Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту жолдары


КІРІСПЕ . . . ………3
1 Бөлім Туризмнің теориялық аспектілері
- Туризм түсінігі, оның мәні, мазмұны. . . . . 7
- Туризмнің қызметтері, олардың жіктелуі . . . ………11
- Туристік ресурстар және туризм инфрақұрлымы. . 26
2 Бөлім Оңтүстік Қазақстан облысында туризмнің қалыптасуына талдау
2. 1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік
ресурстарға баға беру . . . … . . . 35
2. 2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм
обьектілеріне сипаттама…… . . . 38
2. 3 Оңтүстік Қазақстан облысында туризм дамуының
қазіргі жағдайын талдау . . . 49
- Бөлім Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді
дамыту жолдары
3. 1 Туристік өнімдерге сұранысты зерттеу және оларды
дамыту жолдары…… . . . 57
3. 2 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша турларды жобалау. . 60
3. 3 Аймақтық туризмді дамыту бағдарламасы. . 63
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . …. . 74
КіріспеБұл ұсынылып отырған дипломдық жұмыста Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту жолдары қарастырылған.
Жалпы туризм дегеніміз - ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен, демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша кетуі.
Туризм қазіргі таңда әлемдік экономикада маңызды салалардың бірі болып отыр. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 астам пайызын, және әлемдегі өндірістің әр бір тоғызыншы орнын қамтамасыз етеді.
Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғарғы табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудасының сегменті болып отыр. Туризімнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды экспорттау, мұнай өнімдер және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр. Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриялды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризм арқасында жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы байқалады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымымен сипатталады. Басқаша айтқанда, туризм енді дамып келе жатқан елдердің экономикасына оң әсер етеді.
Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен пара-пар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдардың нашарлануына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайды.
Tәуелсіз алғанға дейін Қазақстанда туризм, экономиканың басқа салалары сияқты бір орталықпен қатаң түрде реттелді. Қазақстанның тарихи маңызы бар архитектуралық, археологиялық, мәдени ескерткіштер және табиғи көркем жерлер дұрыс жарнамаланбай және қажетсіз болып қалатын.
Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасында туризмнің рөлі біртіндеп арта түсуде және туристік қызметтер қалыптасу үстінде.
Соған байланысты, елімізде бір қатар қаулылар мен заң жобалары қабылданды. Оның ішіндегі ең маңыздысы болып, туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы.
Бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік деңгейдегі шараларды іске асыру.
Бұл бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі Қазақстанның мәдени-тарихи және рекрияцылық аймақтарын дамыту және сақтау. Ол үшін мынандай шараларды іске асыру қажеттілігі қарастырылған:
- мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
- халық арасында туризмнің құндылықтарын насихаттауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
- Ұлы Жібек жолы бойындағы археологиялық, архитектуралық, құрылыстық обьектілерді зерттеу және т. б.
Елімізде тарихи-мәдени туризм түрін дамыту үлкен маңызы бар. Соған байланысты ел басы "Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Ұлы Жібек Жолы бойындағы туризм инфрақұрлымын дамыту жөніндегі жобасын Қазақстан Республикасында іске асыру туралы" Жарлығына, "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрлымын жасау" мемлекеттік бағдарламасына қол қойылды.
Дипломдық жұмысымыздың негізігі мақсаты - елімізде оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында өте маңызды тарихи есерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени туризмді дамыту.
Дипломдық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде туризмнің теориялық аспектілері қарастырылған. Яғни туризмнің анықтамасы, қызметтері, оның әлемде дамуының қазіргі жағдайы, экономикаға әсері және туристік ресурстарды пайдалану, оның инфрақұрлымын дамыту мәселелері көрсетілген.
Екінші бөлімде Оңтүстік Қазақстан облысында тарихи-мәдени туризм түрін дамыту, аймақтың туристік мүмкіндіктеріне, туристік обьетілеріне, туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасалынған. Оңтүстік Қазақстан облысы ЮНЕСКО-ның қайта өркендету бағдарламасына енген Ұлы Жібек жолының мемориялдық трассасында орналасқан. Облыс шкарасында 837 - , 155 - құрылыс және архитектуралар, 5 - тарихи, 7 - монументалдық қол өнерлер анықталып есепке алынған. Аймақта тарихи орталықтарды қайта өркендету және туризм инфрақұрлымын дамыту, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді кешендік шешуге мүмкіндік береді. Облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштердің кейбіреулері әлемдік тарихта жоғары бағаланып, ЮНЕСКО-ның құрамына енген. Облыс біздің мемелекетіміздің қалалық мәдениетінің бесігі болып есептеледі. Нақ осы жерде қазақ тарихындағы ең маңызды қалалар орналасқан. Бұл дегеніміз елімізде ішкі және сыртқы туризмді дамытуға үлкен тірек болады және бағдарламамыз туризмді дамыту мақсатын жүзеге асыруды, халықаралық стандартқа сай туристік қызмет өндірісі бойынша өзімздің дамыған туристік индустриямызды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде Оңтүстік Қазақстан Облысындағы туризмді дамыту жолдары қарастырылған. Яғни облыстағы ұлттық жетістіктерді қалай сақтау және зерттеу сияқты Қазақстан халықтарының рухани мұрасын дамыту мәселесі, Ұлы Жібек жолындағы тарихи қалаларды және басқа этномәдени орталықтарды қайта өркендету, олардың салттық құрылысын және туризм инфрақұрлымын ұйымдастыруда пайдалану сұрақтары қамтамасыз етілген.
1 Бөлім Туризмнің теориялық аспектілері
1. 1 Туризм түсінігі, оның мәні, мазмұны
Туризм - барлығымызға белгілі құбылыс. Туризм мағынасына бір ғана жауаппен тоқталуға болмайды. Ол үлкен және жан-жақты ұғым. Туризмді кейбіреулер палаткалармен орман, тауларға шығу деп түсінсе, екіншілері - тарихи жерлерге саяхат, ал басқалары - шетелдерге саяхат жасау деп түсінеді. Осының барлығы дұрыс ұғым, себебі туризм әр түлі болып келеді.
Туризм дегеніміз - адамдардың табыс табу мақсатында емес, демалу, емделу, сауығу, қонаққа бару, танымдық немесе қызмет мақсатымен мақсатымен өздерінің тұрақты жерінен кетіп, басқа жерде немесе басқа елде уақытша орналасуын айтамыз / 5, 6 б. /.
Туризмнің жағдайы 19 ғасыр аяғында қалыптасты, ол өзінің қарқынды дамуын 20 ғасырдың ортасында алды. Бұл уақыт тура техниканың, технологияның, қоғамдық қатынастың дамуымен сәйкес келді. Осыған байланысты туризм "20 ғасырдың феномені" деген атқа ие болды. Қазіргі таңда туризм - кең көлемді жұмысшылар қауымын, негізгі құралдарды, ірі капиталдарды тартатын әлемдік индустрияның бірі болып отыр. Бұл ғаламдық деңгейдегі бизнес, үлкен ақша және маңызды саясат.
Қоғамның дамуына байланысты планета халықтарының туризм саласына тартылуы жылдан-жылға өсуде. 1995-1997 жж. уақыт аралығында саяхат жасаушылардың тұрақты өсу саны орташа есеппен 4% жетсе, 1998 ж Азиядағы қаржылық тапшылықа байланысты төмендеумен сипатталды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның есебі бойынша 1996 ж. туристік келушілердің саны - 594 млн. құрса, 1997 ж. - 616 млн-ға жеткен. Әлемде туризмнен түскен табыс 1997 ж. 448 млрд. ақш доллары болған. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобалауы бойынша 2010 жылы саяхат саны 937 млн болса, туризмнен түскен табыс 1, 1 трлн-ға дейін өседі / 14, 125 б. /.
Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғары табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудаларының сегменті болып отыр. Туризмнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды экспорттау, мұнай өнімдер және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр.
Туризмнің даму процессіне байланысты, бұл ұғымға әр түрлі түсінік ұсынылып отыр.
Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада ең қажетті экономикалық сектордың бірі болып отыр. Оның экономикалық-әлеуметтік рөлі зор.
Туризмнің негізгі ерекшіліктері:
- туризм - бұл адамдардың аз уақыт ішінде орын ауыстырулары. Ол - дамыған қоғамда саяси-экономикалық жағдайда, өзінің даму күшін 20 ғасырда алған құбылыс. Адамдар өз жұмыс орындарын жыл сайын (орташа 2-3 апта) демалыс ала бастады. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін адамдардың тұрмыс-жағдайы жақсара бастағаннан кейін, олар демалу мақсатында өздеріне қаржы бөле бастады. Көлік құралдарының дамуы, елдер арасында жол ашылып, әлемнің кез-келген түкпіріне баруға болатын мүмкіндік берді;
- туризмде тұрақты жерді анықтау өте қажет. Ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен басқа жерге немесе елге демалу мақсатымен етуін қарастырады. Тұрақты жерден басқа жерге кету, мысалы күнде жұмысқа бару басқа жерге, ол туризмге жатпайды;
- туризмде бос уақыт мерзімі анықталуы қажет;
- туризм мақсатының ең қажетті категорияларының бірі, ол туризмде мемлекет бекіткен салықтық, кедендік және т. б. тәртіпке байланысты жеңілдіктің қай қызмет түріне белгіленгенін анықтау. Туризмнің негізгі мақсаттары: сауығу, емделу және танымдық, іскерлік, қонаққа бару;
- туризм - көптеген елдердің қажетті экономикалық саласы. Ол жергілікті халықты жұмыспен, қонақ үйлер мен отельдердің, мейманханалардың көбейуін, шетелдік валютаның түсуін қамтамасыз етеді;
- қазіргі таңда экономикалық ғылым туризмді жүйелі обьект ретінде қарастырып отыр. Ол дегеніміз - біріншеден ішкі байланыстың көп түрлілігін, екіншіден оның сыртқы ортамен өзара қатынас құрлымын анықтауға мүмкіндік береді.
Туризм жүйесі негізінде, швед зерттеушілерінің пікірі бойынша екі суб-жүйе бар:
- туризм субьекті, яғни турист өз қажеттіліктеріне байланысты әр түрлі туристік қызмет түрлерін тұтыну;
- туризм обьекті үш элементтен тұрады: туристік аймақ, туристік кәсіпорын және туристік ұйымдар /13, 210 б. /.
Демек, туризм субьектісінің мағынасы, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы қызмет түрлерін алу мүмкіндігін іздейтін турист. Туризм обьектісі белгілі жерде немесе аймақта саяхат мақсаты болып табылатын жер. Туризм обьектісін екі мағынада түсінуге болады. Біріншіде, ол белгілі шекарасы бар географиялық территория болып есептеледі, екіншіде, туристерді тартатын көрікті жері бар георафиялық территория. Белгілі бір шектелген территорияда (мысалы, қонақ үйде) мақсаттары саяхат болып табылатын туристер тұруы мүмкін. Біреулерін теңіздер мен жағажайлар қызықтырса, екінші біреулерін - тарихи-мәдени жерлер, мұражайлар, үшіншілерін - белсенді демалу және ойын-сауық қызықтырады.
Барлық территория туристік аймақ бола бермейтінін ескеру қажет. Туристік аймақ болып есептелу үшін мынандай талаптарға сай болуы қажет:
- туристік қызығушылықтарға ие туристік обьектің болуы (тарихи, мәдени ескерткіштер, флора, фауна) ;
- туризмнің қажеттіліктеріне байланысты қажетті қызметтердің көрсетілуі (ол тұтынушының ойынан шығатын сапада болуы қажет) .
Осыған байланысты, туристік аймақ - турист қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, қажетті туристік қызығушылық обьект орналасқан және қызмет жиынтығын ұсына алатын территория.
Туристік аймақ ретінде, саяхаттың мақсаты негізінде туристер таңдаған жеке қонақ үйлерді, қалаларды, емделу орындарын, аудандарды, облыстарды және елдерді қарастыруға болады. Дүниежүзілік Туристік Ұйым бес туристік макроаймақты анықтады:
- Еуропалық - Еуропа елдері, сонымен қатар Шығыс Жерортатеңізінің мемлекеттерін қосқанда;
- Америкалық - Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Америка елдері, Кариб бассейіні территориясындағы елдері;
- Азиялық-Тынық мұхиттық - Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Австралия және Океания;
- Таяушығыстық - Батыс және Оңтүстік-Батыс Азия елдері, Египет және Ливия;
- Оңтүстік-Азиялық - Оңтүстік Азия елдері.
Көрсетілген туристік аймақтар геогрфиялық аудандар байланысты ерекшеленіп отырғанын көрсетіп отыр.
Аймақтарда туристерге қызмет көрсетуді "туризм обьект" жүйесіндегі қажетті элементтердің бірі туристік кәсіпорындар қамтамасыз етеді. Олардың бірі тұтынушыға тек қана туристік қызмет көрсетсе, басқаларына туризм табыс табу қызметінің бағыты болып табылады. Туристік қызметтерді қалыптастыру, жылжыту және жүзеге асыруды қызметі және өмір сүру негізі туризм болып табылатын кәсіпорындар (туроператорлар мен турагенттер) қамтамасыз етеді. Туристік кәсіпорындар өзінің қызмет көрсету барысында туристік қызметті өндірушілермен (қонақ үйлермен, көлік ұйымдарымен, тамақ кәсіпорындармен және т. б. ) өзара байланысқа түседі. Туристік қызметті ұсынумен сонымен қатар, барлық туристік аймаққа қызмет көрсететін (сауда кәсіпорындары, байланыс, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетушілер, мәдени мекемелер және т. б. ) кәсіпорындар айналысады.
Қызмет көрсетумен сонымен қатар ұйымдар да айналысады. Оларға аймақтағы туризмнің дамуын реттейтін және бірлестіктерін, туризм жүйесінің тиімді қызмет атқару шартын (инфрақұрылым, ақпарат, орналасу еркіндігі, туристік обьектілердің сақталуы, аймақта туристік имидждің қалыптасуы т. б. ) қамтамасыз ететін мемлекттік және қоғамдық ұйымдық-хұқықтық құрылымдар кіреді. Көрсетілген ұйымдар туристік саясатты қалыптастырады және туристерді жоғары сапада қызмет көрсетуге және бар туристік ресурстарды адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін түрлі демалулар мен саяхаттарға бағытталған қызметтерін ұлттық, аймақтық, жергелікті деңгейде жүзеге асырады.
Олай болса, туризмнің субьекті мен обьекті оның әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізін сипаттайды.
Туризм саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және табиғи факторлармен көрсетіліп, белгілі ортада өзара байланысатын және қызмет атқаратын ашық жүйе болып табылады.
1. 2 Туризмнің қызметтері, олардың жіктелуі
Әлемдік туризм бойынша Манильдік декларация: "Туризм халық өмірінде қажетті маңызы бар әлеуметтік, мәдени, білім және экономикалық облысында тікелей мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынасына әсер ететін қызмет ретінде түсіндіріледі / 16, 34 б. /.
Туризмге экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық сипат қызметтері тән. Экономикалық қызметі сұраныс және туристердің тұтынулары арқылы жүзеге асады.
Өздерінің тұрғылықты жерінен тыс жерінен тыс жерінде туристердің қажеттіліктеріне байланысты үш топқа бөлінеді:
- негізгі;
- өзіндік;
- қосымша.
Туристердің негізгі қажеттіліктері бұл жылжу, орналасу және тамақтану. Демек, туристік қызметті жүзеге асыру үшін міндетті түрде орналастыру қызметі, тамақтандыру кәсіпорыны және транспорттық ұйымдастырулар болып табылады. Орналастыру құралдары (қонақ үйлер, мотельдер, жеке пәтерлер және т. б), тамақтану кәсіпорыны (мейманхана, кафе, бар) туристердің қалыпты өмір сүру шартын қамтамасыз етеді. Көлік құралдары оларды қажетті демалыс орындарына жеткізеді және ішкі маршруттаруда жылжуларын іске асырады.
Туристердің қосымша қажеттіліктері - кәсіпорынның көрсеткен қызметтеріне, саудалық жұмыстарына, мәдени және ойын-сауық мекемелеріне қанағаттану.
Туристік тұтынудың өзіндік ерекшілігі - тауар тұтынушыға жеткізілмейді, керісінше. Тұтыну арқасында туризм елддің немесе аймақтың шаруашылық қызметін ынталандырады. Қонақ үйлер, тамақ кәсіпорындары, көлік кәсіпорыынддары, спорттық обьектілердің, мәдени мекмелердің және т. б табыстары жоғарылайды, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының байланысы, көлік қызметтерінің дамуы реттеледі. Жергілікті өнершілердің бұйымдары мен кәдесый сұраныс жоғарылып, сол аймақты жарнамалау мақсатын жүзеге асырады. Сауда кәсіпорынының тауар айналымы өседі.
Осы үлгіде, туризм жергілікті инфрақұрлымды дамытады, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, елге валютаның кіруін бастайды және мемлекетпен жергілікті қазынаға түсуін қамтамсыз етеді, туризмге қосымша және қатарласа жүретін қызмет түрлеріне, қызмет көрсету саласына ынталандыру әсерін тигізеді.
Демек, туризмнің экономикаға тікелей және жанама әсерін айтуға болады.
Туризмнің тікелей әсері - туризмнің қызметтері мен тауарларын сатып алуға кеткен туристердің шығын нәтижесі.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ұсынысына сәйкес туристердің шығындар статьясына:
- саяхат кешені, демалуға көрсетілген қызметтер пакеті және кешенді турлар;
- орналастыру;
- тамақтану және сусындар;
- көліктер;
- рекрациондық, мәдени және спорттық қызмет түрлері;
- дүкендерді аралау;
- тағы басқалар (саяхат сақтандыру, валютаны айырбастағаны үшін комиссияның төлемдер және жолақы чектері, байланыс бойынша шығындар / 15, 162 б. /.
Туризмнің тікелей әсері туристік кәсіпорындарға, туризмде жұмыс істеушілерге материалдық қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға туристерден түскен қаржы нәтижесі болып түсіндіріледі.
Турист шығындары елдің табысын жоғарлатады, салықтың және т. б туристік индустрия кәспорындардан алым жинау арқасында қазынаның толуын қамтамасыз етеді.
Туризмнің экономикаға жанама әсері - мультпликация тиімділігі деген мағынамен белгілі, яғни бұл елде (аймақта) туристік шығын айналымы шамасымен енеді. Туристер шығыны туристік аймақтардың табысын жоғарлытып мынандай тізбек реакциясына келеді: шығын-табыс-шығын және т. б. Туристік шығындар тікелей түскен кәсіпорын, жергілікті экономикалық секторлардан тауарлар мен қызметтерді сатып алу мұқтаждығынан тұрады. Мысалы: қонақ үйлер, құрылыс және коммуналдық ұйымдардың, банктердің, сақтандыру компаниялардың, азықтық тауарларды өндірушілер қызметін пайдаланады. Туристерге қызмет көрсетуден түскен табыстың көп бөлігі елде (аймақта) жұмсалған сайын, мультипликатор тиімділігі жоғарылатай түседі. Турист шығындардың тікелей және жанама әсерінің сәйкес келу туризмнің елдегі экономикасындағы жиынтық ықпалын анықтайды. Ол туризмнің төлем балансына, халықтың жұмысбастылығына және аймақтық дамуына әсер ету арқылы жүзеге асады.
Халықаралық валюта қорының ұсынысына сәйкес төлем балансы активіне "туризм" статьясы бойынша мыналар кіреді:
- шетел және ішкі туристерге сатылған тауарлардан және көрсетілген қызметтерден түскен түсім;
- басқа да қызметтерден түскен түсім (кадрларды дайындау, елдегі мамандардың шетел серіктестіктеріне көрсеткен қызметтері) ;
- елге келу үшін шетел туристерінің ішкі және халықаралық транспортқа кеткен шығындары;
- туристік индустрияға түскен шетелдік инвестиция капиталдары;
- туризмді дамыту үшін, басқа елдерге берілген несиелерден түскен түсім.
Туризм статьясы бойынша төлем балланс пассивіне мыналар кіреді:
- туристерге қызмет көрсету үшін импорттық тауарға кеткен шығындар;
- тағы басқа қызмет түрлерін алу үшін кеткен шығындар (шетелдерде кадрларды дайындауға, туризм саласында жұмыс істейтін шетел мамандарына еңбек ақы) ;
- кететін туристерді шетелдік компания көліктермен тасымалдау үшін кеткен көлік шығындары;
- туризмді дамыту үшін басқа елдердегі инвестициялар;
- туризмді дамыту үшін салынған ұзақ мерзімдік шетелдік несие бойынша несиелер.
Туризм статьясы бойынша төлем балансы оң (профицит) немесе теріс (дефицит) болуы мүмкін.
Туризм бойынша төлем балансының оң сальдо болуы елде туризмнен түскен табыстың жоғарылауына және туристік индустрияны дамытудағы инвестициямен байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. .
Туризм әсіресе аймақтық даму үшін үлкен маңызы бар. Алыс жерлерде, халық аз орналасқан және индустриялды әлсіз дамыған аймақта туристік кәсіпорындарды қалыптастыру, елдің жеке аймағының экономикалық дамуына, жергілікті халықтың ірі қалаларға кетуін қысқартуына, қосымша жұмыс орынын қалыптастыруға, жергілікті мәдени құндылықтарды қайта өрлетуге, тарихи және мәдени қорғалуына және жөнделуіне, жергілікті өндірілген тауарларға сұраныстың жоғарылауына ықпал етеді.
Сонымен қатар туризмді алыс жерлерде орналасқан және құрылымдық жағынан әлсіз жеке аймақтарда туризмді дамытудың мынандай теріс жақтары бар:
- жоғары маманданбаған жұмыс күштерінің көбейуі;
- қоғамдық қабылданған қоғамдық тәртіп ереженің ауытқуы (бұзақылық, ішімдік, жезөкшелік) ;
- мәдениетті коммерциялизациялау;
- сол аймақтың немесе басқа аймақтың өзіндік ерекшеліктерін жоғалту;
- жергілікті халықпен туристер арасындағы келіспеушілік.
Экономикасы әлсіз дамыған аймақта туризмді дамыту өмір сүру стимулы ретіндегі қажеттілік арасындағы келіспеушілікті шешу мәселесін тек аймақтық турзимді дамыту жөніндегі кешенді жоспарлау және осы процессті басқару үшін сәйкес тәсілдерді енгізу арқылы жүзеге асыруға болады (территорияны және ресурстарды пайдаланудағы бақылауды күштеу, жергілікті халықты үйрету саясатын жүргізу) .
Туризм терең әлеуметтік қызмет атқарады. Ғылыми-техникалық прогресс қарқындандырының жоғарылауы, өндірістің автомотизациялануы және қазіргі кезде қоғам өмірін түпкі түрде өзгертті. Оның ерекшіліктері еңбекті компьютірленуі, тұрмыста және жұмыс орындарында стресстік жағдайдың өсуі, қалалық өмірдің табиғаттан алшақтануы болып есептеледі. Осының барлығы адамның физикалық және психикалық сипаттарының шаршауының жинақталуына себепші болып, өмірлік және еңбектік белсенділігінің төмендеуіне алып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz