Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 147 бет
Таңдаулыға:   

0I ТАРАУ. Экологиялық Құқықтың Қоғамдағы Ролі

§ 1. Экологиялық құқықтың түсінігі және мәні.

Қоғамдық өмірдің белгілі бір саласын зерттеу процесін зерттелетін объектінің, талдау нысанының дәл шекарасын белгілеуден және әдістемелік айқындамалардан, тәсілдер мен амалдардан бастаған жөн.

Табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғи ортаны қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдіснамалық негізі экологиялық ғылым болып табылады. 1866 ж. неміс ғалымы Э. Геккель тірі организмдердің өздері мекендейтін қоршаған ортамен қатынасы туралы ілімді экология деп атаған болатын. Экология ұзақ уақыт бойы ғылыми әдебиетте классикалық биологиялық ғылым ретінде қабылданып, дамыды, тек жуықта ғана ғылыми әдебиетте "әлеуметтік экология" термині қолданыла бастады. Бұл ғылымның объектісі адам қоғамы және оның қоршаған ортамен өзара әрекеті болып табылады, бұл ретте табиғат қатысады. Мынаны атап көрсету керек: қазіргі кезенде жалпы "экология" ғылымы 40-тан астам әр түрлі "экологиялық ілімдерде" өзінше түсіндіріліп келді.

"Әлеуметтік экологая" ұғымы немесе "адам экологиясы" қазіргі заман әдебиетінде әр түрлі түсіндіріледі. "Адам экологиясының мақсаты - оның өмірін, денсаулығын, биологиялық өніміне қабілетін, оның тектік беріктігін, мутацияларға, қоршаған ортаның басқа да ықпалына тұрақтылығын қорғау болып табылады. "Адам экологиясы" осы түсіндірмеде жалпы "әлеуметтік экологияның" тек бөлімі болып табылатынын байқау қиын емес, ол табиғаттың адамға ықпал ету қатынасын ғана емес, сонымен бірге басқа процестерді де реттейді. Ол ол ма, атап айтқанда адамның табиғатқа ықпалы экологиялық құқық қалыптасуының алғышарты болып табылады.

Адамның қоғамдық өмірі саласының кең ауқымына қарамастан, оның көпқырлылығы, оның негізгі қызметі табиғат аясында, мекендеуінің табиғи ортасында өтеді. Адам табиғатпен тыныстайды, оның өмір сүруінің көздері де осында. Бұл мәселе бойынша мейлінше дұрыс айқындама О. С. Колбасовтың көзқарасы болып табылады. "Табиғат" пен "адам қоғамы" ұғымын шектей отырып, ол бұлардың біршама дербестігі туралы айтады. Өзінің терең мәні жағынан табиғат пен қоғам өзектес. Олар ұдайы тоқтаусыз қозғалып отыратын материяның бірыңғай әлемін құрайды, одан басқа мәні болмайды. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда табиғат пен оның ортақ материалдық негізі бар деп пайымдауға болады, олар біртұтас дүниенің тек екі бөлігі. Олардың арасындағы принципті түбегейлі айырмашылық мынада: қоғам материя қозғалысының жоғары нысаны болып табылады, ол ойлау қабілеті тән болатын тіршілік иелерінен тұрады, сондықтан олар өздерін және бүкіл материалдық дүниені тани алады және осыған байланысты өзінің мінез-құлқын мақсатты түрде басқарып, өз әрекеттерін бақылай алады. Табиғат - бұл материя, ол қоғамды қоршаған.

Сонымен бірге, табиғат - бұл біртекті объект емес. Бұл орасан зор әлем, онда тұрақты түрде биологиялық, геологаялық, гидрологиялық және тағысын тағы процестер болып тұрады. Табиғат - бұл "тірі объект". Заңгерлер табиғатты құқық субъектісі ретінде танудан бас тартады, өйткені ол субъектінің сипатты белгілеріне ие болмайды (санасы, құқық қабілеті болмайды) . Бірақ сонымен бірге мынаны мойындағанымыз жөн: бұл құқықтың әдеттен тыс объектісі. Бұл объект пәрменді, ол түрін өзгерте алады, өзінің жай-күйін өзгерте отырып ол адамның тіршілік ету жағдайларын өзгертеді.

