дайындықтан өтуін және жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді немесе осы мақсаттарға кеткен шығындарды өтейді. Еңбекті қорғау нормаларының талаптарын бұзғаны үшін кінәлі немесе қадағалау ж. не бақылау органдарының қызметіне кедергі жасаған лауазымды тұлғалар заңдарда белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қызметкерлер де еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2. Еңбек нормаларының сақталуын мемлекеттік бақылау.
Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады. Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың құқықтары:
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың:
1) жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс берушінің ұйымдардағы жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жасау жөніндегі келісімдерді, ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушілер алдында қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының қорғалуын жүзеге асыруға;
2) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйін кешенді тексерулерге қатысуға;
3) жұмыс берушілерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан өз функцияларын атқару үшін қажетті, оның ішінде жазбаша түрде ақпарат пен түсініктемелер алуға;
4) жұмыс берушілердің келісімдерде, ұжымдық шарттарда еңбекті қорғау бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындауын тексерулерді жүзеге асыруға және тексеру қорытындылары бойынша лауазымды адамдардың атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізуге;
5) өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын сынақтан өткізу және пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға;
6) еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға, оларға өз ұсыныстарын енгізуге;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының, еңбекті қорғау бөлігінде келісімдер мен ұжымдық шарттар ережелерінің бұзылуына, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды жасыруға кінәлі жұмыс берушілерді және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы талаптармен тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге;
8) еңбек жағдайларының өзгеруіне, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамасының бұзылуына, келісімдерде және ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында көзделген міндеттемелердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға қатысуға;
9) қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақат алуы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан келтірілген зиянды өтету құқықтарын қорғау үшін әрі қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына қысым жасалған басқа да жағдайларда қызметкердің өтініші бойынша талап қойып соттарға жүгінуге құқығы бар.
3. Еңбек нормаларының сақталуын тексеру, олардың түрлері, нысандары мен мерзімдері.
Қазақстан Республикасының Еңбек нормаларының сақталуын тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;
2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерді дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ өтініштерге жедел назар аударуды талап ететін, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру.
Жоспарлы тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бір реттен, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты үш жылда бір реттен жиі болмауға тиіс. Жоспардан тыс тексеруді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жеке немесе заңды тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың өтініші болған, сондай-ақ құжаттармен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргізіледі. Анонимдік өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болмайды.
Тексерудің ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемі елеулі болғанда мемлекеттік органның басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін күнтізбелік жиырма күнге дейінгі мерзімге және құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
Мемлекеттiк еңбек инспекторының өз құзыретiне сәйкес қызмет мiндеттерiн орындауына тексеру жүргiзуге жiбермеу, жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы қажеттi құжаттар мен ақпаратты беруден бас тарту түрiнде кедергi жасайтын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары:
Мемлекеттiк еңбек инспекторларының:
1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйiне тексеру жүргiзу мақсатында кәсiпорындарға кедергiсiз баруға;
2) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуға;
3) жұмыс берушiлерден, ұйымдардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталу мәселелерi жөнiнде қажеттi ақпараттар, құжаттар, сондай-ақ түсiнiктемелер алуға;
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарының бұзылуына кiнәлi заңды, лауазымды және жеке тұлғаларға нұсқамалар беруге және әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz