Феодалдық қытай мемлекеті


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Феодалдық Қытай мемлекеті мен құқығы
- Цин империясының құрылуы
- Мемлекеттік құрылымы және идеологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Орта ғасырлардағы Қытай мәдениетінің орны өте ерекше. Олардың өнері өзіне ғана тән қайталанбайтын қасиеттерімен дараланды. Үнді өнерімен салыстырғанда, ортағасырлық Қытай өнерінде анағұрлым қатаң әрі ұстамды стиль де және поэтикалық толғаныс та басымырақ.
Қытайдың ағаштан жасалған сәулеттік өнері өзінің пропорцияларының жеңілдігімен, айқындылығымен, өрнекті оюларының әсемдігімен және иілген қанаттарының ырғақтылығымен қызықтырады. Қытай кескіндемесіндегі анық байқалатын құбылыс - лиризм, аса қатты көзге түспейтін тұнық бояу түстеріндегі үйлесімділік. Ал Будда мүсіндері күшейтілген динамикаға мүлдем жуықтамайтын сызықтардың жұмсақтығымен, дене қимылдары мен бет пішінінің құндылығымен, дене құрылысының калыпты салмақтылығымен ерекшеленеді.
Елдегі феодалдық құрылым өте ертеде, II жән IV ғасырлар ширегінде қалыптасты. Шығыс елдерінің бірқатары ортағасырлық өркениетке енді ғана ене бастаған кездің өзінде, ондағы көркем өнер гүлденудің биік шыңына қол жеткізіп үлгерді. Орта ғасырлар Қытай тарихындағы барынша ұзақ мерзім ғана емес, бұл елдің рухани деңгейінің мүмкіндігінше көтерілген тұсы. Аса үлкен калалар мен зәулім сарайлардың, бақтар мен храмдар, яғни көптеген құрылыстардың гүлденген кезеңі болды.
Бұл уақытта новелла, роман секілді әдеби шығармалардың жаңа түрі пайда болды. Поэзия мен проза, театр мен музыка, мүсін мен сәулетшілік, кескіндеме мен көптеген қолөнер түрлері дамудың биік сатысына жетті. Шығыс елдеріне қытай философтары мен ақындарын, өнер теоретиктерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берген кітап басу өнері қалыптасты. Сонау алыс дәуірлердегі білім мен ілімді таратушылар, басқа елдердің өмірін зерттеп, сол елдерге өз білімін жеткізу үшін ұлан-ғайыр жерлерді аралап, түрлі қиыншылықтарды бастан өткізген саяхатшы ғалымдар және дәруіш монахтар еді. Солардың бірі Үндістандағы Ганга өзенініңжағасына дейін саяхат жасаған, сол саяхаттан алған бақылауларын "Батыс елдері туралы жазбаларда" керсеткен, VII ғасырдың тамаша философы Сюань Цзань еді. Сол кезеңдегі Жапония астанасы Нарадағы ең керемет храмдардың бірі саналатын Тоседайдзидің негізін қалаушы, будда уағызшысы Кан Син де тарихи ірі тұлғалардың бірі болып саналады.
Феодалдық Қытай мемлекеті мен құқығы
Орта ғасырлар - Шығыс елдерінің өзара үздіксіз тәжірибе алмасу кезеңі болып табылады. Орта ғасырдың басында-ақ дамыған көркемдік дәстүрлерге қол жеткізген Қытай өнері, жазу үлгілерін таныту жағынан көршілес Жапония, Корея, Вьетнам елдеріне негіз болды. Өз кезегінде Қытай елі де Үндістан, Иран, Ауғанстансекілді көне мемлекеттерден үйреніп отырды. Орта ғасырлар ширегінде қытайлықтар Үндістаннан буддизм ілімін алып кірген буддалық пластикалардың бейнесін қабылдады. Ал Ираннан ою-өрнектің алуан түрі келді. Оларды Таң дәуірі кезеңіндегі мата өрнектері мен керамика формаларынан оңай байқауға болады. Қытайдағы феодализм дәуірінің ауқымдылығын, сан алуандығын көптеген ірі оқиғалар мен құбылыстар арқылы түсіндіруге болады. Елдің феодалдық мәдениетінің дамуында өнердің қалыптасуының бірнеше маңызды кезеңдері бар. Бұлар - алғашқы кезеңі (IV-VI ғғ. ), гүлдену кезеңі (VII-XIII ғғ. ) және орт ағасырлық кезең, яғни Қытайдың ұзақ тарихын тамамдайтын соңғы кезең (XIV-XIX ғғ. ) .