Табиғат дербес өмір сүретін элементтер кешені болып табылады. Заңгерлер алты құрамды бөліктерді - жерді, оның қойнауын, суды, орманды, жануарлар әлемін, атмосфера ауасын бөліп көрсетеді. Сөз жоқ, былайша бөлу мейлінше шартты түрде екені белгілі, ол қоғамдық қатынастардың барынша қалыптасқан түрлеріне қолданылады. Басқа ғылымдарда, мысалы, биологияда барлық жанды және жансыз табиғат дәстүрлі түрде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға бөлінеді, оларда өз кезегінде бұдан да күрделірек бөліну бар (тропобиосфера, фитосфера, педосфера, фотосфера және т. б. ) Осының бәрі табиғат кешенінің күрделі екенін білдіреді. Сонымен бірге ғалым - экологтар пайымдайтын негізгі қорытынды - бұл әзара байланысты процестердің заңы.

Оның үстіне, табиғат дербес құрамды бөліктердің кешені болып табылады. Бұл құрамды бөліктер бір-бірімен тығыз байланысқан, бір - біріне ықпал етеді, бір құрамды бөліктің түрін өзгертуі табиғаттың басқа объектілері өзгеруінің "экологиялық тізбегі" болып табылады, мұның өзі сайып келгенде табиғаттың түрін өзгертеді. Ендігі жерде адам қалыптасқан биологиялық жағдайға араласқан кездегі күтпеген салдарларды туғызған орасан зор көптеген мысалдарын келтіруге де болады.

Мысалы, адам қоғамы дамуының осы заманғы кезеңінде табиғат кешенінің жалпы жай-күйін ескерместен су ресурстарын пайдалану жөніндегі қатынастарды құқықта қарастыруға болмайды. Болмайтын себебі, адамның табиғатқа ықпалының деңгейі бүгінгі таңда көп есе өсіп отыр. Су ресурстарының сапалық жай-күйі жердің, ауаның жай-күйіне әсер етеді, жануарлар дүниесіне де қатысты болады. Мұндай жағдай кез келген табиғат ресурсын пайдалану саласынан көрініс табуы ықтимал. Сондықтан мұндай қатынастарды табиғи кешеннің жалпы жүйесіндегі олардың рөлі мен маңызын ескермей жеке қарастыруға болмайды.

Адамның тіршілік ету ортасы туралы мәселені қарастыра отырып, "мекендеудің жасанды ортасы" проблемасы да назардан тыс қалмауы тиіс. Соңғы уақытта әдебиетте "әлеуметтік экология" мазмұнына "адамның мекендеу ортасы" ретінде табиғатка талдау жасау кезінде жаңа сипаттамалар енгізу мейлінше дәлелді ұсынылып жүр. Осы ұғымнан ғалымдар табиғаттың өзін жоққа шығарып (?), адам мекендеуінің табиғи ортасын жасауға тірек тауып отыр. Дәлелдер ретінде адам мүдделерін, шаруашылық және әлеуметтік процестерді қамтамасыз етуді ескере отырып, қоршаған ортасы өзгерген қалалардан мысалдар келтірілуде.

Біздің көзқарасымызша, бұл көзқарас нақты оқиғаның жайын аңғартады. Бәлкім жуықта болмас та. Тіпті қалалардағы жасанды орта табиғаттың қасиеттеріне негізделген ғой. Шөлейтті өзгертуге болар, алайда бұл табиғаттың бір қасиетін басқа қасиетпен ауыстыру деген сөз. Табиғаттың өзі жасанды немесе табиғи жолмен құрып кетпейді. Табиғатта болатын процестер жойылмайды, адам оларға ықпал етіп - шапшандатуы, түрін өзгертуі немесе тоқтатуы мүмкін, бірақ өзінің негізінде бұл табиғи процестер болып қала береді.

Сондықтан, біз қандай бір қоғамдық өмір саласын қарастырған кезде "үзінді көріністер" мен "жалпы көріністі", жеке процестер мен негізгі мақсатты бөліп көрсетуіміз керек". Осыдан келіп, әдіснамалық жағынан жер, тау немесе орман құқық қатынастарын, яғни жекелеген барлық табиғаттың тіршілігін қамтамасыз ету тұрғысынан барлық табиғи кешенді, жекелеген табиғи ресурсты қорғау немесе пайдалану жөніндегі кез келген қоғамдық қатынастарды дұрыс қарастырған жөн, оның ауқымында адамзат тіршілік етуі немесе, әрі кеткенде бүгінгі сәтте тіршілік етуі мүмкін.

Тиісті дүниетаным, саясат, экономика мен құқықты әзірлеу үшін қажетті ілім ретінде экологияны пайдаланудың дұрыстығы және объективтілігі мынамен анықталады: бұл арада жүйелі көзқарас пайдаланылады, ол жүйе барлық құбылысты кешенді түрде көруіне мүмкіндік береді. "Экология" терминін пайдалану тиісінше ұғымдық аппаратпен - "экологиялық саясатпен", "экологиялық құқықпен" және т. б. байланысты болды.

Бұл тақырыптың негізгі қорытындысының мәні мынада: қоршаған ортадағы организмдердің өзара қатынасы туралы ілім ретінде экология мемлекетіміздің өзара іс-қимылының құқықтық проблемаларына біздің көзқарастарымыздың бізді қоршаған орта сияқты мемлекетіміздің өзара, оның жекелеген субъектілерінің біздің өзара көзқарастарымыздың өзгеруі кезінде қажетті бітімгершілік, философиялық әдіснамалық негіз қызметін атқарады. Бұл ілімді біз экологиялық құқық пен заңнама жүйесін құрған кезде пайдаланамыз.

Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологаялық құқығының мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған. Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың мәні адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады. Жалпы бұл анықтама дұрыс, бірақ ол қоғамдық қатынастардың басқа түрлерінен өзгеше, экологиялық құқық қатынастарының мәнін, олардың құқықтық ерекшеліктерін ашып көрсете алмайды.

Экологиялық құқық мәнінің ұғымын іргелі ғалымдар ертеректе зерттеген. Ресей окулықгарын ерекше атап көрсеткен жөн, олардан біз мынадай анықтамаларды ұшыратамыз: "Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады . . . олар тұтастай алғанда табиғи объектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды", "Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді (экологиялық жүйелерді) сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы".

Бұл анықтамаларды қабылдауға болады, алайда олардың мәнінің ашылуына қарай аталған көзқарастар онша жетілмеген.

Біздің көзқарасымыз бойынша, негізгі қателік мынада болып табылады: қоғам мен табиғат қатынастарының саналуан болуынан ғалымдар тек табиғат қорғау қатынастарын ғана бөліп көрсетеді (В. В. Петров), экологиялық құқықты табиғат ресурсы құқығынан бөліп көрсетеді (Б. В. Ерофеев) . Бұл мәселе өте күрделі болып табылады, оның үстіне оның сипаттамасына Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы, табиғат ресурстарын тауар айналымына тартуы ықпал етеді, осының салдары ретінде экологиялық қатынастарды реттеуде азаматтық-құқықтық нормалардың қолданылуы күшейе түседі. Мынадай көзқарастар белең ала бастады: жерді пайдалану тұрғысындағы мүліктік қатынастар (ипотека, жалға беру, сатып алу-сату және т. б. ) азаматтық құқық институтының мазмұны болып табылады. Сондай-ақ табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін және қоршаған ортаны ластағаны үшін экологиялық төлемдер мен салықтар салық құқығын реттеудің мәні болып табыла ма дейтін көзқарасты тым даулы көзқарас деп тануға да болар.

Біз бұл сұрақтарға қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті туралы тұжырымдаманы әдістемелік база ретінде пайдалана отырып жауап береміз. Экологиялық қатынастар - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастар. Осының негізінде біз экологиялық қатынастарға бүкіл табиғи кешенге, сондай-ақ оның жекелеген бөлімдеріне бағытталған барлық қатынастарды жатқызамыз. Сондықтан жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа қатынастары біршама дербестікке ие болады және жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа құқығының мәні болып табылады, өзінің жалпы белгілері бойынша табиғат ресурстары қатынастарына жатады, олар экологиялық қатынастары құрамына кіреді. Сондай-ақ экологиялық қатынастарға объектісі табиғат кешені, табиғи орта болып табылатын қатынастарды жатқызу керек, мұның өзі қорықтардың, экологиялық апат аймақтарының құқықтық режимін реттеу мысалынан ерекше айқын көрінеді.

Алайда бұл орайда мынаны ескеру керек: "жер, жер қойнауы, су, ормандар, жануарлар әлемі, ауа" ұғымы мен "табиғи ресурс" ұғымы арасында айырмашылық бар. Әрбір су экологиялық қатынастардың әманда объектісі бола бермейді, "орман" экологиялық құқықпен де әманда реттеле бермейді, жануарлар әлемінің өкілі ретінде "қасқыр немесе аю" экологиялық заңмен әманда Қорғала бермейді. Мұның бәрі, егер аталған объектілер табиғат ресурстары болып, мына белгілерге сай келген жағдайда ғана мүмкін болады:

а) шығу тегінің табиғи сипаты. Табиғат ресурсы жасанды жолмен алынбауға тиіс, ол табиғат туындысының нәтижесі болып табылады;

б) ол қоршаған табиғатпен табиғи байланыста болып, онда белгілі бір экологиялық қызмет атқаруға тиіс.

Егер белгілі бір қоғамдық қатынаста табиғат объектісі табиғи ортадан алынатын болса, онда ол экологиялық құқықтың объектісі болудан қалады. Ол мүліктік қатынастардың объектісі, яғни азаматтық құқықтың объектісі болуға, тауар болуға тиіс. Табиғаттан алынған оған адам еңбегі жұмсалады және ол "бағалану" қасиетіне ие болады, оған құндылық ұғымы беріледі. Өзендегі "су" және елді мекеннің ауыз су жүйесіндегі "су" ("крандағы су") өзінің физикалық қасиеттері жағынан біртекті өнім болып табылады, бірақ әр алуан заңдармен реттелетін болады. "Өзендегі су" - бұл табиғи ресурс, оны пайдалану мен қорғау экологиялық қатынастардың объктісі болып табылады. "Крандағы су" - бұл объект табиғи ортадан алынған және бұл қоғамдық қатынастар санитариялық-гигиеналық және коммуналдық заңнамамен реттелетін болады.

Сөйтіп, мынадай қорытынды жасауға болады: экологиялық қатынастарға объектісі табиғат пен табиғат ресурстары болатын, белгілі бір өлшемдерге сай келетін қоғамдық қатынастарды жатқызуға болады.

Экологиялық құқық қатынастарының азаматтық, салық және т. т. арақатынасы туралы мәселені мына тұрғыда қарастырған жөн. Экологиялық құқықтың мәні болып табылатын белгілі бір экологиялық құқық қатынастарының тобы болады. Бұл құқықтың басқа салалары бұл қатынастарды реттей алмайды және олар жеке сала ауқымында "тұйықталып қалған" дегенді білдірмейді. Экологиялық құқық қатынастары (олардың объектісі табиғат пен табиғат ресурстары болып табылады) азаматтық құқық нормаларымен реттеледі (мүліктік сипаты - жалға беру, табиғат ресурсын кепілға салу, залалды өтеу және т. б. көрініс табатын қатынастарда), салық құқығының нормаларымен - (мемлекет табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы мөлшерін белгілейтін қатынастарда), қылмыстық құқық нормаларымен - (мемлекет экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін жазалау шараларын белгілейтін қатынастарда) реттеледі.

Құқықтың қылмыстық, азаматтық, қаржы, әкімшілік салалары құқық қатынастарын реттеудің жалпы ережелерін белгілейді және құқықтың әр түрлі салаларывда (мысалы, экологиялық) олар өзінің айрықша көрінісін табады.

Экологиялық құқық қатынастарының субъектілері заңды және жеке тұлғалардың кең ауқымы болып табылады, оларды жіктеу субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің көлеміне, нақты құқық қатынасының түріне, өзге де жағдайларға байланысты болады.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналарды жатқызуға болады:

1) Қазақстан Республикасы - біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі бола отырып, экологиялық қатынастардың субъектісі болып табылады және табиғат пайдалану мен табиғатты қорғау мәселелері бойынша құқық қатынастарында міндетті тарап ретінде қатысады;

2) шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъекгілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді ("Байқоңыр" кешенін жалға беру, шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы) ;

3) халықаралық ұйымдар - экологиялық қатынастардың субъектілері ретінде халықаралық ұйымдарға мамандандырылган экологиялық ұйымдарды (ЮНЕП, МСОП, Грин Пис), сондай-ақ экологиялық проблеманы шешуде белгілі бір қызметті орындайтын ұйымдарды (ХВҚ, ББҰ. Сорос қоры, Эберта және т. б. ) жатқызуға болады;

4) заңды тұлғалар - бұл топта тұлғалардың кең ауқымын атауға болады. Бұл кез келген меншік нысанының заңды тұлғалары - мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер; шағын және орташа бизнестің мемлекеттік емес жекеше кәсіпорындары; шетелдік кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындар, олар Қазақстанның пайдалы қазындыларын игеруге маманданған және т. б. ;

5) жеке тұлғалар - бұл арада Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдік азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды атауға болады. Олар әлеуетті табиғат пайдаланушылар, экологиялық құқықтарға ие бола алады және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болады

§ 2. Қазақстан Республикасындағы экологиялық құқықтық қатынастар мен саясаттар.

Қоғам мен табиғаттың өзара қатынасы мәселесі бойынша объективті дұрыс әдіснамалық база дерексіз ұғым болып табылмайды, қайта адамның табиғатпен, мемлекеттің қоршаған ортамен қатынасын қалай құру керек? - деген мағынада таза қажетті практикалық іске асыруы болып табылады. Біз мынаны түсінеміз: бұл процесс біржақты процесс емес, онда көптеген факторлар болады, оны нақты жүзеге асыру ең дұрыс ілімдерден, көзқарастар мен әдістемелерден алшақ болуы мүмкін.

Экологиялық ілімді мемлекет, оның органдары тікелей қызметінде пайдаланады. Бұл қатынастар үшін сипатты болатын билік сипаты болып табылады, ол қоғамдық өмірдің нақты саласында мемлекет жүргізетін саясат арқылы көрінісін табады. "Саясат" термині негізінен мемлекеттік басқару, мемлекеттің мақсаттары және сол мақсатқа жетудің ең жақсы құралдары туралы ғылым ретінде ұғынылады. Саясатты талдау кезінде екі ерекше құбылысты: билік пен мемлекетті негізге алу керек. Саясат қызмет ретінде қоғам дамуының ұзақ мерзімді (стратегиялық) және ағымдағы (тактикалық) анықтамасын көздейді.

Қазақстанның саясаттану ғылымында, біздің ойымызша, "экологиялық саясат" сияқты саяси құбылыстың сипаттамасына немқұрайлықпен аз көңіл бөлінген. Оның құрамындағы элементтер, негізгі артықшылықтары, іске асыру тетігін дамыту стратегиясы. Құқықтану саласындағы мамандарға арналған оқу құралы осы проблеманы толық шешуді өз мойнына ала алмайды Ал бұл мәселеден айналып өте алмаймыз. Қазақстанның экологиялық дамуының негізгі тұжырымдамасын білмей тұрып, біз экологиялық заңнама жүйесін құра алмаймыз, қайсыбір заңды қабылдау артықшылығын анықтай алмаймыз, тіпті экологиялық қатынастарды реттеудің құқықтық әдістері мемлекеттің қоғамдық өмірдің осы саласына ықпал ету тиімділігін қандай тәсілдермен шешу керек деп есептейді, оның түсінігінде экологиялық проблеманы қалай шешу керек дегенге байланысты болады.

Құқықтық көзқарас тұрғысынан "экологиялық саясат" анықтамасын қоғам мен мемлекеттің нақты экологиялық мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған қазіргі, қисыны жағынан өзара байланысты жүйені, белгілі бір ресми құжат ретінде ресімделген құқықтық мәртебесі бар құжатты ұғынған жөн. Іс жүзінде республиканың Үкіметі экологиялық басымдықты жариялайды, адам өмірінің экологиялық жағдайларын жақсартуды өзінің мақсаты етіп алға қояды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабы), сонымен бірге экономикалық дағдарыстан шығудың бағдарламасын жасай отырып табиғи ресурстарды пайдалануды күшейту саясатын жүргізеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, істің мұндай жағдайы Қазақстанның осы заманғы экологиялық саясатының шынайы мазмұны болып табылады.

Мынаны атап көрсету керек: біздің мемлекетімізде экологиялық саясаттың құқықтық негізін жасауға ұмтылыс жасалды.

"Қазақ КСР-де қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы" Заңында (1991 ж. ) Республика Жоғарғы Кеңесінің құзыретіне табиғатты қорғау және табиғатты ұғымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты анықтау жатты (9-бап) . Мемлекеттік экологиялық бағдарламаны жасау мен жүзеге асыру Министрлер Кабинетіне жүктелді, ал оны жүзеге асыруды қамтамасыз етуге халық депутатгарының жергілікті кеңестері жауап беретін болды (10-11-баптар) .

1994 жылы ҚР Экология және биоресурстар министрлігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық саясатының негіздері" жобасын жасап, Министрлер Кабинетіне жолдады. 1994 жылғы шілде айында Министрлер Кабинеті "Реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі Үкімет іс-қимылының бағдарламасын" дайындады, оған "Экологиялық саясаттың" XIII тарауы енгізілген. Онда негізгі бағыттар ретінде экологиялық заңнаманың дамыған жүйесін құру баянды етілді, экологиялық басқарма жүйесін құру, экологиялық бақылаудың бірыңғай жүйесін енгізу көзделген. Алайда осы құжаттардың елеулі маңызына қарамастан олардың бірде-бірі бекітілмеді немесе қандай да бір мемлекеттік деңгейде қабылданбай қалды.

1996 жылғы 30 сәуірде ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжат Қазақстан Президентінің N 29677 өкімімен мақұлданған болатын. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы мемлекет таныған принциптер мен басымдықтарының жүйесі болып табылды, олардың негізінде сыртқы және ішкі экологиялық саясат, құқықтық және экономикалық тетіктер, сондай-ақ қолайлы қоршаған орта мен тұрақты экономикалық және адам дамуын қамтамасыз ету мен сақтау үшін, табиғи зілзалалар мен өнеркәсіптік авариялардың алдын алудың қажетті қызмет бағыттары қалыптастырылды. Сонымен бір мезгілде, экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамада Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі бағыттарының бірі, құрамдас бөлігі, стратегиялық іргелі компонент ретінде анықталды. Заңнамалық тұрғыдан бұл "Қазақстан Републикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" заңмен (1998 ж. ) дәлелденген, онда "Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" деген 21-бап бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Құқық туралы жалпы түсінік, құқық жүйесі
Құқық жүйесі
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Құқықтың негізгі қағидалары
Құқықтың заңды типологиясы және әлеуметтік нормалар
ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ТУРАЛЫ
Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
Құқықтың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz