Қылмыскер тұлғасы



Қай ғылыми мектепке жатқанымен бірде-бір криминолог қылмыс жасаған адаммен байланысты проблемаларды айналып өте алмайды. Қылмыс жасаған адамды қысқаша «қылмыскер» деп аталық. «Қылмыскер» ұғымын пайдаланғанда біз адамның бойында қандай да бір ерекше криминалдық сипаттамалардың бар екендігін емес, оның қылмыс жасағандық фактісін ьескереміз. Бұл ұғымды басқа бір «қылмысты адам» ұғымынан ажырата білу
керек, бұл соңғыны туа қылмыскер туралы идеяны жақтаушылар пайдаланады.
«Адам» ұғымына оның бойындағы екі жақтың: әлеуметтік және биологиялық жақтардың ажырамас бірлігі кіреді. «Жеке бас» ұғымы оған тән әлеуметтік белгілерді ғана білдіреді. Жеке бас – адамның әлеуметтік бейнесі, қоғамда өмір сүріп және дамып, оның кім болғандығын көрсетеді.
«Қылмыскердің жеке басы» ұғымын пайдаланғанда қылмыс жасаған
адамның «әлеуметтік кейпі» ғана ескеріледі. Бар болғаны сол.
Қылмыскерліктің әлеуметтік детерминациясының үш қатар тетігі бар:
біріншіден, жеке басты белгілі бір әлеуметтік қалыптастыру жолымен;
екіншіден: оған құқыққа қарсы не қарама-қайшы сипаттағы міндеттеулер беру арқылы; үшіншіден, жеке басты іс-қимылдың қылмыстық вариантын таңдауға мәжбүрлейтін және оны жеңілдететін жағдайда қалдыру арқылы./1/
Қылмыскердің жеке басында тек оған ғана тән кейіп бар ма, қылмыскер қылмыскер еместен өзгеше ме – бұл басқа мәселе, оған жауап бергенде өзге ұғымдар пайдаланылады. Қылмыскердің жеке басындағы биологиялық және әлеуметтік жақтардың ара қатынасы туралы айтыс тікелей практикаға келіп тіреледі. Биологиялық факторға басымдық беретін авторлар қылмыскерді зерделегенде психиатрдың, психологтың басты рөлі туралы, биотехникалық амалдар мен тестілерді қолдану туралы тұжырым жасайды.
Әлеуметтік фактор шешуші деп санайтындар іс-қимылды түзеудің әлеуметтік бағдарламалары жайында жазады. Қазіргі кезде тек биологиялық факторларға ғана мән беретін көзқарастар мүлде айтылмайды, дегенмен бірқатар генетиктер мен криминологтер генетиканың соңғы жетістіктеріне назар аударуға және адамдардың іс-қимылына генетикалық аномалиялардың
әсерін есептен шығармауға шақыруды. С.Я.Булатов зерттеушілердің психологиялық ұғымдарды әлеуметтендіруге ұмтыла отырып, аталған ұғымдарды биологияландырып жіберу қателігіне ұрынбауға шақырған болатын. Ал, қылмыстық іс-қимылды биологияландыруға үзілді-кесілді қарсы тұрған пікірлер әрқашан да болды.
ХХ ғасырдың басында А.А.Пионтковский былай деп жазды: өзгермелі әлеуметтік құбылысты – қылмысты адамның бойындағы, тіптен «қылмыстық адамның» бойындағы тұрақты қасиет деп санауға болмайды.
Қандай болса, сол қалпында адам қылмыс жасайды. Әрине, жеке бас қалыптасқанда адамның сұлу немесе сұрсыз болып туғандығының маңызы бар. Осы факторларға қарай оның араласатын әр түрлі ортасы, әр түрлі өмір жолы болады. Біреулер қызуқанды, біреулер әрбір әрекетін ойластырып жасайды. Әлсіз адам жаппай төбелеске кірмейді, ал зияткерлік даму деңгейі төмен адамдардың арасынан өз ісіне шебер алаяқты кездестірмейсің./2/
Адамның биологиялық та, әлеуметтік те ерекшеліктері, сөзсіз, қылмыскерлік детерминациясына қатысады. Сондықтан да қылмыстық сот ісін жүргізгенде сот-психологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық және өзге де сараптамалар жүргізіледі, қылмыскерлік оның детерминациясы және себептілік зерделенгенде пәнаралық және кешенді зерттеулер жүзеге асырылады.
Қылмыскерлердің әр түрлі сипаттамаларын ескерумен қатар, қылмыскерлерді, яғни белгілі бір жасқа жеткен, есі дұрыс адамдар мен заң бойынша қылмыс субьектісі болып табылатын адамдарды ажырату да керек.
Соңғыларды криминология зерделемейді. Криминологке басқа мамандардың іс-қимылдың туа біткен бағдарламасының бар екендігі және оның әсерінен қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалатындығы туралы тұжырымдарына дау айтудың керегі жоқ. Оған адамның өз іс-әрекетінің нақты сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алғандығын не оны басқара алғандығын, немесе оның іс-қимылы тек биологиялық ерекшеліктермен ғана басқарылғандығын білу керек. Соңғы жағдайда ол криминологтердің назар аударатын обьектісі болудан қалады, себебі ол қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қылмыскер емес. Әлі талай жаңалықтар ашылады, олаоды бұл өзінше «әлеммен» - адаммен айналысатындар ескеруі тиіс. Бірақ криминологтің жоғарыда аталған көзқарасында тұрақтылық сипат бар. Криминолог қылмыстық іс-қимылдан басқа да варианттар бар жағдайда әрекет еткен адамның қылмыстық іс- қимылға, іс-әрекетке бару себептерін айқындауы тиіс.
1. Алиев В. М. Личность осужденных наркоманов, индивидуально-воспитательное воздействие на н в ИТУ: Автореф. Дис. ...канд. юрид. наук. – М., 1990.
2. Анисимов В. М. Антиобщественные традиции, обычаи и нормы поведения осужденных в местах лишения свободы: исторические аспекты. – М., 1990.
3. Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступность и психические аномалии. – М., 1987.
4. Берекашвили Л. Ш. Общая криминологическая характеристика лиц, совершивших преступления. – М., 1976.
5. Биленчук К. Д., Ращик А. И. Изучение личности несовершеннолетнего обвиняемого на предварительном следствии. – Киев, 1991.
6. Голик Ю. В. Случайный преступник. – Томск, 1984.
7. Игошев К. Е. Типология личности преступника и мотивация преступного поведения. – Горький, 1974.
8. Каиржанов Е. И. Криминология (Общая часть). – Алматы, 1995.
9. Криминальная мотивация / Отв. ред. В. Н. Кудрявцев. – М., 1986.
10Криминология / Под ред. А. И. Долговой. – М., 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыскер тұлғасы
Қай ғылыми мектепке жатқанымен бірде-бір криминолог қылмыс жасаған адаммен байланысты проблемаларды айналып өте алмайды. Қылмыс жасаған адамды қысқаша қылмыскер деп аталық. Қылмыскер ұғымын пайдаланғанда біз адамның бойында қандай да бір ерекше криминалдық сипаттамалардың бар екендігін емес, оның қылмыс жасағандық фактісін ьескереміз. Бұл ұғымды басқа бір қылмысты адам ұғымынан ажырата білу
керек, бұл соңғыны туа қылмыскер туралы идеяны жақтаушылар пайдаланады.
Адам ұғымына оның бойындағы екі жақтың: әлеуметтік және биологиялық жақтардың ажырамас бірлігі кіреді. Жеке бас ұғымы оған тән әлеуметтік белгілерді ғана білдіреді. Жеке бас – адамның әлеуметтік бейнесі, қоғамда өмір сүріп және дамып, оның кім болғандығын көрсетеді.
Қылмыскердің жеке басы ұғымын пайдаланғанда қылмыс жасаған
адамның әлеуметтік кейпі ғана ескеріледі. Бар болғаны сол.
Қылмыскерліктің әлеуметтік детерминациясының үш қатар тетігі бар:
біріншіден, жеке басты белгілі бір әлеуметтік қалыптастыру жолымен;
екіншіден: оған құқыққа қарсы не қарама-қайшы сипаттағы міндеттеулер беру арқылы; үшіншіден, жеке басты іс-қимылдың қылмыстық вариантын таңдауға мәжбүрлейтін және оны жеңілдететін жағдайда қалдыру арқылы.1
Қылмыскердің жеке басында тек оған ғана тән кейіп бар ма, қылмыскер қылмыскер еместен өзгеше ме – бұл басқа мәселе, оған жауап бергенде өзге ұғымдар пайдаланылады. Қылмыскердің жеке басындағы биологиялық және әлеуметтік жақтардың ара қатынасы туралы айтыс тікелей практикаға келіп тіреледі. Биологиялық факторға басымдық беретін авторлар қылмыскерді зерделегенде психиатрдың, психологтың басты рөлі туралы, биотехникалық амалдар мен тестілерді қолдану туралы тұжырым жасайды.
Әлеуметтік фактор шешуші деп санайтындар іс-қимылды түзеудің әлеуметтік бағдарламалары жайында жазады. Қазіргі кезде тек биологиялық факторларға ғана мән беретін көзқарастар мүлде айтылмайды, дегенмен бірқатар генетиктер мен криминологтер генетиканың соңғы жетістіктеріне назар аударуға және адамдардың іс-қимылына генетикалық аномалиялардың
әсерін есептен шығармауға шақыруды. С.Я.Булатов зерттеушілердің психологиялық ұғымдарды әлеуметтендіруге ұмтыла отырып, аталған ұғымдарды биологияландырып жіберу қателігіне ұрынбауға шақырған болатын. Ал, қылмыстық іс-қимылды биологияландыруға үзілді-кесілді қарсы тұрған пікірлер әрқашан да болды.
ХХ ғасырдың басында А.А.Пионтковский былай деп жазды: өзгермелі әлеуметтік құбылысты – қылмысты адамның бойындағы, тіптен қылмыстық адамның бойындағы тұрақты қасиет деп санауға болмайды.
Қандай болса, сол қалпында адам қылмыс жасайды. Әрине, жеке бас қалыптасқанда адамның сұлу немесе сұрсыз болып туғандығының маңызы бар. Осы факторларға қарай оның араласатын әр түрлі ортасы, әр түрлі өмір жолы болады. Біреулер қызуқанды, біреулер әрбір әрекетін ойластырып жасайды. Әлсіз адам жаппай төбелеске кірмейді, ал зияткерлік даму деңгейі төмен адамдардың арасынан өз ісіне шебер алаяқты кездестірмейсің.2
Адамның биологиялық та, әлеуметтік те ерекшеліктері, сөзсіз, қылмыскерлік детерминациясына қатысады. Сондықтан да қылмыстық сот ісін жүргізгенде сот-психологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық және өзге де сараптамалар жүргізіледі, қылмыскерлік оның детерминациясы және себептілік зерделенгенде пәнаралық және кешенді зерттеулер жүзеге асырылады.
Қылмыскерлердің әр түрлі сипаттамаларын ескерумен қатар, қылмыскерлерді, яғни белгілі бір жасқа жеткен, есі дұрыс адамдар мен заң бойынша қылмыс субьектісі болып табылатын адамдарды ажырату да керек.
Соңғыларды криминология зерделемейді. Криминологке басқа мамандардың іс-қимылдың туа біткен бағдарламасының бар екендігі және оның әсерінен қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалатындығы туралы тұжырымдарына дау айтудың керегі жоқ. Оған адамның өз іс-әрекетінің нақты сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алғандығын не оны басқара алғандығын, немесе оның іс-қимылы тек биологиялық ерекшеліктермен ғана басқарылғандығын білу керек. Соңғы жағдайда ол криминологтердің назар аударатын обьектісі болудан қалады, себебі ол қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қылмыскер емес. Әлі талай жаңалықтар ашылады, олаоды бұл өзінше әлеммен - адаммен айналысатындар ескеруі тиіс. Бірақ криминологтің жоғарыда аталған көзқарасында тұрақтылық сипат бар. Криминолог қылмыстық іс-қимылдан басқа да варианттар бар жағдайда әрекет еткен адамның қылмыстық іс- қимылға, іс-әрекетке бару себептерін айқындауы тиіс.
Криминологиялық зерделеудің объектілері мыналар: 1) қылмыс жасаушы жекелеген адамдар (мысалы, оларды монографиялық зерттегенде); 2) қылмыскерлердің әр түрлі контингенттері: кәмелетке толмағандар, рецидивистер, т.б. 3) қылмыскерлердің әртүрлі криминологиялық типтері.Бақылау тобы әдісін қолдану және қылмыскерлер сипаттамасының онымен бірдей жағдайда өмір сүріп, әрекет етуші нақты адамдардан айырмашылығын айқындау үшін, қылмыскерлермен қатар, қылмыс жасамайтын адамдар да зерделенеді. Психологиялық белгілерді айқындау маман-психологтердің міндеті, олардан арнайы білім талап етіледі, ал психофизиологиялық белгілерді медиктер мен биологтер айқындайды. Қылмыска жақын себептік тізбектер мен кешендерді талдағанда социологиялық, әлеуметтік-психологиялық және этико-құқықтық зерттеулермен шектелуге болады. Қылмыскерлердің жеке басын криминологтер екі аспектіде бір уақытта зерделейді: бір жағынан, әлеуметтік байланыстар мен әсерлердің объектісі ретінде, екінші жағынан - мақсатты бағыты бар, өзгертетін белсенді әрекетке қабілетті субъект ретінде. Мынадай жеке басты сипаттамалар криминологиялық зерделеу заттары болып табылады: 1) объективтік немесе әлеуметтік позициялар мен рөлдер; жеке бастың әрекеті; 2) субъективтік: мұқтаждық-сылтаулық өріс; сананың құндылық-нормативтік сипаттамасы. Криминологиялық зерттеулер әлеуметтік позициялар мен жеке бастың рөлдерінің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-рөлдік аясын бекітеді. Криминолог мыналарды ажырата білуі тиіс: 1) осы позицияға сәйкес келетін нормативтік міндеттеулердің жиынтығы ретіндегі рөлді; 2) адамның өзінен не талап ететіндігін түсінуі ретіндегі рөлді және нені орындағысы келетіндігін; 3) орын мен уакыттың нақты жағдайларында рөлдің іс жүзінде орындалуын. Соңғы жағдайда ол әлеуметтік жағдайларға, сондай-ақ жеке бастың қалыптасып қойған сипаттамаларына байланысты. Мына әлеуметтік-рөлдік ситуациялар қылмыстық іс-қимылмен заңды байланыста болады: 1) мемлекеттің, үлкен қоғамның нормаларымен танысуға, өзін құқық және мораль талаптарына сай алып жүруге мүмкіндік беретін позицияларды адам ұстанбайды (азғындаған топтар арасында жүреді, олардын өз ұғымы бар және арадағы дауды қара күшпен ғана шешеді); 2) адам қарама-қайшы талаптармен, іс-қимыл нормаларымен байланысты позицияларды бірдей ұстанады, яғни әлеуметтік позиция мен рөлдерд ің қақтығысы орын алады (құқықтық міндеттеулер қылмыстардың түгелдей есепке алынуын талап етеді, ал басшылық әйгілі болған қылмыстардың есепке кірмеуін талап етеді); 3) адам құқыққа қарсы, қылмыстық іс-қимыл жасауға тікелей
итермелейтін позиция ұстанады (қылмыстық құраманың мүшесі); 4) рөлдер мен позициялардың сабақтастығы жоқ, нәтижесінде тиісті әлеуметтік позицияның құқықтық нормаларын сақтауға адамның дайын еместігі байқалады (бұл еңбекті қорғау ережесінін бұзылуына алып келеді және т.б.); 5) адам бір әлеуметтік позицияны ұстанады, ал екіншісіне бағдар алады. Мынадай мысал келтірелік: шамалы ғана айлығы бар тергеуші қолы жүріп тұрған кәсіпкерлермен жақсы қатынаста болады, олар мұны сыйлайды, ал тергеушінің де олар сияқты сәнді өмір сүргісі келеді. Егер сол кәсіпкерлер тергеушіге әжептәуір сыйақыға бір өтінішті орында деп жүгінсе, онда тергеуші өзі үшін өзекті екі мәселені шешеді: бұл адамдармен достығын сақтап қалады және қолы майланады. Бірақ, ол табыс-пара алу және қызмет бабын теріс пайдалану; 6) орындалып жатқан және алдыда тосылатын рөлдер қақтығысы. Адамның қылмыстық іс-кимылы, бұл ретте, орындалып жатқан рөлдерге қайшы келуі, бірақ референттік рөлдер тұрғысынан қисынды болуы мүмкін (нақты бар мен алда тосылатынның, қазіргі мен келешектегінің қақтығысы). Әлеуметтік-рөлдік тәсіл адамның белсенділігін жоққа шығармайды, бірақ бұл белсенділікке әлеуметтік шек қояды. Адамның ұстанымы әлеуметтік рөлдерді тандауға және оның ойластырылып орындалуына ықпал етеді. Кәмелетке толмағандар мен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп
жатқандар үшін бұл тандау едәуір шектелген. Рөлдердің объективтік қақтығысында олардың мазмұны шындығында қарама-қайшы болады, ал субъективтік қақтығыста адам оларды қарама-қайшы деп қабылдайды, бірақ оларды үйлестіре алмайды. Динамикалық аспектіде мыналар кездеседі: 1) белгілі бір өзара әрекеттестікте қылмыстық іс-қимыл тудыратын әлеуметтік ұстанымдар мен рөлдердің тікелей сабақтастығы; 2) мораль нормаларына ғана қарама- қайшылықта болған әлеуметтік рөлдердің жаңа жағдайларда заң нормаларына қайшы болғандығынан мазмұнының едәуір теріс сипат алуы; 3) бұрын белгілі бір әлеуметтік позициялардың немесе рөлдің өзінде болуы немесе болмауы нәтижесінде адамның қалыпты қалыптасу және қалыпты өмір тірлігі процесінің қиындауы. Мысалы, зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, бұрын толық, емес немесе басқадай ақаулы отбасында өскен көптеген адамдар, кейін өзі жақсы отбасын құрғанмен бұрынғы ата-ана стандартынан шыға алмаған: жұбайына қол жұмсау, дөрекілік және т.б. орын алған. Бір жағдайларда бұл қылмыстық іс-қимылға итермелейді немесе отбасы бүлінеді, кейде ондай адам азғындық жолға түсіп ішіп кетеді, жұмысынан айырылады, ішімдік табамын деп ұрлыққа не басқадай қылмысқа барады. Әлеуметтік ұстанымдар мен рөлдердін деформациясын жалпы сипаттағы және экономикалық қылмыстар жасаушы адамдарға қатысты алатын болсақ, оларда өзара айырмашылық бар. Біріншілерінде оның сипаты айқын және дөрекі болып келеді. Қылмыс жасаушы адамдардың әрекетін талдағанда мыналар ескеріледі: 1) адамның іс жүзіндегі іс-қимылы рөлдің мазмұнына сай келмейді; 2) адамның жеке басы, оның ұстанымдары мен рөлдерінің көпқырлылығына қарамастан, белгілі бір бүтіндік береді, әрекет еткенде дәл осы бүтіндікте, әр түрлі әлеуметтік ұстанымдар мен рөлдердін субъективтік интеграциясында көрініс табады; 3) әрекет адамға кері ықпал етеді, бұл жерде іс-қимылды құптаудың немесе құптамаудың адам санасында оның өзінің немесе нәтижесінің сақталып қалуының маңыздылығы бар. Бұл тұрғыдан алғанда қылмыскерлердін кейбіреулерінің жазасыз қалу проблемасында, қылмыстық әрекет нәтижесінде тапқан мен жоғалтқан арасындағы тендестікте криминологиялық маңыз бар. Кейде олар материалдық сұранымды көп жылдар бойы қамтамасыз етуге жетерліктей, қылмыстық жолмен тапқан байлығынан айырылғанша бас бостандығынан айыру орындарында отырып келгенді жөн көреді. Адамның жеке басының әрекеттерінің жүйесін және жалпылай оның әрекетін зерделеу оның іс-кимылындағы қандай да бір стереотиптерді, қандай да бір мән-жайларда онын дағдысына айналған әрекет тәсілдерін айқындауға мүмкіндік береді. Бұл адамдардың өздері үшін үйреншікті емес жағдайлардағы іс-қимылын немесе олардың қылмысты ырықсыз жасағандығын түсіндіреді.3
Әдебиеттер:
1.Алауханов Е.О. Криминология. – Алматы:Жеті жарғы, 2005 ж.
2.Жұмағали А. Криминология. Дәрістер Жалпы бөлім. Алматы, 2003ж.
3.Жадбаев С.Х. Криминология. Алматы: Жеті жарғы, 2002ж.__
Қылмыскер тұлғасының құрылымы. Қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасын құрайтын негізгі қасиеттер
Қылмыскер тұлғасы кез келген адам тұлғасы сияқты белгілі бір құрылымға – өзара байланысқан және өзара әрекеттес элементтер тобына ие болатын тұтастай құрылым болып көрінеді. Қылмыскер тұлғасының құрылымын зерттеу – элементтер мен құрылымдар арасындағы байланыстардың өзгерістері тұлғаның түбірімен қайта жаңғырумен барабар болатындықтан оның мінез-құлқындағы қозғалмалы күштеріне жақындасып, танып-білу.Қылмыскер тұлғасының құрылымын анықтау барысында оны  басқа адамдармен араласу нәтижесінде  және өз кезегінде белгілі бір істің; танымның, қарым-қатынастың субъектісі ететін әлеуметтік мәні бар қасиеттер жиынтығын иеленуші деп қарау керек.Қылмыскер тұлғасын танып-білу тұлғаның құрылымы мен оның жүзеге асырылатын элементтері арасындағы қалыптасатын қоғамтық қатынастарды талдау арқылы ғана мүмкін.Қылмыскер тұлғасы құрылымының өзі бірқатар құрылымдық бөліктерге бөлінеді, яғни қылмыскер тұлғасын төмендегі блоктардан (жүйелік бөліктерден) құралатын жүйе оетінде қарастыруға болады:
1) қылмыскер тұлғасының демографиялық блогы;
2) қылмыскер тұлғасының әлеуметтік-мәдени блогы;
3) қылмыскер тұлғасының экономикалық блогы (қоғамдық өндіріс жүйесіндегі жағдайы мен материалдық қамтамасыз етілуінің деңгейі);
4) тұлғаның әлеуметтік институттарға қатысы блогы (серіктестік қатысы, әлеуметтік институттарға арқа сүйеушілік, дұшпандық қатынастары, олардың қызметінің шырқын бұзуға ұмтылысы);
5) тұлғаның әлеуметтік қауымдастықтарға қатысы блогы (жағымды әлеуметтік міндеттер атқаруға бағытталған, бірақ шырқы бұзылып, соның салдарынын өзінің мүшелеріне жағымсыз әсер ете бастаған, сондай-ақ мүшелерінің жағамсыз пиғылдары негізінде құрылған қауамдастықтар);
6) тұлғаның әлеуметтік нормаларға қатысы блогы. Адамның мінез-құлықтары белгілі бір әлеуметтік нормалар жүйесімен реттелетіні белгілі. Бұл нормалардың бәрі мынадай екі топқа бөлінуі мүмкін: а) бүкіл қоғам мойындаған (жалпыәлеуметтік); б) жекелеген қауымдастықтар мойындаған және қорғаған. Мұның өзін: жалпыәлеуметтікке сай келетін; оларға бейтарап; оларға қарама-қарсы деп  бөліп қарауға болады.Сөйтіп, тұлға мен әлеуметтік институттардың арасындағы қатынастарды тек тұлға ғана сипаттап қоймайды, оның қалыптасуына кері әсер еткен факторлар да сипаттайды.Құрылымдық бөліктерден бір нәрсені алып тастау, бөліктер өздігінен өзі дербес жалғасын таба алмайтындықтан бүкіл құрылымның тұтастығын бұзады. Демек, олардың бәрі де бір-бірімен өзара тығыз байланыста және біріне-бірі тәуелді.
Қылмыскер тұлғасы құрылымының басқа жа амалдары анықталуы мүмкін. Әсіресе, мынадай жолдары белгілі:
-                     әлеуметтік-де мографиялық және қылмыстық-құқықтық белгілері;
-                     қоғамдық өмірдің әр саласындағы әлеуметтік көрінісі;
-                     адамгершілік қасиеттері;
-                     психологиялық ерекшеліктері.
Профессор А. Б. Сахаров бастапқыда категориялардың мынадай белгілерін ұсынды: әлеуметтік-демографиялық; әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-биологиялық[7]. Алайда, ол кейіннен өзінің көзқарасты пікірін өзгертіп, тұлғаның биологиялық белгісін алып тастады.Қылмыскердің тұлғасы жалпы тұлғадан өзінің құрылымында белгілі-бір компоненттердің бар-жоғымен емес, ең алдымен осы құрылымдағы белгілі бір компоненттердің мазмұнымен және бағыттылығымен ерекшеленеді. Криминология үшін аса қажеттісі – нақты қылмыс жасаудың себептері болып саналатын адамгершілік қасиет, мәнді бағдар, көзқарастардың; мүдделердің, қажеттіктің, бейімділіктің, әдеттің қоғамға жат бағыттылығы, дегенмен мұның бәрі құрылымдық бөліктердің басқаларын жоққа шығару болмаса керек. Тұлғаның бағыттылығы адамның өзіне тән сипатталатын және оның қызметіне әрекет ететін ақиқатқа таңдамалы қатыстылығын көрсетеді. Бағыттылық – тұлғаның психологиялық құрылымындағы элемент. Ол басқа да элементтерге – білім деңгейіне, биологиялық қасиеттерге (жігерлілік, талабы) негізделген сипаттардың көрінуіне басты әсер етеді және адамның тиісті қылмыстық мінез-құлықты таңдауын анықтайды.Еңбектен қол үзу немесе өзінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлылықпен қарау, қоғамдық өмірге араласпау, тұрмысқа икемсіздігі, үнемі алкогольдік ішімдіктен, кейде нашақорлықтан арылмауы сияқты фактілер адамды физикалық, ой-өрістік және әлеуметтік кері кетушілікке мәжбүр етеді. Осыған байланысты қылмыскер тұлғасына тән қасиеттерді былайша бөлуге болады: а) бірінші – адамның қылмыс жасағанына дейін пайда болған қасиет; б) екінші – қылмыстық өмір салты салдарынан болған, өз кезегінде осы салттан бас тартуды күрделілендіре түсетін қасиет. Осыдан келіп қылмыскер тұлғасы айырықша көрінген түрінде қылмыстық мінез-құлық себептерінің бірі ғана емес, белгілі бір дәрежеде осындай мінез-құлықтың өнімі.Тұлғаның криминологиялық ерекшеліктерін зерттеу мен есебін жүргізу қылмыскерлердің ерекшеліктерін анықтауға, қылмыс жасауға итермелейтін факторларды ашуға мүмкіндік береді. Мұндай талдауды аймақ бойынша, жедел қызмет көрсетілетін жекелеген учаскелерде, жекелеген істер бойынша жүзеге асыру қажет. Оның нәтижелері ескерту жұмыстарының аса мыңызды деген бағыттарын анықтауға көмектеседі, мысалы, өкілдері жиі құқық бұзатын тұрған халық ортасындағы топтарды. Сұрыптық криминологиялық зерттеулерде, мәліметтік деректерде, әсіресе сотталғандардың арнайы жүргізілген санақтарында қылмыскерлер арасында әйелдерден гөрі еркектердің көп екендігі (90 %) байқалады. Алайда, кейбір қылмыстар бойынша әйелдердің үлесі жоғары. Мысалы, сауда мен қоғамдық тамақтандыру жүйесінде, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде ұрлықшы-әйелдердің саны 25-30 % құрайды.Криминология, әсіресе жастардың мейілінше агрессивті, албырттық сипатттағы қылмыс жасайтындығын баяғыда анықтаған болатын. Қылмысты 18-40 жас аралығындағы жастар жиі жасайды екен (70-75 %). Қылмысқа тым бейімділік көрсететіндер 29 жасқа дейінгілер, одан кейін 30-39 жас аралығындағылар, содан кейін қылмыстық белсенділіктің кемитіндігі байқалады. Зерттеу, мысалы қылмыс жасайтын қылмыскерлердің 50 пайызы үйленбегендер екендігін анықтады. Сонымен бірге, үйленбегендер арасындағы қылмыстылық коэффициенті үйленгендерге қарағанда екі есеге жуық жоғары екендігі анықталды. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс субьектісі мен қылмыскер тұлғасы категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері
Қылмыскер тұлғасының ұғымы
Қылмыскердің жеке тұлғасы
Қылмыскердің әлеуметтік позицияларын және әректің зерделеу
Пайдакүнем қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы
Қылмыскердің жеке тұлғасы туралы
Қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасы
Зорлау қылмыстарын тергеу
Криминология пәнінен контактік дәрістер
Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары
Пәндер