Басқа феодалдық мемлекеттер секілді Қытай өнері де ондағы өpic алған діни ұғымдармен тығыз байланысты болды. Негізгі ілім ретінде өте ертеде негізі қаланған конфуцизм мен даосизм, сондай-ақ оларды б. з. алғашқы ғасырында толықтырған буддизм діні өмір сүрді. Алайда Қытайдағы орта ғасырлық идеология Еуропа елдерімен салыстырғанда мешіт догмаларына анағұрлым тәуелсіз болды. Қытайдағы орта ғасырлық халықтық наным-сенімдерден тұратын, өте ертеден келе жатқан көптеген секталар мен діни мектептер арқылы айқындалды.
Феодалдардың үстемдігін Қытай экономикасының дамуына кедергі жасады. Помещиктер шаруаларды феодалдық жағынан қанауды күшейтуге тырысты, бұл әрине шаруалар соғысына әкеліп соқтырды. Қытайдың көрші жапондармен, моңғолдармен, маньчжурлармен соғысуына байланысты елде салықты көбейтуі және шаруалардан жерді тартып алу, орталық және жергілікті аппараттың коррупциясы, қала және ауыл халқының қайыршылыққа ұщырауы Мин империясының дағдарысын күшейте түсті. Бұл дағдарыс ХVІ ғасырдың екінші жартысында қатты байқалды, ал шаруалар соғысы кезінде (1628-1646 ж. ж. ) және ХVІ ғасырдың 30-40 жылдары маньчжур басқыншыларының шапқыншылығы кезінде одан әрі тереңдеді.
Феодалдық қанау, ашаршылық, қайыршылық Қытай шаруаларын қанаушыларға қарсы күрес жүргізуіне итермеледі. ХVІІ ғасырдың 30-40 жылдары шаруалар соғысы Шэньси, Хэнань, Хубей, Сычуань провинцияларын қамтыды. Күрес барысында көтерілісшілердің 2 лагері қалыптасты:
1. Хубей және Шэньси провинцияларында. Мұнда шаруаларды Ли Цзи чэн басқарды.
2. Сычуань провинциясында. Бұл жерде көтерілістердің көсемі Чжан Сянь чжун еді.
Қытай маньчжур тайпаларымен күрес жүргізіп жатқан кезде шаруалар көтерілістері кең етек жая бастады. Кезінде маньчжур тайпалары Қытайға вассал болып табылатын. Олар қазіргі Қытайдың солтүстік-шығысында мекен етті, бұл тайпа Қытайдың аудандарын басып алуды көздеді. Қытай императоры маньчжур майданынан бірнеше әскерді босатып, оларды шаруалар көтерілісін басып тастауға жіберді. 1638 жылға таман Қытай императорының әскері көтерілісшілер армиясын басып тастады. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. 1639-1640 жылдары көтеріліс жаңа күшпен бұрқ ете қалды. Көтерілісті Ли Цзы чэн басқарды. Мин әскері жеңіліске ұшырай бастады. 1644 жылы шаруалар әскері Пекинге басып кірді. Көтерілісшілер Ли Цзы чэнді император етіп жариялады. Осы кезден бастап Мин династиясы өмір сүруін тоқтатты. Мин династиясының ең соңғы императоры өзін-өзі өлтірді.
Шаруалар көтерілісі Солтүстік Қытайды толығымен қамтыды. Көтеріліс барысында бұл территорияда ескі салықтар, шаруалардың қарыздары жойылды, жер шаруалардың қолына өтті.
2. Қытайдың өзінде шаруалар көтерілісі жүріп жатқан кезде, үкімет әскері сол кезде маньчжур тайпаларымен күресіп жатты. Маньчжурларға қарсы күрестің басшысы У Сань гуй еді. Шаруалар көтерілісінің көсемі Ли Цзы чэн У Сан гуйге маньчжурларға қарсы күресте өзінің көмегін көрсетуді ұсынды. Бірақ У Сан гуй және көптеген феодалдар өздерінің басты жауы көтеріліске шыққан шаруалар деп есептеді. Олар керісінше қайта маньчжур билеушілерімен келісім жасауға көнді. Сатқын У Сан гуй және біріккен маньчжурлар Пекинге бағытталды. Көтерілісшілер шайқассыз-ақ қаланы босатты. 1644 жылы маусым айында маньчжурлар толығымен Пекинді басып алды. Осы кезден бастап Қытай астанасында маньчжурлық Цин династиясы құрылды.
Көтерілісшілер әскері қала түбінде күресті жалғастыра берді, бірақ күш тең емес еді. Сонымен шаруалар көтерілісі жеңіліспен аяқталды. Солтүстік Қытай маньчжурлардың қол астында болды. Көтерілістер Қытайдың басқа аудандарында жалғасты, бірақ олар ақырында басып-жаншылды. Сөйтіп Қытайда Цин династиясының билігі толығымен орнатылды. Маньчжурлар қытайлықтарға тәуелділік белгісі ретінде барлық қытай ер азаматтарының басының айналасындағы шашын қырып тастап, ал төбесіндегі шашын өріп жүруін талап етті.
Цин империясының құрылуы
Цин империясының саяси қоңдырмасы феодалдық өндірістік қатынастарды сақтауға және қорғауға бағытталды.
Мемлекет басында билігі шексіз монарх - боғдыхан тұрды. Боғдыханның қарамағында жоғарғы өкімет Әскери кеңестің қолында болды, ол маньчжур ақсүйектерінен тұрды. Министрлер кабинетінің қызмеиін «любу» атқарды: ол шенеуліктік, салық салтанатты істер, әскери, қылмыстық, қоғамдық жұмыстар істерімен айналысты.
Ең жоғарғы сословиеге маньчжурлар жатты, олардың артықшылықтары мұрагерлік бойынша берілді: императордың туыстары және ұрпақтары «сары белбеулілер» деп аталды. Өйткені олар императордың белбеуі түстес сары белдік тағатын. «Қызыл белбеулілер» және «темір дұлығалылар» - бірінші маньчжур императорының жақындарының ұрпақтары болған.
Жоғарғы сословиеге сондай-ақ «шэньши» - ғалымдар жатты, олардың атағы мұрагерлік бойынша берілмейтін. Шэньши болу үшін емтихан тапсырады, сөйтіп ғылыми атаққа ие болатын. Шэньшилердің ішінен қала басқарушылары, соттар т. б. шенсуніктер шықты. Европалықтар оларды «мандариндер» деп атады.
Сослевиелік - иерархиялық сатының ең төменгі қатарында жер өңдеушілері, қол өнершілер, саудагерлер тұрды.
Бастапқы кезде цин өкіметі европалық миссионерлерге мейіріммен қарады, себебі қажет жағдайда европалықтарға сүйеніп қытай халқының наразылығынбасып тастауға болады деп есептеді. Сондықтанда шетел кемелеріне Қытайға кіруге рұқсат берілді. ХVІІ ғасырдың екінші жартысында Пекинге голланд, португал, француз, ағылшын көпестері келе бастады. Сонымен бірге Қытайға көптеген католик миссионерлері ағылып келді. Олар христиан діні насихаттады. Тіпті кейбір миссионерлер императордың кеңесшілеріне де айналды.
Шетел миссионерлерінің қызметі халық арасында қарсылық тудырды. Халық Европаның ықпалынан қауіптенді. 1724 ж. жаңа боғдыхан Юнчжэн христиан шіркеулерін жабуға және миссионерлерді елден шығаруға бұйырды. 1757 жылы император Цяньлун кезінде Қытай порттарында европалықтармен сауда қарым-қатынасын жүргізуге тыйым салды. Осы кезден бастап Қытай Батыстан оқшаулану саясатын жүргізе бастады. Европалықтар Қытайға ене алмады, олардың кемелері тек Гуаньчжоуға кіре алды.
Оқшаулану саясаты шетел отаршыларының Қытайға ену әрекетін тоқтатты. Сондай-ақ бұл саясат арқылы маньчжурлар өздерінің Цин династиясының үстемдігін және феодалдық тәртібін сақтап қалуға тырысты.
Үндістанды басып алып, билеп жатқан Англияның билеушілері ендігі кезекте Қытайды отарлап алуды мақсат етті. Британ отаршылары Қытайды ашу керек еді.
Ұлыбритания қысым көрсету мақсатымен 1793 жылы Қытайға бірнеше әскери кемелерден тұратын арнайы миссияны жіберді. Қытайға Англияның әскери және өнеркәсіптік күш-қуатын көрсетпекші болған ағылшын қонақтары боғдыханға сыйға түрлі қару-жарақ т. б. әкелді. Миссияны британ қызметшісі, дипломат лорд Макартней басқарды. Макартней боғдыханна ағылшын көпестеріне Қытай порттарында сауда жүргізуіне рұқсат алуды мақсат етті. Сонымен бірге бұл миссия ағылшындарға бір Қытай аралын ашу, ағылшын тауарларына баж салығын азайту, ағылшын және қытай үкіметінің арасында байланыс орнатуды көздеді. Бірақ Макартней бұл жоспарын жүзеге асыра алмады. Ағылшындар бұған қарсы әрекет ретінде өздеріне қолайлы амал тапты ол - Қытайға апиынды енгізу. 1700 жылы Үндістаннан Қытайға тек 200 жәшік апиын әкелінді, оның әр жәшігі 133 фунттан тұрды. 1800 жылдан бастап Қытайға апиынды енгізу 2000 жәшікке жетті. 1800-1838 жылдары Қытайға апиынды енгізудің жылдық көлемі 20 есе өсе түсті - 2 мың жәшіктен 40 мың жәшікке дейін.
Мемлекеттік құрылымы және идеологиясы
Феодалдық қытай өнерінің бар ерекшелігі келесі кезеңде елдің ортағасырлық өркениетінің барынша дамыған тұсында ажарлана түсті. Бұл тарихта мәдени жетістіктерінің ізін қалдырып кеткен екі бірдей ірі мемлекет Таң (618-907) және Сұң (960-1279) империяларының бірігуімен байланысты еді. Қытайдың рухани өмірі үш ғасыр бойында айтарлықтай шырқау биікке көтерілді. Өнердің, шығармашылықтың түрлі салалары - сәулет өнері мен кескіндеме, мүсін мен қолданбалы өнер, поэзия мен проза кемелденіп, гүлдене түсті.
Таң және Сұң кезеңінің кескіндемесі өмірдің көптеген жақтарын ашып көрсетті. Онда көрініс тапқан құбылыстардың ішінде қалалықтардың тұрмыс-тіршілігін жіті бақылау, жаратылысқа аса мұқияттылықпен назар аудару басты орын алды. Кескіндеме мен поэзия біртұтас бөлінбес бірлікке айналды.
Таң және Сұң кезеңінің суретшілері өз таланттарын танытудың түрлі жолдарын тапты. Олар сарай қабырғалары мен храмдардыбезендірді, желпу іштерге миниатюрлі кескіндемелік композициялар салды. Көлемді орама қағаздарда қала және сарай өмірін, пейзаждарды, портреттерді, тұрмыс-тіршілікті, аңыздар мен саяхатшылықтың сюжеттерін бейнеледі. Орамалар өзінше кескіндемелік кітап қызметін атқарады. Онда суретші өзінің алған бар әсерін дербестеп, ұсақ бөлшегін көрсете алды. Көркем шығарманың композициялық құрылымы өте күрделі орама кағаздарға салынған сурет үздіксіз ойды білдіреді.
Таң сарайы суретшілерінің жібекке салған суреттерінің сюжеті ретінде сарай тіршілігі, бикештер серуені, ғалымдардың әңгімелесу сәті алынды. Сонымен қатар әрбір шебердің өзі сүйіп жазатын белгілі бір тақырыбы болды. Әйгілі У Даоцзы будда жазбалары такырыбына композициялар мен портреттер жазса, Хань Гань жылқы малын салумен әуестенді, Янь Либэн "Жэньу" жанрында ("адамдар мен заттар") жұмыс істегенді ұнатты. Сол кездегі атақ пен даңққа бөленген суретшілердің бізге жеткен еңбектері саусақпен санарлық. Олар - қырғын соғыс пен табиғат апаттарының құрбаны. Солай бола тұра, бізге жеткен шағын образдарының өзі Таң кескіндемесінің биік деңгейін тануға мүмкіндік береді.
Янь Либэннің (600-673) "Түрлі династиялардың әміршілері" атты орамасы - көне жанрлық композициялардың бірі. Оны Хан дәуіріне дейін билік құрған отыз императорды көрсетуге арналған топтық портрет деуге де болады. Осы картинаның стилінде жібек бетіне көсілте жазылған топтамалардың ұзак, жылдарға созылған дәстүрлілігі байқалады.
Императорлардың тұлғалары қимылсыз қалпында бар тәкаппарлығымен көрінген. Бет әлпеттері орта ғасырлар ханымдарының шарттарына сәйкес жасалған. Суретші кейде императорды табиғи калпында беру үшін оларды іс-әрекет үстінде көрсетуге тырысады. Әсіресе бұл портреттерді жазудағы суретшінің бет сызықтарын, шаш үлгісін, киіміндегі жеңіл қатпарларды анық әрі жеңіл сызықтар арқылы еркін көрсете білуі таң қалдырады.
Солтүстік Сұң кезеңінің кескіндемешісі Сюй Даоның ұзын горизонтальді орамадағы "Тау арнасынан балық аулау" картинасы алыстан мұнартып көрінетін дала және өзінің беймәлім күшімен белгісіз әсерге бөлейтін тізбектелген таулар сілемімен басталады. Сирек кездесетін өсімдіктермен көмкерілген биік тау шыңдары, тасты майда өзендер мен үлкен айнакөлдің салмақты қалпы - бәрі біртұтас алып ырғаққа бағынып тұр. Бүкіл пейзаж тек қара бояудың еркіне көнген, анық графикалық сызықтар мен жайылған жұмсақ таңбалар бірлесе жарасымды үйлесім тапқан. Көруші дымқыл ауамен қатар, таңғы табиғат бояуының түсін де анық сезінеді. Мұндай аз нәрсемен көп дүниені аңғарту тәсілі табиғатты жіті бақылаудың нәтижесі деуге анық болады.
Пейзаждың ірі шебері атанған Го Сидің (шамамен 1020-1100) "Ерте көктемі" де жаратылыс сұлулығын терең сезіне білуге негізделген. Ұзак қысқы ұйқыдан оянып келе жатқан әлем әрекетке толы. Картинадағы ырғақ тым белсенді, сабырсыз. Таулардың күңгірт сұлбасы тұманды бұлттардан әрең байқалады, ал ағаштар кәрі бұтақтарын керіле жайып келеді. Кеңістіктің шексіздік әсерін, таулардың алыптығын көрсетуге ораманың тіке формасы көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz